Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Процестерді жоспарлау әдістері





Процестерді жоспарлау мына міндетерді шешуді қарастырады:

- «орындалатын процестің алмастырылуына

арналған уақыт кезеңін анықтау;

- «дайын процестердің кезегінен орындалуға

процесті таңдауы;

- «ескі» және «жаңа» процестердің

контекстерінің қайта қосылуы.

Бірінші екі есеп бағдарламалық құралдармен шешіледі, ал соңғысы – маңызды дәрежеде аппараттық.

Ең жиі кездесетін алгоритмдердің екі тобын қарастырайық: кванттауға негізделген алгоритмдер, приореттерге негізделген алгоритмдер.

Кванттауға негізделген алгоритмдермен сәйкестікте әрбәр процеске оның процессормен орындалуына уақыт кванты бөлінеді және белсенді процестің алмастырылуы болады, егер:

-процесс аяқталса және жүйені тастап шықса;

-қате пайда болса;

-процесс КҮТУ қалып-күйіне өтсе;

-берілген процеске бөлінген процессорлық уақыттың кванты бітсе.

Өз квантын бітірген процесс ДАЯРЛЫҚ күйіне ауысады және оған процессорлық уақыттың жаңа кванты қашан берілетінін күтеді, ал орындалуға анықталған ережеге сәйкес дайын процестердің кезектерінен жаңа процес таңдалынады. Сонымен, бірде бір процесс процессорды ұзақ уақытқа алмайды, сондықьан кванттау уақыттардың бөліну жүйелерінде кең қолданылады. 2.1-суретте көрсетілген процестің қалып-күйлерінің графы кванттауға негізделген жоспарлау алгоритміне сәйкес келеді.

Процесстерге бөлінетін кванттар барлық процестер үшін бірдей немесе әр түрлі болуы мүмкін. Бір процеске бөлінетін кванттар бекітілген өлшемді болуы мүмкін немесе процесс өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруі мүмкін. Өздеріне бөлінген кванттарды толығымен пайдаланбаған процестер(мысалы, еннгізу-шығару амалдарын орындауға кеткені үшін) келесі қызметте көрсетуде жеңілдіктер түрінде компенсация ала алады немес ала алмайды. Дайын процестердің кезегі әр түрлі ұйымдастырылуы мүмкін: циклдік түрде, «бірінші келді-бірінші қызмет көрсетілді» (FIFO) ережесі бойынша немесе «соңғы келді – соңғы қызмет көрсетілді» (LIFO) ережесі бойынша.

Алгоритмдердің басқа тобы процестің «приоритет» ұғымын қолданады. Приоритет – бұл есептеуіш машинаның қорларын, әсіресе процессорлық уақытты қолданғанда, процестің айрықша құқықты (привилегированность) дәрежесін сипаттайтын сан: негұрлым приоритет жоғары болса, соғұрлым жеңілдік жоғары.

Приоритет бүтін немесе бөлшек, дұрыс немесе бұрыс мәнмен берілуі мүмкін. Неғұрлым процесс жеңілдігі жоғары болса, соғұрлым ол кезектерде аз уақыт өткізеді. Приоритет жұмыстың маңыздылығына немесе төленген төлемге байланысты жүйенің админстраторымен директивті түрде тағайындалады немесе анықталған ережелер бойынша ОЖ-нің өзімен есептелінеді. Ол процестің өмірі бойы бекітілген бола алады немесе кейбір заңға сәйкес уақыт бойынша өзгере алады. Соңғы жағдайда приоритеттер динамикалық деп аталады.

Приоритетті алгоритмдердің екі түрі болады: салыстырмалы приоритеттерді пайдаланатын алгоритмдер және абсолютті проритеттерді пайдаланатын алгоримтдер.

Екі жағдайда да дайындардың кезегінен орындауға процестің таңдап алынуы бірдей жүзеге асады; ең жоғарғы приоритеті бар процесс таңдалынады. Белсенді процестің ауысу мезетін анықтау мәселесі әр түрлі шешіледі. Салыстырмалы приоритеттері бар жүйелерде белсенді процесс ол өзі КҮТУ күйіне өте отырып процессорды босатқанға дейін орындалады (не қате пайда болады, не процесс аяқталады). Абсолютті приоритеттері бар жүйелерде белсенді процестің орындалуы тағы бір шартпен үзіледі: егер дайын процестердің кезегінде приоритеті белсенді процестің приоритетінен жоғары процесс пайда болса. Бұл жағдайда тоқтатылған процесс дайындық күйіне өтеді.

Көптеген операциялық жүйелерде жоспарлау алгоритмдері кванттауда сияқты приоритеттерді пайдаланумен құрылған. Мысалы, жоспарлаудың негізінде кванттау жатыр, бірақ кванттың шамасы немесе дайындардың кезектерінен процестерді таңдау реті процестердің приоритеттерімен анықталады.

Процестерді жоспарлау процедураларының екі негізгі түрі бар – ығыстыратын (preemptive) және ығыстырмайтын (non-preemptive).

 

Date: 2015-05-22; view: 2482; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию