Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бразилия





 

Бразилия Федеративтік Республикасы. Бразилия астанасы – Бразилиа, ауданы – 8 512 000 шаршы шақырым. Бразилияның басты қалалары – Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Салвадор, Белу-Оризонти, Форталеза, Ресифи, Белен, Куритиба, Нова-Игуасу, Гояния, Порту-Алегри, Манаус. Мемлекеттік құрылымы мемлекеттік федеративтік республика. Ақша бірлігі реал. Халқы 169,8 млн адам. Мемлекеттік тілі португал, жергілікті үндіс тілі. Діні 89% католиктер (Римдік - католиктік шіркеу). ЖІӨ жан басына 6300 $. Бразилия 23 штатқа, бір астаналық округқа және 3 федералдық аумаққа бөлінеді.

Бразилия материктің жартысын алып жатыр, оның шығыс бөлігінде орналасқан және ол 7400 шақырым кең жағалауды иемденген, оның ішінде 4 мың шақырымы туризмді дамыту үшін жарамды. Елдің табиғаты ерекше бай және алуан түрлі. Өзінің ерекшеліктерімен екі табиғи облыс ерекшеленеді. Бразилияның аумағының 1/3-і солтүстігінде Амазония, олар сулы мәңгі-жасыл экваторлы ормандар (сельва). Елдің көп бөлігін бразилиялық жазық тау ландшафтары алып жатыр, олардың биіктігі 3000 м-ге дейін жетеді.

Бразилия атауы португал тілінің brasa – «ыстық, қыздырылған көмірлер» атауынан шыққан (Бразилиядан Еуропаға аз уақыт аралығында экспортталған тауарды португалдықтар қызыл сандал деп атаған). "Бразилия" атауы есімізге: кофе, самба, футбол, Риодағы карнавал, "жабайы маймылдар" түседі. Яғни, футбол мен кофе, түрлі-түсті карнавалдар Бразилияда маңызды символ болып табылады. Олардың тарихы Африканың әдет-ғұрыптарында жатыр, мұнда олар млн-ған қара құлдармен бірге кірген. Карнавал орталығы мыңдаған саяхатшылардың назарын аудартатын, Рио-де-Жанейро және Салвадор болды.

Бұл ел көлемі мен халық саны бойынша бесінші орынды алады. Экономикалық қиыншылықтарына қарамастан үлкен мүмкіншілікке ие. Бай табиғи ресурс, қолайлы климат, құнарлы топырақ, арзан еңбек күші мен қолайлы географиялық орнының болуы Бразилияны әлем экономикасындағы әлемдік көшбасшыға айналуына мүмкіншілік жасайды. Өкінішке орай Бразилия жылдан-жылға ішкі қарыздармен, инфляциямен күресуде экономикалық қиыншылықтар туындауда.

Бразилияның географиялық орны. Бразилия – Латын Америкасындағы ең үлкен мемлекет. Бразилия солтүстікте Гайанамен, Венесуэла, Суринам және Француз Гвианасымен шекараласады, солтүстік батысында – Колумбиямен, батысында – Перу және Боливиямен, оңтүстік батысында – Парагвай және Аргентинамен, ал оңтүстігінде – Уругваймен шекараласады. Бразилияның шығысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Елдің барлық оңтүстік бөлігін теңіз деңгейінен 500-1000 м көтерілетін Бразилия таулы қыраты алып жатыр. Ішкі бөлікке қарай жағалау бойымен 2000 м-ге жететін ірі тау жүйелері созылады. Бразилия таулы қыратынан солтүстікке қарай жер шарындағы ең үлкен Амазония жазығы жатыр. Бразилияның солтүстігін Гвиан таулы қыраты алады. Оны солтүстіктен Сьерра-Парима тау жоталары қоршап тұрады. Венесуэламен шекараласатын жерінде Бразилияның ең биік нүктесі Пику-да-Неблина (3014 м) тауы орналасқан. Бразилияның жағалық сызығы Амазония сағасы мен Патус және Мирин қайраңдарынан басқа жерлері аз тілімденген, барлық жерлерден әсіресе Сан-Паулу мен Рио-де-Жанейро аралығы әсем жағажайларды көруге болады.

Бразилияның климаты. Бразилия аумағының көп бөлігі экваторлық және тропиктік белдеу аралығында жатыр. Амазония ылғалды экваторлық климатта орналасқан, үздіксіз жоғары температура (25-28ºС) мен жылдық жауын шашын (2900-4000 мм жылына) тән. Жыл мезгілдері бөлінбейді. Бразилияның орталық бөлігі мен Гвиана таулы қыраты ылғал субтропиктік климатта орналасқан, жаңбырлы (жаз) және құрғақ (қыс) мезгілдермен ауысып отырады. Бұл жерлердің жылдық орташа температурасы 25ºС құрайды, ал Амазонкадан келген муссондардан жауын-шашын құйын түрінде жауады. Бразилияның оңтүстік батысы тропиктік белдеуде орналасқан, мұндағы жылдық орташа температура 16ºС шамасында, жылдық жауын-шашын біркелкі (1500 мм-ге дейін) таралған.

Бразилияның өзендері мен көлдері. Бразилия аумағының жартысынан көбін (елдің солтүстігі мен орталығын) Амазония алабы алып жатыр. Амазонка – жер шарында ұзындығы бойынша екінші орынды алады. Өзен Уакали саласымен қосқанда өзен ұзындығы 6400 шақырымға созылады. Бұл өзен жылына Атлант мұхитына 7 мың текше шақырым су құяды (орташа шығын 220 мың м3/сек, максималды 350 мың м3/сек). Амазонканың 4300 шақырымға созылған басты саласымен кеме қатынайды, мұхит кемелері Рио-Негру құламасында орналасқан Манауасқа дейін (мұхиттан 1500 шақырымдай қашық) ағыс бойымен жоғарыға қарай көтеріледі. Бразилия таулы қыратының шығыс бойымен ағатын Сан-Франсиску, Паранаиба және Параиба өзендері онша сулы емес, құрғақшылық кезеңінде суы азайып кеме қатынай алмайды.

Бразилия халқы. Оңтүстік Америка елдерінің ішінде Бразилия португал тілімен ғана емес, мұндағы адам санының басым бөлігін (1/3) қара түсті адамдар және мулаттар алып жатыр. Мұның себебі 1888 жылға дейін сақталған құлиеленушілікке байланысты. Көпшілік халықтың кедей тұрмысына қарамастан, бразилиялықтар көңіл көтеруді жақсы көреді. Риодағы карнавалды көру үшін жылына млн-ған туристер келеді. Оңтүстік Американың қалалары секілді Бразилия агломерациялары "фавелдермен" созылған.

Бразилия экономикасы. 1994 жылдан бастап Бразилия экономикасына ең алдымен автомобиль саласына шетел капиталының түсуімен бір сарынды сипат алуда. Елде "Фольксваген", "Форд", "Фиат" және "Дженерал моторс" компанияларының филиалдары жұмыс жасайды. Бразилияда жанармайдың жаңа түрі (қант қызылшасынан қалған спирт пен бензин қосындысы) өндірілуде және жергілікті автопарктың 1/3 осы жанармаймен жүруде. Парана және Сан-Паулу штаттарында кофе плантациялары өсірілуде. Бразилия – кофе өндіруден әлемдік лидер ғана емес, ол қант қызылшасының, агава, соя, бұршақ түрлері, банан, маниока, жүгері, какао-боба жане темекі тасымалдаушы басты ел болып табылады. Бразилия экономикасында мал шаруашылығының маңызға зор. Етті экспорттаудан ел 9% жоғары табыс табады. Елдің 22,5% ауыл шарушылығымен айналысады және елге 10% табыс әкеледі. Бразилияда пайдалы қазба қоры жоғары. Әлемдік темір рудасының 18% осында өндіріледі, және оны экспорттаудан 10% табыс табады. Сонымен қатар Бразилия марганец, қорғасын жане боксит рудаларын өндіреді. Экономикасында дамыған сала қызмет көрсету (туризммен қоса) саласы. Халықтың 47% осы салада жұмыс жасауда және елге 58% табыс әкеледі.

Бразилияның туризм орталықтары. Бразилияда туризмнің барлық түрін дамытуға болады, бірақ аса маңызға Амазония, Игуасу сарқырамасы және таулы аудандар, Риода болатын шулы да қызықты карнавалдар ие. Рио-де-Жанейро Бразилияның астанасы болмағанымен 4 ғасыр бойы Оңтүстік Американың туризм орталығы және сұлулық астанасы болып саналуда. Жыл сайын ақпанның аяғы мен наурыздың басында Рио мен Сальвадорда жер шарындағы ең керемет Рио-де-Жанейро карнавалы өткізіледі.

Рио-де-Жанейро ("қаңтар өзені") – Бразилияның бұрынғы астанасы және халық көп баратын қала. Шулы, тіршілік мәңгі қайнап жататын қала, Рио қазіргі сәулетімен, өте ыңғайлы қонақүйлер мен жағажайлары бар, жергілікті халқының жарқындығымен, көшедегі экзотикалық гүлдердің молдығымен ерекшеленеді. Қаланың визиттік картасы – Корковадо тауындағы Тижуки ұлттық бағы (3 мың шақырым аумақты алып жатыр), Құтқарушы Христос ескерткіші (енінің ұзындығы 30 м) орналасқан. Гуанабара теңіз шығанағына кірерде қаланың тағы бір кереметі – Пау-ди-Асукар ("қант басы" 395 м) орналасқан. Көне қала ескі мұнараларға толы - Таможня, док, Арсенал, Биржа, Ларгу-ди-Блтикариу алаңы, Ұлттық көркемөнер академиясы, қалалық Ратуша, Санта-Тереза кварталдары, Арсес-ди-Лапа (1732 ж.) акведугы, Кинта-Боа-Вистадағы Жуан VI (XVIII ғ.) ханның хандық-мұражайы, "XV Ноябрь" алаңындағы императорлық сарай, Тирадентис сарайы, т.б.

Риодағы мұражайлар – қазіргі өнер мұражайы, Кармен Миранда мұражайы, Фламенгу бағындағы екінші дүние жүзілік соғыс және халықтық өнер мұражайы, бұрынғы маркиза резеденциясы Сан-Винсенти және қала тарихы мұражайы, үндістер мұражайы, Кинта-Боа-Виста сарайындағы Ұлттық мұражай, Тастар мұражайы, Ұлттық кітапхана, Ботаникалық бақтағы кітапхана және Ботаникалық Мұражай, Банку-ду-Бразил мәдени орталығы және т.б. "Жаңа қаладағы" тыйын (монета) алаңы, ескі түрме, басты вокзал және Мүгедектер Үйі.

Қаланың шіркеулері мен моностырлары – Сан-Бенту (1617-1693 ж.), Сан-Антониу (XVIII ғ.), Капуцин Оден монастыры, Богородицы Лампедоса (1929 ж.) шіркеуі, Құдайға құлшылық (1714 ж.) шіркеуі, Әулие Лусия (1732 ж.) шіркеуі, Құдайға құштарлық шіркеуі, Санта-Круш-ду-Милитареш (XVIII-XIX ғғ.) шіркеуі және т.б.

Қаланың атақты жағажайлары – Копакабана, Ипанема және Лебнон, Ботафогу, Леме, Арпоадор, Видигал, Пепино-Сан-Конраду, Барра-ди-Тижука, Рекреу-дус-Бандейрантес, Грумари және т.б.

Ботаникалық бақта (1808 ж.) атақты пальма алаңы өзіне әлемнің 7000 өсімдік түрін жинаған, әлемдегі ірі спорт сарайының бірі "Маракана", әйгілі көпір Рио, биік жоталардан қаланы бақылауға және әдемі шығанақ Гуанабараны көруге болады. Педру І императорының резеденциясын, Петропилистағы император мұражайын, Бузиустағы курорттық орталықты, Ангра-душ-Рейеш айналасындағы 200 ге жуық аралдар, ескерткіш-қала Парати, Диамантина қаласын көруге болады.

Мемлекет астанасы және федералды округ – Бразилиа, континенттегі ерекше қаланың бірі. Теңіз деңгейінен 1172 м биіктіктегі қала 4 жылда құрылады. Қаланың архитекторлары – Лусио Коста және Оскар Нимейер. Құс тәріздес қала денесінде әкімшілік және халықтық мұнаралар ауданы, қанаттарында тұрғылықты аудан, ал тұмсығында Үш билік алаңы, айналасына президент резеденциясы Аврора сарайы, Ұлттық ассамблея және Сенат мұнарасы, Жоғарғы сот және Конгресс сарайлары орналасқан. Алаңнан екі қатар министрлік мұнаралар, одан кейін пирамида тәрізді Кафедральді Собор және Ұлттық театр орналасқан. Тұрғылықты ауданның архитектурасы да ерекше көзге көрінетін ірі терезелер, мұнаралардың ерекше құрылысы, жасыл алаңдар мен кең алқаптар. Жылдың ыстық кезінде қала платформасы ерекше мөлдір күйге түседі.

Астананың көрікті орындары – Ботаникалық бақ, зообақ, Метрополитен соборы, Орталық банк мұнарасы, Кубичек мемориалы, Дон-Боску көгілдір шіркеуі, қалалық бақ, Оңтүстік Америкадағы ірі сауда орталығы – "Конжунто-Насиональ", аспалы бақты Ароч сарайы, "Метеор" ескерткіші және т.б.

Минас-Жераис штатының астанасы – Белу-Оризонти, жаңа беттен ашылып құрылған ең бірінші қала. Көлемі бойынша Бразилиядағы төртінші қала, елдің сауда және өнеркәсіптік маңызы бар қала. Тарихи мұражай Абилио Барето, Бостандық сарайы, ойынханалар, бразилиялық діни орталық Конгоньяс-ду-Кампу, Құдай Ана шіркеуі және Сабарадағы алтындар мұражайы, мұражай-қала Сан-Жуан-дел-Рей, ауыл-мұражай Тирадентис және т.б.

Ору-Прету (Қара алтын) – алтын іздеушілер астанасы, ЮНЕСКО-ның тізіміне енген,. Мұнда әулие Франциско (1766-1794 ж.), Құдай Ана бастауы (1727 ж.), Алейжадинью мұражайы, Пилар құдайана (1711), Кармо (1766 ж.), Санта-Ифигениа-душ-Претос (1733 ж.), Мерсеш-де-Сима, Ратуша (XIX ғ.), Муниципалды театр, Итаколоми, Кашоэйра-ду-Фалкау, Трипуй және Эстрада-Реал бақтары, Минерология, Қарсыласу мұражайлары орналасқан.

Сан-Паулу – Латын Америкасындағы ең ірі өнеркәсіп орталығы. Бұл қаланы "Латын Американың Чикагосы" деп атайды. 13 млн-дай тұрғыны бар, мұнда ұлт және нәсіл, мәдениет және дәстүр барынша көп араласқан қала болып саналады.

Қазіргі өнер Мұражайы, Пакаембу спорт сарайы, Көркемөнер мұражайы, Мемлекеттік сурет галереясы, Импиранья Мұражайы, Тәуелсіздік бағындағы бразил тарихы мұражайы, Жак Ардьеса Галереясы, Носа-Дама-Бразил шіркеуі, Ибитапуэра бағы, Шай мостик және жапон кварталы, Бутанта медициналық орталығы, Аламеда-Сантус және Морумби жасыл ауданы және т.б. қалаға жақын жерде Убатуба және Илья-Бела курорттық аудандар орналасқан.

Салвадор 1763 жылға дейін Бразилия астанасы болған, шіркеу санының көптігімен және сәулет ескерткіштерінің әдемілігімен, таң қаларлық фестивальдармен, бай тарихымен ерекшеленеді. Қаланың көрікті жерлеріне тарихи квартал Пелуринью, ескі порт Барра (Вила-Велья), Афро-Бразильдік мұражай, Карлос Коста-Пинту мұражайы, кармелиток ордені мұражайы, Медициналық мемориал, Абеларду Родригеса мұражайы, Археология және этнология мұражайы, нумизматики мұражайы, Террейру-ди-Жезус Кафедралдық собор (1657 ж.), Әулие Петр (XVIII ғ.) соборы, Розариу (XVIII ғ.) шіркеуі, доминикан орденді (XVIII ғ.) шіркеу, Ду-Карму (1700 ғ.) шіркеуі, Сеньор-ду-Бонфин (XVIII ғ.) шіркеуі, кармелиток орден (XVI ғ.) шіркеуі, Әулие Франциско (1703 ғ.) шіркеуі, Сантиссимо-Сакраменто (XVIII ғ.) шіркеуі, архиепископ сарайы (1715 ж.) Бразилияның алғашқы архиепископы дон Педро Фернандес Сардинье ескерткіші, Санта-Каса-де-Мизерикордиа (XVII ғ.) шіркеуі, Әулие Тереза (1697 ж.) шіркеуі, Носса-Сеньора-Граса (XVI ғ., Бразилияның ең көне шіркеуі) шіркеуі, Жорж Амаду үйі, Гете көркемөнер институты, форт Сан-Педру, Қалалық гүлзар және мэрии мұнарасы, Риу-Бранку сарайы (1919 ж.), Әділет алаңы, Да-Се алаңы (1933 ж.), Модело-Маркет, және т.б.

Салвадордан 835 шақырым солтүстікке қарай Пернамбуку штатының астанасы Ресифи жатыр. Бұл қаланы Венециямен теңестіреді. Ресифиден 7 шақырым қашықтықта Олинда қаласы – ЮНЕСКО қорғауына алынған Ескі кварталдарымен ерекшеленеді. Ресифиден 300 шақырым қашықтықтағы Натал 100 шақырымға созылған жағажайымен, Потенги өзенінің сағасындағы Волх қамалымен және Женипабу курортымен әйгілі. Наталдан 85 шақырым қашықтықта балықтық Пипа және Понта-Негра ауылдары орналасқан. Форталез (Сеара штатының астанасы) қаласының айналасында жағажай тізбектері созылады: Ирасема, Диарус, Мейрелес, Макурипе, Футуре, Морру-Бранку-Прайя-дас-Фонтес, Кокейрос, Кумбуку, Таиба, Флейшерас және т.б.

Белен – Амазонияға кірер қақпа, Гуама өзенінен бастап адам өте алмайтын ну ормандар басталады. ХVI ғ. негізі қаланған бұл қалада әлі күнге дейін ескі үйлер сақталған. Бас штаб ғимараты, Се соборы (1748 ж.), Вер-У-Пезу базары (әлемдегі ең үлкен), базилика Ди-Назаре (1908 ж.), Каштелу қамалы (XVI ғ.), қалалық собор (1748 ж.), Игрейя-де-Мерсес шіркеуі (1640 ж.), Эмилиу Гоэлди бағындағы мұражайлар орналасқан. Қала айналасында келесі жағажайлар – Отейру, Урубира, Арибамба, Сан-Франсишку, Баия-ди-Сол, сонымен қатар теңіздік және өзендік аралдар орналасқан, ең әйгілісі Маражу, Отейру және Москейру. Сан-Луис Беленнен 800 шақырым қашықтықта орналасқан Арыстанды сарайымен және Алкантара қаласымен әйгілі.

Амазония штатының астанасы – Манаус, ұлы өзеннің жағалауында орналасқан қала, халқының 80% үндістерден тұрады. Мануста Үндістер мұражайы, қалалық театр (1896 ж.), Паласиу-Негру сарайы, Сан-Себастьян шіркеуі, адам Мұражайы, нумизматика мұражайы, Театро-Аманзос опералық театры, т.б. керемет туындылар орналасқан. Манаустан 12 шақырымда табиғаттың ғажайыбы Солимоэс және Риу-Негру өзендері қосылады, алайда бұл өзендер араласпай жүздеген шақырымда түрлі түсті болып ағады. Адамдардың Манаусқа келуінің басты себебі Амазонияны тамашалау.

Амазония – Бразилия аумағының көп бөлігін алып жатқан сиқырлы орын. Амазонкада ғалымдармен зерттелген флораның 30%-ы өседі, формокологиялық қасиеті бар өсімдіктердің 25%-ы амазонка ормандарынан алынады, құстардың 1800 түрі мекендейді, балықтардың 1500 түрі тіркелген. Бұл жерде өркениетпен байланыс жасамайтын екі жүзге жуық үндістер тайпасы тіршілік етеді. Амазония – табиғаттың тамаша құбылысы, онда осы уақытқа дейін кең қозғалмаған ландшафт бөліктері сақталған. Амазонка ең сулы өзен 7,2 млн. шақырымдай алабы бар, көптеген бастауы (ені 200 шақырымға дейін жетеді) бар өзен. Өзеннің төменгі ағысының ені 80 шақырымға дейін, ал тереңдігі – 135 м-ге дейін жетеді. Солтүстік аудан Амазонияның экзотикалық табиғаты назар аудартады, бірақ ну ормандар, онда жолдар мүлдем жоқтың қасы, тұрғындардың сиректігі туристер ағынын тоқтатады, экологиялық турларды және қауіпті жолдарды ұнататындардың аймағы болып санала береді. Негізгі фактор жабайы аңдардың, улы жыландардың және жәндіктердің көп болуы, тропикалық аурулардың таралуы. Амазонка ормандарын кейде «жасыл тозақ» деп те айтады.

Бразилияның жазық таулы ландшафтары орталық бөліктерінде саванна (кампос), каатинг құрғақ ормандар («ақ орман») солтүстік шығыста орналасқан, онда кактустар ерекшеленеді. Елдің оңтүстік бөліктегі ландшафтар да өзгеше, онда Парана өзені жатыр.

Бразилияның тағы бір облысы өзінше ерекше Пантанал («батпақты жер»), материктің ең ортасында орналасқан, жылдың сулы кезеңінде толық суға кетеді. Бұл жерде құстар үшін нағыз жұмақ – ләйлек, құтан, ибистер, бакландар, үйректер ұшып келеді.

Бразилияның мәдени жағы оның тамаша табиғатына қарағанда экзотикалы. Бағаналы сәулет ескерткіштері елдің солтүстік шығысында сақталған (Ресифи, Сальвадор). Бразилияның мәдениеті өзінше үнді, африкалық және португалиялық элементтердің бірігуін көрсетеді. Сельва амазониясында бүгінгі күнге дейін үнді тайпалары кездеседі.

Пантанал қорығы Бразилияның батыс бөлігінде Боливия және Парагваймен шекараласатын жерде орналасқан. Жер шарындағы ең үлкен қорықтардың бірі (ауданы 150 мың шаршы шақырым), флора және фауна байлылығымен және айрықшалығымен ерекшеленеді. Бұл шексіз саванна солтүстігінде Амазония джунглиімен, оңтүстігінде атлант ормандарымен шекараласатын Жер шарындағы бай экожүйелердің бірі.

Игуасу сарқырамалары (гуарани тілінен аударғанда "Үлкен су") – Парана және Игуасу өзендерінің түйісуінде, Бразилия, Аргентина және Парагвай мемлекеттерінің шекарасында орналасқан. 72 м-лік биіктіктен құлайтын сарқыраманың шуы бірнеше шақырымдарға дейін естіледі. Ауданы 17 мың га болатын Игуасу ұлттық бағы туризм орталығы болып табылады. Сонымен қатар Парана өзеніндегі Гуайра немесе Сети-Кедас сарқырамасы да көпшілікке таныс.

Бразилияда демалу. Педра Борита және Пепино жағажайы дельтапланеризммен айналысушыларға өте қолайлы жер. Серфинг барлық жағажайларда кең тараған, мұхит толқындары күшті және жылдам, кез-келген серфингисті өзіне тартады. Бразилиядағы Бужиос виндсерфинг үшін таптырмайтын орын және желкенді спортқа өте қолайлы. Елге тереңдей орналасқан Рио-Арагуйа қаласы балық аулау мекені ретінде атақты. Тауға өрмелеу және трекингті ұнатушылар Рио маңындағы таулы жер бедерлі бақтарға саяхаттауға болады. Futebol (футбол) – ұлттық «ауру», егер сіз футбол ойнасаңыз немесе ол жайлы бірнәрсе білсеңіз сіз жергілікті тұрғындардың сүйіктісіне айналасыз. Тыныштық пен комфортты ұнатушылар үшін ең қолайлы орын – Леблон. Бразилиялаға саяхаттап келген турист ең арзан отельде тұрмайды, мысалы үшжұлдызды отельдердегі номер тәулігіне 40$ тұрады. Қызметкерлер өте жақсы әрі жылдам қызмет етеді.

Бразилия өмірінің негізгі мерекелер, Жаңа Жылдан басталып, бүкіл әлемге әйгілі Карнавалға ауысады. Бразилияға саяхат барысында Бразилия қалаларының тек Оңтүстік Америкада ғана емес, бүкіл әлем бойынша ірі және күні бойы уақытты қызықты өткізу үшін қызметтер кең тараған. Бразилия жағажайлары әлемдегі ең атақтысы. Аградағы әдемі отельдері бар отбасылық курорт және әлемге әйгілі Рио жағажайлары: Копакабана, Ипанема, Леблон. Саяхат кезінде мәңгі жасыл Амазония қорығын, фауна мен флораға бай Пантанал жерін, аса керемет табиғат байлығы Игуасу сарқырамасын тамашалауға мүмкіндік бар. Бразилиялықтар «күн ұрпағы» болса, ал атақты Рио әртүрлі бояуларға, билерге, костюмдерге, әуендерге толы карнавалдың астанасы. Еуропа жерінен асып келген карнавал бразилиялықтардың өмірлерінің бір бөлігіне айналды. Бразилия өзге көршілес елдерге қарағанда ерекше, табиғаты керемет, Латын Америкасындағы португалша сөйлейтін жалғыз ел.

Бразилиядағы экологиялық туризм. Экологиялық туризм елдегі экологиялық және мәдени байлықтарды ішкі және сыртқы нарыққа алып шығатын туризмнің кең таралған түрі ретінде қарастырылуда. Экологиялық туризм ешбір жүйесіз, ұйымдастырусыз дамығанымен, Министрліктің және Амазония мәселелері туралы Бразилия институтының мамандары экотурды жүйелендірді. Олар жасаған құжат «Экологиялық туризм мәселесі бойынша ұлттық саясаттың негізгі бағыттары» деп аталды. Онда мынадай мәселелер қаралды: қоршаған ортаны қорғау талаптарына экологиялық туризмді сәйкестендіру, халықаралық байланысты дамыту, оны құраушы салаларды жұмылдыру, адами ресурстарды дамыту және ынталандыру, инфрақұрылымды дамыту, ынталандыру және қолдау, сонымен қатар экотуризмді экологиялық тәрбие құралы ретінде пайдалану.

1996 ж. Амазониядағы экологиялық туризм бойынша техникалық топ құрды, оған федералды үкімет, штат үкіметі, жеке салалар, әртүрлі қоғамдық сыныптар және үкіметтік емес ұйымдар кірді. Бұл топ Амазонияда экотуризмді дамытудың бағдарламасын жасалды, мемлекеттік комиссиядан қолдау тапты және Әлемдік банкпен қаралып жатыр.

1995 жылдан экологиялық туризмді оқытудың кәсіби бағдарламасын жасады, онда:

· жалпы Амазония бойынша 9 штатта жоспарлауды дамыту, басты бағыттарды анықтау, өнімді және маркетингтік стратегияны анықтау мақсатында экотуризм бойынша басқару құру;

· мандардың тәжірибесін арттыру және толықтыру, бүкіл елге жаңа әдістерді тарату;

· үндістер ісі бойынша Ұлттық қорда 40 маманнан тұратын “workshop” құру, олар үндістер мекендейтін аумақта экотуризмнің сынақ базасының негізін құру мүмкіндігін зерттеу мәселесімен айналысады.

· терімшілікпен айналысатын жергілікті тұрғындарды тартумен бірнеше “workshop” құру, экологиялық туризм саласына табыс көзі ретінде жұмысқа тарту.

Амазонияға туристік экскурсиялар.

«Өзендер жұптасуы» Өзендер жұптасуы деп, Рио Негро өзені Амазонкамен қосылуын айтады. Амазонка суы сарғыш-бұлынғыр, ал Рио Негро суы қара, себебі табиғи минералмен қаныққан. Су температуралары әртүрлі, сондықтан екі өзен екі километр бойы қосылмай ағады, бұл таң-ғажайып табиғат көрінісі.

Арнайы балық аулау туры. Экскурсияға ең қолайлы уақыт – қазаннан наурызға дейін. Кәсіби мамандар жылдам қайықтарды және аулау құралдарымен, Амазонка немесе Рио Негро өзенінен қолайлы жер таңдап береді. Бұл жерде атақты қызыл пиранияны аулауға болады.

«Джунглиде өмір сүру» миниэкскурсиясы. Lago Salvador, Morro do Guariba джунглилерінде өткізіледі. Экскурсия екі сағат бойы жалғасады, кішкентай қауіпті жануарлардан және улы өсімдіктерден қорғану тәсілдері бойынша инструктаж өткізіледі. Қолда материалдармен «үйшік» жасау және қалың джунглиде аман қалу әдістері көрсетіледі.

Түнгі өмір. Барлық қалалар түнді қызықты өткізуге арналған демалыс орындарын ұсынады: кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, барлар, мейрамханалар, т.б. Club 2A – Rua Saldanha Marinho 780 клубында әртүрлі стильде әуендер ойнайды: би, техно, трибал.

Teatro Amazonas. «Каучук» дәуірінің ғажайып символы болатын опера театры. Құрылысы 1884 ж. басталған. 681 орын көрермендер үшін, 266 орын оркестрға. Қазір театрда әртүрлі опералық фестивальдер өтеді.

Рио Негро сарайы. Вальдемар Штольц деген немістің каучук бароны 1903 жылы неоклассикалық стильде салдырған. Басында тұрғын үй ретінде қолданылған, каучук индустриясы құлаған соң оны үкімет сатып алып 1995 жылға дейін губернатор резиденциясы ретінде қолданылды. Кейін сарай қайта жобаланып мәдени орталыққа айналды. Қазір бұл жерде сурет, тыйын, әуен және графика коллекциясы қойылған.

Ндістер мұражайы. Бұл мұражай үндіс халықтарының мәдениеті, өмір салты, киімдері, аң және балық аулау құралдары, би, дін көрмелері, тұтынатын заттарына арналған.

«Ғылым орманы» (Bosque de Ciencia). Кішігірім, өте әдемі курорты бар ормандар аралы. Мұнда өте көп жасылдықтар, өзендер, әртүрлі жануарлар: кайман, тасбақа, тотықұс және жабайы маймылдарды кездестіруге болады.

Құстары бағы. Бұл адам қолымен жасалған ну ормандағы экологиялық қорық. Оңтүстік Америкадағы ең үлкен бақ: ауданы 17 гектар 600 түрлі құс ұшады, 160 түрі әлемнің әр бөлігінен әкелінген.

«Құбыжық өңеші» Бұл Игуасу сарқырамасындағы ең алып бөлігі. Биіктігі 80 м-ден құлап ағатын бұл ағым бірнеше шақырымға дейін гүрілі естіледі. Екі м-ге дейіе жақындауға мүмкіндік бар және жаңадан салынған канатты жолмен 2200 м ұзындықта сарқыраманың ғажайып бөліктерін тамашалауға болады.

Бразилиядағы туристік инфрақұрылым. Керемет көріністері мен ғажайыптары үшін көптеген адамдарды Бразилияны «Оңтүстік Американың Калифорниясы» деп атайды. Бразилия экономикалық белсенді ел. Экономика мен инфрақұрылым өте жақсы дамыған.

Қызмет көрсету саласында жалпы тұрғындардың 42% қызмет етеді. Экономиканың басқа салаларына қарағанда соңғы жиырма жылда өте тез қарқынмен дамыды. Осы қызмет көрсету саласының жақсы дамуы туристерді өздерін ыңғайлы сезінуіне көп әсерін тигізеді. Қызмет көрсету саласы: ойын-сауық индустриясын, демалыс индустриясын, орналастыру, қоғамдық тамақтану орындарын қамтиды.

Ойын-сауық индустриясы Бразилияда аттракцион, дүкен, түнгі клубтар, дискотека, Рио-де-Жанейродағы карнавал және жағажайлармен танылады. Туристерге тартымдысы түнгі клубтар, дискотека және де жағажайлар. Бразилияда түнгі өмір әртүрлі ойын сауықтарға, латиноамерикандық билер мен көріністерге толы. Түнгі ойын сауықтарға толы қалалардың бірі Рио-де-Жанейро. Бұл қала «жер ләззаты қорығы» атанған, онда кариоктар деп аталатын 5 млн халық өмір сүреді.

Гуанабара шығанағының жағалауында көптеген ойын-сауық түрлерін қалауға және қаражатқа сай ұсынады. Туристерге таңдау көп. Ең кең тарағаны – Mirage. Ол теңіз жағалауындағы Копакабана жағажайында орналасқан. Lapa аумағында үш атақты клуб Рио – Novo Mexico, Campablacho және Carossel орналасқан. Бұл жерде нағыз бразилиялық карнавал, өзінің көлемімен, шеруімен, айрықша самбосымен ерекшеленеді. Мулаттардың ұлттық шоулары, керемет билер, Бразилияның әртүрлі халықтарының рәсімдерін сахналау. Ең сәнді жері Изабель ханшайымының авенидіндегі Barella түнгі бар-клубы. Ең атақты дискотека – Gafieria Asa Branca. Ең қымбат және беделді дискотека – Help. Сонымен қатар, туристердің қызығушылығын оятып отырған карнавал. Ол 4 күн және 4 түн жалғасады (ақпанның соңы мен наурыздың басы). Көшелер қыдырушыларға, XVIII ғ. мырзаларының костюмін киген адамдарға болы болады. Адамдар түні бойы қыдырады. Риодағы карнавал бұл еліктіруші билер, түрлі түсті костюмдер, жарқын өлеңдер. Қала даңқын көтерген Копакабана, Ипанема и Лебнон жағажайлары, әрқайсысы курорттық және қоғамдық өмірдің орталығы саналады. Ботафогу, Леме, Арпоадор, Видигал, Пепино-Сан-Конраду, Барра-ди-Тижука, Рекреу-дус-Бандейрантес, Грумари жағажайлары да танымал. Көпшілік жағажайларда дайвингке қолайлы маржан жартастары бар. Жағажайлар сонымен бірге серфинг және яхтингке қолайлы.

Демалыс индустриясы. Демалыс индустриясы Бразилияда, әлемнің 7000 түрлі өсімдігі бар Рио-де-Жанейродағы ботаникалық бағымен; экзотикалық құстар бағымен; Фосс-де-Игуасу ұлттық бағымен; Корковадо төбесіндегі алып Христос мүсіні орналасқан Тижука ұлттық бағымен; Рио-де-Жанейродағы зоологиялық бағымен; Сальвадордағы ескі қамалмен; кәдесый (сувенир) дүкендерімен; Император сарайымен; зообақтармен; қорықтармен; Игуасу сарқырамаларымен; 1800 түрлі құс, 250 түрлі сүтқоректі, 1500 түрлі балық мекендейтін Амазония джунглиімен; сафари – бақтарымен; самбо бишілерінің чемпионаты өтетін Самбодром сарайымен; Ресифидегі қолөнер және кілем базарымен; концерт залдарымен; тас мұражайымен; үндістердің мұражайымен; заманауи өнер мұражайымен танылады.

Экзотикалық құстар бағы. Құстар бағы адам қолы тимеген 4 га субтропикалық орман алқабын алады. Туристерге құстарды табиғи өмір сүру ортасында тамашалауға болатын қорыққа кіруге мүмкіндік береді. Бақта әртүрлі құрлықтан әкелінген 500 құстың түрі мекендейді.

Игуасу сарқырамасы. Игуасу гуарани тілінде «Алып сулар» деген мағына беріп, Батыс жарты шардың ең әдемі сарқырамасы саналады. Игуасу Ниагара сарқырамасынан 20 метр биік және 2 есе кең; 3 км созылатын ені 275 ағымнан тұрады. Сарқыраманың керемет аймағы – «айдаһар жұтқыншағы». 14 ағым ені 100 м-дей жалғыз ағын бойлап сарқырама жасайды. Төменге жор күшпен аққанда су үстінде әрқашан бұлт түріндегі су жиналып, ғажайып кемпірқосақ түзеді.

Сондай-ақ қызығушылық туғызатын концертті залдар. Босанова, самба, чору және сереста Рио-де-Жанейро, Сан-Паулуда кең тараған, бірақ әрбір аймақ өздерінің қызметтерін ұсына алады. Әсіресе, Рио-де-Жанейродағы самбо және солтүстік-шығыстағы фрева биі жақсы әсер қалдырады. Жыл бойы Бразилияда атақты эстрада орындаушыларымен өтетін әртүрлі шоу бағдарламалар, туристерді халық әуенімен, билерімен таныстырушы көріністер өтеді. Ең маңызды фестивальдердің бірі Сан-Паулу штатындағы Кампус-ду-Жордан қаласында маусым айында өтеді.

Орналастыру.

Орналастырудың негізгі түрлері болып қонақүйлер, кемпингтер, мотелдер табылады. Ыңғайлы, әрі жайлы қонақүйлерде орналасуға болады.

Ең ірі қонақүйлер:

Рио-де-Жанейро: Ambassador****, Rio Othon Palace*****, Copacabana Palace*****, Inter-Сontinental Rio*****, Luxor Copacabana*****.

Сан-Паулу: Sào Paulo Hilton*****, Caesar Park*****, Maksoud Plaza*****, Moferrej Sheraton*****.

Бразилиа: Brasilia Carlton*****, Eron Brasilia****.

Белу-Оризонти: Belo Horizonte Othon Palace****.

Салводор: Bahia Othon Palace*****, Club Meditrranee*****.

Олинда: Quatro Rodas Olinda*****.

Ресифи: Boa Viagem****, Recife Palace Lucsim*****.

Манаус: Amazonas****, Ana Cassia****, Tropical Manaus*****.

Бразилияда қонақүй индустриясы дамыған. Бразилияда жалпы 80-дей қонақүйлер бар. Ең көбі бесжұлдызды және төртжұлдызды қонақүйлер. Үшжұлдызды қонақүй 20 шақты. Ең атақты қонақүйлер жағажайларда, әсіресе Копакабана, Ипанема, Лебнон жағажайлары туристерге жақсы таныс.

Кемпингтер: Camping Club Brasil. Кемпингті кішігірім қалалардағы көшелерден немесе ұлттық парктерден табуға болады. Бразилияда мотелдердің сапасы жоғары емес, сондықтан туристердің үлкен сұранысына ие болмайды.

Қоғамдық тамақтану орындары.

Бразилияда тамақтану индустриясын мейрамханалар, бар, кафелер құрайды. Туристердің сұранысына ие тамақтану орны мейрамхана. Бразилия мейрамхана асханасы бүкіл әлем елдерінің асханасын қамтиды, әсіресе, итальян және жапон асханасы кең тараған. Бразилиялықтар саяхаттау орталығы деп санайтын Сан-Паулу қаласында кез келген мәдениеттің тағамын дәм татуға болады.

Бразилияда мейрамхананың 4 түрі бар:

- қонақүйлерде орналасқан дәстүрлі мейрамханалар, сонымен қатар, baiana (африкалық) асханасына маманданған мейрамханалар, португалиялық (Os Esquilos, Cabaca Grande) және француз (Le Champs Elysees, Ouro Verde) мейрамханалары бар. Бұлар ең қымбат мейрамханалар;

- Akilo мейрамханалары (кг-мен өлшенетін тамақ). Бұл ең арзан мейрамхана түрі;

- Шарушкарии (Churrascarias);

- Балықтан тамақ дайындайтын мейрамханалар.

Мейрамханалар, бар, кафелердің негізгі бөлігі қала орталығында, мұхит жағалаулары мен жағажайларда орналасқан. Көпшілік мейрамхана, бар, кафелердің ерекшелігі жанды әуен және кішігірім би көріністерінің болуы. Бразилияның ұлттық тағамы – feijoada – қара асбұршақ кептірілген, қақталған, тұзды етпен пісіріледі. Ұлттық сусын – cachaça – мықты алкогольді сусын. Ең ерекше тағамдар Баия штатының мейрамханалары мен кафелерінде дайындалады, онда африкандық дәстүрлер басым. Барлық жағалаулар теңіз өнімдеріне бай, әсіресе, солтүстік-шығыс балығымен, ас шаянымен, таңқышаянымен атақты. Олардан жасалған тағамдарды кеқ келген мейрамханалар мен кафелердің ас мәзірінен табуға болады.

Сонымен бірге Бразилия кофесімен әлемге әйгілі. Кофе дәндері алдымен қоңыр түске енгенше қуырылады, жақсылап үгітіледі, кейін күшті және өте тәтті сусын дайндалады. Бүкіл Бразилияда таңертеңгілік асқа дәстүрлі түрде ыстық сүт қосылған кофе – cafè com leite ішеді. Ал басқа уақыттарда сусынды сүтсіз, кішкене ыдыста және ешқандай тағамсыз ұсынады. Туристерге cafezinhos (кішкене ыдыстағы кофе) кез келген кафе, мейрамхана және тек cafezinho сататын кішігірім барларда ұсынады.

Бразилияның ас үйі мен оның ерекшеліктері. Оңтүстік Америка ас үйінде грилде пісірілген және керамикалық құмыраларда бұқтырылған еттер басым. Бұқтырылған жеміс, шоққа піскен балық, қамырдан жасалынған тағам түрлері басым. Оңтүстік Америкада жақсы таралған тағамның бір түрі қызанақ пен ірімшік қосылып немесе бұқтырылған ет қосылған қайнатылған лапша. Бразилияға тән тағамның бірі feijoada – қара бұршақ, кептірілген ет, шошқа, сарымсақ, кептірілген шұжық, лавр жапырағын, сарымсақ, бұрыш қосып жасалынады. Әдетте бұл тағам шұңғыл табақпен беріледі, қасына ақ күріш кесілген апельсин, бұқтырылған орамжапырақ және бұрыштан жасалынған соуспен қосып береді. Тағы бір бразилиялық тағам Vatapa – балық түрлерінен, теңіз жәндіктерінен, пальма майын, кокос майын және түрлі дәмдеуіштерді қосып жасайды. Сусындардың ішінен сыра, кашаса (қант қызылшасынан жасалынған сусын), батида – ром мен тәтті жидек шырынынан жасалынады.

Туристер үшін қолайсыз жағдай тропикалық аурулардан егілу болып табылады. Айта кететін жайт, соңғы уақытқа дейін Бразилия өзінің бай туристік ресурстарын тиімді пайдаланбады. 1990 ж. елге тек 1,1 млн адам ғана келген, ал валюттік көлем түсімі 1,5 млрд. долларды құрайды (кішкене Сингапурға қарағанда көрсеткіштері бірнеше есе төмен). Туризм саласында реформаның қажет екені анық болды, ел басыларынан белсенді туризм саясатын қажет етті. 1995 ж. туризм кәсіпкерлерінің мүшелері және мемлекеттік ұйымдардың бірігуімен жасалған даму бағдарламасы шықты. Туризм индустриясы экономиканың тиімді бөлігі ретінде қарастырыла бастады. Бірнеше жыл ішінде мемлекет 8 млрд. доллар қаржыландырған болатын, бұның ізімен саяхатшылық инфрақұрылым дамуындағы жеке қаржыландыруы да өсті, 2002 ж. жалпы көлемі 6 млрд доллар құрады.

Соңғы жылдары мамандарды дайындауға көңіл бөлініп жатыр. 1998-1999 жж. 240 мың адам туризм, қонақ үй ісінде білім алған. Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда Германияның белгілі оқу орындары белсенді қызмет атқарған. Нормативті-құқықтық актілер қабылданды, олар шетел қонақтарын қызықтыратын болды. Нәтижесінде Бразилия 1990 ж. аяғында дүние жүзіндегі туризм жоғары дамыған аймақтар қатарына кірді. 2000 ж. шетел келушілерінің көлемі 5,3 млн адамға жетті, кіріс 4,2 млрд долларды құрады, ол онжылдықта өткен көрсеткіштен бірнеше есе көп.

Бразилияның туризм индустриясы үшін тиімді нарықтар болып АҚШ, Батыс Еуропа елдері, Оңтүстік Америка елдерінің көршілері болып табылады. Туристердің келу ағыны (78%), кәсіпкерлік (18%), ең аз рөлді конференциялар мен семинарлар атқарады (3%). Бразилияның спорт және туризм министрлігі ұлттық туризм қозғалысының белсенді қызметін көтеруге негізделеді. Туризмнің шығу көлемінің ағыны қаржылық дағдарыс негізінде 1998 ж. 4,2 млн-дай адамға қысқарып, 2000 ж. дейін 2,9 млн-ға адамға қысқарды. Туризм белсенділігінің төмен индексі Бразилиядағы әлеуметтік-экономикалық дәреженің жоғары болмау әсері болып табылады. Аймақтық құрылымда шығу ағыны – АҚШ (53%), Франция (10%), Италия (10%), Испания (9%), Аргентина (9%), Португалия (7%), Канада (6%) елдеріне бағытталады.

Бразилияда туризм ұлттық экономиканың жас саласы. Шетел туристерінің саны жергілікті туристердің санынан артта қалып отыр. Үкімет туризмнің дамуы үшін мол қаражат жұмсауда, сондықтан жақын келешекте туризм дамыған және табысты экономика саласына айналуы мүмкін.

Бразилияның туристерге негізгі «есігі» болып Оңтүстік-Шығыс аудандар. Рио-де-Жанейро қаласы туристерге көптеген қонақжайлылық ұсынады, олар Қант басы, Корковаду төбесіндегі алып Христос-Құтқарушы мүсіні, мұражайлар, шіркеулермен құмды жағажайлар. Рио-де-Жанейродағы карнавал бүкіл әлемге танымал. Сан-Паулу – Латын Америкасының негізгі сауда және өнеркәсіп орталығы. Қалада үлкен мұражайлар мен теарлар орналасқан. Бұл қала туризммен бизнестің дамуына қолайлы инфрақұрылымға ие. Елдегі негізгі архитектуралық бағыт барокко үлгісіне тән Минас-Жейрас штатында шоғырланған. Негізгі туристер ағымы әсіресе тарихи қала Оуру-Прету маңына тән.

Бразилияда туризм жас әрі қарқынды дамушы экономика саласы. Жыл сайын Бразилияға 2 млн-ға жуық турист келеді. Бұл ұлан байтақ ел Оңтүстік Американың басқа елдерінен көп жағынан ерекшеленеді. Тропикалық және субтропикалық белдемде орналасқан Бразилия ботаникалық бақ ретінде танымал және рекреациялық, танымдық туризмге қолайлы. Туристерге ең тартымды және туристік игеру қиын аймақ бұл Бразилияның солтүстігі. Басты туристік ресурстары жабайы табиғат, экзотикалық джунгли және де Амазонка, туризмнің мынадай түрлерін дамытуға ыңғайлы – экскурсиялық, ойын-сауықтық, рафтинг, экстремалды, аң аулау және балық аулау.

Елдің солтүстік-шығысы туризм дамуында үлкен рөл атқармайды. Себебі мұнда ауылшарушылық плантациялары орналасқан. Онда басты назар ірі портты қалалар – бар Ресифи қаласы, көптеген архитектуралық ескерткіштерімен және Итапан, Питуба, Амаралина жағажайларымен танымал. Бұл аймақ рекреациялық және танымдық туризмді дамытуға қолайлы.

Оңтүстік-шығыс Бразилия негізгі экономикалық аймақ және негізгі туристік зона. Мұнда әлемнің керемет қалаларының бірі – Рио-де-Жанейро, көптеген аралдары және атақты Копакабана, Ипанема, Лебнон жағажайлары бар Гуанабара шығанағы. Оңтүстік-шығыс жағажайлық, ойын-сауық, спорттық, экскурсиялық, іскерлік туризмді дамытуға өте қолайлы.

Елдің оңтүстік бөлігі туризмнің даму сатысы оңтүстік-шығыстан артта қалған, бірақ Иугасу сарқырамасы, ұлттық бағы, экзотикалық құстар бағы арқасында кең танылуда. Оңтүстік аймақ сафари, рафтинг, экскурсиялық сияқты туризм түрлеріне қолайлы.

Батыс. Елдің астанасы осында орналасқандықтан туристерге тартымды. Бразилиа өзінің архитектурасымен және заманауилығымен танымал. Бұл аймақ танымдық, рекреациялық және іскерлік туризмге қолайлы.

Басты туристік орталықтар:

Рио-де-Жанейроның Грумари, Леме, Копакабана, Лебнон, Ипанеме, Пепино Сан-Конраду, Барра де Тижуки, Фламенгу, Урка, Рекреудус-Бандейрантес жағажайлары серфинг, дайвинг, яхтинг сияқты спорт түрлерін қолайлы.

Ресифи – Бразилияның отарлық маржаны, жақсы сақталған храмдар, жекежайлар (особняки) және тарихи ғимараттар танымдық туризмге қолайлы.

Сан-Паулу – Оңтүстік Американың ірі мегаполисі, сауда-саттық және өндіріс орталығы. Сан-Паулу іскерлік және танымдық туризмге жайлы.

Минас-Жерайс – ескі отарлық штат, таулы аймақта орналасқан және ірі тау-кен өндіру аймағы.

Ору -Прету, Марианна, Сан-Жуан-дел-Рей, Сабара қалалары барокко стиліндегі архитектурасымен және шіркеуімен әйгілі. Танымдық туризмге қолайлы.

Салвадор – ай сайын өтетін көше мерекелерімен, жағажайларымен, капоэйра ұрыс-тәсілдерімен, шілтерімен, қолөнер базарымен, қазіргі заманғы және ежелгі архитектурасымен танымал. Рекреациялық, танымдық және спорттық туризмге қолайлы.

Тропикалық аралдар көптеген жағажайларымен маржан жартастары дайвинг, серфинг, яхтинг және рекреациялық, танымдық туризмге өте қолайлы.

Жалпылай алғанда туризм Бразилияда жақсы дамыған экономикалық жағдайларға, инфрақұрылымға және мәдениетке байланысты тез қарқынмен дамуда.

Бразилиядағы әлемге әйгілі Рио-де-Жанейро қаласында бүкіл әлемнен самбо биінің бишілері мен жанкүйерлері жиналады. Жыл сайын өтетін Риодағы карнавал керемет ойын-сауықтарға, қуаныштарға, тамашалар мен уақытты қызықты өткізуге арналған мерекелік іс-шараларға толы көріністер. «Карнавал» сөзінің Венеция немесе Мальтаға қатыстылығы бұрын өтіп кеткен. Бүгінгі таңда бұл сөз оңтүстік Американың ең үлкен мемлекеті Бразилияда өтетін керемет қызықты мерекелік ойын-сауық іс-шараларды айтады. Бразилия карнавалдың отаны болмағаны мен нафталин сасыған еуропалық мерекелерге қарағанда бразилиялық карнавалдардан шынайылық пен нағыз ойын-сауық сезімдері білінеді. Ал мумияланған маскалардың орнына бұл жерде тірі адамдар би билеп, карнавалдық киімдер киіп, көрініс көрсетеді. Бразилия халқының биге деген сезімдері католикалық күштен үстем болды. XVII ғасырдың өзінде иезуиттік священник Жозе де Анчиента тек өлеңдер, билер және қыдыру туралы ойлайтын халықпен жұмыс істеу қиын деп айтқан. Бүкіл әлем тамсанатын бразилиялық карнавал жас, Рио-де-Жанейроның кедей кварталдарының бірінде 1928 ж. самбо мектебі ашылды. Басында қара нәсілді кедейлердің мұндай ойын-сауық түрін ұйымдастыруына қарсы болған үкімет, оншақты жыл өткен соң жыл сайынғы шеруге рұқсат етті. Осындай шерулер арқылы жақсы табыс табуға болатынын сезген халық, карнавалда Еуропалықтарға әртүрлі көріністер ойлап таба бастады. Карнавал бұл көктемді қарсы алуға арналған шаруалардың мерекесі екенін қазір ешкімде есіне алмайды. Карнавал Пасха мерекесіне дейін жеті апта бұрын өткізіледі. Өзінің бастапқы мағынасын жоғалтқан карнавалда қазір қыздырушы самбо биі. Бұл самбо сөзінің қайдан шыққан тарихы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Бірақ бір-біріне қарсы пікірлерде бар. Солардың бірі «замбо» – негр мен ақ әйелдің баласы, яғни мулат. Осынау бір, жүз мыңдаған адам қатысатын самбо биінің негізінде, самбо мектептері жарысып карнавал мерекесін қыздыра түседі. Самбо мектебі – өздерін басқалардан самбоны жақсы билейміз деп есептейтін адамдардың одағы. Бір мектепте үш мыңнан бес мыңға дейін самбо бишілері болады. Бұлардың барлығы мықты алты мектептің құрамына кіру үшін және самбодромда өз өнерлерін көрсету үшін жыл бойы дайындалады. 1984 ж. бразилиялық архитектор Оскар Нимейердің жобасымен салынған Самбодромда әр мектеп бір жарым сағат бойы өз өнерлерін көрсетеді. Алты мектептің би өнерлерін сексен мың көрермен тамашалай алады. «Карнавал» сөзі кейде мерекелік арба деген мағына беретін «карус новалис» сөзінен шыққан деп есептеледі. Мерекелік арба бразилиялық карнавалдың негізгі символы. Негізгі арба бірінші жүреді және үстінде би мектебі ханшайым тұрады. Әрбір арбаның өз символдарымен мағыналары болады. Әр би мектебі өзінің символикалық сызығын өздері таңдайды: махаббат, байлық, үміт, т.б. Әр мектеп дарынды композитор жазған әнді таңдап, би қимылдарын сәйкестендіреді. Карнавал бір апта өтетін мереке сияқты көрінгенімен оған дайындық жұмыстары жыл бойы жасалады: жаттығулар, костюмдер тігу, арбалар дайындалады, әндер жазылады. Карнавал бұл тек бүкілхалықтық қыдыру, жақсы табыс көзі ретінде ғана емес, бұл ойлау әдісі. Орта ғасырларда карнавал қиын өмірден, қиын жұмыстардан алшақтаудың жалғыз жолы еді. Бразилия жеріне жеткен карнавал жергілікті халықтың бүкіл өмір салтын өзгертті, жеке бразилиялықтың ғана емес бүкіл мемлекеттің өмір салтына айналды.

Date: 2015-06-07; view: 2641; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию