Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сингапур





Сингапур Оңтүстік-Шығыс Азияда, экватордан солтүстікте орналасқан мемлекет. Мемлекет құрамына Сингапур аралы және 58 ұсақ аралдар кіреді.

Сингапур Азияда орналасқан ең ерекше қалалардың бірі. Сингапур – таңғажайып қала, бұл қалада төмендегілер үйлесім тапқан:

- мәдениет қаласы – дәстүр мен мәдениет түрлілігі; сауда кварталдарын-қытайлық, индиялық және колониальдық кварталдарды кездестіруге болады;

- саябақ қаласы – бақтардың көптігімен, ботаникалық бақтардың кереметтілігімен, қытай және жапон бақтарымен де ерекшеленеді;

- сауық қала – түнгі сафари, император кемелеріндегі круиз, аттракцион бақтары;

- өнер қаласы – екінші дүниежүзілік соғысынан қалған ескерткіштер, сәулет ескеткіштері, музыкалық қойылымдар, фестивальдар.

Ең басты туристік көрнекі жерлер Сингапурдың 3 туристік орталығында орналасқан: СВD (Сentral Business District), Сентоза аралы, Джуронг.

СВD (Сentral Business District) – қаланың орталығы. Орталық ауданы өзінің іскер аудандарымен, ең маңызды сауда көшесі Orchard Road, шулы әрі көңілді кварталдар және кафе Боут Ки, кларк Ки секілді ғимараттардың орналасуымен ерекшеленеді. Осы жерлерде ең танымал отельдер де орналасқан.

«Chijmes» құрылысы – бұл бұрынғы монастырь және Сингапурдың ұлттық байлығы. Бұл орын тамақтануға, сауда орталықтарын тамашалауға және жақсы уақыт өткізуге таптырмас жер.

Байлық субұрқағы – субұрқақ қаланың Santec City деп аталатын бөлігінде орналасқан. Байлық субұрқағы әлемдегі ең үлкен субұрқақ ретінде 1998 ж. Гиннес рекордтар кітабына енген. Субұрқақ үлкен алақан бейнесінде салынған. Алақанның ортасында қымбат сақина орналасқан.

Қаланың көрнекі жерлеріне сонымен қатар төмендегілерді айтуға болады: Викториандық үлгіде салынған Плейс-Билдинг ғимараты (1865), Концерттік зал және Виктория театры, Парламент ғимараты (ХIX ғ.), Паданг кешені, Рафллз қонақ үйі, армяндық Әулие Григорий шіркеуі, христиандық Форт-Кэннинг-Хилл қабірі.

Орчэд-Роу – бірінші класты қонақ үйлері орналасқан аудандардың бірі, сонымен қатар сауда орталықтары, түнгі клубтар, барлар, концерттік залдар бар. Орчэд-Роудың батыс шетінде Сингапурдың Ботаника бағы орналасқан (1859 ж. салынған). Ботаникалық бақ маржандарының бірі болып Ұлттық Мандай Орхидея бағы саналады. Оның аумағында 60 мыңдай әдемі өсімдіктер өседі.

Ұлттық квартал. Қытай кварталы, СВD-ң батысында орналасқан, Сингапурдың мәдени жүрегі болып саналады, өзінің ескі сәулет-архитектуралық ерекшеліктерімен атақты. Көптеген ғибадатханаларымен, терассаларымен әйгілі. ХХ ғ. ортасында Қытай кварталдарының көп бөлігі қиратылды және осы кварталдарды қалпын келтіру үшін жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде көне Танджонг-Пагар, Тиан-Кенг ғибадатханасы, Вак-Хай-Ченг-Бьо ғибадатханасы, Нагора-Дурга-Шрин, Конг-Мен-Сан, Сионг-Лим және т.б, ғибадатханалары ерекше архитектурамен салынған.

«Араб көшесі» Компонг-Глам – Сингапурдың мұсылман орталығы, ол Қаланың колониальды орталығының солтүстік-шығысында орналасқан. Бұл өте шулы сауда орталығымен және дәстүрлі тоқыма орталықтарымен әйгілі. Мұнда қаланың ең басты мешіті – Масджид-Сұлтан орналасқан (1925 ж.).

Кішкентай Үндістан ауданы – Орталық Сингапурдың солтүстігінде орналасқан. Ауданның басты көрнекі жерлеріне Жудзиао орталығы, Литтл Индия аркадасы, Будданың 15 м-лік отырған мүсіні, Вирамакалиамман ғибадатханасы, Рей-Курс-Роудтегі тамаша «1000 шырақ ғибадатханасы» жатады.

Сингапур бақтары. Қалада көп мөлшерде бақтар орналасқан. Сондай бақтардың қатарына Телок-Бланга-Хилл, Тионг-Бару, Перлз-Хилл-Сити, Утрам және Маунт-Фабер (қаланың оңтүстігінде), Кроуфорд (солтүстігінде), Ист-Кост және Марина Сити (шығысында), Сонымен қатар біршама бақтар қаланың тарихи бөлігінде орналасқан – Эспленейд, мемориальды Әскери бақ, Форт-Кэннинг, атақты Жапондық және Қытай саябағы, мәдени-тарихи Тан династиясының қаласы атты бағын тамашалауға болады.

Сингапур зообағы – қаланың ең танымал бөліктерінің бірі. Жануарлардың 2000-нан астам түрі мекен етеді. Сингапур зообағының басқа зообақтардан айырмашылығы аңдарды қоршаулармен қоршалмауында, еркін жүруінде.

Джуронг. Джуронг ауданы қала орталығының оңтүстік батысында орналасқан. Үлкен ауқымды индустриальды орталық, сонымен қатар Джуронг ауданы қаладағы ең таза орындардың қатарына да кіреді. Мұнда сонымен бірге зерттеу және ғылым орталығы «Дискавери» орналасқан. Қаланың солтүстік шығыс бөлігінде жаңа «ХХI ғасырдың үлгілі қаласы» атты арал салынуда. Бұл жерлерге заманауи бақтар, спорттық кешендер, сауда орталықтары және супермаркеттер және т.б. көңіл көтеретін орталықтар салынуда.

Сентос аралы – шағын демалыс орны. Аралдың оңтүстігінде орналасқан, атақты демалыс орталығы. Сентос аралында Силосо форты орналасқан, Вулканолэнд ойын-сауық бағы, атақты музыка бақтары, ерекше тастар мұражайы, теңіз мұражайы, көбелектер бағы, гүлді терассалар, Андерватер Уорлд океанариумы – су асты тоннелі 100 м. «Долфин-Лагун» дельфиндер қайраңы, Синемания кинотеатры, «Имейджс оф Сингапур Эксибишн» заманауи сауық орталығы, ең биік мұнара Скай-Тауэрді тамашалауға болады.

Джуронгтағы Көбелектер бағы – 20 га. жерді алып жатыр. 7000 астам экзотикалық құстар тіршілік етеді. Сонымен қатар құрып бара жатқан құстардың түрлерін құтқару бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Date: 2015-06-07; view: 1473; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию