Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Батыс Африка





 

Батыс Африка орташа аймағы 17 мемлекет пен тәуелді аудандарды енгізеді: Бенин, Буркин-Фасо, Кабо-Верде, Кот-д ивуар, Гамбия, Гана, Гвинея, Гвинея-Бисау, Либерия, Мали, Мавритания, Нигер, Нигерия, Сенегал, Сьерра-Леоне, Того, Ұлыбритания иелігіндегі Әулие Елена аралы.

Мавританияның, Мали мен Нигердің аумағын шөл және шөлейт жерлер басып жатыр. Аймақтың негізгі бөлігін шөлдің оңтүстігіне қарай саванналар мен тропикалық сирек ормандар құрайды. Тек Гвиней бұғазының жағалауында ғана экваторлық ормандар таралған. Аймақтың табиғаты антропогендік әрекеттерден көп жапа шегеді. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы саванналардың сиреуіне, айтылған Сахель зонасында ағаштарды кесу – экватор зонасының орманының азаюына, аң аулау мен броконьерлік – жануарлар әлемінің жұтаңдануына әкелді. Аймақтың көп бөлігінің ауа райының жағдайы туризмнің дамуына кедергі келтіреді. Жазда айдың орташа ауа қысымы +30ºС болса, қысқы кезеңдерде +25ºС-ты құрайды. Қыста аймақта өте құрғақ ауа-райы тұрады. Осы кезеңде Сахарадан Гвиней бұғазына қарай өзімен бірге шаң мен құм әкелетін харматан атты құрғақ жел соғады. Халықаралық туризм үшін аймақта үлкен рольді батысафрикалық елдердің бұрынғы метрополитендермен экономикалық және мәдени байланыстары алады. Елдің көп бөлігі Франциядан отарлық тәуелділікте, Нигерия, Гана мен Сьерра-Леоне британ иелігі, ал Гвинея-Бисау Португалияға тиесілі болды. Қазіргі кезде аймақта тек ғана бір тәуелді аймақ – Әулие Елена аралы бар, ол Наполеон Бонапарттың айдалып, өмірінің ақырын өткізген жер ретінде белгілі.

2000 ж. аймақта 3,3 млн-дай шетелдік келушілер белгіленген, бұл бүкіләлемдік туристік ағынның 0,4% құрайды. Халықаралық туризм Гана мен Сенегалда барынша дамыған, олар шетелдік қонақтардың саны жөнінен және олардан түсетін түсім жөнінен бірінші және екінші орынды алады. Ганадағы шетелдіктердің негізгі сапын іскерлік жұмыстармен және сауда мақсатымен келген туристер, транзитті туристер, саяхатшылар құрайды. Сенегалда келушілердің көп бөлігін еуропалықтар құрайды. Мұхит жағалауында ерекше демалысты ұнататындар, сонымен қатар трансконтинентальді Париж-Дакар авто жарысына қатысушылар мен көрушілер. Батыс Африка – отарлаудан босаған, тарихы, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері мен мәселелері тағдырлас жас мемлекеттерді біріктірген Атлант маңы аймағы. Көбіне бұлар көне отарлық өткені бар аграрлық елдер. Осы аймақтың көптеген елдері кірген британ және француз империяларының отары құлағаннан кейін, бұл Африка елдерін саяси тәуелсіз етті, дегенмен одан да өткір мәселелерді өмірге әкелді. Африканың бұл бөлігіндегі елдерге экономикалық және саяси тұрақсыздық тән әрі көптеген елдері көп ұлтты. Кейбір аудандарда ұлтаралық қайшылықтар болып тұрады. Үкіметтің ауысуы жиі болады. Бұл жағдай кедейшілікпен ушыға түседі. Мұнда әрбір жан басына шаққандағы жылдық табыс бірнеше жүз долларды ғана құрайды. Бұл елдердің әлсіз экономикасы солтүстіктен лап қойған Сахараға төтеп бере алмайды. Жалаңдану бұл аймақ үшін өткір мәселе. Мұның бәрі табиғи алғышарттарына қарамастан (жағымды ауа райы, мұхиттық жағалау) халықаралық туризм шоғырлаған ғана сипат алған.

Африканың осы аймағының басқа да мемлекеттерімен салыстырғанда халықаралық туризм Сенегалда белсенді түрде дамыған.

Сенегал Республикасы – көп ұлтты, бұрынғы метрополияның тілі ретінде, ресми тілі – француз тілі, басты діні – ислам. Сенегалдың табиғаты саванналық сирек ормандарымен көрініс табады. Елдің басты ұлттық белгісі – баобаб. Ел экономикасының негізін балық аулау, тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы құрайды. Сенегал – әлемдегі ең ірі арахис өндіруші ел.

Сенегалды жыл сайынғы өткізетін Париж – Дакар автомобильдік жарыстары халықаралық дәрежеде әйгілі етті. Сенегалдың астанасы Дакардан бірнеше ондаған шақырым Атлант жағалауында ең жақсы курортты аудандар Лез-Альманди және Сали орналасқан. Мұнда дамыған қонақүйлер тізбегі, екі жұлдыздыдан бес жұлдыздыға дейін бар. Дакарда тарихи ерекшеліктің айғағындай, африкалықтарды Американың плантацияларына әкететін «еріксіздер жағалауы» туралы естелік ретінде құлдар базары қайта қалпына келтірілді. Сенегалдың солтүстігінде елдің ең көне қаласы және еуропалықтардың ең алғашқы Батыс Африкадағы тұрағы – Сен-Луи бар. Қалада жергілікті жердің құндылығы ретінде көптеген отаршылдардың жекежайлары сақталған. Сенегал Африкадағы ең жақсы деп есептелетін жағажайлармен әйгілі.

Туристерге арналған Сенегалдың басқа да ерекшеліктеріне: табиғаттың тамаша құбылысы – ең тұздың көп жиналған жері (1 л-ге 350 гр жуық) Алқызыл көліне, әлемге атақты Құлдар Үйімен белгілі Горе аралына, саваннаға экскурсия жүргізіледі. Сенегалда балық аулау тамаша жүреді. Жағалау маңы суларында балық аулаудың спорттық түрінің символы болған, қылыш-балық бар. Балықшы туристер арасында француздар өте көп. Дегенмен Сенегалда солшылдар әрекеті жүретін аудандар бар, ол жерлер өте қауіпті саналады. Тропикалық аурулардың жүруі басқа африка елдеріне қарағанда Сенегалда өте төмен.

Сенегалдың табиғаты саванналық сирек ормандар. Елдің басты ұлттық белгісі – баобаб. Ұлттық бақтарда піл, керік, буйволдарды, бегемоттарды кездестіруге болады. Сенегалдың астанасы Дакардан бірнеше шақырым жерде Атлант мұхитының жағалауында ең жақсы курорттық аудандары Лез Альманди және Сали орналасқан. Мұнда екі және бес жұлдызды қонақүйлер жүйесі орналасқан. Дакарда тарихи ескерткіш ретінде құл базары қалпына келтірілген, ол африкалықтарды Америка плантацияларына алып кету кезеңдерін еске түсіреді. Сенегалдың солтүстігінде ескі қала және Батыс Еуропадағы ең бірінші еуропалық елді мекен Сен-Луи орналасқан.

Туристерді ерекше қызықтыратын жергілікті жердегі ұлттық мейрамдар мен фестивальдар: Рас-ас-Сана және Мәуліт ан-Наби дәстүрлі ислам мейрамдары, Гранд Магал Пилгримидж фестивалі және Дакарда аяқталатын жыл сайынғы Париж – Дакар раллиі. Астанасынан шығысқа қарай 3 шақырым жерде орналасқан Иль-де-Грои аралында керемет сәулет ғимараттары, Теңіз мұражайы, туристік базар шетел қонақтарды жергілікті ұлттық тауарлармен қамтамасыз етуге бағытталған. Қаланың ерекше мақтанышы – қалпына келтірілген тарихи құл базары, ол 1786 ж. тұрғызылған нысан. Ол Африканың көптеген жаңа ұлттарының қалыптасуына әсер етіп, қазір африка мәдениеті мен ауыз әдебиетінің ерекше мұражайы болып келеді.

Елдің екінші ірі қаласы – Тиес, астанадан шығысқа қарай 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Сенегалдықтар бұл қаланы «біздің Париж» деп атайды және осында орналасқан Сенегал қолөнер фабрикасымен мақтан етеді, оның маталары мен гобелендері қолөнердің шынайы және бағалы туындылары.

Батыс Африкадағы ең алғашқы еуропалық елді мекен және елдің ескі қаласы – Сен Луи (1638). Қазір қала көпірлер арқылы мұхит жағалауындағы аралдардармен байланыса созылып жатыр. Елге келген туристер міндетті түрде XVIII ғ. салынған форт секілді Губернатор сарайын, «модерн» үлгісіндегі кафедралы соборды (1828 ж.) және мұсылман мазарлары арасында тығылыса орналасқан балықшылардың аулары ілінген орындарға барады. Қызғыш қоқиқаз, ақ бірқазан, т.б. қорғауға алынған су құстары мекендейтін Ланго де Барбарис Ұлттық бағы түбектің оңтүстік бөлігінде, қаладан 20 шақырым оңтүстікте орналасқан.

Жергілікті туристік агенттіктер ондағы батпақты орындарда мыңдаған қоқиқаздар, жабайы буйволдар, арыстандар және жолбарыстар кездесетін саваннаға экскурсияларды ұйымдастырады.

Аса батпақты жерлері Салум және Казаманс өзендерінің бойында ұлттық бақтар қорғалатын аумақтардың орталығы болып келеді, себебі онда көптеген маусыммен орын ауыстыратын құстар мекендейді және жергілікті өсімдіктер мен жануарлардың түрлері кездеседі. Туристер ең көп баратын ұлттық бақтар: Дельта-де-Салум, Ниоколо-Коба, Джудж, ауылдар Джифере, Фундун, Ндангани, Палмарин, турлагерлер Табакута, Миссира, т.б. Атлантиданың шығыс бөлігіндегі жасыл мүйіс, Канар архипелагының зерттеушілер үшін Сенегал бастапқы нүктеге айналған.

Қызғылт көлі – Сенегалдың негізгі әсем орындарының бірі, бұл табиғи ғажайып көл суы жоғары концентрациялық тұздылығымен ерекшеленеді. Көлдің шамадан тыс тұздылығы ол жердегі тіршілікке мүмкіндік бермейді. Сенегалдың қызықты орындарына туристерге арналған экскурсиялар ұйымдастырылуда, олар: тұздылық концентрациясы өте жоғары, Қызғыш көл, саванна, әлемге белгілі құлдар сататын жер орналасқан Горе аралы, қоқиқаздар мекеніне айналған батпақты жайылымдар, т.б. Сенегалда балық аулау ісі дамыған. Жағалау суларда спорттық балық аулауды дамытуға мүмкіндік беретін семсер балықтар өмір сүреді. Спорттық балықшылықпен айналысатын туристердің көпшілігі – француздар. Сенегалда тропиктік безгек ауруларының таралу деңгейі басқа Африка елдеріне қарағанда біршама төмен. Дегенмен материкке саяхатқа барар алдында безгекке қарсы егілу ұсынылады.

Гамбия Батыс Африкадағы Сенегалмен көрші мемлекет. Сенегалға қарағанда табиғат байлығының жұтаңдығы мен ауыл шаруашылығын дамыту үшін шектеулі базасы Гамбияны әлемдегі кедей мемлекеттердің бірі етіп отыр. Бірақ елде халықаралық деңгейдегі курорттар бар: Бакау, Фаджара, Коту және Кололи. Мұнда Атлант мұхитының жағалауында бірінші класты қонақүйлер тізбегі мен судағы спорт түрінің орталықтары бар. Елдің астанасы – Банжул-Гамбия өзенінің сағасында орналасқан. Атлант жағалауларындағы жағажайларға аттандыратын ең жақсы нүкте осында. Банжулдың әйгілі ерекше орны, Африканың Атлант жағалауындағы базарлардың бірі болып саналатын Альберт Маркет базары болып табылады. Гамбия – Ұлыбританияның бұрынғы отары, сондықтан да ресми тілі – ағылшын.

Гамбия – Батыс Африкадағы Сенегалмен көршілес мемлекет. Сенегалға қарағанда табиғи ресурстың аздылығы және ауыл шаруашылықтың төмен дамуы Гамбияны дүние жүзінде ең кедей елдерінің қатарына жатқызады. Атлант мұхитының жағалауында су туризмінің орталықтары және бірінші класты отелдер орналасқан. Ел астанасы Банжул Гамбия өзенінің сағасында орналасқан.

Мали Республикасы Батыс Африкадағы ірі елдердің бірі, бірақ онда теңізге шығатын жол жоқ. Елдің солтүстігі басқа аймақтарға ішкерілеп жатқан Сахара шөлімен жабылған. Малидің аумағымен Африканың ірі өзендерінің бірі Нигер ағып жатыр, оның алқабы шөл аумағының көптігінен елдің аз ғана шұрайлы жерінен көрініс бере алады. Нигер өзені бойынша кемелермен саяхаттар ұйымдастырылады, бұл өткен ғасырдың 20-шы жылдары Еуропаның иеліктерінде салынған болатын. Елдің астанасы – Бомако. Астанадан бірнеше жүздеген шақырым жерде Бауле – ұлттық саябағы орналасқан. Ол Малидегі шөлмен апталған жердің ортасындағы азғана жасыл ошақтардың бірі. Бұл Африка елінің басқа да кереметтеріне Тимбукту империясының балшықтан жасалған мешіттерін жатқызуға болады. Бірнеше жүз жыл бұрын Тимбукту мен Джемма Африканың осы бөлігіндегі ірі қалалар болды. Сауда бағыттарының қиылысқан жерлерінде орналасқан географиялық жағдайы олардың гүлденуіне әкелді. Саудагерлер алтынды, піл сүйегі мен тұзды тасымалдаудан үлкен түсім түсірді. Бірақ уақыт өте келе сауда құлдырап, Тимбукту қаласы қаңырап, шөлге айналған топырақ астында қалды.

Мали Республикасы – Батыс Африканың ең ірі елдерінің бірі, мемлекеттің теңізге шығу жолы жоқ. Елдің солтүстігін Сахара шөлі алып жатыр. Малидің аумағымен Африканың ірі өзендерінің бірі – Нигер ағып жатыр, оның аңғарында құрғақшылық кездерде пайда болатын көптеген оазистер кездеседі. Нигер өзенімен кемелерде өзен криуздері ұйымдастырылуда, олар өткен ғасырдың 20-жж. Еуропада салынған. Елдің астанасы – Бомакода халықтың тығыздығымен және оған байланысты қоршаған орта мәселелері кездеседі. Астанадан бірнеше шақырымда Бауле ұлттық бағы орналасқан.

Мали халқының дәстүрлі өнері – ағаш мүсіндер, бетперделер, піл сүйегінен жасалған заттар, алтын, тоқу және мата өнеркәсібі.

Буркина-Фасо – бұрын Жоғарғы Вольта атауымен белгілі болған. Сонымен қатар бұл ел әлемнің нашар дамыған елінің қатарына жатады. Буркина-Фасо тұрғындарының көпұлтты құрамымен ерекшеленеді. Бұл жерде 100-ден аса этникалық топтар тұрады, олардың саны көбі моси халқы, барлық тұрғындардың 50% құрайды. Ұлттардың араласуы қайталанбас ұлтаралық сипат береді, бұл түрлі-түсті киімдердің көптігімен, ұлттық астың көптүрлілігімен, көптүрлі қолөнермен көрінеді. Буркина-Фасо азғана кереметтерінің ішінде қызығушылық тудыратыны Бобо-Диулассо қаласындағы Моси корольдігі кезіндегі мазарлар. Астанасы –Уагадугу.

Буркина-Фасо де дүние жүзінде төмен дамыған елдерге жатады. Буркина-Фасо халқы көп ұлттық құрамымен ерекшеленеді. Бұнда 100-ден астам этникалық топ өмір сүреді, оның саны бойынша көбі – моси халқы, олар халықтың 50%-дан астамын құрайды. Этностардың араласуы қайталанбайтын ұлтаралық әдемі киімдер үлгілерімен, ұлттық асханалардың көптеген тағамдарымен, қолөнердің көптеген түрлерінің пайда болуына әсерін тигізген. Буркина-Фасода кездесетін туристерді қызықтыратын сирек кездесетін нысандардың бірі, Бобо-Диулассо қаласындағы Моси корольдігі кезіндегі қорымдар. Елдің астанасы – Уагадугу.

Нигерия – Африкадағы халқының саны жағынан ірі ел – 130 млн-нан астам адам, көп ұлтты ел. Мұнда 250-ден астам этникалық топтардың тұруы елдегі әскери қақтығыстар мен қиындықтардың себептеріне айналды. бұл жайсыздықтар мен әскери қайшылықтардың бірден-бір себебі. Нигерияның экономикасының негізін мұнай өндіру құрайды. Бұл ел әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына кіреді. Саяси тұрақсыздықтың кесірінен Нигерияның экономикасының дамуы кешеуілдеп жатыр. Бұл халықаралық туризмге де байланысты. Табиғи алғышарттардың жайлылығына қарамастан халықаралық туризм кеңінен кеңінен таралмай отыр.

Нигерияның ерекше табиғи ескерткіштеріне Джос үстіртін жатқызады, джунглидің жасыл желегінің арасынан тік те жалпақ шыңдарымен өсіп шыққандай әсер қалдырады. Елдің астанасы – Лагос Африкадағы ірі теңіз порттарының бірі. Басқа да портты қалалардағыдай Лагостың да көп санды базарларына жалғыз Нигерияның өзінен емес, көрші елдерден адамдар ағылып келіп жатады.

Нигерияның экономикасының негізін мұнай өндіру құрайды. Ел ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына кіреді. Нигерияның экономикасының және елдегі халықаралық туризмнің дамуына саяси тұрақсыздықтар да кедергі келтіруде. Қажетті табиғи жағдайлары қолайлы болғанымен елде халықаралық туризм дамымаған.

 

Date: 2015-06-07; view: 1929; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию