Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция №12





Тақырыбы: Электр энергетика жүйелері және тораптары. Электр тораптарының және желілерінің.қызметі, құрылысы, классификациясы.

 

А) Ауа желілерінің орындалу құрылысы, басты элементтері.

«Электрлік ауа желісі»- деп электр энергиясын сымдар арқылы жеткізуге және тасымалдауға арналған қондырғы. Жалаңаш сымдар ашық ауада орналасып, бағаналарға оқшаулама және арматура жәрдемімен бекітіледі.

Кез келген ауа желісінің басты конструкциялық элементтері болып келесілер табылады (1-суретте көрсетілген):

а) электр энергиясын тасымалдауға арналған сымдар;

б) Қорғаныс тростары. Олар бағаналардың жоғарғы бөлігінде монтаждалады, сымдарды атмосфералық (найзағай әсерінен туатын) асқын кернеуден қорғайды;

в) бағаналар, олар сымдар мен тростарды жер мен судың бетінен белгілі-бір биіктікте ұстап, тұрады;

г) оқшауламалар (изоляторлар), олар сымдарды бағаналардың қаңқасынан оқшаулап тұрады;

д) арматура, олардың жәрдемімен сымдар оқшауламаға, ал оқшауламалар бағанаға бекітіледі.

 

Ауа желілерінің көп тарағандары: бір тізбекті; екі тізбекті (2-х цепные). Тізбек (цепь) дегеніміз жеке-бір 3-фазалы линияның үш сымы. Ауа желісінің сымдары мен қорғаныс тростары белгілі бір жерлерде, трассаның жер жағдайына байланысты, анкерлі бағаналарға мықтап бекітілуі тиіс, қажеті тапсырыс бойынша сымдар керіліуі қажет.

 

Б) Сымдардың түрлері, сипаттамалары.

Ауа желілерінде сымдардың келесі түрлері кеңінен қолданылады:

а) мыс сымдар; в) болаталюминий;

б) алюминий; г) болат сымдар

 

Кейбір жеке жағдайларда алюминийдің басқа металдармен қоспасы қолданылады. Қоспалар алюминийге қажетті беріктілік немесе тотығуға қарсы төзімділік беру үшін қолданылады.

Найзағайдан қорғайтын трос болаттан жасалынады.

Конструкцисы бойынша сымдар келесілерге бөлінеді:

- бір талшықты сымдар;

- бір тектес металдан жасалынған көп талшықты сымдар;

- екі түрлі металдан жасалынған көп талшықты сымдар.

Көпшілігінде екі металдың бірі алюминий, екіншісі – болат не қола болып келеді.

Болаталюминий сымының (маркасы АС) ортасында болат орналасады, ал оның сыртына алюминий сымдары өріледі.

Мыс сымдар “М” әріпімен маркіленеді. Мысалы қимасы мыс сым М-50 болып белгіленеді.

Алюминий сымы мысқа қарағанда әлде-қалай жеңіл, бірақ меншікті кедергісі көп, механикалық беріктігі төмен. Алюминий сымдарын көпшілігінде жергілікті электр тораптарында қолданады.

Алюминийден жасалынған сымдарды “А” әріпімен маркілейді.

Мысалы қимасы алюминий сымы А=16 болып белгіленеді.

“АК” маркалы сым – алюминийден жасалынған, тотығуға қарсы шыдамды (коррозионностойкие). АК- маркалы сымдар теңіз жағалауындағы, тұзды көлдер мен химиялық өндірістер маңайында орналасқан линияларда қолданылады.

Болат сымдар үлкен механикалық беріктікке ие, бірақ олардың меншікті электрлік кедергісі алюминиймен салыстырғанда жоғары.

Болат сымдарды кернеуі жүктеме қуаты аз жергілікті электр желілерінде қолданады. Бұл сымдар тез тотығады, сондықтан да оларды қолданарда мырыштайды (оцинковывают).

ТМД елдерінде болат сымының екі түрлі маркасы шығарылады:

а) біріншісі “ПС” (провод стальной), ал ол бір талшықты болса маркасын “ПСО” етіп белгілейді;

б) екіншісі “ПМС” (провод омедненный стальной).

Найзағайдан қорғауға арналған көп талшықты болаттан жасалынған тростар келесі маркалармен белгіленеді: ТК-35; ТК-50; ТК-70.

Болаталюминий сымының меншікті өткізгіштігі алюминийдікіне жақын, берікткгі жоғары. Бұл сымдардың келесі маркалары шығарылады:

- АС (сталеалюминиевый);

- АСУ (сталеалюминиевый усиленной прочности);

- АСО (сталеалюминиевый облегченные);

- АСК (сталеалюминиевые коррозионностойкие).

Альдрейден жасалынған сымдар. Олардың меншікті кедергісі алюминийдікіне жақын, бірақ беріктігі екі есе артық. Альдрей- бұл қорытпа, құрамындағы басты бөлігі алюминий, 0,2%-Fe; 0,7%- Mg; 0,8% - Ci. Тотығуға қарсылығы алюминийдікіндей, бірақ дірілге (вибрацияға) шыдамсыз.

Арасы қуыс мыстан және алюминийден жасалынған сымдар. Бұл сымдар кернеуі және одан жоғары қосалқы станцияларда “ошиновка” жасау үшін қолданылады.

 

Date: 2015-05-23; view: 2821; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию