Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Енгізу-шығару құрылғыларының физикалық ұйымдастырылуы





Ож-нің басты функцияларының бірі компьютердің барлық енгізу-шығару құрылғыларымен басқару болып табылады. ОЖ құрылғыларға командалар бреуі, үзулерді ұсатп алуы және қателерді өңдеуі керек; сонымен бірге ол құрылғылар мен жүйенің қалған бөлігі арасында интерфейсті қамтамасыз етуі қажет.

Енгізу-шығару құрылғылары екі түрге бөлінеді: блок-бағытталған құрылғылар және байт-бағытталған құрылғылар. Блок-бағытталған құрылғылар ақпаратты әрқайсысы өзінің меншікті адресіне ие бекітілген өлшемді блоктарда сақтайды. Ең көп таралған блок-бағытталған құрылғы – диск. байт-бағытталған құрылғылар адрестелмеген және іздеу амалын бастауға рұқсат етпейді, олар байттардың жүйелілігін генерациялайды немесе тұтынады. Мысалдар ретінде терминалдар, мәтіндік жолды принтерлер, желілік адаптерлер болады. Бірақ кейбір сыртқы құрылғылар ешбір класқа жатпайды, мысалы, бір жағынан адрестелмеген, екінші жағынан байттардың ағымын тудырмайтын сағаттар. Бұл құрылғы уақыттың кейбір мезеттерінде тек үзілу сигналын шығарады.

Сыртқы құрылғы әдетте механикалық және электрондық компонеттен тұрады. Электронды компонент құрылғы контроллері немесе адаптер деп аталады. Механикалық компонент құрылғының өзін білдіреді. Кейбір контроллер бірнеше құрылғылармен басқара алады.

Операциялық жүйе әдетте құрылғымен емес, контроллермен жұмыс істейді. Контроллер, ереже бойынша, қарапайым функцияларды орындайды, мысалы, биттер ағымын байттардан тұратын блоктарға алмастырады және бақылау мен қателердің түзетілуін жүзеге асырады. Әрбір контроллердің орталық процессормен өзара әрекеттестік үшін пайдаланылатын бірнеше регистрлері болады. ОЖ контроллер регистріне командаларды жаза отырып енгізу-шығуды орындайды. Мысалы, IBM PC иілгіш дискінің контроллері READ, WRITE, SEEK, FORMAT, т.б. 15 командаларды қабылдайды. Команда қабылданғанда процессор контроллерді тастап, басқа жұмыспен айналысады. Команданың аяқталуынан кейін контроллер амалының нәтижелерін тексеретін операциялық жүйеге процессормен басқаруды беру үшін үзілуді ұйымдастырады. Поцессор контроллердің регистрлерінен ақпаратты оқи отырып, нәтижелерді және құрылғылар мәртебесін алады.

 

 

Date: 2015-05-22; view: 1826; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию