Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Оңтүстік Шығыс Азия – Индонезия, Таиланд, Сингапур





Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы екі туристік макроауданға бөлінеді: континентальды және аралдық.

· континентальды ауданға – Бирма, Таиланд, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Малайзия, Сингапур мемлекеттері жатады, аталған елдердің әрқайсысы мезоаудандық категорияларға бөлінеді;

· аралдық макроаудан – Индонезия мен Филиппинді қамтиды.

Индонезия («аралдағы Үндістан») – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Азия және Аустралия құрлықтарының аралығындағы Малай топ аралдарындағы 13700 аралға орналасқан.

 

 

 

Индонезияның оңтүстігінде: Суматра, Ява, Тимор және өзге де аралдар, солтүстігінде Борнео (Калимантан), Сулавеси, Жаңа Гвинея, Молукк аралдары созылып жатыр. Суматрадан Тиморға дейін жанартаулық аралдар тізбектелген. Бұл аралдардағы ең биік нүктелер Суматра аралындағы Керинчи тауы (3800 м) және Ява аралындағы Семеру тауы (3676 м). Солтүстік аралдарда жазықты қоршап жатқан тау жоталары бар. Жаңа Гвинея аралында елдің ең биік нүктесі Пунчак-Джая тауы (5030 м) орналасқан. Аралдарда жер сілкінісі жиі болады, көптеген жанартаулар әлі де сөнбеген.

Елдің климаты тропиктік. Жылына екі муссонды кезең маусымнан қазанға дейін құрғақ, қарашадан наурызға дейін ылғалды болады. Жыл бойына ауаның ылғалдылығы 80%. Ең ірі өзендері: Калимантан аралындағы Капуас және Суматра Кампар. Егін шаруашылығына жарамды жер бүкіл ел аумағының 9,5 % -ын ғана құрайды.

Индонезияның қөрікті орындары: Менгвидегі ғибадатхана және Братан көлі; Қасиетті Орман (Алас Кедатон); Танах Лот ғибадатханасы; Улувату құзы (скала); Денпасар қаласындағы Пура Джагатмахтаның ғибадатханасы және Бекасих ғибадатханасы.

Бали аралының феномені – минералды бұлақтары (Тампаксирингтегі Гура Тирта Емпул монастырындағы емдік қасиеті бар бұлақ). Белгілі аралдық жағалаулар – Санур, Кута, Нуса, Дуа, Беноа, Канди Даса, Убуд және басқалары.

Индонезия табиғи ортасы алуан түрлілігімен ерекшеленеді, сонымен қатар көптеген тарихи ескерткіштер туристердің қызығушылығын туғызды. Негізгі туристік аудандарға: Ява, Бали, Суматраның солтүстік және оңтүстік бөлігі, Сулавеси аралының оңтүстігін қосуға болады.

Ява – елдің әкімшілік, мәдени және тарихи орталығы саналады. Бұнда халық өте тығыз қоныстанған, шаруашылығы біршама дамыған архипелаг. Яваны 3 туристік ауданға: Батыс (Джакартаны қоса алғанда), Орталық және Шығыс.

Джакарта – Индонезияның астанасы, елдің экономикалық саяси орталығы, 8 млн-ға жуық тұрғыны бар. Қаланың маңызды туристік нысандарына ХVІІ-ХVІІІ ғғ. сәулет ескерткіштері (Пенанг қақпасы, португальдық шіркеу мен көне ратуша), Джакарта мұражайымен қызықтырады. Индонезия мәдениеті институт жанындағы мұражай үлкен маңызға ие, онда елдің тарихы мен мәдениетіне арналған көптеген экспонаттар жинақталған; музыка Академиясы бар.

Аралдың батысында шағын курорттар, олардың арасында Богор (ботаникалық бағы бар), Бандунг (Тангкубан Пераху жанартау кратері) және Унсунгкулон ұлттық бағы бар. Орталық Ява көптеген ескерткіштермен, буддалық және индуистік қасиетті орындармен, әсіресе Боробудур мен Прамбанан орындары біршама танымал. Басқа да киелі орындар аралдың орталық бөліктерінде – Павон, Медут және Каласан. Бұл аймақ халық өнері мен қолөнер, әсіресе сурет салу мен ұлттық би өнерімен танылған. Орталық Явадағы басты қала Джакартада туристердің қызығушылығын туғызатын Кравом сұлтанның сарайы бар.

Шығыс Ява – маңызды туристік ауданның бірі. Мұнда көптеген қолайлы теңіз курорттары бар, барлық жағдай жасалынған. Индонезияның дүние жүзіне танымал туристік аймағы – Бали аралы. Ол өзінің табиғатының құндылығына байланысты маңызға ие, ерекше қайталанбас халықтық мәдениеті және туристік тауардың тасымалдануында кәсіби ұйымдастырылған жүйенің болуы. Бали аралы туристерді тек өзінің сұлу табиғатымен ғана емес, ерекше бай мәдениетімен, қонақжайлылығымен тамсандырады. Бұнда жетекші қонақүй желілері бар: Sheraton, Ritz-Carlton, Four Seasons, Hilton және басқалары. Бали аралы – Индонезияның маңызды туристік орталығы, оның негізгі курорттарына: Нуса Дуа ауданы; Кута ауданы мұнда көбінесе жастар демалады, серфинг спорт түрін сүйетіндерді аса қызықтырады; Сануар ауданы – тыныш демалысты сүйетіндердің демалу орындары. Бали – үлкен экскурсиялық әлеуеті бар арал. Балидегі барлық отелдер қайталанбас ұлттық стильде салынған, алтын балықтың фантастикалық түрлігімен көркем. Жабайы табиғат пен белсенді демалысты ұнататын туристерге көптеген жағдайлар жасалынған: көлдің үстіндегі өткелдерден өту, ежелгі вулкандардың кратерлерінде қайықпен жүзу, джип-сафари және тағы да басқа түрлері бар.

Зонд архипелагында – Индонезия, Үлкен Тосқауыл маржандары және үш әлемдік ареалдарымен әйгілі Қызыл теңіз және тағы басқалары кездеседі.

Келесі туристік аудан – Суматра аралы. Арал түгелдей қалың экваторлық орманмен, таулармен және бұнда халық аз шоғырланғандығымен ерекшеленеді. Аралдың солтүстігінде каучук ағаштарының плантациясы жайқалып тұр. Бұл ауданның біршама белгілі туристік нысаны – таудағы Тоба көлі және Гунунг Лесердегі Орангутан орталығы саналатын ұлттық парк. Сонымен бірге бұнда көбелектердің түрлерінің коллекциясы жинақталған қорық бар.

Сулавеси аралы (Целебес) - өзінің сұлу табиғатымен көзге түседі. Тангкоко ұлттық бағы өсімдік жамылғысымен ерекше, онда сирек әрі эндемикалық жануарлардың түрлері бар: Мадео құсы (тауық жұмыртқасына қарағанда алты есе үлкен), бабироса (кішкене аң), әлемдегі ең кішкентай маймылдар – кускус пен тарисус те осында.

Индонезияда туристік нысандарға кішкентай Комодо аралы (Суматра мен Флорес аралының ортасында орналасқан), әлемдегі тек осында мекендейтін варандар (ірі жыртқыш), ұзындығы 5 м-дей; Борнео (Калимантан) және Ломбок аралдары сұлу көріністерімен мақтанады.

2000 жылы Индонезияға 5 млн-нан астам шетелдік туристер келген. Туристердің басым бөлігі Шығыс Азия мен Мұхиттық аралдардан (3,9 млн. адам), жалпы келген адамның 76%, Еуропадан (800 мың) – 14%, Америкадан (232 мың) – 4,7%. Шығыс Азиядан келетін елдерден Сингапур алдыңғы орында (1 млн-нан астам адам), Малайзия (511 мың), Жапония (486 мың). Ал Еуропалық елдерден Германия (167 мың), Ұлыбритания (165 мың), Нидерланды (136 мың) және Франция (80 мың адам). Америкалық аймақтан әсіресе АҚШ алдыңғы орында (155 мың адам) демалу мен көңіл көтеру мақсатында келетіндер – 56%, ал іскерлік мақсатта – 26%. 2000 ж. елге туризмнен түскен 5,7 млрд. долларды құраған.

Таиланд («тай» - халқының этнонимінен шыққан), Оңтүстік-шығыс Азияда Үндіқытай және Малакка түбектерінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және шығысында Лаоспен, Камбоджамен, оңтүстігінде Малайзиямен, батысында және солтүстік-батысында Мьянмамен шектеседі. Жағалауларын Андаман теңізі және Оңтүстік-Қытай теңізінің Сиам бұғазы шайып жатыр.

Таиландтың туристік-рекреациялық ресурстары:

· табиғи: климат, су ресурстары, минерал көздері, емдік балшықтар, жер бедері, үңгірлер, өсімдік және жануарлар әлемі, табиғи ескерткіштер, қорықтар, ландшафттар, сирек кездесетін табиғат ескерткіштері, басқалары;

· мәдени-тарихи: мұражайлар, көрмелер, театрлар, археологиялық, тарихи, сәулет ескерткіштері, этнографиялық ерекшеліктер, фольклор, қолданбалы өнер орталығы және т.б.

· әлеуметтік-экономикалық: экономикалық-географиялық жағдай, аумақтың көлікке қашықтығы, оның экономикалық даму деңгейі, қазіргі заманға сай және перспективалы территориялық ұйымы, халықты қамтамасыз ету деңгейі, еңбек ресурстары, халықтың ерекшеліктері, көлік желісінің даму деңгейі.

Таиланд тарихи ескерткіштерге, алғашқы тропикалық әсемдікке және батысеуропалық үлгіде жабдықталған қазіргі заманға сай өркениет объектілеріне тұнып тұр.

Табиғат ресурстары. Таиланд Оңтүстік-Шығыс Азияда Үндіқытай түбегінде орналасқан, Андаман теңізі оңтүстік-батысында және Сиам шығанағын оңтүстік-шығысында шайып жатыр. Оның нобайы пілдің басын елестетеді және де көбіне таиландтықтар Таиландты «піл елі» деп атайды, ал корольдің нышаны ақ піл болып табылады. Территориясының жалпы көлемі – 513 115 шаршы шақырым, бұл дегеніміз Францияның аумағымен шамалас болып келеді.

Таиландтың астанасы – Бангкок (тай тілінде «Крунг Теп» - «Періштелер қаласы») елдің ең ірі қаласы. 1995 ж. Банкгог Азияда 7 млн-дай тұрғыны бар ірі 17-ші қала болды.

Таиландтың көршілері (солтүстіктен сағат тілімен жүріп отырғанда) Лаос, Камбоджа, Малайзия және Мьянма (Бирма). Шығысында, аса биік емес тау жүйелері маңында (700-1000 м), Корат таулы үстірті тараған, ол ормандарды қарқынды кесіп тастау нәтижесінде ешбір өсімдіксіз қалған. Елдің батысында тау қыраты (1500-2000 м) тараған, ол бұзылмаған ормандарымен орталық аудан мен Бирмамен шекара арасындағы кедергі болып келеді. Бұл қыраттар Малакка түбегінің солтүстік бөлігін қамтиды, яғни оңтүстік Таиландтың таулы жер бедеріне негіз болады.

Таиландты географиялық жағынан алты негізгі ауданға бөліп тастауға болады: таулы Таиландтың солтүстігі.Таиландтың солтүстігінде Гималай тауының ормандар басқан сілемдері жайылған. Таиландтағы оның ең биік шыңы – Дои Интханон тауы теңіз деңгейінен 2600 м-де елдің солтүстік-батысында, Чанг Май тауына жақын жерде орналасқан. Мұнда ормандарда жұмыс жасап жүрген пілдерді кездестіруге болады, қоңыржай жерлерде қысқа температура бүлдірген мен шабдалы сияқты жеміс-жидектер өсіруге қолайлы.

Үлкен солтүстік-шығыс үстірті – Корат, солтүстігінде Меконг өзенімен шектескен. Мұнда 5,5 мың жыл бұрын Қола дәуірінің ең ежелгі өркениеттерінің бірі пайда болған. Аса биік емес тау сілемдері (700-1000м), таулы Корат платосы жайылған, ормандарды қарқынды кесіп тастау нәтижесінде ешбір өсімдіксіз қалған.

Орталық жазықтық, табиғат жағдайы бойынша дүниежүзіндегі күріш пен жеміс өсіруге қолайлы аумақ.

Шығыс жағалау маңы жазығы, керемет құмды жағажайларымен белгілі, онда әлемге атағы әйгілі теңіз курорттары орналасқан: Самет аралы, Ко Чанг аралы, Ка Маак, Ко Куут.

Батыс таулары мен жазықтығы. Бұл жерлер су энергетикасын дамытуға қолайлы. Елдің батысында тау қыраты (1500-2000 м) тараған, ол бұзылмаған ормандарымен орталық аудан мен Бирмамен шекара арасындағы кедергі болып келеді. Бұл қыраттар Малакка түбегінің солтүстік бөлігін қамтиды, яғни оңтүстік Таиландтың таулы жер бедеріне негіз болады.

Оңтүстік түбек, жергілікті табиғаттың әсемдігімен таңқалдырады. Елдің оңтүстік жағалауы сансыз шығанақтарымен және таза құмды жағажайларын, екі теңіз шайып жатады: батысында Үнді мұхитының Андаман теңізі батысында және шығысында Сиам шығанағы қарайтын Оңтүстік-Қытай теңізі.

Су ресурстары. Таиландтың өзендер жүйесі күрделі болып келеді. Өзендеріне жыл бойына су мөлшерінің күрт өзгеруі және муссондық жаңбырларлар мезгілінде су тасулар тән болып келеді. Барлық дерлік өзендер солтүстік аудандарда таулардан бастау алып Сиам шығанағына құяды.

Елдің өмірінде, Таиландтың ең ұзын және суы мол Менам-Чао-Прайя өзені үлкен маңызға ие. Оның ұзындығы – 1200 шақырым. Өзінің ағыстарымен ол күріш өсіретін аудандарды суландырады. Шексіз каналдармен – клонгалардан – су өзеннен күріш алқаптарына жетеді. Мамыр айынан қазан айына дейін, жаңбырлы кезеңде, Менам-Чал-Прайя ағып жатқан барлық ойпаттар суға толады. Басқа өзендер: шығыс және бір жерлерде Таиландтың солтүстік-шығыс шекарасында Меконг өзені ағып өтеді. Сонымен қатар Меконг Мун өзенінің оң ағысы да біршама маңызға ие. Батыс шекара жанынан (көбіне) – Салуин өзені.

Көлдер аса маңызға ие емес; ең ірісі – Кам (Меконг өзені жүйесіндегі). Таиландтықтардың өміріндегі көп нәрсені су анықтайды: егін шығымы суға байланысты; каналдар мен өзендер арқылы егінді қалаға сатуға жеткізеді; тар ұзын қайықтарда – сампангаларда – каналдар мен өзендердің жағалауларында орналасқан ауылдар арасында байланыс орнатылады. Көптеген ауылдар су үстінде қазықтарға тұрғызылған. Біршама шаруалар үлкен циновкамен қапталған қайықтарда, әсіресе ұзаққа созылған су тасқыны кезінде тұрады. Себебі өзен – үнемі қамқоршы мен қорғаныс бола бермейді. Су тасқыны кезінде ол халық ертегілеріндегі айдаһар секілді қатал және мейірімсіз болады. Өзендер мен каналдарда балықтар көп, сол себепті шаруалардың көбі балық аулаумен шұғылданады.

 

 

 

Туристік компаниялар Таиланд өзендері бойынша көптеген турларды ұсынады. Мысалы, Квай өзені бойынша тур, тубинг (өзен ағысымен автомобильді камерамен жүзу) және жерасты тубингі (жерасты өзендерімен тубинг), сонымен қатар каякинг және рафтинг.

Бұған дейін айтылғандай, Таиланд флорасы мен фаунасының түрлері көп. Бұл аймақтарда дайвинг кең тараған. Экзотикалық Андаман теңізінде Патонг жағалауынан (Пхукет көлі) солтүстік-батыстағы 90 шақырым жерде Бирма мен Таиландтың шекарасында 7 мильге созылған 9 граниттік әдемі аралдар тіркесі созылып жатыр. Оңтүстігінде әлемдегі ең керемет 10 орындардың бірі болып табылатын тоғыз Симилан аралдары дайвингке арналған; ал солтүстігінде кішігірім Сурин архипелагы, Ко Бон, Ко Тачаи және атақты Скала Ришелье аралдары ашық теңізден көтеріліп шығып, акулалар мен үлкен скат – манттарға пастбище болып табылады. Мұнда ешкім тұрмайды.

Таиландта негізінен дайвинг орталығы болып саналатын Пхукет аралы. Мысалы, PADI жерастында сүңгуір халықаралық мектебі арнайы «Дискавери Скуба Дайвинг» бағдарламасын дайындаған.

Климаты. Таиландқа тропикалық климат пен 3 жыл мезгілі тән. Мамыр айынан қазан айына дейін созылатын жауын-шашын мезгілінде елдің барлық аумағына нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары басым болып келеді. Қарашадан ақпанға дейінгі құрғақ қыста мұнда жұмсақ ауа-райы орнығады және күндізгі температура жартыжылдықтан кем түспейді. Түнде Таулы Солтүстік Таиландта температура 0ºС-ге дейін төмен түседі, ал Бангкокта ол 16ºС-ді құрайды. Елдің оңтүстігінде температура одан жоғары. Ыстық кезеңде – наурыздан мамырға дейін, аптап ыстық пен ауаның жоғары ылғалдылығы орнықты. Түбектің шығыс бөлігінде өзіндік ерекше климат қалыптасты, оған жыл бойына бірқалыпты жауын-шашын тән, тек қана қыркүйекте қатты жауын күшейеді.

Таиландта демалу үшін қолайлы мезгіл – қыс. Бұл мерзімде жаңбыр мүлдем болмайды және ол елде ұзаққа созылатын жаяу экскурсияға еш кедергі келтірмейді. Ыстық кезде аптап ыстықтан тайлықтардың өзі шаршаса, ал европалықтар олардан қорғанысты жағажайлардан іздейді. Пхукет мен Пхи Пхи аралдарында жауын-шашын мамыр-маусым айларында, ал Самуй аралында – қазан-қараша айында жауады.

Мәдени-тарихи ресурстары. Король сарайы мен Таиланд ғибадатханасы. Король сарайының негізін Таиланд королі Рама 1782 жылы қалаған. Бұл туристердің көп баратын орындарының бірі. Сарай үлкен кешен болып келеді, оған король резиденциясы, ғибадатханалары, кітапханалар кіреді. Әсіресе Изумрудты Будда ғибадатханасы атақты, онда елдің басты жәдігері – нефриттен жасалған Будда бейнесі сақталады.

Раушан бағы мен Банкгог каналдары. Тропикалық қала сыртындағы саябақ және өзен жағалауындағы кантри-клуб Банкгогтан 1 сағаттық жерде орналасқан. Оның аумағында 18 қуысқа арналған ғажайып гольф алаңы бар. Оның қасында – тай ауылы, онда тайлық неке салтанатының куәгері болуға, ұлттық билерді, пілдердің шоуын көруге болады.

Банкгог маңындағы – Тхонбури «Шығыс Венециясы» деген атпен мәлім каналдарымен қайықпен серуендеуге болады. Жолда Банкгогтың негізгі көрнекті орны – Зари ғибадатханасын қосуға болады, оның биіктігі 126 м. Ғибадатхана атауы үнді Аруна құдайы – таң құдайы атынан шыққан.

Джим Томпсонның үйі. Д. Томпсон – Тайланд тарихындағы ең бір жұмбақ адамдардың бірі. Д. Томпсон – американдық, ХХ ғ. 50 жылдарында Тайландтың жібек индустриясы қайта өрлеген кезеңде байып, тай жібегін әлемге танытқан адам. 1959 ж. ол Банкгогқа провинциядан тай үйлері мен ХVIII-XIX ғғ. құрылыс үлгілерін көшіріп, олардан тұрғын үй кешенін салмақшы болды. Уақыт өте келе ол оларға Оңтүстік-Шығыс Азияның антиквариаты жиынтығын енгізді. 1967 ж. Д. Томпсон Малайзия джунглиясында серуендеу кезінде жоғалып кеткен.

Аспан асты сарайы. Аспан асты сарайы Чулалонгкорна королдің сүйікті резиденциясы болды, әлі күнге дейін әлемдегі ең үлкен ғимарат. Сарайда король отбасына тиесілі жәдігерлер сақталған.

Алтын тау. Қолдан жасалған үйінділерден тұрғызылған биіктігі 78 м-лік будда ғибадатханасы, оның орталық пагодасында Будданың мүрдесі жатыр.

Қалқымалы базар. Банкгогты ертеректе Шығыстың Венециясы деп атаған: тұрғын үй кварталдары Менам-Чао-Праи өзені жағалауына , оның ағыстарымен клонгаларына орналасқан. Клонгалар саны (каналдар) 170-ке дейін жеткен, қазір олардың саны 140-қа да жетпеді. Бізге дейін мына салт-дәстүр сақталған: таң сәріде «Қалқымалы базарларда» қайықтарда сауда жүреді, түсте базар жан-жаққа жүзіп кетеді.

Қолтырауындар фирмасы. Бұл жер «қолтырауындарды қолмен ұстау» деген атаумен экзотикалық шоу өтетін орын, оған адам, крокодил мен жыландар қатысады. Фермада 40 мың қолтырауын мен зообақ бар, ол жерден қолға үйретілген арыстандар, маймылдар, жыландарды көруге, олармен суретке түсуге, пілдердің үстінде серуендеуге болады.

Аюттхая. Бұл ежелгі қала – Тайландтық бұрынғы астанасы (1350-1767), Банкгогтан 80 шақырым жерде орналасқан. Аюттхая құлағанға дейін 400 ғибадатхана, 3 сарай, 12 шақырымдай қамал қорған, 17 кішігірім қамал және 100 қала қақпасы болған. Қалада сонымен қатар 50 шақырымға созылған каналдар жүргізіліп, сол себепті Шығыс Венециясы деген атауға ие болды.

Аюттхаяға кең тараған көне ғибадатханалар мен қираған ғимараттар мәдени ескерткіштері мен халықаралық маңызға ие. Бұл тізімге ХIV ғ. жататын Вэт Пхра Си Санпхет кіреді, ол өз кезегінде қаладағы ең ірі ғибадатхана, онда бір кездері 16 м-лік 250 кг алтынмен апталған Будда мүсіні тұрған. Өкінішке орай, бирмалық жаулап алушылар оны ерітуді өздерінің парызы санады.

ХVI ғ. сақталған қорғанға ұқсас Вэт Пхра Меру 1767 ж. қираудан аман қалды және де тақта отырған 6 м-лік Будданың мүсінімен, 1300 жыл бұрынғы Цейлоннан әкелінген жасыл тастан жасалған Будда мүсінімен мақтан ете алады. Вэт Пхра Чао Пханан Чоенг ХIV ғ. Аюттхая сиам астанасы болғанға дейін тұрғызылған. Онда 19 м-лік Будда мүсіні орнатылған.

Қалпына келтірілген Пілдер Краалы – көптеген ғибадатханаларға барудан шаршағандарға жеңілдетеді. Үлкен ағаштан тұрғызылған ғимарат тік бөренелерден салынған.

Көне астана барлық жағынан керемет қала болды, онда келуге голланд, португал, француз, ағылшын, қытай және жапон көпестері ұмтылды. ХVІІ ғ. аяғында Аэттхая халқы млн-ға жетті, және онда келушілердің көбі қаланың кереметтігін растады.

Ұлттық саябақтар. Таиланд ұлттық саябақтарға бай, барлық елде 250 мың шақырым алып жатқан 70-ке жуық ұлттық саябақтар мен қорықтар бар. Барлық ұлттық саябақтардың ішінен көп баратын және қызықтыларын атап өтсек: Кхао Яй, мұнда жабайы жолбарыстар, арыстандар, пілдер және басқа да аңдар тіршілік етеді, орхидея өседі. Саябақта демалыс пен серуендеуге орын жетерлік.

Дои Интханон қыналардың сирек кездесетін түрлерімен, жабайы орхидеямен қызықты. Мұнда тауда мео және карен сияқты халықтардың ауылдары мекендеген.

Самет аралында теңіз шығанақтары мен жағажайлар көп, және дайвинг пен балық аулауға құмарларға қызық болып келеді.

Пханг Нга саябағы тек қана үңгірлері мен аралдарымен емес, сонымен қатар Джеймс Бонд туралы фильм түсірілуіменде белгілі.

Ұлттық саябақтардың артықшылықтарын тоқтаусыз келтіре беруге болады, табиғатынан басқа, Таиланд – бұл мәдениет және салт-дәстүр. Мысалы, Бангкок – тарихи орындардың шоғыры. Бангкокте Зари ғибадатханасы, Изумрудты Будда ертегі ғибадатханасы, Виман Мек Сарайы секілді ғибадатханалар бар.

Солтүстік Тайланд – бұл тай өркениетінің бесігі деген атаумен белгілі Алтын үшбұрыштың бір бөлігі. Солтүстік Тайланд – керемет те әдемі өңір. Ежелгі қалалар, тай және бирма ғибадатханалары, жылы шырайлы халқы, ұлттық мерекелері – осының бәрі Солтүстік Тайландтың нағыз көрнекті жерлері. Солтүстік Тайландқа келгендегі туристердің назарына Махатхат, Си Чум ғибадатханалары, Чанг Лом және Чеди Чет Тхео ғибадатханаларының қалдықтары ұсынылады. Лампанг провинциялық орталығы бирма үлгісінде салынған ғибадатханалармен қызықты.

Тайландтың оңтүстігі тамаша жағажайымен және тропикалық өсімдіктерімен, демалыс орындары мен курорттарының көптігімен атақты. Сарқырамалар мен су құстарының саябағы, Сонгкхла көлі жанына орналасып, үнемі туристер мен орнитологтардың назарын аударады, оның аумағында 140 құс түрі бар. Түнгі өмірді ұнататындарға Сунгай Голок қаласы қызықты.

Тайландтың шығысы әсем табиғатты теңіз курорттарының, ұлттық саябақтарының көбі осы жерде. Таиландтың шығысында адам аяғы баспаған ормандары бар елсіз аралдар көп.

Таиландқа барғысы келетін туристерге – тақырыптық турлар құпиялары мен жұмбақтарын ашатын турлар ұсынылады (арнайы).

Салт-дәстүрлері. Басқа шығыс елдері сияқты Таиландтың өзінің салт-дәстүрлері бар. Сол себепті Таиландта демалуды жөн көргендерге онда бұл әдет-ғұрыптарды бұзбауға тырысу керек. Бастысы Таиландқа бармай тұрып оларды айыруды үйрену керек, әсіресе туристік аумақтан сырт жерлерде байқаған дұрыс.

Тур кезінде қате жібермеудің қарапайым тәсілі – күдікті жағдайларда тайлықтардың өзінің қимылдарын қайталаған дұрыс. Мысалы, мұнда королдік әнұранды орындауда орыннан тұрады, қыдырып келушілерге елді сыйлағанның белгісі ретінде олардың үлгісін қайталаған пайдалы.

Көптеген ғасырлардан бері Таиландта бір-бірлерін қол алып қарсы алмайды. Бұл елде курорттарда да қол алып амандаспайды. Тайлықтардың амандасуы – бұл дұға еткендегідей екі алақанын бір-біріне қаратып, бетінің тұсына апару.

Бас тайлықтар үшін қасиетті сол себепті басты және маңызды дене мүшесі. Тайлықтардың сенімі бойынша онда адам өмірін сақтайтын қорғаушы-рух отырады. Сол себепті тайдың басына қол тигізуге болмайды, тіпті ол жылы шырайлы достықтың белгісі ретінде баланың басын сипау болса да олар үшін бұл тіл тигізген секілді болып көрінеді. Сонымен қатар тайлықтардың иығын қағуға және олардың алдында Будда істейтіндей аяқты айқастырып отыруға болмайды. Будда мүсіні жанында суретке түсуге болмайды, себебі адам бұлайша буддаға арқасымен қарайды. Ал естелік үшін мүсінге шығып суретке түсуге мүлдем рұқсат берілмейді. Таиландта әскери нысандарды суретке түсіруге және ғибадатхана ішінде видео мен суретке түсіруге рұқсат берілмейді. Тайлықты суретке түсірердің алдында оның рұқсатын алу керек.

Бұл елде дауыс көтеру – мүлдем моветон, тайлықтар күшті эмоциялар шығармауға тырысады. Ашуын сыртқа шығару, жай ғана қатты сөз мұнда дөрекілік және тәрбиесіздікке жатады.

Тай әйелдеріне олардың рұқсатынсыз қол тигізуге болмайды, себебі олардың көбі консервативтік көзқарасты ұстанады. Таиландта әйел мен ер адамның арасындағы жақын қатынасты сыртқа көрсетпейді, қазіргі тай жұптары қоғам қолдауымен ғана бірге қол ұстасып жүре алады.

Тайлықтардың тағы да бір салты түсініспеушілік туғызады. Тайлықтар олардың үйін рухтар қорғайтынына қатты сенеді. Сол себепті әрбір үйдің, кеңсе ғимаратының қасынан «тұрғын үй қорғаушысын» кездестіруге болады.

Дін. Таиландты күлкі елі деп аталуы халқының діни бірлігімен байланысты: 95 % тайлықтар буддизмді ұстанады. Будданы оқу мұнда б.э.д ІІІ ғ. келген. Тайлықтар тхевараданың буддизмін ұстанады, бұл діннің ежелгі тармағы. Оның негізінде – король Рама ІІ аударған ең көне қасиетті мәтіндер жатыр. Жайдарлылық пен сабырлық тай мінезінің басты сипаты, үнемі асығып жүретін фарангтарға (онда еуропалық нәсілділерді осылай атайды) – нағыз мәдени естен танарлық жағдай.

Таиландта болғанда жергілікті тұрғынға арналған екі қасиетті нәрсе туралы есте сақтаған дұрыс – дін мен монархия. Таиланд – ертеден сонда тұрып келе жатқан монархист үшін алтын арман. Тайлықтар өзінің монархы мен оның отбасын жақсы көреді. Қазір Таиландта Пумипон Адульядет король билік етуде. Кез келген король отбасына қарсы дөрекі қылық заңмен қудаланады. Король отбасына қатысты тек мақтау әңгімелері ғана айтылады, кез келген жағдайда болмасын монархтардың жеке өмірі туралы пікір айтылмайды.

Тай массажы. Тай массажы көптеген ауруларды емдейтін таңқаларлық тәсіл. Бұл толықтай бір жүйе, оның кезінде адамның 5 сезім органына әсер етеді. Оның нәтижесінде адам өзін жеңіл сезініп, күнделікті адамға тән физикалық және психололық қысымнан босана алады. Дәрігер үшін – бұл Таиландта пайда болған рухани тәжірибе. Тайларда бұл «метта» деген атауға ие – адамдарға жақсылық сыйлау, шамамен аударғанда «емдік махаббат жақсылығы». Бұл күшті сауықтыру процедурасы. Таиландта ол дәстүрлі медицинада жетекші орынды ала отырып, тайларға ұзақ уақытқа дейін жас болып қалуға мүмкіндік береді. Олар Еуропада тараған көптеген аурулармен ауырмайды. Әйелдер 50 жасқа келгенде бала туады бұл оларда қалыпты болып саналады. Тайлар өздерінің массажының негізін салушы деп Шиваго Компараджаны санайды, ол Солтүстік Үндістандық дәрігер, оны «тай медицинасының атасы» деп таниды. Ол 2500 жыл бұрын өмір сүрген, Будданың досы болған және барлық қазіргі медицинаны алмастыра алатын массажды ойлап тапқан.

Тай асүйі. Тай асүйі әлемдегі ең бір тамаша асүй. Ол өзінде ең керемет үнді және қытай асүйін біріктіреді. Лапша, карри, қышқыл және тәтті тағамдар, экзотикалық ингредиенттер және түрлі дәмдеуіштер. Тай асүйі көп жағдайда қайталанбас болып, тайлықтардың тағамды жаңаша бір ерекше түрге айналдырғанымен түсіндіріледі. Тайлықтар ас ішу кезінде пышақты пайдаланбайды, кез келген тағамда барлық өнімдер ұсақталып туралған. Барлық құрамдық қоспалары шамалы уақыт қуырылады және қайнатылады, бірақ толықтай астың дайындалуына ұзақ уақыт кетеді. Әрбір тағам өзінше ерекше, тек қана өнімге байланысты ғана емес сонымен қатар аспаздың жеке өзіндік ерекшелігіне де байланысты болады.

Баланс тай асүйінде өте маңызды, мысалы, қуырылған тауық еті Чили сорпасымен үйлесім табады. Күріш еуропа асүйіндегі нанмен тең. Барлық тағамдар жылы немесе бөлме температурасында ұсынылады, ал күріштен әлі де болса бу шығып тұруы керек. Көп жағдайда тағам жасыл пиязбен және кориандр жапырағымен әрленеді. Ас қабылдау әдетте жеміс жеумен аяқталады.

Тай асүйінің негізі – бұл бес дәмнің қосындысы – тәтті, қышқыл, тұзды, ащы және өткір ащы. Тай асүйінде тағамға сәйкесінше дәм беретін ингредиенттер төменде келтірілген:

Тәтті – қант құрағы немесе қант пальмасы, піскен ананас қышқыл – лимон, лайм, піспеген манго немесе ананас, сірке қышқылы, ma-euk (Solanumferox – қышқыл баклажан тәрізді өсімдік). Тұзды – тұз, nam plaa (тай балық тұздығы). Ащы – ma-ra (ащы қияр). Өте ащы – жаңа піскен немесе кептілілген чили бұрышы.

Тай асүйінің барлық тағамдарын төрт категорияға бөлге болады:

- өте ащы емес, тез және жақсылап қуырылған, буға пісірілген тағамдар, және қытай рецептіне ұқсас сорпалар;

- ащы кокос сүтінсіз салат түріндегі немесе жай қуырылған тағамдар;

- дәмдеуіштермен тағамдардың ащылығы түрлі болып келеді, көкөніс салаты және еттен дайындалған салаттар: тағамдар тәтті, қышқыл немесе дәмі ащы болып келуі мүмкін;

- дәмі қышқыл болып дайындалған көкөністер.

Таиландта арнайы орнатылған ас дайындау ережесі жоқ. Қатаң тәртіп және асты ұсыну және ас ішу нұсқауы жоқ, батыстағыдай – бірінші, екінші, десерт. Таиландта бұл тәртіпті бұзуға болады.

Жоғары да айтылғандармен қатар Таиландты асты өте керемет дайындайтын ел екендігін айта кеткен жөн. Таиландқа келісімен қонақтарды ұзақ уақыт бойы қалыптасқан тамаша тай асүйі күтіп тұрады. Тай асүйінің ерекшелігі көп мөлшерде балық, сондай-ақ ет өнімдерін қолдануы болып табылады. Себебі балық тайлықтар асының негізгі өнімі. Көкөністерді турауда тайлықтар түрлі формаларды пайдаланады, сонымен қатар тай асүйі тай асүйінің бас аспазы жасайтын түрлі суреттерімен де ерекшеленеді. Таиландта тағамдардың әртүрлілігі жыл мезгіліне байланысты болып келеді, сол себепті де Таиландқа турмен жылы кезеңде барған жөн. Тай халқы тамаққа бас назар аударады. Тағам дайындауда ең жақсы қоспаларды пайдаланады. Тайлар ет пен балық өнімдерінен басқа көкөністерді қатты ұнатады, және де оларды көп мөлшерде тұтынады.

Өздерінің ерекше асүй дәстүрлерін сақтай отырып, таиландтықтар елінің мәдениетіне тағы бір элемент қосады. Фестивальдар мен жыл сайынғы мерекелер. Тайлықтар – көңілді және сезімтал халық. Сол себептен де жыл сайынғы фестивальдар, атаулы күндер және мерекелер олардың өмірінде басты рөл атқарады. Көптеген тай фестивальдары көңілді және әрлі болып келеді, тайлықтар туристтерді үнемі оларға ат салысуға шақырады. Басқа атаулы күндер салтанатты түрде өтеді. Буддалық діни ырымы, шексіз күлкі немесе экзотикалық салт-дәстүр екендігіне қарамастан, барлық мейрамдар туристер үшін есте қаларлық жайт болады және Азияның ең экзотикалық елі – Таиландтың мәдени мұрасын терең түсінуге көмектеседі.

Көптеген фестивальдар буддизммен, күріштің пісу мезгілімен, Таиланд королдерінің өміріндегі тарихи күндермен байланысты болып келеді. Кейбір мейрамдар белгілі бір күні өтеді, ал басқалары негізінен буддалық мерекелер ай күнтізбесіне байланысты өтеді.

Басты дәстүрлі мейрамдар Таиландта жыл мезгілдерімен тығыз байланысты. Сонгкхран (Жаңа жыл), астрономикалық көктемнің бастауын білдітерін, 12-14 сәуірге келеді. Бұл мейрам үш күнге созылады, бір-бірлерінің үстеріне су құюмен, Будданың құрметіне діни рәсімдермен қатар жүреді. Мамыр айында королдік жер жырту мерекесі басталады, онымен бірге жаңа ауылшаруашылық маусымы ресми түрде бастау алады, және Висакха-пуджа буддалық мейрамы Будданың тууы, өсуі және өлуіне арналады. Қыркүйекте Окпханса мерекесі өтеді, ол жауын-шашын мезгілінің аяқталуын білдіреді.

Катхин қараша айында күріш ору науқаны аяқталысымен аталып өтіледі, салқын жыл мезгілінде керек сыйлықтарды монархқа ұсынумен қатар жүреді. Қарашада тағы бір мейрам – Лойкратхонг тойланады, ол брахманизмнен бастау алады.

Қытай жаңа жылы. Ай күнтізбесі бойынша. Бір апта бойына сауда орталықтарынан басқа дүкендер жабық тұрады.

Makha Puja – ақпан айындағы күнтұтылу.

Ұлттық мереке, буддизм тарихындағы атаулы оқиғалармен байланысты, 1250 жылы оның жолын қуушылар оның насихатын тыңдауға жиналған кезең. Бұл күні күні бойы дұғалармен қатар монахтарды тамақтандыру, құстарды торлардан және балықтарды аквариумдардан босату сияқты жақсы істермен қатар жүреді.

Гүлдер фестивалі. Әрбір ақпан сайын екінші жұма, сенбі, жексенбі күндері тойланады (Бангкоктан солтүстікке қарай 700 км жерде). Бұл мейрам гүлдермен сәнделген арнайы салдарда өтеді. Бұл мезетте солтүстік провинцияларда тропикалық гүлдер гүлдей бастайды.

Зымырандар фестивалі. Таиландтың солтүстік-шығысындағы Yasothon қаласында мамыр айының екінші жексенбісінде өтеді. Муссондық жауын-шашын маусымы басталар алдында елдің солтүстік-шығысының ауыл тұрғындары алып зымырандар дайындап күріш алқаптарын мол жауын-шашынмен қамту үшін аспанға ұшырады.

Loy Krathong. Қарашада жаңа ай туған уақытта тойланады. Бұл Таиландтың ең бір әдемі мейрамы. Түнде ай жарығымен тайлар өзендерге кратхонгалар – ішінде май шам жанып тұрған лотос гүлі, банан жапырағы формасындағы кішкене қайықтарды жібереді. Суға гүлдер мен тиындар лақтырады. Тайлар бұл түні су рухы олардың бір бойындағы күнәларын шайады деп сенеді.

Вегетариандықтардың фестивалі. Қазан айында атап өтіледі. Қытайлық Phuket тұрғындары тоғыз күнге вегетариан диетасын ұстайды. Фестивалдің алғашқы күні вегетариан диетасын ұстанатын ақ киім кигендердің парадымен түсіндіріледі.

Пілдердің шоуы. Таиландтың солтүстк-шығысындағы Surin қаласында қараша айының үшінші аптасында өтеді. Бұл атақты шоуға 100 жуық піл қатысады. Фольклорлық билер және дәстүрлі мәдени шоу арасында бұл алыптар, жергілікті тұрғындар жабайы пілдерге аңшылық жасаған кезең туралы қойылымдарға қатысады.

Таиландтың әлеуметтік-экономикалық ресурстары. Азиядағы ең дамыған туристік инфрақұрылым Таиланд елінде. Оның дами бастауы 1970 жж. жатады, бұл кезде алғашқы бунгалолар пайда бола бастады, алайда нағыз бастауы 1990 жж. таман келеді, бұл кезеңде осы аумақта өнеркәсіп дамиды. Бүгінде туризмге негізделген басты курорттар Пхукет және Самуй аралдарында, ол орындар өздерінің ақ құмды жағажайларымен, сарқырамаларымен, кокос пальмаларымен белгілі. Ең атақты жағажайлар: Чавенг, Ламай, Натхон, Бопхут, Талинг-Нгам, Менам, «Үлкен Будда», Хуа Тханон, Банг-По, Чхоенг Мон, Банг-Као және Липа Ной.

Туризм Таиландта экономиканың басты секторларының бірін құрайды. 2004 жылы 26 желтоқсанда түбектің батыс жағалауы әсіресе Пхукет аралы Үнді мұхитының түбінде туындаған жер сілкінісі нәтижесіндегі цунамиден зардап шекті. Бұл жерде бірнеше жүздеген адамдар қаза тапты, олардың қатарында туристтер де бар. Барлық дерлік негізгі батыстағы жағажайлар, әсіресе Камала, Патонг, Карон және Ката үлкен зардап шекті. сонымен қатар, аралдың оңтүстігіндегі жағажай маңы қонақүйлері де қирады. Бір жыл бойына қонақүйлердің қожайындары өз инфрақұрылымдарын қайта қалпына келтірумен айналысты және 2005 ж. туристер ағымы қайта қалпына келді.

Қазіргі сәтте Таиландтың туристік инфрақұрылымы бірқалыпты жағдайда. Таиландтың барлық курорттары өз туристеріне жоғары деңгейдегі жайлы жүріп-тұру жағдайы жасалған.

Таиландтың туристік маршруттары:

Москва – Банкгог – Канчанабури – Аютая – Лопбури – Питсанулок – Сукотхай – Лампанг – Пхаяо – Чианг – Май – Бангкок – Паттайя – Москва.

Тур бағдарламасы:

Бірінші күн. Банкгог. Банкгогқа ұшып келген күн. Әуежайдан күтіп алу, трансфер, Банкгог қонақүйіне орналасу.

Екінші күн. Банкгог. Қонақүйде таңғы ас. Қаланың ескі бөлігінің орталығында орналасқан Ват Сутат ғибадатханасына экскурсия. Зергерлік фабрикаға бару. Қосымша: Король сарайы мен Изумрудты будда ғибадатханасына түстенумен сапар; кешкі ас кемеде Чао Пхрайя өзенімен жүзу кезінде.

Үшінші күн. Банкгог – Канчанбуриде таңғы ас. Қонақүйден шығып Канчанабуриге жол тарту (жол 2 сағатқа созылады). Квай өзені арқылы белгілі көпірмен, Сайоке Чай және ұлттық саябағына экскурсия. Түскі ас мейрамханада.

Төртінші күн. Канчанбури – Аютая – Лопбури – Пинсанулокта таңғы ас. Аютаяға сапар, жолда Вихан Пхрамонгкхон Бопзит ғибадатханасына бару. Ал Лопбуриге барар жолда Корол Прагат Тхонг тұрғызған Ват Чай Ватанарам ғибадатханасына соғу. Маршрут Питсанулок қаласына басталады.

Бесінші күн. Пинсанулок – Суккотхай – Лампангта таңғы ас. Ват Маха Тат ғибадатханасына саяхат. Маршруттың жалғасы тай мемлекетінің алғашқы астанасы Сукотхайға бағыт алап, Сукотхай тарихи саябағы, Ват Си Чум Храмына барумен жалғасады. Лампанг қаласында 100 жылдық Баан Сао Нак қызыл ағаштан салынған үйге және Ват Чеди Сао ғибадатханасына жол тартады.

Алтыншы күн. Лампанг – Пхаяо – Чианг – Рай таңғы ас. Таңғы базарда болғаннан кейін Пхаяоға жол шекеді. Таиландтағы шынайы ірі көлді көру. Чианг-Райға барып түскі ас ішу. Маршрут Мае-Сай арқылы Таиландтың солтүстіктегі қаласы «Алтын үшбұрышына» келеді, ол жерде үш мемлекеттің шекаралары шектеседі: Таиланд, Бирма және Лаос. Меконг өзені арқылы қайықпен Чианг-Райға қайту.

Жетінші күн. Чианг-Рай – Чианг-Май таңғыас. Чианг-Майға сапарға шығу. 1056 м-лік биіктікте тауда орналасқан Ват Дой Сутхеп ғибадатханасына саяхат. Ғибадатханаға апарар жол 290 баспалдақтан тұрады, ол Жылан патшалығы Нага фигурасымен өрнектелген.

Сегізінші күн. Чианг-Май-Банкгог (Паттайя) таңғы ас. Банкгогқа ұшу алдындағы бос уақыт.

Тоғызыншы күн. Бұл күні Таиландтың ең атақты курорттарының бірі Паттаяда демалуыңызға болады.

Тайландта демалу. Тайланд Пинг өзені бойының шығысын жағалай орналасқан тамаша мемлекет. Сонымен қоса Тайландты оңтүстік шығыс Азияның біраз бөлігін қиып жатқанын айта кеткен жөн. Тайландта күріш алқаптары көп, мемлекет осынысымен атақты. Иртапон тауы Тайландтын ең биік нүктесі. Тау 2500 м-дей биіктікке бой көтерген.

Мемлекеттік ерекшеліктер, діні-ділі. Астанасы Бангкок. Ислам мен буддизм діні кең тараған. Тайланд тілі – тай тілі. Ақша бірлігі. Тайланд ішінде өзара валюта болып бат саналады. Тайландта билеу формасы – монархиялық.

Климаттық ерекшеліктер. Тайланд тропиктік климаттық белдеуде орналасқан. Қазан-ақпан салқын кезең, Самуи аралына бұл кезде өте көп жауын-шашын түседі. Наурыз-мамыр айларын жазғы кезеңге жатқызуға болады. Ал маусым-қыркүйек айлары Паттайя, Пхукет және Краби аралдары секілді көптеген саяжайлар мен демалыс орындары үшін жаңбырлы кезеңі. Тайланд жерінде демалуға ең қолайлы кезең деп қазан мен сәуір айларының аралығын айтуға болады.

Тайланд таңғажайып демалыс орындар мол мемлекеті. Жыл сайын Тайландқа дүниенің түкпір түкпірінен саяхатшылар келеді. Тайландта туристерді ерекше жақсы, жанға жайлы орта күтеді. Естелікке көптеген сыйлықтар мен кәдесыйлар алуға болады. Кәдесыйлар Тайландқа келгенде туристердің қуана сатып алатын өнімдері. Кәдесый ретінде неше түрлі тастардан жасалған, мыс немесе қола металдардан жасалған әшекейлер ұсынылады. Ең көп сұранысқа ие болатын ол тай күмісі, бұл Таиландтың ең көне қолөнерінің бірі. Сол себептен де ол сатып алушыларды еліктіреді.

Таиландтың сұранысқа ие болуы белгілілігі орташадан жоғары көрсеткішімен, Таиландта өте қызығарлық туристік-рекреациялық ресурстарының болуымен түсіндіріледі, ол оны туризмге байланысты бәсекелес елдерден айрықша екенін көрсетеді.

 








Date: 2015-06-07; view: 974; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.025 sec.) - Пожаловаться на публикацию