Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мексика Құрама штаттары





 

Мексика Құрама штаттары – Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Елге Тынық мұхиты мен Калифорния шығанағындағы аралдар тізбегі кіреді. Мексиканың батысында Тынық мұхиты сулары, шығысында Мексика шығанағы шайып жатыр. Ресми тілі – испан тілі. Елдің бөлек аудандарында 50-ге жуық үнді диалектісі бар. Туристік аймақтарда адамдардың көбі ағылшынша сөйлейді. Халық саны 85 млн-дай адам, олардың ішінде 55%-ы испан-үнді метистері, 29%-ы үндістер, 15%-ы еуропалық ұрпақтар. Христианның католик ағымы таралған. Ұлттық валютасы – мексика песосы, ұсақ тиыны – сентаво. 1 песода 100 сентаво бар. Мексикалықтар – қонақжай және жылы шырайлы халық. Олар өздерінің бишілік таланттарын туристерге көрсеткенін жақсы көреді.

Мексика Латын Америкада көлемі бойынша (1,9 млн. шаршы шақырым) үшінші және халқының саны жөнінен екінші орындағы мемлекет, туризм индустриясының даму деңгейінің аймақтағы көшбасшысы. Ел Солтүстік Америка материгінің оңтүстік бөлігінде және Тынық пен Атлант мұхит суларымен шайылып жатыр. Мексиканың солтүстігінде көптеген америкалық туристтермен қамтамасыз ететін АҚШ-пен, оңтүстігінде – Гватемала және Белизбен шектеседі.

Мексика теңіз курорттарының тамаша климаты, тропиканың экзотикалық табиғаты, тарихқа бай мұрасы, базарлықтардың кең таңдауы толы асханасымен туристерді қызықтырып еліктіреді. Елдің көп бөлігін жанартаулық Мексика тау өлкесі алып жатыр. Мұндағы елдің биік шыңы Орисаба жанартауы (5700 м) мен Истаксиуатль («Ақ немесе Ұйықтап жатқан әйел») және Потокатепетль («Күрілдек тау») жанартаулары, аңыз бойынша олар ғашықтар жұбы болып табылады. Мексикада 350-ден астам жанартаулар бар, мұнда планетамыздағы әрбір оныншы жер сілкінісі тіркеледі. Аумақтың геологиялық белсенділігімен Мексика шығанағының жағалауындағы Ла Буфадор теңіз гейзері орналасқан.

Мексика тропикалық (солтүстігінде субтропикалық) климат аймағында орналасқан, өзінің күннің аптап ыстығымен танымал. Табиғи қарама-қайшылығы орташа жылдық жауын-шашын мөлшерінің айырмашылықтарымен шартталған, солтүстікте шөлдер қалыптасқан жерде 100 мм-ден, дымқыл тропикалық ормандар сақталған оңтүстік таулы жартастар мен жағалаудағы ойпаттарда 2000-3000 мм-ге дейін жауады. Мексика жер бедеріне кактустың әр түрлі пішіні мен көлемі қайталанбас бейне тән. Кактус елтаңбада бейнеленген ел символы болып табылады.

Дамымаған өзен желісі құрғақ климатқа байланысты. Бірақ туристтердің көзінше бұл кемшіліктің орнын өтейтін – Мексиканың атақты теңіз жағажайлары. Елдің Тынық мұхит жағалауындағы ең танымал курорттары жыл бойы ауаның орташа айлық температурасы +26-29ºС шамасында болатын – Акапулько (негізінен, жүздеген мейманхана және вилласы бар қысқы курорт), Кариб теңізінде қазіргі мейманханалар мен көңіл көтеру индустриясы бар – Канкун, сонымен бірге Селестун – құмдақ жағажай курорттарында демалумен қатар, туристтер қызғылт қоқиқаз үйірін қызықтауға болатын өзіндік «экологиялық көгал».

Мексика суға шомылу-жағажай демалысын сүюшілерге ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны бағалаушыларға да қызықты. Елдің орталық таулы ауданы мен Юкатан түбегінде ірі және құпиялы ежелгі өркениеттің (ольмек, ацтек, майя, тольтектер) іздері қалып сақталған. Әлемдік танымал шамамен 20 археологиялық нысандары бар. Трес-Сапотес (Веракрус штаты) алқабына жақын маңайда биіктігі 1,5 м-ден 3 м-ге дейінгі үш өте ірі тас бастары – ольмектер ескерткіштері табылды. Екі мың жыл уақыт болған тасты құрылыстың пирамидасы мен қираған үйінділері сақталған, Мехикодан 34 шақырым қашықтығында әлемдік танымалдылықты Теотиуаканның («құдайлар тұрған қала») қираған орындары алған. Майя мәдениетіне жататын Паленке қаласының (Чьяпас штаты) ірі қираған үйінділері, Тула қаласы (Идальго штаты) – тольтектер астанасының қалдығы, Юкатандағы Чичен-Ица қаласының қалдық үйінділері және ежелгі өркениеттің басқа да мәдениет орталығы танымдылық туризмнің әйгілі нысандары болып табылады. ХVІ-ХVІІІ ғғ. Үш ғасырлық испан үстемдігінің сәулеттік мұрасының 11 мыңнан астам культтық құрылысы бар деп саналады. Күміс, алтын және теріден жасалған қолөнер бұйымдары, ағаш мүсіндер, сомбреро бас киімдері ұлттық дәстүр рухында жасалған базарлықтардың кең таңдауының болуы, Мексиканың туристік тартымдылығының маңызды элементі болып табылады.

Мексиканың астанасы Мехико қаласы – елдің басты туристік орталығы, әлемдегі ірі агломерациялардың бірі. Қала көрнекі жерлерге: танымал мұражайлар (тарихи, антропологиялық, қазіргі өнер), сәулет ескерткіштері, спорттық ғимараттарға бай. Тарихи-мәдени жағынан бағалы шамамен 2 мың құрылысы бар (Конституция алаңы, Кафедральды шіркеу, Ұлттық сарай). Мехико 1968 ж. олимпиада ойындарының астанасы, ал 1986 ж. футболдан Әлем чемпионатын қабылдады. Қаланың тарихи пайда болуы қызыққа толы. 1325 ж. қазіргі мегаполистің орнында ацтектердің басты қалаларының бірі – Тескоко көлінің арасындағы аралда Теночтитлан іргетасы қаланды. 1519-1521 жж. қаланы Кортес испан конкистадорлары жаулап алып қиратты. Кейінірек көлдің құрғаған жерінде қазіргі Мехико пайда болды.

Рекреациялық ресурсқа бай және инфрақұрылымы дамыған (қонақ үй фондының сыйымдылығы 420 мыңнан астам нөмірлер) Мексика әлемдік туристік рыноктің он жетекші елдер қатарына кіреді. 2000 ж. ел 20,6 млн-дай келушілерді қабылдады, халықаралық туризмнен 2000 ж. 8,3 млрд доллар (6%-дан астамы экспорт құрайды) пайда түсірді. 2000 ж. туристік баланстың баланстың оң сальдосы 38 млрд. доллар құрады. ДТҰ болжауы бойынша 1995-2020 жж. аралығында Мексикаға жылына 3,6% орта есеппен туристік кірісі өсіп және 48,9 млн-дай келушілерді қабылдайды дейді. Ел экономикасында туризм шетелдік валюта көзінен кейінгі маңызды рөл атқарады, сонымен қатар қосымша жұмыс күшінің ірі секторы. Мексиканың жалпы туристік мүмкіншілігі қазір дұрыс қолданылмайды, ал бұл экономикалық мәселелермен шартталған. Туристік индустрияның сұраныстан тәуелділігін ішкі солтүстік америкалық рынокте ерекше атап өту керек: келушілердің 90%-ы АҚШ азаматтары және 4%-ы канадалықтар. АҚШ-пен туристік айырбас шекаралық сипатта өтеді, америкалық саяхатшылардың арасында бір күндік келушілер басым, яғни олардың көп ағымы ойын бизнесі мен сувенирлер сатылатын (Тиуана қаласы және т.б.) шекаралас қалаларда шоғырланған. Мексикаға америкалықтар 1990 ж. басында жыл сайын 50 млн. бір күндік сапарларымен келген.

Мексикада нағыз ежелгі ескерткіштер майя пирамидасы болып саналады. Елде олар айтарлықтай көп, бірақ кейбіреулері ғана барып тамашалауға болады, өйткені көптеген пирамидалар жер қабаттарында көміліп немесе қалың тропикалық өсімдіктермен жабылған, сондықтан бір көргеннен қарапайым жасыл төбелер ретінде көрінеді. Айрықша танымал және ерекше ежелгі құрылыстардың бірі – Теотиуакана пирамидасы. Онда екі ірі пирамидалар – Күн (іргесі 225 м, биіктігі – 65 м) және Ай (іргесі шамамен 150 м және биіктігі – 42 м.), сонымен қатар "танымал" майя ғибадатханасы орналасқан. Құрылыс Ориона белдеуіндегі үш жұлдыз ретінде, яғни Гизадағы ұлы үш пирамидалар сияқты орналасқан. Чулола пирамидасы – әлемдегі ең үлкен пирамида, көлемі бойынша Хеопс пирамидасынан асып түскен (қазір пирамиданың біраз бөлігі қираған). Тағы да әсерлі пирамидалар тобына – Митле және Монте-Альбана жатады. Оахаки қаласына жақын орналасқан. Ежелгі пирамидалар құрылысы тольтектердің астанасы Тулада қоршалған. Чичен-Ица, Паленке, Тахин, Тикаль, Шкарет, Шел-Ха, Майяпан, Митла және Ушмаль сияқты орындар ежелгі өркениеттің баға жетпес ескерткіштері болып табылады.

Сонымен қатар туристерді Канкун, Плайя-де-Кармен, Акапулько, Пуэрто-Вальярта, Косумель, Масатлан, Уатулько және т.б. ең үздік курорттары күтеді.

Мехико-Сити 1325 ж. үндістер-ацтектермен қаланған. Аңыз бойынша, құдайлар ацтектерге Тескако көлі бар аралдардың біріне астананы салуға бұйырды. Қазір осында әлемнің ең ірі мегаполисі, сонымен бірге ең ескі әрі тез қарқынмен дамушы Жаңа дүние қаласы орналасқан. Бұл нағыз «аспан астындағы мұражай» мұнда 1400-ден асатын монументтер мен тарихи жәдігерлер, 10 археологиялық аймақ, 8 университет, бірнеше академиялар, 80-нен астам мұражайлар, театрлар, концерттік залдар және көрмелер, 2000-нан астам мейрамханалар, ондаған саябақтар мен демалыс орталықтары бар. Осының барлығы халықтың орналасу тығыздығына байланысты.

Қаланың орталығы Эль Сокало алаңы (Конституция алаңы үлкендігі жөнінен әлемде екінші орында) ацтектердің тамаша таң қаларлықпен сақталынған Теночтитлана (Темпла Майор) құрылысымен және отарлық дәуір ғимараттарымен, олардың ішінде – Латын Америкасында ең үлкен Кафедраль – Метрополитан (1563-1667 жж.) кафедральдық католиктік шіркеуі және Кортес сарайымен қоршалған. Сондай-ақ Мехиконың орталығында үш мәдениет алаңы қызықты, мұнда ежелгі ацтектердің ғимараттары таспен қаланған, сирек кездесетін археологиялық аймақ болып саналады. Оның үстінде католик шіркеуі қазіргі адамдар тұратын ғимараттармен көршілес орналасқан.

Диего Ривераның фрескаларымен әшекейленген Ұлттық сарайды Гарибальди алаңын және әлемдегі ірі бұқалар айқас алаңы, сонымен бірге Аламеда саябағы мен оның қасында орналасқан Паласио-де-Белла-Арт (Көркемөнер сарайы), мұнда Мексика мәдениетінің тамаша туындылары жинақталған және Мехиконың шетіндегі Сочимилько каналы (мұндағы адамдар 500 жыл бұрын кездегідей өмір сүреді), Гуадалупе ана құдайы – Мексиканың қамқоршы әйелі базиликасы (оның мерекесінде 12 желтоқсанда ірі крест шеруі ұйымдастырылады) туристерге танымал орындардың бірі. Қалалық әбігерліктен демалуға Педрегаль, Аламеда және Кастильо-де-Чапультепек президент сарайы мен елдегі Ұлттық Антропологиялық мұражайы бар Боск-де-Чапультепек саябағы («шегіртке белесі», Мехикодағы ең үлкен саябақ) саябағы, қаланың шетіндегі Ла-Маркес орман саябақты аймағында көптеген мейрамханалар, кафелер мен аттракциондары бар.

Теотиуакан (Теотихуакан «құдайлар туылатын жер») Мехико-Ситидің солтүстік-шығысында 50 шақырым қашықтықта орналасқан және Мезоамериканың көптеген халқының діни орны. Осы жерге келген ең бірінші адамдар қашан келгені және неліктен қала қаңырап қалғаны – күні бүгінге дейін белгісіз, бірақ оның сәулеттік ескерткіштері таң қалдырады. Кетцалькоатля ғибадатханасы мен 5 шақырымдық өліктер жолы (ені 40 м), Күн және Ай пирамидасы, Кетцаль-Папалотля сарайы мен Ягуарлар сарайы, ежелгі Қанатты қабыршақтар ғибадатханасы, Кецаль көбелектер сарайы, Пласа-де-ла-Луна алаңы мен Парадайз-оф-Тлалок атақты фрескалары бар Тепантитла тұрғын үйі – жергілікті "тарих қазынасының" аздаған бөлігі үлкен тас блоктарымен жинақталған және қатал белгісізжүйеге бағынған. Археологиялық аймақтың орталығында өте сирек кездесетін археологиялық заттар мен Теотиуакан масштабты үлгісіндегі ғажайып мұражай орналасқан.

Мехико-Ситидің оңтүстік-шығысында Чолулаорналасқан, мұнда өте үлкен тасты тақта плиталары мен мәнерлі ою-өрнекпен жабылған үштік пирамидалардың үлкен қираған үйінділері бар. 8 шақырымдық өте үлкен тоннельде ежелгі құрылыс қалаудың ерекшелігімен танысуға болады. Биік құзырында орналасқан пирамида обасынан қалған шіркеу керемет жерге ерекше "тартымдылықты" береді. Кемінде ерекше әсер қалдыратын, бірақ дегенмен аз қазылған, тольтектердің ежелгі астанасы Тулада бірнеше қатарлы нысандар археологтарды күтуде.

Педрегаль, Аламеда, Боск-де-Чапультепек, "шегіртке белесі", мемлекеттегі ірі Ұлттық антропологиялық мұражай орналасқан, Кастильо-де-Чапультепек президент сарайы бар ең үлкен Мексика саябағы немесе қала шетіндегі мейрамханалар, кафе мен аттаркциондар саны көптігімен әйгілі орманды Ла-Маркес саябақғы зонасында қала шуынан тыс демалуға болады. Бірақ үлкен Мексиканың табиғаты болмаса, өзінің көптеген көркем орындарына қарамастан демалыс орнына сай келе бермейді.

Гуадалахара-Пуэрто Вальярта Мексикадағы ең үлкен Бандерас шығанағында орналасқан. Тынық мұхитына ашық жағажай және қоршалған таулар мен көптеген өсімдіктер төсеніші – нағыз тропика жәннаты болып табылады. Кешкісін айлақта кемежай (порт) сәулесі жарқырап, Тынық мұхит жағалауындағы жайлы туристік орталықтарының біріне айналған.

Канкун – жағажайлар, курорттар мен саябақтардың Кариб теңізіне Тулум қаласына дейін 140 шақырымға созылған желісі. Қала іскер материк бөлігі мен көлемі 25 шақырым мен 500 м және Паланкар маржан рифімен параллель жатқан курортты аралдардан тұрады. Көптеген курорттар теңіз сұлулығы мен тазалығы, археологиялық зоналар жақындығымен, табиғи қорықтар мен шынайы таза ақ жағажайлар (мұнда 20 шақырымдай) Канкун курортымен теңесе алмайды. Жеке көрікті аудандары – суасты ұлттық саябақтары Гаррафон, Контой, Шел-Ха мен Чанканаб Лагун, сонымен қатар "қолтырауындар саябағы". Мұнда турист тропикалық жемістерден жасалған коктейлмен бірге, белсенді демалыс түрімен, яғни кез-келген су спортымен айналыса алады. Сонымен қатар туристер майяның және қаланың қираған үйінділеріне барады.

Ауданның бөлек көрікті орындары – Гаррафон, Контой, Шел-Ха, Чанканаб-Лагун су асты ұлттық саябақтары мен Крокотаун "қолтырауын саябағы" – қорықтағы аймақ, мұнда юкатан қолтырауыны, қызғылт қоқиқаздар және көптеген жануарлар мен құстар түрі өмір сүріп, көбейеді. Ничупте су айдыны маңында қазіргі заманға сай ең озық аттракциондар жинақталынған "Вет-энд-Вайлд" жаңа аквапарк бой көтерді. Канкунның кез-келген жерінде қайықпен жүзуге, лагунада шомылуға, сонымен бірге су спортының барлық түрімен және дайвингпен айналысуға болады. Маржан рифі арасымен круиздік жүзуде, қауіптен сақтанушыларға туристік сүңгуір қайықтардың бүкіл флотилиясы жұмыс істейді. Экзотика жақын адамдарға жақында салынған коррида алаңы шақырады. Гольф, теннис, балық аулау, ойынхана, сауда орталықтары (темекі мен ішімдікке ғана салық салынады), "Мехико-Магико" бүлдіршіндер саябағы, қарқынды түнгі өмірі мен жүздеген өте жақсы мейрамхана асханалары... жалпы мұнда өзіңізге керекті барлығы бар. Канкуннан 20 шақырым қашықтықта көлемі 54х14 шақырымдай болатын Косумель маржанды аралы – Мексикадағы ең үлкен арал. Пунта-Сур және Санта-Роса су асты маржан тоннельдері, Барракуда рифі мен Маракайбо-Дип тік қабырғалары (тереңдігі 50 м-ге дейін) елдегі ең жақсы (бірақ қауіпті) дайв алаңдары болып саналады. Канкунға қарама-қарсы Исла-Мухерес ("әйелдер аралы") кішігірім аралы (8х1 шақырым) жатыр. Жайлы жағажайлары, маржан рифтері, қарақшылардың қираған үйінің орындары, майяның мінәжат қираған үйінділері, сонымен қатар біраз кішігірім мейрамханалары мен базарлығы бар дүкендер және зергерлік бұйымдарымен танымал. Исла-Мухерес – барлығы тропиктердің тыныштығымен дем алатын Кариб теңізінің бұрышы.

Канкуннан 50 шақырым қашықтықта, клуб қонақ үйлері мен экологиялық саябақтары арқылы нағыз көгалға айналған жас курорты Плайя-дель-Кармен (Ривьера-Майя немесе Плаякар) орналасқан.

Шел-Ха (немесе Хел-Ха, Канкуннен 122 шақырым) – өзімен тау үңгірінде шынайы пайда болған теңіз, кейде жер асты суымен қоректенетін табиғи аквариумы бар ұлттық саябақ. Таңғажайып таза және тұнық су экзотикалық түрлі-түсті балықтарымен, ал нулы өсімдіктері түстер гаммасымен таң қалдырады.

Шкарет (Эшкарэт) экосаябағы Канкуннен 72 шақырым шығанақ жағалауында орналасқан. Бұл жағажай жабдықтарымен жабдықталған, зообақпен, су аттаркциондары, жерасты өзендері, аквариум, үңгірлер, бар мен мейрамханалар, кішігірім мұражайлар, т.б. бар демалыс орталығы. Шкареттаның тағы бір "өзіндік ерекшелігі" – көбелектер павильонының болуы.

Канкун маңайында көптеген тарихи аймақтар мен пирамидалар, тіпті курорт шекарасында Сан-Мигуэльо, Дель-Рей, Йамил-Луум таңбалары мен Ничупта аралында Пок-Та-Пок сақталған. Бұрынғы майялар порты, жағалаужағы әйгілі археологиялық орын Тулум (Зама) орналасқан. Қала үш жағынан тас қабырғалармен, теңіз жағынан биіктігі 15 м-дей күрделі жартастар мен жағалауда жалғыз болып саналатын майялардың империя бекінісі және 1554 жылға дейін сақталған, көтеріліс кезінде бірнеше рет үндістерге қорғаныс болған соңғы үндістер тірегімен қоршалған. Біздің заманымызға фресок ғибадатханасы (Де-лос-Фрескос), төменге түсіп келе жатқан құдай ғибадатханасы, жел құдайы ғибадатханасы, теңіз ғибадатханасы және 400 м-дей болатын дәстүр орталығы сақталған. Канкуннен 167 шақырым, джунглиде көпшілігі әлі де зерттелмеген көптеген қорғаныс және үңгірлер бар археологиялық белдем Коба жатыр.

Бірақ ең басты тарихи зона ауданы – майялардың қасиетті қаласы Чичен-Ица (Канкуннан 205 шақырым). Бұл ең танымал Кукулькан пирамидасы, қаладағы ең үлкен және көне Шіркеу әйелдері сарайы, эль-Караколь астрономиялық обсерваториясы, Орлов пен Тигров төртбұрышты ғибадатханасы, құдайларға арналған құрбандық шалатын әулие «сенот» (құдығы) орны мен Осарио пирамидасы бар қала. Сонымен қатар Чаака құдайы бейнелі Жауынгерлер ғибадатханасы, доп ойнайтын алаңы бар Ягуар ғибадатханасы мен құрбандық шалуға қолданылуы мүмкін «солтүстік ғибадатхана» және т.б. көне үндіс өркениетінің ескерткіштері орналасқан.

Ушмаль ("үш рет салынған") – Юкатандағы тағы бір маңызды рәсімді майялар орталығы. Мұндағы тарихи ескерткіштер – Ұлы пирамида (100 м ұзындығы 70 м биіктіктегі ені 30 м), биіктігі 38 м-дей сиқыршы пирамидасы ("карлик үйі"), жақсы сақталған "екі басты ягуар тағы" орналасқан басшы сарайы, фаллостар ғибадатханасы, тасбақалар үйі, доп ойнауға арналған алаң, төртбұрышты діндар әйелдер шіркеуі мен Кәрі дуагер пирамидасы көп.

Паленке – мемлекеттің тағы бір тарихи жұмбағы. Бұл айнала тропикалық өсімдіктермен қоршалған әйгілі тау баурайында орналасқан майялар қаласы. Жасақталған 1400-ге жуық құрылыс танымал майялар қалалары көлемінен төрт есе үлкен. Бас Паленке пирамидасы – жазулар ғибадатханасында майялар қазбалары мен көптеген иероглифті алып тасты плиталар бар. 25 ғимаратты және майялар архитектурасындағы жалғыз мұнара кешені, күнге қарай иілген Күн ғибадатханасы, өрнекті крест ғибадатханасы мен доп ойнауға арналған алаңды қызықтауға болады.

Таско ("әлемдік күміс астанасы" аталған) туризм орталығы. Қала күміс өңдірісі кезеңінде гүлденген. Мұнда Сокало алаңы, Санта-Приска, Каса-Борда шіркеуі, "Дон Гилермо" мұражайы мен шеберханаларды тамашалауға болады.Таскоға жақын жерде "мәңгі көктем қаласы" Куэрнавак, негізгі көрікті мекендерге Морелос штаты астанасы, Куаунаука (Кортеса мұражайы) мұражайы орналасқан ғаламат Эрнана Кортеса сарайы орналасқан.

Акапулько портты қаласы – Мексиканың әйгілі "түнгі астанасы", қыдыруға арналған қала, шоу, ойынхана мен мейрамханалары бар. Қаланың солтүстігіндегі керемет жағажайлар мен мейрамханалар Акапулькодағы туристік мекен – су айдыны Пие-де-ла-Куест. Сонымен қатар қаланың орталығындағы испандық Сан-Диего (XVII-XVIII ғ.) форты, Де-ла-Соледад соборын көруге болатын Муниципальды Сокало алаңы, аттракцион сулы саябағы, "Фиеста-Мехикана" бағдарламасы, кешкі ас пен бағдарламасы бар жағажайда кемемен серуендеуге, Ла-Кебрада жартасындағы (45 м) әйгілі жүзгіштер, би кештері, мейрамханалар, т.б. тамашалай аламыз. Акапулько жағалау сулары табиғаты өте бай. Шынайы шығанақтар жағалауында 20-дан аса муниципальды әр талғамдағы (барлық жағажайлар ашық және тегін кіруге болады) жағажайлар бар. Калет, Пи-де-ла-Куэста мен Ескі Акапулька ауданындағы Калетилья жағажайлары және фешенебельді Кондеза шомылуға арналған орындардың бірі. Бұл жерде балық аулауға катер немесе қайық жалдап зоосаябақ орналасқан Рокета арал-курортына немесе Де-лас-Плайяс түбегі, тұңғиықта орналасқан Гуадалупе перісі тағына аттануға болады.

Мансанильо шығанақта орналасқан, ірі курорт және туризм орталығы. Ыстық ауа райында әрдайым мұхиттық бриз желдері соғады. Шығанақта шалғай қонақ үйлер желісі 10 шақырым жағалауға дейін созылған. Мансанильода жағажайлар құмды, жасыл пальмалар мен гүлді бұталар өскен. Сонымен қатар көптеген туристерді көне Аламо (ұлттық тарихи ескерткіш), ерекше сәулет орындары Патцкуаро, бағаналы Сан-Кристобаль-де-лас-Касас, Санта-Розалия, Реал-де-Каторсе қалалары мен ең биік Мексика сарқырамасы – каскад Басасичи (246 м) қызықтырады.

Бандерас (Мексиканың батысындағы ең үлкен Флагов шығанағы) көптеген шақырымды алтын түстес жағажайлар белдеуі, католиктік собор, ескі ғимараттар және жаңа заманауи сауда орталықтары, банк, мейрамханалар, түнгі клубтар мен би алаңдары бар әйгілі курорт салынған. Жақын жердегі Марьетас аралының суында тамаша дайв-алаңдары мен көптеген суасты үңгірлері орналасқан. Тихуана, Сан-Игнасио, Пуэрто-Кортес, Ла-Пас әйгілі курорттары, жартасты Сьерра-де-Сан-Франциско мен Сьерра-де-ла-Лагуна ұзын жағалау сызықты, ақ жағажайлы, ыңғайлы шығанақ пен жартастар Калифорния (Баха) түбегінде кездеседі.

Юкатан түбегі майялар өркениетінің бесігі және көптеген археологиялыық ескерткіштер мекені, карсты түзілістермен бөлінгендіктен кейв-дайвинг пен өзге де спорт түрлері, жерасты өзені мен теңізге шыға алатын сеноталарымен қызықты. Кинтана-Рооның оңтүстік жағалауындағы корал рифтері шекарасы Чинчорро, Юкатанның солтүстік жағалауындағы Алакранес рифі, Канкула маңындағы Паланкар мен Плайя-Гаррафон рифі мемлекеттегі дайвинг аудандары болып табылады.

Сьерра-Мадре таулы қыраты жаяу туризмнің дамуына зор мүмкіндік береді. Мемлекетте жалпы көлемі 800 мың га, оның ішінде дүние жүзіне танымал таудағы орман негізді Босенчев пен Кумбрес-де-Монтеррей, әйгілі жанартаулы Ла-Молинче мен Пико-де-Орисаба саябақтары және Селестум сирек кездесетін құстары бар қорығы сынды 50-ден аса ұлттық саябақтары бар.

Мексика асханасы дүние жүзіне өзінің дәстүрлі аспаздығымен әйгілі, бастапқыда кейбір тағамдар ащы көрінеді, бірақ бұл ерекше дәмді бағалауға болады. Дұрысы, ұлттық тағамдар үш негізгі құрам: тортильяс (жүгері бастырмасы), қарақұмық және чили ащы бұрышсыз болмайды. Мемлекеттің солтүстігінде даярлануы америкалыққа ұқсас (көбіне барбекю) трапезаның негізгі құрамы – сиыр мен ешкі еті. Орталық Мемлекеттің оңтүстік бөлігі кариб асханасы әсерімен түсіндірілетін тауық еті мен ащы көкөніс тағамдары, ал жағалауда балық пен теңіз азық-түліктерін қолданады. Түгелдей дерлік тұрғындар барлық тағамдарға чили ащы бұрышын қосады. Танымал «Олья-подрида» (гуляш), «карне-асадо» (қарақұмықты тұздықты қуырылған сиыр еті), хош иісті «тамалес» (бір екі жүгері жапырағымен қапталған және соус құйылған) тағамдары әйгілі. Папайа, манго мен чайотодан басқа, мексикалықтар ең үлкен тәтті ретінде қант қамысы – «канас-асадасты» қолданады.

Спиртті сусындардан мемлекетте ең танымал болғаны текила, оның 300 дей түрі белгілі (негізгі төрт түрі: Blanco, Joven, Reposado и Anejo). Сонымен қатар мексикалық шараптар (негізінен еуропалық технологиямен жасалады), «Дон Педро» мен «Корона» сырасы брендтері бар. Алкогольсіз сусындардан танымалы – негізі күріш ұнынан «хорчата», гибистан жасалған салқындатылған шай «агуа-де-ямайка», қою ыстық шоколад «чампурадо». Мемлекеттің оңтүстігінде керемет кофе дайындалады.

Тамаша табиғаты, керемет жағажайы мен қарлы жанартауы, тарихқа бай майя мен ацтектердің археологиялық ескерткіштері, сарайлар, толқындардың жылулығы туристерді қызықтырады. Мына барлық ғажайыптар, әсіресе аудандарда қызмет көрсету мен тауарлар арзан – осының бәрі қазіргі Мексика.

 

Date: 2015-06-07; view: 2285; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию