Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кәсіпорындардың формалары. 3 page





Геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құны – геологиялық ұйымдардың іс-әрекетінің түрлі қырларын сипаттайтын, маңызды жалпылаушы көрсеткіштердің бірі. Бұл көрсеткіште жұмыстар ауданының географиялық орналасуы, зерттелетін объектінің табиғи жағдайлары, пайдалы қазба кенорындар іздеу мен барлаудың әдістемесі, іздеу жұмыстарын жобалау, жоспарлау және ұйымдастыру деңгейі, еңбек өнімділігінің деңгейі және оның техникалық жарақтану дәрежесі, кадрлардың біліктілігі, технологиялық үрдістердің игерілуі, материалдарды шығындаудағы үнемдеу режимі және т.с.с. көрініс табады.

 

§2. Өзіндік құнның құрылымы мен шығындардың жіктелуі.

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге кететін барлық шығындарды бірқатар белгілер бойынша топтайды.

Өндірістік міндеті бойынша шығындарды негізгі және қосымша деп бөледі. Негізгі шығындар геологиялық барлау жұмыстарының өндіріс үрдісімен тікелей байланысты. Оларға материалдарға, технологиялық отын мен энергияға кететін шығындар, қызметкерлер құрамының (жұмысшылардың, жетекшілер мен мамандардың) жалақысы, далалық үлес, амортизациялық сомалар, аз құнды және жылдам тозатын заттардың тозуы, қосалқы-көмекші өндірістердің қызметтері және сырттай қызметтер, өндірістік көлік жатады. Қосымша шығындар геологиялық барлау жұмыстарының өндірісін басқарумен, ұйымдастырумен және қызмет көрсетумен байланысты.

Есептеу тәсілі бойынша тікелей және жанама шығындарды ажыратады. Тікелей шығындарға мөлшерін жұмыстың әр түрі үшін тікелей анықтауға болатын шығындар жатады, мысалы, негізгі жұмысшылардың жалақысы, материалдар, энергия және т.с.с. Жұмыстардың нақты түріне тікелей жатқызылуы мүмкін емес шығындар жанама деп есептеледі; олар жұмыстардың әртүрлерінің арасында шартты түрде, жанама жолмен бөлінеді. Жанама шығындарға мысал қосақы-көмекші өндірістердің қызметтері, қосымша шығындар бола алады.

Құрамы бойынша барлық шығындар қарапайым және кешенді (күрделі) болып бөлінеді. Берілген кәсіпорында бұдан ары түрлі баптарға таратуға болмайтын біртекті шығындар қарапайым деп аталады. Оларға негізгі және қосымша жалақыны, жалақының есептеулерін, амортизацияны, сырттан алынатын материалдарды, отынды, электрэнергиясын, түрлі ақша шығындарын жатқызады. Кешенді шығындар – бұл бірнеше элементтен тұратын, бірақ бір баптың өзіндік құнында бейнеленетін шығындар. Олар қарапайым элементтерге бөлінуі мүмкін, мысалы, қосымша шығындар, сонымен қатар электрэнергиясы және берілген кәсіпорында шығарылатын сығылған ауа.

Экономикалық мазмұны бойынша өндіріс шығындары жанды және заттай еңбек шығындарына бөлінеді. Жанды еңбек шығындарына өндірістің барлық қызметкерлерінің жалақысын және оның есептеулерін жатқызады. Заттай (өткен) еңбектің шығындары материалдарға, отынға, энергияға, аз құнды және жылдам тозатын мүлікке, арнайы киім мен өзге материалдық құндылықтарға кететін шығындардан, сонымен қатар негізгі қорлардың амортизациясынан құралады.

Шығындардың берілген түрінің өндіріс көлемімен байланысына қарай айнымалы және шартты-тұрақты шығындарды ажыратады. Айнымалы шығындар геологиялық барлау жұмыстары көлемінің өсуіне тура пропорционал өседі (мысалы, материалдар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы және т.с.с.), шартты-тұрақтылар – геологиялық барлау жұмыстарының көлеміне тәуелсіз өзгереді (жарықтандыру, жылу, ғимараттар мен құрылыстардың амортизациясы, басқару қызметкерлерінің жалақысы).

 

 

3. Геологиялық кәсіпорынның негізгі және қосымша шығындарының құрамы.

Геологиялық кәсіпорынның негізгі шығындарының құрамы.

 

  • Жетекшілердің, мамандар мен жұмысшылардың (геологиялық барлау жұмыстарының өндірісінде тікелеу қамтылған) негізгі жалақысы еңбек төлемдерінің нормаларына, жетекшілер мен мамандардың лауазымдық еңбекақы мөлшеріне, барлық үстеме төлемдер есепке алынған тарифтік мөлшерлемелерге қарай есептеледі;
  • Қосымша жалақы;
  • Әлеуметтік сақтандыру есептеулері (кәсіпорынның әлеуметтік салығы);
  • Материалдар, электрэнергиясы, сығылған ауа мен су;
  • Негізгі қорлардың амортизациясы жабдықтардың тиісті топтары үшін амортизацияның белгіленген нормаларына және оның орташа жылдық құнына қарай анықталады;
  • Аз құнды және жылдам тозатын заттардың және кезекті жабдықтардың (бұрғылау және айналдырма құбырларды қосқанда) тозуы оларды сатып алу құнына және қызмет мерзіміне қарай анықталады;
  • Қосалқы-көмекші өндірістердің қызметтері және сырттай қызметтер механикалық шеберханалардың, зертханалардың және өзге меншікті қосалқы-көмекші өндірістердің және сыртқы ұйымдардың жұмыстары мен қызметтерін жоспарлайды;
  • Көлік шығындарын геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, сонымен қатар жұмыс орнына және кері жүктер мен қызметкерлер құрамын тасымалдауда қолданылатын, меншікті және жалдамалы көліктің барлық түрлері көрсететін қызметтердің құны ретінде анықтайды.

 

Геологиялық кәсіпорынның қосымша шығындарының құрамы.

Негізгі шығындардың сомасына жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық қажеттіліктерге геологиялық өндірістік ұйымның шығындарын есепке алатын, қосымша шығындар есептеледі.

Геологиялық ұйымдардың жалпы өндірістік шығындарының құрамына еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына, арнайы киімнің тозуына қаржылық емес сипаттағы шығындар, кәсіпорынның жоғары және орта оқу орындарына іссапарға жіберілген студенттерді оқытуға кететін шығындарды қосқанда, қызметкерлерді дайындау мен біліктілігін арттыру шығындары, студенттердің өндірістік тәжірибесі мен дала қызметкерлерін қоғамдық тамақтандыру шығындары кіреді.

Жалпы шаруашылық шығындар кәсіпорындардың әкімшілік-шаруашылық және қызмет көрсетуші қызметкерлерінің жалақысының барлық түрінен, өндірістік ғимараттарды ұстау шығындарынан, әкімшіліктегі қызметкерлердің кеңселік және пошта-телеграф шығындарынан, диспетчерлік қызметті ұстау шығындарынан, сонымен қатар жаңа техниканы жасағаны және енгізгені үшін қызметкерлерге сыйақы тағайындауға бөлінген сомалардан тұрады.

Сонымен қатар, қосымша шығындарды ерекше есептеулер түрінде, өндірістік-шаруашылық әрекетке экономикалық талдау жүргізуге, жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізуге бөлінген сомалар түрінде болады. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, жаңа техниканы игеру шығындары қосымша шығындарда жеке жолға бөлінген.

Қосымша шығындардың нормалары және оларды жеке баптар бойынша бөлу геологиялық ұйымдардың орналасуының географиялық-экономикалық жағдайларына және орындалатын жұмыстардың түрлеріне тәуелді. Мемлекеттік унитарлы геологиялық кәсіпорындар үшін олар 25-35% шектерінде және т.с.с.

 

Жоспарлы қор жиналымдары.

Геологиялық барлау өндірісінде оның айрықша ерекшеліктерінің салдарынан пайданы қалыптастыру ерекше сипатқа ие. Геологиялық барлау жұмыстары айтарлықтай уақыт кезеңінде жүзеге асырылады, сонымен қатар олар оңды ғана емес, теріс нәтижеге де ие болуы мүмкін. Геологиялық барлау жұмыстарының қол жеткен нәтижелеріне тәуелсіз, геологиялық кәсіпорын пайда алу керек, сондықтан өндіріс (геологиялық тапсырманы орындау) шығындарының сметасын құрғанда негізгі және қосымша шығындардан басқа, ерекше жоспарлы қор жиналымдарын қалыптастыру қажет, олар пайда ролін атқарады және геологиялық өндірістік ұйымға қажетті орташа рентабельділікті қамтамасыз етеді.

Олар негізгі және қосымша шығындар сомасының 14-тен 20% дейінін құрайды. Сметада жоспарлы қор жиналымдарының болуы геологиялық өндірістік ұйымға салықтар мен алымдарды төлеу қаражатына ие болуға, банк несиесінің пайыздарын төлеуге, экономикалық ынталандыру қорларына қаражат бөлуге және т.с.с. мүмкіндік береді.

 

§4 Өзіндік құнды төмендетудің негізгі бағыттары.

Көп еңбекті қажет етуімен ерекшеленетін геологиялық барлау жұмыстарында өзіндік құнды төмендетудің басты бағыты еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Геологиялық барлау қызметкерлерінің өнімділігі артқан сайын, геологиялық барлау жұмыстарының өндіріс қарқындары соншалықты жылдамырақ және геологиялық тапсырмаларды орындау мерзімдері соншалықты қысқа.

Геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құнын азайтудың бір көзі жаңа, прогрессивті алмастырғыштарды енгізу, материалдарды пайдалану коэффициентін арттыру есебінен материалдық шығындарды үнемдеу болып табылады.

Геологиялық барлау жұмыстарын арзандатудың көзі далалық жұмыстар орнына және кері қарай геологиялық ұйымдардың қызметкерлері мен жүктерді тасымалдау шығындарын қысқарту болып табылады. Көлік шығындары геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құнында жалақыдан кейін екінші орын алады және өндірістің бүкіл шығындарының шамамен 15-16% құрайды. Көлік шығындарын азайту үшін, материалдық құндылықтардың жақын маңдағы жеткізушілерін табу, көліктің арзан түрлерін таңдау және оларды толығырақ пайдалану, жүк тасымалдаудың бағытжолдарын және жүк ағымдарының схемаларын дұрыс жоспарлау, жүктелмеген көліктің жүрісін қысқарту, тиімсіз тасымалдарды, сонымен қатар жүгі бар және жүксіз көліктің тұруын жою және т.с.с. қажет.

Геологиялық ұйымдардағы өндіріс шығындарын азайтуға технологиялық жабдықтардың жұмыс уақытын арттыру, артық жабдықтардысату және әрекеттегі станоктар мен механизмдерді максималды жүктеу арқылы қол жеткізіледі.

Геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құнын төмендетудің маңызды көзі өндірістік басқару мен қызмет көрсету шығындарын қысқарту болып табылады. Геологиялық барлаудағы бұл шығындар айтарлықтай үлкен: олар салалық өзіндік құнның шамамен 15% құрайды, ал кейбір геологиялық ұйымдардың өзіндік құнында олардың үлесі бұдан артық. Қосымша шығындарды қысқартуға геологиялық барлау қызметінің өндірістік құрылымын жетілдіру, жоғарыдан төмен қарай басқару органдарын жеңілдету мен жетілдурі, басқару қызметкерлерінің еңбегін механизациялау мен ұйымдастырылуын жақсарту жолымен қол жеткізіледі.

Өзіндік құнды төмендету үшін брак шығындарын жою, технологиялық тәртіпті бекіту және геологиялық барлау жұмыстары мен геологиялық тапсырмалардың орындалу сапасына қатаң бақылау орнату үлкен маңыз ие. Геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құнын төмендетуге геологиялық ұйымдардағы түрлі өндірістік емес шығындарды, мысалы, айыппұлдарды, өсімдерді және т.б. жою жоғары ықпалын тигізуі мүмкін.

Өзіндік құнның төмендеуін жоспарлаған кезде барлық маңызды факторлар мен көздер есепке алыну керек. Ол үшін ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың бағдарламасын құрастырады, онда әр фактордың ықпалына экономикалық негіздеме беріледі және оның жеке көздері бойынша өзіндік құнның төмендеуі есептеледі.

 

 

Тақырып 3.6: Нарықтық экономика жағдайында бағаның түзілуі.

Жоспар:

1. Нарықтық экономика жағдайындағы баға және бағаны қалыптастырушы факторлар.

2. Нарық жағдайында бағаны қалыптастыруда мемлекеттің рөлі.

3. Нарықтық экономикада бағалардың түрлері.

4. Бағаларды орнату бойынша кәсіпорындардың міндеттері (бағаны орнатудың кезеңдері мен әдістері.

Нарықтық экономика жағдайында баға үлкен маңызға ие. Баға өндірістің құрылымы мен көлемін, тауарлардың таралуын, қоғам өмірінің деңгейін анықтайды.

Баға және баға саясаты кәсіпорын үшін – бұл фирманың нарықтық әрекетінің маңызды («тауардан» кейін екінші) элементі. Сондықтан да баға саясатын құрған кезде нарықта тиімді әрі ұзақ әрекет етуге ниеттенген, кез келген кәсіпорынның басшылығы тарапынан аса зор көңіл бөлінеді, өйткені кез келген жалған (ақылға салынбаған) қадам дереу сатылымдар динамикасы мен рентабельділікте көрініс табады.

Тауар бағасын орнату әрқашан көптеген баға түзуші факторларды есепке алу қажеттілігімен байланысты, соның ішінде:

  1. сұраныс пен ұсыныс;
  2. тауардың өзіндік құны (немесе тауардың құндық бағасы);
  3. бәсекелестердің бағасы (және оны өзгерту мүмкіндігі);
  4. бағаның мүмкін өзгерісіне сатып алушылардың ықтимал реакциясы;
  5. баға саясатына мемлекет тарапынан тікелей және жанама ықпал.

1. Сұраныс пен ұсыныс – бұл маңызды баға түзуші факторлар.

Сұраныс – бұл тұтынушының белгілі уақытта және нақты жерде тауарды (қызметті) сатып алудың қаржылық мүмкіндігі. Сұраныстың жалпы шамасы тауарға деген сұраныс пен келесі (бағалық және бағадан тыс) факторлардың арасындағы өзара байланысты көрсетеді: тауардың бағасы, алмастырғыш-тауарлардың бағалары, сатып алушылардың кірісі, сатып алушылардың бұл тауарға деген қажеттілігі, сатып алушылардың бұл тауарға деген маусымдық қажеттілігі, сатып алушылардың саны. Осы факторлардың бірі өзгерген жағдайдың өзінде осы тауарға деген сұраныстың көлемі де өзгереді.

Ұсыныс та нарықтық бағаны орнатуда маңызды орын алады, бұл сатушылар белгілі уақытта және белгілі жерде сатып алушыларға ұсынуы мүмкін және ұсынуға ниетті тауарлардың саны. Ұсыныстың жалпы шамасы тауарлар (қызметтер) ұсынысы мен келесі (бағалық және бағадан тыс) факторлардың арасындағы өзара байланысты көрсетеді: бұл тауардың ұсыныс бағасы, бәсекелес тауарлардың бағалары, берілген тауарды өндіру технологиясының деңгейі, қолданылатын ресурстардың құны, салық саласындағы мемлекеттің саясаты, сатушылардың жалпы саны.

Тауарлар мен қызметтердің еркін нарығы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне, яғни сатып алушы мен сатушы арасында сату – сатып алу мәмілесін жасасу келісімін білдіретін, тауардың тепе-тең нарықтық бағасын орнатуға ұмтылады.

2. Тауардың өзіндік құны – бұл тауарлар мен қызметтерді өндіру мен жүзеге асыруға қажетті шығындардың ақшалай көрінісі (берілген сұрақтың толық түсініктемесі «Өнімнің және геологиялық барлау жұмыстарының өзіндік құны» тақырыбында берілген).

3. Бәсекелестердің бағалары – бұл тауардың бағаларын өзгерту арқылы бәсекелес күрестің түрі; айтарлықтай дәрежеде бағаның деңгейіне ықпал етеді. Баға бәсекесін нарықта басым жағдайдағы фирма ғана емес, бәсеке жағдайында аман қалу үшін, шағын фирма да бастауы мүмкін. Тиімді баға бәсекесі – бұл өндірісті тұрақты жетілдіру және тауардың өзіндік құнын төмендету. Өндіріс шығындарын төмендетудің шынайы мүмкіндігіне ие болған кәсіпкер ғана ұтады.

4. Сатып алушылардың бағаның мүмкін өзгерісіне ықтимал реакциясы – бағаның деңгейіне ықпал ететін маңызды фактор. Кез келген кәсіпкер тауар бағасы мен тұтынушылардың түрлі категорияларының оған қатынасы арасындағы өзара терең байланысты байқау керек. Барлық сатып алушыларды бағаларды қабылдауы мен сатып алушылық мінез-қылқы бойынша 4 топқа бөледі:

  • Үнемді сатып алушылар негізінен сатып алымды таңдаған кезде бағаға, сапаға, ұсынылатын тауарлардың ассортиментіне қызығушылық білдіреді (олар үшін жарнама өте маңызды).
  • Персонификацияланған сатып алушылар олар ие болғысы келетін тауардың «бейнесін» құрады және ұсынылған тауардың барлық сипаттамаларын құрылған бейнемен салыстырады; олар сатушылардың өзіне деген ерекше ықыласын талап етеді.
  • Этикалық сатып алушылар фирмаларды өздерінің сатып алымдарымен қолдай отырып, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлер бойынша нақты сауда орындарында тауарларды сатып алады (дәл осы дүкендегі тауар үшін жоғары баға төлеуге дайын).
  • Апатиялы сатып алушылар сатып алымды таңдаған кезде бағаға аз қызығушылық білдіреді, өйткені тауардан алынатын қолайлылық пен жайлылыққа негізгі назарын аударады.

2. Нарық жағдайында бағаны қалыптастыруда мемлекеттің рөлі.

5. Бағаларды мемлекеттік реттеу – бағаға, осыдан фирманың бүкіл кәсіпкерлік әрекетіне ықпал ететін маңызды фактор. Мемлекеттің ықпал ету шаралары тікелеу және жанама болуы мүмкін.

Тікелей шаралар – мемлекет баға түзудің белгілі бір тәртібін немесе бағаның өзін орнатады.

Жанама шаралар нарық конъюктурасын өзгертуге (конъюктура – бұл сұраныс пен ұсыныстың арасындағы белгілі бір қатынас), салық, еңбек төлемі саласында, қаржылар саласында белгілі бір жағдайлар түзуге бағытталған.

Бағаларға мемлекеттік емес ықпалдың формалары.

Тікелей шаралар:

1. Бекітілген мемлекеттік бағалар орнатылады.

2. Мемлекет реттейтін бағалар – мемлекет кәсіпорын үшін ережелер орнатады, ал ол бағаларды дербес бекітеді:

а) бағалардың шекті деңгейін орнату;

б) монополистік бағаларды мемлекеттік бақылау;

в) мемлекеттік кәсіпорынның бағаларды орнатуы, осылайша нарықтық бағалар реттеледі;

г) бағаларды арттырудың шекті деңгейін орнату және т.с.с.

Жанама шаралар:

1. Еркін (келісімді) бағалар – мемлекет ықылассыз бәсекеге бірқатар тыйымдар енгізіп, нарықта «ойын ережелерін» орнатады:

а) демпингке тыйым (демпинг – өзіндік құннан төмен тауар бағасы);

б) ықылассыз баға жарнамасына тыйым;

в) баға дискриминациясына тыйым;

г) шағын кәсіпорындарды жеңілдету: бәсекеге қабілеттілікті дамыту.

 

§3 Нарықтық экономикада бағалардың түрлері.

Әр кәсіпкер бағалардың деңгейін талдау және анықтау кезінде бағалардың әр түрлерінің өзара байланысын сипаттайтын, бағалар жүйесінің жалпы бейнесін айқын білдіру керек. Бағалардың жүйесі белгілі бір белгілер бойынша жіктеледі:

 

1. Қызмет көрсетілетін айналыстың сипаты бойынша:

а) көтерме – олар бойынша кәсіпорын өндірген өнімін басқа кәсіпорындарға және тауар өткізетін ұйымдарға сатады;

б) сатып алар – олар бойынша фермерлік шаруашылықтар алдағы ұқсату үшін мемлекетті және коммерциялық ұйымдарға ауылшаруашылық өнімді сатады;

в) бөлшек – олар бойынша тауарлар халыққа аз мөлшерде бөлшектеп сатылады;

г) құрылыс өнімінің бағалары, соның ішінде:

- сметалық құн (объект құрылысына кететін шығындардың шекті мөлшері);

- прейскуранттық баға – соңғы өнімнің орташа сметалық құны;

- келісімді баға – тапсырыс беруші мен мердігер арасында келісімге қол қойған кезде;

д) халыққа көрсетілетін қызметтердің бағалары мен тарифтері;

е) айналыс саласындағы үстемелер (10-25%);

ж) жүк және жолаушылар көлігінің тарифтері – көлік ұйымдары алатын, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау төлемі.

2. Орнату кезінде мемлекеттің ықпалынан еркіндік дәрежесі бойынша:

а) еркін – сұраныс пен ұсыныстың ықпалынан түзіледі;

б) реттелетін – еркін плюс олардың өсуін шектеу арқылы мемлекеттің белгілі бір ықпалы;

в) бекітілетін – тауарлардың шектеулі шеңберіне мемлекет орнатады.

3. Бекіту тәсілі бойынша:

а) контрактылы – тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және контрактыда тіркеледі;

б) трансфертті – бір кәсіпорынның ішінде филиалдар мен бөлімшелердің арасында өнімді сату кезінде қолданылады;

в) биржалық (биржалық баға кесімдері) – биржалар арқылы тауарларды сату кезінде қолданылады;

г) тауарлар бағасы – өзара бәсекелесетін бірнеше мердігер, конкурстық негізде ең тиімдісін таңдайтын, тапсырыс берушіге белгілі бір жұмыстарды орындау жобаларын ұсынғанда сауданың ерекше формасына қызмет етеді.

 

4. Әрекет ету уақыты бойынша:

а) тұрақты (қатты) бағалар – берілген контракт бойынша өнімді жеткізудің бүкіл мерзімінде өзгермейді;

б) ағымдағы бағалар – бір контрактіні орындау барысында өзгеруі мүмкін және сұраныс пен ұсынысқа тәуелді;

в) өзгермелі бағалар – ұзақ мерзімде дайындалатын өнімге белгіленеді, өндіріс технологиясында болып жатқан өндіріс шығындарындағы өзгерістерді есепке алады;

маусымдық бағалар – белгілі бір уақыттың барысында әрекет етеді;

Date: 2015-06-08; view: 1143; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию