Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






БӨЛІМ. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын және кәсіпкерлік





Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын және кәсіпкерлік.

Тақырып 3.1: Кәсіпкерлік – нарықтық экономикадағы әрекеттің негізгі түрі.

Жоспар:

1. Кәсіпкерлікке тән белгілер мен формалар.

2. Кәсіпкерлік қызметтің ішкі және сыртқы жағдайлары.

3. Қазіргі геологиялық кәсіпорындар – кәсіптік қызметтің суъектісі ретінде.

§1. Кәсіпкерлікке тән белгілер мен формалар.

Дүниежүзілік тәжірибе экономикалық дамудың үдеуі және халықтың жұмыспен қамтылу мәселесінің шешілуі кәсіпкерлік әрекеттің (бизнестің) дамуымен тығыз байланысты екенін көрсетті. ҚР Азаматтық кодексінде кәсіпкерлік былай сипатталады: «мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе заңмен белгіленген тәртіппен осы сапада тіркелген тұлғаларға қызметтер көрсетуден жүйелі түрде пайда алуға бағытталған, дербес, тәуекелмен жүзеге асырылатын әрекет кәсіпкерлік деп аталады».

Кәсіпкерлік бұл нарықтық экономиканың қозғаушы күші. Кәсіпкерлік әрекет еңбек сияқты факторға жақын. Нарықт тарихында, бұл әрекет әр жеке фирма және жалпы нарықтық экономика үшін ие болатын ерекше ролі мен маңызы бойынша оны өндірістің ерекше факторы ретінде ажыратады. Нарықтық экономиканы «еркін кәсіпкерлік экономикасы» ретінде қысқаша анықтауы кездейсоқ емес.

Кәсіпкерлік құбылыс ретінде, кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастырумен, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірумен және қосымша пайда (кәсіпкерлік кіріс) түрінде тиімді нәтижеге жетумен байланысты, (экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тұлғалық және т.б.) қатынастардың бүкіл жиынтығын бейнелейді. Экономикалық құбылыс ретінде, ол нарықтық экономиканың экономикалық заңдарының (сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, құн және т.б.) әрекеті және тауарлы өндіріс пен айналыстың барлық элементтері негізінде, кәсіпкерлердің ҚР өзге шаруашылық субъектілерімен қатынасының тауарлық сипатын бейнелейді.

Кәсіпкерлік үрдіс ретінде тұтынушылар үшін құнды болып табылатын жаңа тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жасауға, тұрақты түрде өсетін қажеттіліктерді қанағаттандыруға, өндіріс факторларын тұрақты араластыруға, ең үздік нәтижелерге жету үшін қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Бұл үрдіс үздіксіз, тұрақты түрде жаңаратын болып табылады, өйткені кәсіпкерлер қанағаттандыратын қажеттіліктер қайта-қайта өзгереді.

Осы заманғы және шетел әдебиеттерінде «кәсіпкер» түсінігі қоғамдық өндірістің жермен, капиталмен, еңбекпен салыстырғанда) ерекше факторы ретінде сипатталады.

Минералды-шикізат базасын меңгерудің қазіргі концепциясы нарықтық экономиканың принциптері мен критерийлеріне және жер қойнауын пайдалану саласында кәсіпкерлік әрекетті реттейтін, қолданыстағы заң актілеріне негізделген.

Осыдан, таулы-геологиялық кәсіпорындардағы кәсіпкерлік жаңа шығармашылық идеяларды іздеуден, оларды талдаудан және нарық қажеттіліктері мен экономикалық пайда тұрғысынан бағалаудан; идеяларды жүзеге асыру бойынша мақсаттарды қалыптастырудан, жер қойнауын пайдаланушылардың оларды кәсіпкерлік пайда әкелетін нақты нәтижеге (өнім, тауар, технология, ақпарат және т.с.с.) айналдыруынан тұрады.

Кәсіпкерлік әрекеттің мәні кәсіпкер орындайтын қызметтер арқылы ашылады:

  1. пайда алу мақсатында тауарлар мен қызметтер өндірісінің біртұтас үрдісіне өндіріс факторларын біріктіру бастамасы;
  2. өндірістік ұйымдастыру, кәсіпорынның әрекет стратегиясы мен тактикасын анықтау, оны әрекетінің сәттілігіне жауапкершілік;
  3. коммерциялық негізде новацияларды: жаңа өнімдерді, жаңа технологияларды, істі ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу;
  4. бизнестің мақсатына жетудің тәуекелі.

 

Аталған қызметтерді нәтижелі атқару үшін, адам белгілі бір қабілеттерге ие болу керек. Олардың қатарына міндетті түрде бастамашылдық, дербес ойлау және шешім қабылдау қабілеті, мақсатқа жетудегі табандылық, істі ұйымдастыру және ұжымды артынан ерту іскерлігі кіру керек.

Осы заманғы кәсіпкер экономикалық үрдістердің мәнісін жақсы түсіну керек, өзгеретін жағдайға бейімделу керек, яғни жылдам реакцияға ие болу керек, әдеттен тыс шешімдер қабылдай алу керек, экономикалық белсенділікке ие болу керек.

§2. Кәсіпкерлік қызметтің ішкі және сыртқы жағдайлары.

Қазақстан Республикасы бай табиғи ресурстарға ие, бірақ бұл дүниежүзілік нарықтағы бәсекеге қабілеттілік үшін жеткіліксіз. Ұлттық өндіріс шығындары дүниежүзіліктен төмен болу үшін, ең алдымен, табиғатты үнемді пайдалану қажет. Ол үшін бүкіл өндіріс циклын (қазып шығарудан соңғы өнімді алғанға дейін) жаңа, озық технологиялармен және олардың тиісті техникалық негізінде ұйымдастыру қажет. Екіншіден, инновацияларды құру мен пайдалануда зияткерлік әлеуетті (ғалымдарды, кәсіпкерлерді, жоғары білікті мамандарды) кеңірек тарту қажет.

Мұның барлығы ерекше өндіргіш күштің – кәсіпкерлердің болуын және оның іс-әрекетте жүзеге асырылуын талап етеді.

Елде, жиынтығында өркениетті табысты кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, белгілі бір сыртқы және ішкі факторлар болғанда, яғни егер белгілі бір кәсіпкерлік орта қалыптасса, кәсіпкерлік дамуы мүмкін. нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға еңбекке жарамды азаматтарға экономикалық еркіндік беретін, елде қалыптасқан қолайлы әлеуметтік-экономикалық, саяси, азаматтық-құқықтық жағдайды кәсіпкерлік орта деп түсіну қажет.

Кәсіпкерлерге қойылған мақсаттарды жүзеге асыруда, кәсіпкерлік жобалар мен келісімдерді жүзеге асыруда және пайда (кіріс) алуда табысқа жетуге мүмкіндік беретін, түрлі (объективті және субъективті) факторлардың шоғырланған жиынтығы болып табылатын, кәсіпкерлік ортаны құрайтын белгілі бір жағдайларда кәсіпкерлер қызмет етеді. Интегралданған күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта негізінен кәсіпкерлердің өздеріне тәуелсіз сыртқы және тікелей кәсіпкерлер қалыптастыратын ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы кәсіпкерлік ортаның жағдайы жалпы елдегі және жеке аймақтардағы кәсіпкерліктің дамуына басты ықпалын тигізеді. Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына тікелей немесе жанама ықпал ететін, сыртқы факторлар мен жағдайлардың жиынтығы сыртқы кәсіпкерлік орта деп аталады. Сыртқы орта кәсіпкерлерге қатысты объективті орта болып табылады және олардың ниеттерінен тәуелсіз әрекет етеді. Табыстарға жету үшін, кәсіпкерлер өз әрекетінде бизнестің соңғы нәтижелеріне ықпалын болжайтындай, барлық сыртқы факторлар мен жағдайларды жақсы білу керек.

Сыртқы кәсіпкерлік орта келесі жүйе бөліктерінен тұрады:

  • Елдегі және аймақтардағы экономикалық жағдай.
  • Қоғам мен мемлекет дамуының тұрақтылығымен сипатталатын саяси жағдай.
  • Кәсіпкерлердің және нарықтық экономиканың өзге субъектілерінің құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін айқын белгілейтін құқықтық орта.
  • Мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау.
  • Халықтың (тұтынушылардың) төлемдік сұранысының деңгейімен, жұмыссыздық деңгейімен байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай.
  • Халықтың білім деңгейіне негізделген, кәсіпкерлік бизнестің белгілі бір түрлерімен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мәдени орта.
  • Ғылыми-техникалық, технологиялық орта.
  • Іс-әрекеттің белгілі бір түрлерін дамытуға қажетті, табиғи өндіріс факторларының айтарлықтай мөлшерде болуы.
  • Кәсіпкерлік ұйымдардың қызмет ету үрдісіне ықпал ететін, климаттық (ауа-райы) жағдайлармен байланысты физикалық орта.
  • Табиғи катаклизмдер көрінісінің болмауы.
  • Коммерциялық операцияларды, іскерлік байланыстарды және т.с.с. жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ұйымдардың жеткілікті санының болуын дәлелдейтін институционалды-ұйымдастырушылық орта.

Кәсіпкерлік табыс көптеген факторларға тәуелді, олардың ішінде кәсіпкерлік ұйымның қызмет етуінің ішкі жағдайларының белгілі бір жиынтығы ретіндегі ішкі кәсіпкерлік орта маңызды болып табылады. Ол кәсіпкердің өзіне, оның құзыреттілігіне, ерік күшіне, мақсаттылығына, ниет деңгейіне, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудегі іскерліктері мен дағдыларына тікелей тәуелді. Ішкі кәсіпкерлік ортаға келесі факторларды жатқызу керек:

 

  • меншікті капиталдың қажетті көлемінің болуы;
  • фирманың ұйымдастырушылық-құқықтық формасын дұрыс таңдау;
  • іс-әрекет пәнін таңдау;
  • серіктестер командасын іріктеу;
  • нарықты білу және маркетингілік зерттеулерді білікті жүргізу;
  • кадрларды іріктеу және қызметкерлер құрамын басқару;
  • мотивтелген материалдық ынталандыру;
  • кәсіпкерлік құпияны сақтау механизмі және т.б.

 

Сәтті кәсіпкерлік әрекет үшін негізделген бизнес-жоспарды құру, мүмкін тәуекелдердің салдарын болжау және есептеу, жаңа технологияларды енгізу, іс-әрекетті дивесификациялау, фирма дамуының негізделген стратегиясын құру және енгізу ерекше маңызға ие.

Кәсіпкерлік әрекеттің бағытын, капиталды жұмсау объектісін және нақты нәтижелер алуды есепке алып, кәсіпкерліктің келесі түрлері ажыратылады.

Біріншіден, өндірістік кәсіпкерлік. Бұл нақты тауарлар өндірісінің, жұмыстарды жүзеге асырудың және тұтынушыларға сату үшін қызметтер көрсетудің үрдісі. Өндірістік кәсіпкерлік материалдық өндіріс саласында жүзеге асырылатындықтан, ол шаруашылық әрекет саласына қарай өнеркәсіптік, құрылыс, ауылшаруашылық және т.б. болып жіктеледі.

Өндірістік кәсіпкерлік халықшаруашылық көзқарас тұрғысынан анықтаушы болып табылады, өйткені бұл ұйымдарда (фирмаларда, компанияларда, кәсіпорындарда) өндірістік-техникалық міндеттегі өнімді (тауарларды) және халыққа, фирмаларға, жалпы мемлекетке қажетті, жаппай тұтыну тауарларын өндіру жүзеге асырылады.

Геологиялық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ортақ қырларына қарамастан, геологияда және халық шаруашылығының қалған салаларында жұмысты жүргізу жағдайларының арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Геологиялық кәсіпорын, кез келген өнеркәсіптік кәсіпорынға қарағанда, үлкен аудандарда жұмыс жасайды, ал геологиялық объектілер бір-бірінен алыс орналасқан, жұмыстардың өндірісін олардың бірінен екіншісіне жеткізу керек. Өндірістік үрдістің әдістемесінде, технологиясы мен экономикасындағы өзгерістерді алдын ала анықтай отырып, геологиялық, табиғи, сонымен қатар ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар тұрақты түрде өзгереді.

Өндірістік факторларды есепке ала отырып және өндіріс сипатына сәйкес геологиялық кәсіпорындар көп еңбекті қажет ететіндер қатарына жатады, оларда жоғары білікті еңбек қолданылады, ал оның нәтижелері көбінесе жер қойнауларының жағдайы туралы ғылыми ақпарат болып табылады.

Салыстырмалы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан, кәсіпкерлік әрекеттің басқа түрі коммерциялық-сауда кәсіпкерлігі болып табылады. Бұл іс-әрекет мобильді. Қажеттілікке жылдам бейімделеді, өйткені нақты тұтынушылармен тікелей байланысты. Сауда кәсіпкерлігінің дамуы үшін кем дегенде екі негізгі шарт қажет деп есептеледі: сатылатын тауарларға деген салыстырмалы тұрақты сұраныс (сондықтан нарықты жақсы білу міндетті) және өндірушілерден тауарларды сатып алу бағасының төмендігі, бұл саудагерлерге сауда-саттық шығындарының орнын толтыруға және қажетті пайда алуға мүмкіндік береді. Сауда кәсіпкерлігі әсіресе сауданы ұзақ пайдаланудың өнеркәсіптік тауарларымен ұйымдастырғанда, тәуекелдің салыстырмалы жоғары деңгейімен байланысты.

Коммерциялық кәсіпкерліктің әрекет ету аясы қызметін тауар биржалары мен сауда ұйымдары атқарады. Тауар биржасы – стандарттар бойынша сатылатын, жаппай тауар алмастырушыларының (көмір, металл, мұнай және т.с.с.) жүйелі қызмет ететін нарығының аса дамыған формасы.

Тауар биржалары келесі негізгі функцияларды атқарады:

  • сауда келісімдерін жасасу бойынша делдалдық қызметтерді көрсету;
  • тауарлы сауданы реттеу, сауда операцияларын реттеу және сауда дауларын шешу;
  • бағалар, өндірістің жағдайы және бағаларға ықпал ететін өзге факторлар туралы мәліметтерді жинау және жариялау.

Операциялардың сипаты бойынша тауар биржалары ақиқат тауар брижаларына және тек фьючерлік келісімдер (келісімшарттар) жүзеге асырылатын фьючерлік биржаларға бөлінеді.

Геологиядағы коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі мазмұнын тауарлар мен қызметтерді сату – сатып алу немесе қайта сату бойынша операциялар мен келісімдер құрайды. Коммерциялық кәсіпкерліктің жалпы схемасы белгілі бір мөлшерде өндірістік-кәсіпкерлік әрекеттің схемасына ұқсас. Алайда оған қарағанда мұнда кейін тұтынушыға сатылатын тауар материалдық ресурстардың орнына сатып алынады.

Кәсіпкерліктің үшінші түрі қаржы-несиелік. Бұл кәсіпкерлік әрекеттің мамандандырылған аймағы, оның ерекшелігі сату – сатып алу пәні бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.), валюталық құндылықтар және ұлттық ақша болатындығында. Геологияда қаржылық-несиелік кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін ұйымдардың мамандандырылған жүйесі түзіледі: коммерциялық банктер, қаржылық-несиелік компаниялар (фирмалар), қор, валюта биржалары және өзге мамандандырылған ұйымдар.

Консультативтік кәсіпкерлік экономика және басқару саласында геологиялық кәсіпорындардың мәселелерін диагностикалауға (анықтауға); шешімдерді, жобаларды құруға және оларды жүзеге асыруға бағытталған, түрлі қызметтерді көрсету формасындағы зияткерлік өнім болып табылады. Кәсіби және мамандандырылған консультативтік (консалтингілік) фирмалар басқарудың барлық мәселелері бойынша немесе жеке қызметтер немесе міндеттер бойынша (өндірістік жоспарлау, қаржылық менеджмент, сапаны, өнімділікті, маркетингті, арнайы – заңды, медициналық, аудиторлық және т.б. қызметтерді басқару) қызметтер көрсетеді. Еңбекті, өндірісті және басқаруды ғылыми ұйымдастыру бойынша меншікті бөлімшелерін құрудың орнына, көптеген компаниялар консультативтік ұйымдардың қызметіне жүгінеді, (нақты міндетті және белгілі бір мерзімге шешу үшін) оларды қатыстырады, өйткені мұны нәтижелі және экономикалық тиімді деп есептейді.

 

3. Қазіргі геологиялық кәсіпорындар – кәсіптік қызметтің суъектісі ретінде.

ҚР экономикасының жүйесінде мамандандырылған ғылыми-өндірістік сала – геологиялық қызмет әрекет етеді, оның негізін жерқойнауларын геологиялық зерттеумен айналысатын кәсіпорындар құрайды. Геологияда кәсіпорындардың келесі ұйымдастырушылық-құқықтық формалары таралымға ие болды: серіктестіктер мен кооперативтер, жеке фирмалар, акционерлік геологиялық қоғамдар мен ассоциациялар, мемлекеттік унитарлы геологиялық кәсіпорындар мен қазыналық кәсіпорындар.

Нарық негізінде мемлекеттік бюджет есебінен геологиялық барлау жұмыстарының жалпы көлемінің 20% жуығы қаржыланады. Қалған жұмыстар (негізінен ПҚК барлау) минералды-шикізат базасын іске қосуға бөлінгендердің есебінен тау-кен өндіру кәсіпорындарымен төленеді. Геологиялық кәсіпорынды басқарудың өз ерекшелігі болады, өйткені геологиялық барлау жұмыстары келесі аса маңызды ерекшеліктермен байланысты:

 

  • ГБЖ ықтималдық сипаты – ГБЖ нәтижелері қарама-қайшы да және болжанатын көрсеткіштерді асып кетуі де мүмкін. Бұнда шығындар мен нәтижелердің қатты байланысы болмайды, ал бұл ГБЖ ғылыми-зерттеу жағынан сипаттайды, бұл ГБЖ болуы мүмкін кері нетижелерді жоспарлау үрдісінің қажеттілігін тудырады;
  • ГБЖ-ның кешенді, көп әдісті сипаты – ол соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін терең мамандыру мен кең кооперацияны қажет етеді. Геологиялық тапсырмаларды орындау негізгі және көмекші жұмыстардың көптүрлілігін шамалайды.
  • Қоршаған ортаны қорғау мәселесі айтарлықтай дәрежеде геологиялық болып табылады, өйткені өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстың пайдалы қазбаларын өндірудің үлкен масштабтары геологиялық ортаға айтарлықтай техногенді жүктемені қарастырады. Сондықтан геологтардың табиғатты қорғау бойынша шараларды жасау және жүзеге асыруға қатысуы аса маңызды болып табылады, әсіресе минералды шикізаттарды іздеу, барлау және өндіру кезінде.
  • Геологиялық кәсірорындарды басқаруда және ГБЖ әлеуметтік-экономикалық мәселелрді шешудегі қиыншылықтар – олар ГБЖ шашыраңқылығы және үлкен қозғалмалылығымен, төмен дамыған инфрақұрылымды игерілмеген аймақтардағы жұмыстармен, өндірістік үрдістің геологиялық, табиғи және техникалық жағдайлардың тұрақты өзгерушілігімен байланысты.

Осылайша, геологиялық кәсіпорын кәсіпкерлік қызметтің дербес субъектісі болып табылады және қазіргі қоғамның зкономикалық өмірінде ерекше рөл атқарады.

 

 

Тақырып 3.2: Кәсіпорын – экономиканың негізгі буыны.

Date: 2015-06-08; view: 4439; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию