Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бағаналардың түрлері





Бағаналар анкелік,аралық,бұрыштық,транспозициялық және арнайы болып бөлінеді. Бағаналардың қандай да бір түрінің қолданылуы олардың әуе желісіндегі орнына, атқаратын қызметіне байланысты болады.

Анкерлік бағаналарды электр желісінің аса жауапты желілерінде сымдарды қатты бекіту үшін колданады. Анкерлік бағаналар екі сымның бір жақты салмағына төзуі керек. Ағаштан жасалған анкерлік бағана кернеулігі 110 кВ электр тораптарының түзу сызықты орналасқан бөліктері үшін арналған.

Анкерлік бағаналар аралық бағаналарға қарағанда күрделі және бағасы қымбат, сондықтан оларды анағұрлым аз қолдану керек. Кернеулігі 1000В жоғары желілердің түзу бөліктерінде анкерлік бағаналар әрбір 10-15 км ара қашықтықтан соң орналасып отырады.

Аралық бағаналар әуе желілерінің түзу сызықты учаскелерінде сымдарды ұстап тұру үшін кызмет етеді. Аралық бағаналар басқаларымен салыстырғанда, жасалуы оңай және бағасы арзан болып келеді. Аралық бағаналардың негізгі ерекшелігі – олардың көптігінде,мысалы аралық бағаналар жалпы бағаналар санының 80-90% құрайды.

Бұрыштық бағаналар электр желісінің бұрылатын жерлерінде орнатылады (8-2сурет). Желінің бұрылу бұрышы деп бұрышын айтамыз. Бұрыштық бағаналардың траверсаларын β бұрышының биссектрисасы бойынша орнатады. Көбіне бұрыштық бағана ретінде анкерлік бағаналар қолданылады. Транспозициялық бағаналарды сымдарды транспозициялау үшін колданады.

Арнайы бағаналардың екі түрі бар:

а) біріншісі - өтпелі бағаналар, олар электр желілері өзендермен, көлдермен, терең саймен (аңғармен) қиылысқан жерлерде орнатылады

(8-3 сурет);

б) екіншісі-тармақты бағаналар, олар басты электр желісінен басқа жаққа қарай жаңа электр желісі тармағын тарту қажет болған кезде қолданылады. (8-4 сурет)

 

 

 


8-2 сурет. Электр сым желісінің бұрылу бұрышы.

Әуе сым желілерінің бағаналары материалына байланысты: ағаш,темір бетонды және металдан жасалынған болып келеді.

Ағаш бағаналарды дайындау оңай және олар арзан. Бұл бағаналардың кемшілігі-олардың кызмет мерзімінің ұзаққа созылмайтындығы, орташа есеппен 3-5 жылдан аспайды, себебі ағаш шіриді,әсіресе олардың жерге енгізілген төменгі жағы тез істен шығады. Ағаш бағаналарды кернеуі 220 кВ –қа дейінгі бір тізбекті желілерде, карьерлерде және кұрылыс кезінде колданады. Экономикалық тиімділікке байланысты бағаналарды көбіне, кұрамалы етіп жасайды. Бағаналардың төменгі жағы 2 бөліктен тұрады: ұзын және қысқа (ұзын бөлігі – ол басты тірек, ал қысқа бөлігі – қосалқы тірек). Қосалқы қысқа тіректі басты тірекке диаметрі 4-5 мм болат сыммен екі рет орап бекітеді. Орап бекітуші сымды (бандажды) керіп тарту үшін болт кигізілген металдан жасалынған накладкалар пайдаланылады. Қосалқы тірек (пасынок) жердегі топыраққа 1,8-2,3м тереңдікке дейін көміледі.

Кернеуі 20 кВ дейінгі әуе желілеріндегі ағаш бағаналарды бір бағанды етіп жасайды, оқшаулағыштарды ілгектерге бекітеді. Орташа қималы сымдар үшін олардың оқшаулағыштарын штырларға бекітеді. Кернеуі 110 кВ және кернеуі 35 кВ көптеген желілерде 2 бағанды П-тәріздес бағаналар орнатылады. Ағаш бағаналарды көбіне ауаның ылғалдылығы аз және температурасы 0-ден +5 градус аралығында болатын аудандарда қолданады. Ағаш бағаналардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін оларды темір бетонды

«пасыноктармен» қосып жасайды.

Темір бетонды бағаналардың қызмет ету мерзімі ұзағырақ және оларға металл бағаналарға қарағанда, металл аз жұмсалады, оларға қызмет көрсету жеңілірек, сондықтан да соңғы уақытта барлық кернеудегі (500 кВ қоса) электрлік әуе сым желілерінде бұл бағаналар кеңінен тараған.

Кернеуі 6-10 кВ бір тізбекті желілерде бір бағанды вибробетоннан жасалған, тік бұрышты қималы еркін тұратын бағаналар колданылады. Сымдарды «штырлы» оқшауламаларға бекітеді.

Темір-бетонды тіректердің формасы: ұзындығы 18-26м, іші қуыс, конусты кұбырлар тәріздес болады. Оларды зауыттарда арнайы станоктардың көмегімен жасайды. Бағаналарды жиналған күйінде, жүк көтергіш кранның көмегімен орнатады.

Металл бағаналарды кернеуі 35 кВ және одан жоғары әуе сым желілерінде колданады. Бұл бағаналарға металл көп жұмсалады және оларды коррозиядан қорғау үшін жиі-жиі сырлау керек. Оларды ГОСТ 380-71 бойынша номері 3 болаттан жасайды. Металл бағаналарды таулы аудандарда және жүруге ыңғайсыз жерлерде орнатады,себебі олар жекеленген секциялармен тасымалданады. Металл бағаналарды темір -бетонды фундаментке орнатады. Металдан жасалынған бағаналардың негізгі размерлері – биіктігі және сымдардың өзара орналасу ара-қашықтығы – желінің номиналды кернеуіне, екі бағана арасындағы қашықтыққа байланысты болады.

 

 

 

 

8.3. сурет. 110кВ екі тізбекті металдан жасалынған аралық бағанасы.

 

 

 

8.4.сурет. 110кВ екі тізбекті линияның металдан жасалынған бұрыштық анкерлік бағанасы.

 

 

 

 

8.5. сурет. 220кВ бір тізбекті линияға арналған порталь тектес аралық бағанасы.

 

 

Date: 2015-05-23; view: 5945; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию