Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Багам аралдары





Багам аралдары – Атлант мұхитындағы, Куба мен Флорида түбегінің дәл ортасында орналасқан архипелаг. Шамамен 2300-ге жуық рифтер мен 700 аралдарды қамтиды, олардың тек 30-ында ғана тұрғындар бар.Аралдың жер беткейі теңіз деңгейінен 123 м-дей жоғары. Архипелагта екінші реттік бұталы өсімдіктер жамылғысы болып келеді, тек қана мына үш аралда – Үлкен Багам, Үлкен Абако, Андрос қалың қарағай ормандары сақталған. Ең ірі аралдар – Нью-Провиденс, Үлкен Багам, Андрос, Эльютера.

Флоридадан оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым қашықтықта орналасқан Атлант мұхитындағы бұл архипелаг солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 970 шақырымға созылып жатыр. Астанасы – Нассау ( Нью-Провиденс аралында орналасқан).

Климаты: тропикалық, ыстық әрі ылғалды, жаңбырлы маусымы бар (мамыр-қазан). Жазда ауа температурасы +26-дан +32ºС-қа дейінгі аралықта болады, ал қыста +18...+22ºС. Судың температурасы әдетте жазда +27ºС және қыста +20ºС шамасында. Қыста жаңбыр сирек жауады, әдетте қысқа, бірақ қатты нөсер жауын түрінде болады, ұзақтығы бірнеше сағаттан аспайды.

Валютасы: Багам доллары, 100 центке тең. Өзіндік құны бойынша американдық доллармен пара-пар. Американдық тиындар мен банкноттар Багам аралдарында еркін қолданыста. Халықаралық несие карталары барлық жерде қабылданады.

1492 ж. Х. Колумбтың Америкадағы ең алғашқы ашқан аумақтарының бірі – Сан-Сальвадор аралы. Маржанды құмдардан құрылған ақ сары түсті жағажайлар, жылы әрі мөлдір сулары және де жұмсақ климат – осының барлығы осы жерде демалу үшін қолайлы жағдай жасайды. Аралдың маңындағы кішігірім шығанақтарда кезінде көптеп кемелер қираған және батып кеткен, сол себепті бұл жер көптеген қазына іздеушілерді қызықтырады. Көрікті орындарға: ежелгі аравак үндістері мәдениетінің ескерткіштері, суасты үңгірлері, Рэнд Мемориал қорығы, суасты обсерваториясы бар маржандық арал.

2000 ж. Багам аралы 4,2 млн-дай турист қабылдады, соның ішінде АҚШ (75%) және Канададан (15%). Басым көлік түрлері – теңіз (55%) және әуе (40%) көлігі саналады. Қонақ үй базасында 30 мың орын мен 67% жүк коэффицентіне негізделген 14 мыңнан астам қонақ үй нөмерлерінен тұрады. Негізінен Үлкен Багам мен Нью-Провиденс (82%) аралдарында құрылған. 2000 ж. дүние жүзілік туризмнен түсетін қаржы 1,8 млрд долларға жетті. Мемлекеттің ЖІӨ-нің 40% және экспорттың 7% туристік секторға тиесілі.

Гольфстримнің жылы сулары шайып жатқан Багам аралдары қашаннан бері «сәнді демалыс» деген ұғымның синонимына айналып кеткен. Бұл аймақтағы ең бай мемлекеттердің бірі, аса ірі оффшорлық орталық (аралдарда – 400-ден астам банк бар) және ойынхана бизнесінің орталығы – мұндағы ойынханалар тәулігіне 24 сағат бойы ашық. Оған қоса, жүздеген шақырымдық құмды жағажайларды, маржан рифтері мен дайвингті жақсы көретіндерді таңқалдыратын жағалаудағы мөлдір сулар бар.

Багам аралдарының негізгі курорттары. Үлкен Абако – Багам аралдарының үлкендігі жөнінен екінші орындағы аралы, әлемнің барлық яхтсмендеріне жақсы таныс. Желкенді маусым мұнда көктемнен күзге дейін созылады. Теңіз жағалауларындағы ауқымды тайыз сулар балыққа толы. Мұнда судағы спорттың кез-келген түрімен айналысуға болады, балық аулауға болады немесе аралдағы ең үлкен қала – Марш-Харбордағы бажсыз сауда дүкендерін аралауға болады.

Лонг-Айленд аралына туристер мүлдем келмейді десе де болады. Бірақ бұл Багам аралдарының ең әдемісі, оның табиғаты тамаша және мұнда адам аяғы баспаған жерлер көп. Аралдың солтүстік шетінде, Санта-Мария мүйісінде – ұзын құмды жағажай бар, ол батыс жарты шардағы ең әдемі жағажайлардың бірі болып табылады. Аралдың басты қаласы Стелла-Марис – кішкентай, бірақ қазіргі заманға сай елді мекен, дайверлік және балық аулаушы экспедициялардың басталатын орны.

Эксума аралдық тізбегі 360-тан астам ұсақ аралдардан тұрады, ал оның оңтүстік бөлігінде екі үлкен арал – Үлкен және Кіші Эксума орналасқан, оларда барлық жергілікті өркениет шоғырланған. Бұл архипелаг – яхтсмендер үшін нағыз жұмақпен бірдей, өйткені бұл жерлер әлемдегі ең әдемі жерлердің бірі болып саналады: тұрақты байқалатын су толысулар мен судың қайтуы жағалық қайраңдардың тереңдігін өзгертіп тұрады және теңізге ерекше әдемілік беріп тұрады. Дайвингпн айналысатындар бұл жерде нағыз рахатқа бөленеді.

Багам аралдары әлемнің элиталық демалыс аймақтарының қатарына кіреді, «сәнді демалыстың» белгісі саналады. Экзотикалық өсімдіктер, Кариб теңізі мен Атлант мұхитының мөлдір таза сулары, тамаша климат пен демалыс үшін жасалған керемет жағдайлар мұнда туристерді жыл бойы өзіне тартады.

Жаңа жыл мерекесі кезінде Багам аралдарында Junkanoo фестивалі өтеді. Бұл әрі карнавал, әрі театрландырылған шеру, сонымен бірге халықтық серуен. Карнавалдың қатысушылары таңғажайып костюмдер киіп көпшілікпен бірге шеруге шығады.

Багам аралдары – бұл Кариб аймағындағы ең бай мемлекеттердің бірі, құмар ойындар бизнесінің аса ірі орталығы – мұндағы ойынханалар тәулік бойына ашық.

Нассау – бұл Багам аралдарының астанасы, Нью Провиденс аралында орналасқан. Бұл қазіргі заманға сай кішкентай қала. Тамаша әдемі беткейде орналасқан қала дәл мұхитқа дейін төмен түседі. Қаланың әр бұрышында аса көркем жеке үйлер, бекіністер, аристократиялық архитектурамен салынған соборлар, ежелгі қамалдар бой көтерген. Мұның барлығын Ескі қаладан табуға болады, Нассаудың бұл бөлігі өзінің отарлық келбетін сақтап қалған. Пираттар құрған шулы әрі кішкентай-ақ ауыл өткен шақта қалса да, ол мұнда тамырын тереңге жайған және дәл осы ерекшелік Нассауды Багам аралдарының тарихи орталығына айналдырып тұр.

Қаланың жаңа бөлігі – бұл қазіргі заман талабына сай өзіндік ерекше дүние. Гүлге бөленген сәулетті қонақ үйлер, казино, кабаре, жергілікті аспаздық жеңсік астары бар жайлы кафелер мен мейрамханалар, порттың алып акваториясы – осының барлығы Нассауды Багам аралдарының жарқыраған көңіл көтеретін орталығына айналдырды.

Нассау әлемнің аса ірі оффшорлық орталықтарының бірі болып табылады, оны «Тропиктердің Цюрихы» деп атайды, өйткені мұнда 400-ден астам банк пен трастық фонд бар.

Нью-Провиденс – Багам аралдарының басты әрі ең адам көп баратын аралы, көлемі бар болғаны 34×11 шақырым. Көптеген адамдар оны Багам аралдарының астанасына ұқсас болғандықтан Нассау деп атайды.

Нью-Провиденс аралында кариб аралдарындағы ең керемет жағажайлардың бірі – атақты Кейбл Бич (Cable Beach) орналасқан, ол қаланың орталығынан батысқа қарай 7 шақырымда жатыр. Бұл тамаша құмды жағажайлардың ауданы. Бірақ тек Нассау Кейбл Бич қана емес, сонымен қатар қаланың айналасындағы барлық теңіздік аудандардың барлығы да құмдарды, терең рифтер мен Багам аралдарының табиғи әдемілігін сыйлайды. Мұнда қызу өмір тоқтайды, туристер табиғаттың керемет сұлулығынан ләззат алады.

Көгілдір Лагуна аралы Нассау аралынан қайық жүзгенде 20 минуттық жерде орналасқан, мұнда дельфиндермен бірге жүзуге болады.

Парадайз («жұмақ») аралы – астанадан шығыста орналасқан және көпір арқылы Нью-Провиденс аралымен жалғасып жатқан өте кішкентай арал. Парадайз туристер арасында үлкен танымалдылыққа ие және ірі орталық болып саналады. Аралда Багам аралдарының аса танымал құрылысы – Atlantis қонақ үйі орналасқан. Сонымен қатар бірінші класты курорттар, сәнді ойынханалар, аса жайлы қазіргі заманғы қонақ үйлер бар, су асты серуендеріне арналған аттракцион ашылған. Мұнда түнгі өмір қызу қайнап жатыр.

Эльютера аралы – элиталық демалысқа арналған кішкентай арал. Англиядағы діни қудалаудан қашып келген алғашқы қоныс аударушылар аралға 300 жыл бұрын тұрақтаған және оны «азат арал» деп атаған. Аралдың негізгі көрнекті орындарына отарлық дәуірдегі архитектурасымен сақталған тыныш ауылдар, ауқымды ананас плантациялары, көптеген жағажайлардың ақ және қызғылт құмдары жатады. Эльютераның солтүстік-батыс жағалауындағы Харбор-Айленд рифі, өте ерекше Данмор-Таун қалашығы, Пинк-Сэндз-Бич жағажайы мен дайвинг пен сноркелингке тамаша келетін көптеген орындар да көңіл бөлуге тұрарлық.

Гранд Багам аралы – келушілер саны жөнінен екінші орында, архипелагтың ең солтүстік аралы. Құм жағалаулар, көгілдір лагуналар, кубалық қарағайлар өсетін ауқымды ормандар мен өте бай тірі табиғат туристерді өзіне тартады. Аралдың территориясында үш ұлттық саябақ бар, жағалауға жақын маңда су асты үңгірлерінің аса ірі жүйесі орналасқан. Қаланың көрнекті жерлерінің бірі болып Ле-Чикен-Снэк мейрамханасы саналады, бұл жерде әлемдегі ең керемет тауық балапанынан барбекю дайындайды деп есептелінеді.

Лукайя немесе Фрипорт қаласы – бұл аралдың басты қаласы, қазіргі заманғы, шулы және тынышсыз. Бұл қалада белсенді демалыс үшін барлық жағдайлар жасалған, мұнда теннис корттары, гольф алаңқайлары да, дайвинг орталықтары мен балық аулау орталықтары да өте көп және олар кең пайдаланылады.

 

Ямайка

 

Ямайка туристік Мекке. Ямайканың ауданы жөнінен Үлкен Антиль аралдарының ішінде үшінші орында. Аралдың жалпы ауданы – 11,5 мың шаршы шақырым, шекарасының жалпы ауданы – 235 шақырым, ең үлкен енді жерінің ұзындығы – 82 шақырым. Ямайка Кариб теңізінің солтүстік бөлігінде, Кубадан оңтүстікке қарай 144 шақырымда орналасқан. Ямайка – британ Достастығының құрамындағы Тәуелсіз республика. Мемлекет басшысы – Ұлыбритания патшайымы, оның міндетін генерал-губернатор атқарады. Астанасы – Кингстон. Ямайканың ресми түрдегі мемлекеттік тілі – ағылшын тілі, бірақ ямайкалықтардың лексикасы түрлі африкалық тілдердің сөздеріне бай. Аралда өмір сүретін қытайлар мен үнділер де ағылшын тілінің ямайкалық диалектісінде сөйлейді, бірақ тұрмыста олар ана тілдерінде сөйлейді. Ямайканың ұлттық ақша бірлігі – ямайкалық доллар (ямайкалық фунттың орнына 1969 ж. айналымға енгізілген). Діні – христиандар (60% – протестанттар, 6% – католиктер және т.б.). Бірақ африка құрлығының дәстүрлі наным-сенімдерінің ықпалы күшті, көбінесе христиандық ережелермен араласып кеткен.

Ямайка аумағының көп бөлігін әктасты үстірттер алып жатыр. Бұлардың батысында Блу-Маутинс («Көгілдір тау») тау массиві орналасқан. Оның ең биік жері – 2256 м. Аралдың оңтүстік жағалауы қатты тілімделген және гавандер көп кездеседі. Солтүстік жағалауы қатпарлы болып келеді, яғни бұл жағалаудың орталығында енсіз жағажайлар жолы «Ямайкалық Ривьера» бар.

Ямайка аумағының жартысын биіктігі 900 м-ден асатын таулар алып жатыр, ең биік шыңы – биіктігі 2220 м болатын Көгілдір шың. Ямайкада 120 өзен бар, кереме сарқырамалар мен минералды бұлақтар көп. Бұл жердің топырағы құнарлы және табиғат көрінісі аса көркем, айлақтары мен шығанақтары, жазықтары мен жағалық рифтері бар жағалау сызығы ғажайып.

Ямайкада ормандар шамамен 194 мың га, яғни аралдың жалпы жер көлемінің 1/5 бөлігін алып жатыр. Байырғы орман бірлестіктерінің айтарлықтай бөлігі жойылған, бірақ қол жетімсіз жерлерде ірі жапырақты свиетения, брийя (эбен ағашы) мен дальбергиядан тұратын адам аяғы баспаған ормандар әлі де болса сақталған. Ямайкада бамбук пен кампеш ағаштары өсетін ауқымды тоғайлар кездеседі, ал кейбір жерлерде кариб қарағайы мен эвкалипт көшеттері таралған. Батыс пен оңтүстік-батыста, ауыл шаруашылық плантацияларынан бос аудандарда саванна түріндегі астық тектес жеке өсетін ағаштар таралған.ямайкаға биіктігі 30 м жететін мақта ағаштары (цейба) көбірек тән. Аралда барлығы 3000-нан астам гүлді өсімдіктер өседі, оның ішінде орхидеялардың 200 түрі. Оңтүстік жағалауда мангралық тоғайлар кең таралған.

Жергілікті фауна аралды адамдардың игеруіне байланысты қатты зардап шеккен, дегенмен мұнда ламантиндар мен қолтырауындар, жыландардың бірнеше түрлері, игуана кесірткелері, сонымен қатар жарқанаттардың 20-дан астам түрі сақталған. Бірақ көптеген жануарлар Ямайка,а басқа елдерден әкелінген, оның ішінде Үндістаннан мангустар мен майндар. Ямайка өзінің бай құс фаунасымен әйгілі, мұнда құстардың 256 түрі бар, оның ішінде 25 түр мен 21 түрше тек қана осы аралда мекен етеді.

Климаты. Ылғалды тропикалық. Қаңтардың орташа температурасы жағалауда +24oС, маусымда +26, +27oС. Жаңбыр ең көп жауатын айлар – мамыр мен қазан, бірақ қысқа мерзімді жауындар жыл бойы жаууы мүмкін.

Ямайкада кішкентай өзендер көп кездеседі. Ямайка деген атау үнді тілінің бұрмалауынан «хаймака»деген сөзінен шыққан («Бұлақтар аралы»). Ямайка орталығындағы үстірттер және шығысындағы тау беткейлері мәңгі жасыл тропикалық ормандармен көмкерілген. Ямайканың оңтүстік және батыс бөлігіндегі жазықтарда саванна өсімдік жамылғысы тән. Көп бөлігін қант құрағы плантациялары алып жатыр.

Ямайка архитектурасына африкалық халықтардың салт-дәстүрлері мен еуропалық (ағылшындық) мәдениет байланысып әсер еткен. XVII-XVIII ғғ. бірқабатты тас құрылыстары (Спанши-Таун) сақталған. XIX ғ. ортасында екіқабатты ағаш үйлер және темір бұйымдары сақталған (бағанды үлгі). XX ғ. қазіргі заманғы құрылыстар салынған (Вест-Индия университеті, қонақ үйлер).

Әр алуан табиғат жағдайы, ежелгі өркениет пен еуропалық отарлау кезіндегі сақталған ескерткіштер және де туристік инфрақұрылымның жеткілікті дамығанына байланысты Кариб мезоаймағындағы салыстырмалы түрде туризмнің дамыған орталығы деп айтуға болады.

Ямайкада су үсті және су асты ойын-сауықтың барлық түрі кездеседі (гольф, крикет, джунглиядағы сафари). Тур бағдарламаларына адам аяғы баспаған аралдарға саяхат, яхтадағы криуздер, тікұшақпен жасалатын экскурсиялар, музыкалық фестивалдар мен карнавалдар кіреді.

Порт-Антонио курортарының жанынан солтүстік жағалаудағы Монтего-Бей мен Очо-Риос аралығын игере бастады. Монтего-Бей – Кариб аймағындағы турист көп баратын орын болып табылады. Мұндағы құмды жағажайлар, мексикалық Акопулькамен бәсекеге түсе алатын қонақ үйлер бар. Бұл курорт аса әдемі табиғат ортасымен ерекшеленеді, сол себепті мұнда жаяу туризм, винстервинг, су шаңғысы, дайвинг аса танымал. Монтего-Бей әуежайына күніне 50 астам шетел ұшақтар қабылдайды.

Теңіз жағалауынан басқа бальнеологиялық курортар орын алады (Балаклава Эвратон). Ямайканын солтүстік жағалауының орталығында Очо-Риос – жағажайлар, мүйістер, теңіз жағалауындағы көне қалалар мен балықшылар ауылдарынан тізбектелгне курорт орналасқан. Курортқа тән спорт түрлері: теннис және гольф. Dunns River Fulls сарқырамасы, өнер галериясы сияқты қызықты нысандары бар. Нигрил – аралдың курорттық зонасы болып табылады.

2000 ж. Ямайкаға 2,6 млн-нан астам адам келген. Негізгі туристік ағымдар Америкадан (1,1 млн-дай адам) және Еуропадан (200 мың адам) бағытталған. Туристік саяхатының мақсатына қарай демалу және ойын- сауықтың үлесі 90%-ға тең. Қонақ үйлер базасы негізделгенен екі аймаққа негізделген: солтүстік- батыс жағалауы (Монтего-Бей) – 50% орын, және де мемлекет астанасы мен оның айналасында – 30% орын. Халықаралық туризмнен жалпы түсімі 1,3 млрд доллар. Мемлекеттің ЖІӨ 20% және экспорттың 95% астамы туризмге тиесілі.

Туристік аймақтары. Мандевилль курорты – Кингстоннан батысқа қарай 90 шақырым жерде керемет таулы климатты курорт орналасқан. Бұл бірінші дәрежелі спорт алаңдар мен оңаша виллалар қаласы.

Кокпит-Кантри кішкене батысқа қарай орналасқан елдің орталығындағы массивті әк тасты үстірт. Бұл әдемілігі көз тартатын жабайы аудан, үңгірлер мен су қоймаларына, сонымен қатар жабайы жануарлар мен эндемик өімдіктерге бай. Ал астанадан батысқа қарай 30 шақырымда орналасқан әйгілі Спэниш-Таун өзінің отарлық дәуірдегі үйлерімен кеңінен танымал.

Монтего-Бей – үлкендігі жөнінен елдегі екінші қала және елдің солтүстік-батысындағы курорттық аймақ орталығы. Мұнда елдегі сәнді қонақ үйлердің жартысына жуығы шоғырланған, керемет құмды жағажайлар, ежелгі сәулетті үйлер мен тропикалық өсімдіктер плантациялары да көп. Аралдағы ең жақсы гольф алаңдары да осында, сонымен қатар дайвинг пен серфинг үшін керемет жағдайлар жасалған.

Негрил – Ямайканың ең батысындағы және ең тез дамып келе жатқан курорт аймағы. Мұндағы аса сәнді жеті мильдік Калико-Джек жағажайы, Блуди-Бей айлағы, Буби-Бей айлағында 18 керемет рифтер мен аралдар көз тартады. Бұл әлемдегі экологиялық тұрғыдан ең таза курорттардың бірі болып табылады.

Очо-Риос курорты Ямайканың солтүстік жағалауының орталығында, атақты Дискавери шығанағының жағалауында орналасқан. бұл жерлер, ең алдымен, тамаша өсімдіктерімен танымал аралдың басқа ешбір жерінде гибискус, помсеттия және басқа да тропикалық өсімдіктер өсетін ну ормандар кездеспейді, сонымен қатар Раннауэй-Бей шығанағының тамаша жағажайлары да бар.

Порт-Антонио аралдың қиыр солтүстік-шығысында орналасқан. бұл тыныш пасторальды қалашық, мұнда ел халқының неғұрлым дәулетті бөлігі тұрады. Сондықтан да мұндағы курорттардың өзіндік ерекшелігі бар – жеткілікті түрде дәстүрлі, тыныш және мұнда Ямайканың басқа курортты аймақтарындағыдай абыр-сабыр жоқ. Мұнда керемет Бостон-Бич жағажайы, Каслтон саябақтары, сән-салтанатты Кристал-Спринг курорты, Сомерсет және Рич-Фоллс-Климб сарқырамалары, көрнекі Велли-Хикс жазығы, ескі де-Монвин особнягі, Джордж бекінісі (XVII ғ.), әдемі Твин-Харбор айлағы, Рио-Гранде жазығы, Нонсач үңгірлері, атақты яхталар тұрағы Порт-Антонио мен таңғажайып Нейви-Айленд аралы орналасқан. Қала маңының әдемілігі соншалық, мұнда үнемі кинофильмдер түсіріледі.

Лттық ерекшеліктері. Ямайканың халқы. Арал халқының көпшілігі африкалықтардан пайда болған, бірақ қазіргі кездегі ямайкалықтардың ата-тектері Еуропа, Қытай, Үндістан мен Таяу Шығыстан келіп, аралас неке құрған келімсектер болып табылады. Халық саны 2 652 689 адам.

Кешкілік ямайкалықтар пабтарда жиналады. Дәлірек айтсақ, оның айналасында, өйткені оларға екі адамнан артық адамдар сыймайды. Ямайкалықтар, әлбетте, әңгіме-дүкен құруға келеді, бірақ көбінесе ішімдік ішіп билеуге келеді деуге болады. Пабтың қожайыны көшеге адам бойымен бірдей колонкаларды шығарып қояды да, бар дауысын шығарып регги емес, раганы (карибтік рэп) қосады. Регги – классика, мұндай музыканы шетелдіктер немесе жергілікті фанаттар тыңдайды. Ал қалғандары раганы жақсы көреді – бұл сәнді. Ямайкалықтарға рага гипноз сияқты әсер етеді. Дүкен сатушысы "пум-пум-пум" дегенді естісе болды, сол мезетте еріксіз билей жөнеледі. Кейде көшедегі полиция қызметкерлері, ауруханалардағы дәрігерлер, мемлекеттік шенеуніктер де өз қызметтерін атқару кезінде билеп кетеді.

Салт-дәстүрлер. Ямайкада қоғамның класс бойынша және этникалық тұрғыдан жіктелуі анық байқалады. Саны аз ауқатты классты жақын кезге дейін тек қана ақ нәсілділер құрады. Саны көптеу ортаңғы класс шығу тегі афроеуропалық метистерден, сонымен қатар Азия мен Таяу Шығыс елдерінен келген эмигранттардан тұрды. Саны ең көп әлеуметтік құқығы жоқ төменгі класс түгелімен дерлік Африкадан келгендерден құралған.

Ел халқының көпшілік бөлігі, әсіресе қалалар мен аз мөлшерде ауылдық жерлерде, кедейшілікте өмір сүреді. Соңғы онжылдықтарда Ямайка үкіметі халықтың жарлы топтарына көмек көрсете бастады. Қоғамдық қайыырмдылық жұмыстар бағдарламасы жүзеге асырылды, минимальды жалақы туралы заң қабылданды, міндетті медициналық сақтандыру енгізілді және муниципальды тұрғын үйлердің құрылысы басталды.

Бай музыкалық және би өнерінің дәстүрлері Ямайкаға африкалық мәдениеттерден қалған мұра. Бұл дәстүрлерді Боб Марли(1945–1981) сияқтырастафарийлік діни сектаның құрамында болған әншілер оларды джаз бен рок элементтерімен үйлестіре отырып қайта жаңғыртты. Регги стилі деп аталған бұл музыка бүкіл әлемде үлкен танымалдылыққа ие болды. Аралда жыл бойы музыкалық, мәдени, көркемдік және спорттық шаралар өткізіледі. Шілде мен тамыздаОчо Риос пен Монтего Бэй қалаларында Рэгги Сансплэш және Рэгги Самфест фестивальдары өткізіледі. Бұл екі керемет жағажайлық музыкалық фестиваль. Кингстон университетіндегі Ақпан Карнавалы – регги және калипсо музыкасы бар үлкен мереке. Аралда регаталар болып тұрады, мысалы, Майямиден Монтего-Бейге дейін ақпан айындағы Пайнэпл Кап Регатасы. Қала көшелерінде крикет матчтары жиі өткізіледі. Рождествода Джонкану тойланады – маскарадты костюмдермен қала көшелеріндегі шеру. Сәуірдің үшінші жексенбісінде аралда үлкен карнавал өткізіледі.

Ямайка тағамдары. Кариб бассейнінің елдері экзотикалық жемістер мен көкөністердің, жас балық пен шаянтәрізділердің, еттің негізі ретінде шоқа етінің, үй құсы мен кептірілген бұршақ пен астық тектестердің молдығымен ерекшеленеді. Осының барлығы қызықты үйлесімділікпен дайындалады, өте оңай, бірақ күшті дәмдеуіштердің хош иістеріне баса көңіл аудара отырып.

Ямайка тағамдары жергілікті өнімдер мен дәмдеуіштердің ерекше үйлесімді қосындысы болып табылады. Тағам бірнеше сағат бойы, далада үйдің алдында тұратын төменгі отты пештерде дайындалады. Ямайкада сонымен қатар вегетариандарға, итальян тағамдарын жақсы көретіндерге және т.б. арналған көптеген тамаша мейрамханалар бар. Ямайкада сізге жұлдыз-алма, папайя, авокадо, тәтті және қышқыл соп, гуава апельсині сияқты нағыз экзотикалық жемістердің дәмін татуды ұсынады. Аралда ананастар, манго мен банандар өте мол өседі. Жалпыға белгілі жемістерден басқа экзотикалық жеміс-жидектердің дәмін татқан әлдеқайда қызықты: ораник (апельсин мен мандариннің гибриді), угли ( грейпфрут пен мандариннің гибриді), нан ағашының жемістері мен т.б.

 

Date: 2015-06-07; view: 3256; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию