Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Шығыс Африка





Туристік мезоаймақ Шығыс Африка 20 мемлекет пен тәуелді аймақтарды біріктірген. Олар: Эритрея, Джибути, Эфиопия, Сомали, Кения, Уганда, Руанда, Бурунди, Танзания, Малави, Замбия, Зимбабве, Мозамбик, Комор аралдары, Мадагаскар, Сейшель аралдары, Маврикий, сонымен қатар Үнді мұхитының Британ аймағы (Чагос аралдары) және француз иеліктері – Реюньон-Майотта.

Шығыс Африканың негізгі бөлігін таулар мен үстірттер алып жатыр (Эфиопия жотасы, Шығыс Африка жазығы, Рувензори тауы, Матабеле үстірті, Мадагаскардың тау жоталары. Кенияда Африканың ең биік нүктесі – Килиманджаро вулканы (5895 м) орналасқан. Жазықтар Шығыс Африканың теңіз жағалауында жатыр. Ең ірі үстірттер – Мозамбик және Сомали. Аймақ экватормен қиылысып жатқандықтан, оңтүстіктің кішкентай аудандары (Мозамбик пен Мадагаскардан басқа) толығымен солтүстік және оңтүстік тропиктік белдеу арасында жатыр. Бұл жылдық ауа қысымының елеусіз өзгеруін көрсетеді. Дегенмен жыл маусымдары ауадағы муссонды айналымның болуына байланысты айқын көрінеді, бұл жазғы жаңбырлар және қысқы құрғақшылықпен анықталады. Жер бедерінің көтеріңкі сипаты аймақтың ауа-райына жағымды әсер етіп, экваторлық ыстықты бәсеңдетеді. Осылайша төмен аудандарда орташа жылдық ауа қысымы +24ºС болса, тауларда +16oС-ге дейін түседі.

Аймақтың ең ірі өзені Руанда Замбези, Замбия, Зимбабве, Мозамбик арқылы ағып өтеді. Өзенде 120 м-дей биіктіктен су атқылайтын, әлемнің ең әдемі сарқырамасы Виктория ағады. Шығыс Африка Ұлы Африка зонасында орналасқан көлдерімен де әйгілі: Танганьика (Байкалдан кейінгі әлем бойынша ең терең көл), Виктория (әлемде Каспий мен Жоғарыдан кейінгі аумағы жөнінен үшінші), Кьега, Мобуту-Сесе-Секо, Рудольф, Ньяса, Кариба, Бангвеулу.

Шығыс Африканың таулы жоталары мен жазықтығында саванналар мен тропикалық сирек ормандар көп. Ылғалды экваторлық ормандар көбіне ірі алқаптарда сақталған, үстіртті аудандарда арагідік мангр өсінділері кездесіп қалады.

Тауларда мәңгі жасыл тропикалық ормандар өседі, одан жоғарырақ олар бамбук тоғайларымен, ал одан жоғары таулы-тропикалық шалғынмен алмасады. Бұғыларымен, пілдерімен, керіктерімен, мүйізтұмсықтарымен, арыстандарымен, түйеқұстарымен, питондарымен және де басқа да түрлі аңдарымен көрініс беретін Шығыс Африканың жануарлар әлемі өте ерекше. Өкінішке орай, жануарлар әлемі адамдардың әрекетінен көп жапа шекті, әлі зардап шегіп те отыр. Үлкен зиянды отар кезеңіндегі бақылаусыз аңшылық әкелді. Отарлаушылар аңнан олжалы болу үшін көбіне жабайы аңдардың қанды қырғынын ұйымдастыратын. Қазір браконьерлік экологиялық қайғыға айналды. Дамыған елдердің базарларына (негізінен заңсыз) пілдің мүйізі, мүйізтұмсықтың мүйізі, қолтырауынның терісі, түйеқұстың қанаты, өлтірілген маймылдардың балалары жеткізіледі. Жануарлар әлемін сақтау мақсатымен Шығыс Африкада табиғатты қорғау аумақтарының тізбегі құрылды, олардың арасында негізгілері болып қорықтар (қатаң күзеттегі резерваттар) мен ұлттық саябақтар. Ұлттық саябақтардың мақсаты тек жануарларды қорғау емес, сонымен қатар туристік қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Шығыс Африкада олар халықаралық туризмнің басты нысаны болып табылады. Олардың ең ірілері Цаво (Кения), Серенгети (Танзания), Кафуэ (Замбия).

Ұлттық саябақтарының саны жөнінен Замбия алдыңғы орында. Дегенмен табиғатты қорғау аймағының алаңы жөнінен Кения бірінші орында, мұнда қорықтар мен ұлттық саябақтардың ауданы елдің аумағының 15% алып жатыр. Бұл Африкадағы ең үлкен көрсеткіш.

Шығыс Африка соның ішінде Кения жерортатеңіздік өркениетпен байланыста болған. Мұнда бағалы ағаштар, жабайы аңдар, алтын және т.б заттар үшін ежелгі египеттіктер саяхат жасаған. Рим әйелдері масаи тайпасының бабаларымен тығыз қатынаста болған. Арабтар негізін салған Момбаса қаласы Киевтен 500 жыл үлкен.

 

 

Шығыс Африканың інжуі – Кения экваторда орналасқан. Оған келетін туристердің бір бөлігін оңтүстік жарты шарға саяхат жасауы тамсандырады. Бұл елдің атауы масаилық Кеен-Ния сөзінен қалыптасқан, ол ақ тау деген мағынаны білдіреді. Мұнда басында мәңгі мұздықтары бар жанартаулар осылай аталады. Ақ тау Кенияның байырғы тұрғындары үшін таулар, көлдер бар.

Туристік анықтамалықтарда Кения қара континентің әсем елі деп аталады. Жыл сайын оған млн-ған туристер келеді. Мұнда қорықтарда жабайы табиғат орындары, тарихи мұра ескерткіштері, сондай-ақ ландшафтардың түрлері, саванналар, шөлдер, таулар, көлдер, бар.

Кенияда ел аумағының 15% алып жатқан 40 астам қорықшалар бар. Кения туризмнің негізі – сафари. Атақты ұлттық саябақтар Наироби қаласынан батысқа қарай орналасқан: Масаи Мара, Амбосели және Накуру көлі.

Кения– Африканың шығысында орналасып, Үнді мұхитымен шайылып жатыр. Физикалық-географиялық көрсеткіштер бойынша Кения бірнеше аймақтан тұрады. Ұлы Рифт жазығы солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Бұл елдің ең көркем бөлігі, әлемдегі алқызыл қоқиқаздардың ең көп жиналған тобы бар, көлдермен қоршалған. Рифт жазығы ұшы-қиыры жоқ жайлау ретінде қолданатын саванналарға ұласқан. Кения туризм жоспарында бәрінен бұрын ұлттық саябақтарымен белгілі (Масаи Мара, Амбосели, Цаво). Масаи Мара ұлттық саябағы, атақты Серенгети (Танзания) ұлттық саябағының жалғасы болып табылады. Амбосели ұлттық саябағындағы өте бір есте қалаларлық көрініс бұл 600-700 пілден тұратын отар. Туристер сонымен бірге жануарлар әлемінің эндемикалық түрлерімен танысады, мысалға құрып бітуге айналған қара мүйізтұмсықпен.

Цаво – Кенияның ең үлкен ұлттық саябағы, ол 21 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Ол елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасып, Найроби-Момбаса автокөлік және темір жолдармен батыс және шығыс бөлікке бөлініп тұр. Әрбір туристің көруге келетін Африканың ең биік нүктесі, жоғарғы жағын қар басқан вулкан тауы – Килиманджаро. Килиманджаро Кения мен Танзанияның шекарасында тұр. Килиманджароның табиғи кешені бір-бірін биіктік белдеулерінің кестесіне байланысты ауыстырып отырады.

Кенияда экологиялық туризм дамыған. Осылайша кейбір бағалауларға қарағанда экологиялық туризмнің қалыптасуы Кенияда саяхат үшін пайдалы жерлердің бағасының 1 га үшін 0,8 АҚШ долларынан 40 долларға дейін өсуіне әкелді. Туризмнің дамуы, халықаралық еңбек бөлінісінде ауыл шаруашылық өнімдері – мақтаның, күріштің, шай мен кофенің жеткізушісі ретінде танылған елді, дәстүрлі аграрлы мамандануының толығуына әкелуі мүмкін.

Кенияның астанасы – Найроби өзіндік ерекшеліктері бар, Шығыс Африкадағы ұлттық мұражай, жыландар фермасымен әйгілі ірі қала. Найроби Африканың әдемі қалаларының бірі болып саналады. Африка елдерін аралау, жұқпалы аурулар жұқтыру қаупі жағынан аса қауіпсіз емес. 1999 ж. Кениядағы безгек ауруының жаппай белең алуы жүрді. «Тау безгегі» деп аталған аурумен 100 мыңнан аса адам ауырды. Аурудың бұл түрі өте қымбат дәрілердің көмегімен ғана емделіп, дәстүрлі ем түрі қауқарсыз болды.

1990 ж. Кения ұлттық саябақтары көптеген туристерді тартып (900 мыңдай адам) мезоаймақта шетелдік туризмнен түскен түсім мен туристердің қарқынды ағыны жөнінен көрсеткіштерімен әйгіленді. 2000 ж. Кения шетелдік туризмнен түсетін түсім жөнінен алғашқы орынға шықты, ол 250 млн-дай АҚШ долларын құрады (мезоаймақтағы халықаралық туризмнен түсетін түсімнің 25%) және туристік ағынның қарқындылығы турасында Шнайдер индексі бойынша 100 жергілікті тұрғынға 300 адамнан келді.

Кенияда туризмді дамытудың ел үшін шаруашылық маңызы бар. Кения туризмді дамыта отыра ұлттық саябақтардың негізінде табиғат пен тұрғындардың аборигендік мәдени мұрасын сақтауды, жұмыссыздық мәселесін шешуді, тұрғындардың арасындағы түсім жағынан теңсіздікті жоюды мақсат етіп қойды. Жайылымдық мал шаруашылығынан аймақты туризм үшін қорғау көшудің нәтижесінде кейбір жерлердің бағасы 0,8 доллардан 40 долларға дейін өсті. Шетелдік ғалымдардың есебі ұлттық саябақта бір арыстан жылына 27 мың долларды, ал пілдер отары – АҚШ-тың 610 мың долларын әкелетінін көрсетті. Туристік қызмет көрсету аясында жұмыс көбейіп, тұрғындардың жалақысы жоғарылады. Дегенмен 1990 ж. аяғында елдегі саяси тұрақсыздыққа байланысты жалпылама тәртіпсіздіктер туристік жүйені де қозғап өтті. Елдің түкпір аудандарына баратын, экологиялық туризмге деген сұраныс азайып кетті. Жергілікті халық қайтадан туристік қызметтен ауыл шаруашылығына көше бастады. 1995 ж. салыстыру бойынша халықаралық туризмнен түсетін түсім 450 млн АҚШ долларынан (1995 ж.) 257 млн долларға (2000 ж.) азайған.

Танзания. Аумағы – 945,087 мың шаршы шақырым. Халық саны 29,5 млн-дай адам (1997 ж). Мемлекеттік тілдер: суахили және ағылшын тілдері. Астанасы – Дар-эс-Салам (1,3 млн адам, 1997 ж.). Ең биік тауы – Килиманджаро. Таньганика – ең ұзын және терең көл. Дүниежүзіндегі ең ірі қорық – Селаус. Дар-эс-Салам – ірі қала және порт, елдің басты өнеркәсіптік, сауда, қаржы және мәдени орталығы.

Танзания– қазір екі мемлекеттің (Танганьики және Занзибара) одағы болып отыр. Танзания шығысафрикалық елдер ішінде ең үлкен жағалауға ие. Ол да осы аймақтың басқа да елдері сияқты, бәрінен бұрын ұлттық саябақтарымен белгілі (Серенгети, Нгоронгоро, Килиминджаро және т.б.). Серенгети – Танзанияның ең үлкен саябағы. Ол 1951 ж. құрылған, 15 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Жыл сайын мыңдаған аңдардың көшуі, әсіресе, гну бұғысы қызығушылық тудырады. Нгоронгоро саябағы диаметрі 20 шақырымға жуық сөнген жанартаудың алып кратерінде орналасқан. Кратер шеті теңіз деңгейінен 2,5 мың шақырым биіктікте болса, оның түбі кратердің шетінен 600 м-дей төменде жатыр. Сондықтан да кратердің ішінде өзіндік өмір сүру ортасы қалыптасқан. Көптеген жануарлардың түрлері осында дүниеге келіп, өмір сүріп, осында өледі. Елде халықаралық туризм даму үстінде. Танзанияның жағалауында әдемі жағажайлар бар. Танга теңіз курорты әйгілі болып саналады. Занзибар аралын көбіне «Арал-жәрмеңке» деп те атайды. ХІХ ғ. Занзибар қызғалдақтардың ең ірі кәсіпорны болды. Елдің экономикасы көп жағдайда ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортына тәуелді: кофе, шай, мақта және т.б.

Экваторда орналасқан УгандаАфрика маржаны аталады. Елдің басты және ең көркем орны – Бвинди ұлттық саябағы. Мұнда әлемде қалған 600 горилланың 300-і мекендейді. Сонымен бірге Уганданың тағы бір табиғат тамашасы Мерчисон сарқырамасы. Бастауын осы жерден алатын Ніл сулары, жартастар арасындағы сызаттардан өте отыра, бірнеше көбіктенген тұстар құрайды. Су жоғарыдан 50 м-ден биіктіктен төмен құлау арқылы, әлемдегі ең әдемі сарқыраманы жасайды.

Королева Елизаветаның ұлттық саябағы экваторда, елдің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Саябақтың жануарлар әлемі әртүрлі: гиппопотамдар, ағаштарда өмір сүретін арыстандар, пілдер, буйволдар, батпақ ешкілері, қызылқұйрықты маймылдар және т.б. Саябақ сонымен қатар мұнда өмір сүретін құстардың әртүрлілігімен де белгілі. Олардың 500-ден астам түрі бар: бакландар, орасан денелі тырналар, бүркіттер және т.б. Уганданың басқа да кереметтерінің арасында Виктория көлі тұщы судың әлемдегі ең көп қоры болып табылады.

Уганда мұңды тарихқа ие. Азаматтық соғыстар мұнда 1962 ж. тәуелсіздік алғаннан кейін де жалғасты. Бітпейтін қайшылықтар, өмір салтының өте қиын болуы, аштық осы жер тұрғындарының әлемдегі ең аз өмір ұзақтығының себебіне айналды: еркектер – 36 жас, әйелдер – 37 жас.

Кофе – мемлекеттің түсімінің көп бөлігін қамтамасыз етіп отырған, негізгі экспортты мәдениет.

Африка континентінің оңтүстік-шығысында орналасқан Мозамбикмемлекеті – негізінен аграрлы ел. Дәстүрлі түрде ел Африкадағы Португалияның иелігі есебінде. Сонау 1498 жылдың өзінде ақ Мозамбик жағалауларына Васко да Гама жеткен болатын. 1962 ж. құрылған қарулы ұйым Фрелимо (Мозамбикті құтқару майданы) Португалиямен күрес жүргізіп, 1975 ж. ол елдің тәуелсіздігі танылды.

Елдің астанасы – Мапуту ХVІІІ ғ. іргесі қаланған португалдық форттың орнында негізі қаланды. Қала кереметтерінің ішінде жаратылыстану тарихы музейімен әйгілі. Париж мұнарасының жобасының авторы, архитектор Эйфельдің қатысуымен жобаланып салынған вокзалды атап өтуге болады. Азамат соғысына дейін туристерді Мозамбикке Тофу, Лангоше, Лурно аудандарында және Барра-Фалса мүйісінде орналасқан әсем құмды жағажайлар тартатын. Мозамбик сонымен қатар ұлттық саябақтары және өзіндік африкалық мәдениетімен (мүсіншілік, қашау өнері, музыка) де белгілі.

Мозамбиктің шығанағының солтүстігінде Комор аралдары (Комор аралдарының ислам федеративті республикасы) орналасқан. Мемлекеттің астанасы – Морони. Кезінде Комор аралдары Үндістаннан Еуропаға баратын жолдың көліктік-географиялық тиімді тұсын алып тұрған болатын. Сондықтан да ХІХ ғ. ортасына дейін аралдарды көптеген теңізшілер аралады. Коморда кит аулаушы кемелер, саудагерлер, қарақшылар топтары түсетін. Бұл аралдар азық-түлік қорын толықтырудың тамаша жері болатын. Бірақ кейін 1869 ж. Суэц каналының ашылуына байланысты Үндістаннан Еуропаға баратын қысқа жол Қызыл теңіз арқылы өтетін болды. Комордағы іскерлік белсенділіктің аяқталуы осымен тығыз байланысты. Осы бір «ұмыт қалған аралдардың» жабайы табиғаты ерекше. Тек осында ғана төрт аяғын түгелімен байланыстыратын қанаттары бар Ливингстон жарқанаты өмір сүреді. Комор – жанартау текті аралдар. Нгазиджа ірі аралының оңтүстік шетінде биіктігі 2000 м-ден асатын сөнбеген Картал вулканы бар. Аралдарға тау бедерлі жер сипаты тән. Бұл жерде жәндіктер, құстар және жануарлардың эндемикалық түрлері өмір сүреді.

Эфиопия – Шығыс Африкадағы мемлекет, солтүстік шығыс жағалауында Қызыл теңіз орналасқан. Бұл тропиктік Африкадағы алғашқы тәуелсіз мемлекеттердің бірі. Елдің астанасы 2400 м биіктікте орналасқан Адис-Абеба қаласын жыл бойы қоңыржай климатқа байланысты «Мәңгі көктем қаласы» деп атайды. Қаланың негізі 1885 ж. қаланған, алайда қазіргі таңда ғимараттар басым болып келеді. Адис-Абеба алып базарымен әйгілі. Аумағы бойынша екінші ірі қала Асмара елдің солтүстігінде орналасқан.

Зимбабве мемлекеті Африканың оңтүстігінде Лимпопо және Замбези көлдерінің арасында орналасқан. Бұрынғы Британ Родезиясы, Зимбабве аумағы атақты «әлемнің мыс белбеуінің» шегінде орналасқан, мұнда әлемдегі ең көп мыс қоры шоғырланған. Осы аймақтың басқа да елдері секілді, Зимбабве де халықаралық туризм тұрғысынан ең алдымен ұлтттық саябақтарымен (Виктория сарқырамасы, Кариб көлі, Грейт Зимбабве) белгілі. Елдің астанасы – Хараре қаласы.

Үнді мұхитының Африкалық жағалауында арал мемлекет – Сейшель аралдары Республикасыорналасқан. Сейшельдің тарихында алғашқы ашушылар – қарақшылар қалдырған құпиясы өте көп. Сейшелдің тұрғындары – сейшелдік креолдар-қарақшылардың, ақ отарлаушылардың, қара құлдардың, үнді саудагерлерінің ұрпақтары. Туризмнің дамыған кәсібінің өзінде мұндағы табиғат өзінің алғашқы күйін сақтаған. Тек ғана осы аралдарда орасан зор тасбақалар, көптеген сирек кездесетін құстың түрлері соның ішінде қара тотықұс өмір сүреді. Үнді мұхитының суларында көптеген теңіз тұрғындары бар. Әсіресе тунец пен көгілдір марлин құнды боп саналады. Маэ аралында ағылшын сәулет үлгісімен салынған, әлемнің ең кішкентай астанасы Виктория орналасқан.

Батыс Африка – Атлант жағалауындағы аймақ. Оған тәуелсіздік алған тарихи бірлестігі бар, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерімен және проблемалары ұқсас жас елдер кіреді. Олардың басым бөлігі бұрынғы отарлық аграрлық елдер. Бұл елдердің көбі британ және француз отарлаушы империясының тарауынан кейін, саяси тәуелсіздік алған африкандық елдер. Африканың осы бөлігіндегі көп елдерге экономикалық және саяси тұрақсыздық тән. Елдердің басымы – көп ұлтты. Бірқатар елдерде этникалық мәселелер жалғасуда. Басшылықтардың алмасуы сирек кездеседі. Ол кедейшілікпен байланысты. Жан басына шаққанда ЖІӨ көп елдерде жылына бірнеше доллардан келеді. Шөл басу – аймақтың аса маңызды мәселесі. Табиғи алғышарттардың қолайлығына қарамай аймақта дүниежүзілік туризмнің дамуы төмен деңгейде.

Африканың Үнді мұхитты жағалауында аралдық мемлекет – Сейшел аралдары Республикасы орналасқан. Сейшел тарихында аралды алғашқы ашушылар мен теңіз қарақшыларымен байланысты құпиялар көп. Сейшел халқы – сейшел креолдары қарақшыларының, ақ отаршылдардың, қара құлдар мен үнді саудагерлерінің ұрпақтары. Туризм индустриясының дамуына қарамастан аймақтың табиғаты алғашқы түрін сақтап қалған. Тек қана осы аралдарда ірі тас бақалар, сирек кездесетін құстар кездеседі. Үнді мұхит суларында көптеген теңізде тіршілік ететін ағзалар мекендейді. Олардың ішінде құндылары – тунец және көгілдір марлин балықтары.

Маэ аралында ағылшын архитектуралық үлгісінде салынған дүниежүзіндегі ең кіші астана – Виктория қаласы орналасқан. Үнді мұхитының батыс бөлігінде Маскарен архипелагына жататын Маврикий және оған жақын жатқан аралдар орналасқан. Маврикий аралы Африкадан 20 мың шақырым оңтүстік шығыста және Мадагаскар аралының шығысында жатыр. Мемлекеттің астанасы – Порт-Луи. Туристерді қызықтыратын теңіз жағажайларындағы демалу, ұлттық бақтарда қыдыру, кемелермен круиздерге шығу, дайвинг (су асты жүзу), терең судан балық аулау, т.б.

Саяси тұрақсыздық мәселесі көптеген Шығыс Африка елдеріне тән (тек аралдық мемлекеттер ғана – Сейшель аралдары, Маврикий, Мадагаскар ғана бұған қосылмайды). Ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелер, аймақтың туризмнің әлемдік орталығынан алыс тұрғандымен қоса алғанда, осы аймақта халықаралық туризмнің дамуын кешеуілдетіп отыр. 2000 ж. Шығыс Африкаға 5,8 млн-дай шетелдік келген, бұл бір ғана ОАР-нан аз (0,6 млн-дай келуші).

 








Date: 2015-06-07; view: 881; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.008 sec.) - Пожаловаться на публикацию