Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кернеу трансформаторларын таңдау





Электр құрылғысын жобалаған кезде кернеу трансформаторларының түрлерін оларға қосылуға тиесілі өлшегіш аспаптар мен релелерге сәйкес таңдайды. Ары қарай трансформаторлардың болады деген әлеуетін есептеп шығарады және қате кеткен жерлерін тексереді.

Қалыпты тәртіпте трансформатордың әлеуеті қосылып жалғанған өлшегіш аспаптар мен релелерді қолдану арқылы анықталады. Осы әлеует пен заводтың тиісті сипаттамаларына қарап орнатуға дайындалған трансформатордың қандай класста және қандай қателіктермен жұмыс істейтінін және, демек, оның жалғанбалы аспаптар мен релелерді қоректендіру үшін жарамдылығы туралы білуге болады. Жоғарыда көрсетілгендей, қалқанды өлшегіш аспаптар үшін дәлдіктің 1 және 3 класстарына сәйкес келетін қателіктерге рұқсат етіледі; есептегіштер үшін - 0,5 классы сәйкес болады. Релелердің басым көпшілігі үшін 3 - 5%-ға қателесуге рұқсат беріледі. Екінші әлеуетті анықтаған кезде кернеу трансформаторынан басқару қалқасында орнатылған аспаптарға дейінгі өткізгіштердің кедергісін есептемейді, өйткені бұл кедергі айтарлықтай аз және екінші токқа мардымсыз әсер етеді. Алайда өткізгіштердің кедергісі кернеудің қосымша шығынын тудырады; өлшегіш аспаптардың қысқыштарындағы кернеу азаяды және өлшеу кезіндегі қателіктер көбейеді. ПУЭ-ге сәйкес есептегіштерге баратын өткізгіштердегі кернеудің шығыны 0,5%-дан, ал қалқалы өлшегіш аспаптарға баратын өткізгіштерде - 3%-дан аспауға тиісті. Қалыпты жағдайда кернеу шығыны анағұрлым аз. Өткізгіштердегі кернеудің шығынын анықтаған кезде олардың тек қана белсенді кедергісін ескереді, өйткені индуктивті кедергі салыстырмалы түрде аз. Механикалық мықтылық шарттарына байланысты өткізгіштердің қимасы мыс өткізгіштер үшін 1,5 мм2-тан және алюминий өткізгіштер үшін – 2,5 мм2-тан кем болмауға тиісті.

1. Мысалы. Әлеуетті анықтау керек және 6 кВгенераторының қалқалы өлшегіш аспаптарды қоректендіру үшін және энергияны есептеу үшін арналған жалғанған жеріндегі кернеу трансформаторының қателіктерін тексеру керек. Сондай-ақ екінші өткізгіштердің қимасын анықтау керек.

Трансформаторларға төменде көрсетілген өлшегіш аспаптар жалғанған болуға тиісті:

Аспап атауы Ораманың

Тұтынуы, В-А

Д-305 ваттметрі.................................................................... 2

Д-305 варметрі..................................................................... 2

Н-348 тіркегіш ваттметрі...................................................... 10

Н-348 тіркегіш варметрі....................................................... 1 0

И-675 ватт-сағаттарды есептегіш....................................... 3

Реактивті И-673М вольт-ампер-сағаттарды есептегіш..... 3

Э-378 вольтметрі................................................................. 2

Э-371 жиілік өлшегіші.......................................................... 3

Аталған аспаптардың қуаттылық коэффициенті бірге жақын. РУ-да орнатылған трансформаторлардан басқару қалқасына дейінгі қашықтық 50 метрді құрайды. Екінші өткізгіштер алюминийден жасалған.

Аспаптардың басым көпшілігінің АВ және ВС фазаларына жалғануға тиісті кернеуінің екі орамалары бар болғандықтан, НОМ-6, 6000/100 В түріндегі бірфазалы трансформатордың екеуін орнату және оларды толық емес үшбұрыш үлгісі бойынша қосу орынды болады.

НОМ-6 трансформаторларының қате кетушіліктерінің сипаттамалары 16.15. суреттерінде келтірілген. Трансформаторлардың қате кетушіліктері 50 В ● А әлеуеті кезінде 0,5, классы үшін белгіленген шеңберлерден шықпайды. 75 В-А әлеуеті кезінде трансформаторлардың қате кетушіліктері 1,0, классына сәйкес келеді, ал 200 В-А әлеуеті кезінде – 3 классына сәйкес келеді. Трансформаторлардың шегіне жеткен қуаттылығы 400В А.

Әлеуеттің АВ және ВС фазаларының арасында біркелкі болып таралуы мүмкін:

 

Аспаптар В-А-ның АВ және ВС фазаларына

деген әлеуеті

Ваттметр.................................................................... 2 2

Варметр..................................................................... 2 2

Тіркегіш ваттметр...................................................... 10 10

Тіркегіш варметр....................................................... 1 0 1 0

Ватт-сағаттарды есептегіш....................................... 3 3

Реактивті вольт-ампер-сағаттарды есептегіш........ 3 3

Вольтметр................................................................. 2 -

Жиілік өлшегіші.......................................................... - 3

Қортындысы: 32 33

 

Date: 2015-05-23; view: 2501; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию