Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Америка Құрама Штаттары 4 page





Со-о-Рекаль кварталының ең қызықты ғимараты – бай жасау-жабдығы бар Визитасьон ғимараты. Керісінше, Визитасьон аралында ХVІІІ ғ. монахтар салған ескі диірменнің қираған орындары (соңғысы 1960 ж. дейін жұмыс жасаған) сақталған. Қазір арал өткен ғасырдың бірнеше ағаш үйлерінен көруге болатын саябаққа айналған. Лашин каналының және шлюз жүйелерінің айналасында пайда болған.

Монреальдан көлікпен бірнеше ондаған минут қашықтықта орналасқан Лаврентия таулары (Лаврентия үстірті) және Лаврентиялық ұлттық саябағы керемет таулы-шаңғылы курортпен белгілі. Әсіресе шаңғылы станция мен Бронмонтедегі керемет бақпен, сонымен қатар Сен-Совер мен Сент-Адельдегі шаңғы трассасымен атақты.

Үш жағынан мұхитпен қоршалған, Канададағы ең әдемі порвинциялардың бірі Жаңа Шотландия. Провинцияның көрікті жерлері – кең жағажайлар мен ″Күншығыс жолының″ жағалау маңындағы балықшылар ауылы, Кейп-Бретон аралындағы От-Тер ұлттық қорығы, Викокомаг үнді резервациясы, Ярмут белгілі желкенді қайық орталығы, Аннаполистегі Порт-Руаль француз отарларының саябағы, Кеджимкуджик қорығы мен көптеген ыңғайлы шығанақтар мен жағажайлар.

Провинция астанасы – Галифакс, өзінің Сен-Пьер (Канададағы ең ескі баптистік ғибадатханасы), Олд-Датч-Черч (елдегі алғашқы лютеран шіркеуі), Сен-Жорж, Нотр-Дам-де-Сен-Дулер (1874 ж.) т.б. шіркеулерімен және де мұражайлар арасынан Жаңа Шотландия мұражайы, Цитадель, Өнер мұражайы, ″Микмак мұрасы″ көркем галереясымен, т.б. қызықты.

Аннаполистегі Энн Форты, Кейп-Бретон аралындағы Луисбург қамалы, Нью-Брансуикедегі Кингс-Лэндинг тарихи қонысы, Кампобелло аралындағы Ф.Д. Рузвельт саябағы және Сент-Круа аралындағы ашық аспан астындағы Самуэль де Шамплейн мұражайы, Кейп-Бретон аралындағы канада ғалымының А.Г. Белланның үй мұражайы өзіне назар аудартады.

Манитоба провинциясы әр түрлі көгалды аймақтар мен аралас ормандар, көлдер мен теңіздер, полярлы тундралар мен жартас қалдықтары табиғатқа ерекше көрініс береді.

Провинция астанасы – Виннипег (″судың молшылығы″) өзінің мұражайларымен белгілі. Бұнда Адам және Табиғат мұражайы, қаладағы ең ескі ғимаратындағы (1846 ж.) әулие Бонифация мұражайы, Виннипег көркем галереясы және т.б. орналасқан. Қаланың мәдени өмірі өте бай – бұлар әйгілі Виннипег патша балетінің спектакльды қойылымдары мен симфониялық музыка концерттері және ең жоғарғы деңгейдегі театрлық көріністер. Виннипег маңайында көптеген тарихи және табиғи көрікті орындары бар – ″Развилка″ (ертеректе үнді көсемдерінің кездескен тарихи орны), Гэрри форты – Қызыл өзенде аң тері саудасының маңызды пункты, Черчилл қаласы – әйгілі ″ақ аю астанасы″, Брендондағы Карран саябағы мен Принсесс саябағы және де көптеген қорықтар мен көлдер. Виннипег көлі – Онтариодан үлкен және Канададағы көлемі бойынша бесінші орында.

Саскачеван – климаты қатал, далалық және көл өлкесі. Бұл ″Канаданың сарқылмас астық қоры″, сонымен қатар 100 мыңнан аса теңіздер мен керемет көлдер, жүріп өте алмайтын батпақтар бар. Бұл Канададағы көптеген тұрғындар ағылшын және француз ұрпағы болып табылмайтын жалғыз провинция. Бұл жерде неміс, украин, скандинав, дат, поляк, орыстар өмір сүреді, сондықтан қаланың сыртынан қараған осы этностардың ұлттық әсерін байқауға болады. Реджайна және Саскатун – бұл провинцияның екі ең үлкен қалалары, мұнда Саскачеван тұрғындарының ⅓ осында тұрады. Реджайна – Саскачеван астанасы, тыныш қонақжай қала, тек апта соңында көптеген дүкендер, мейрамханалар адамдарға толған кезде ғана жандана түседі. Осында провинцияның солтүстігіне жорықтың әр түрі ұйымдастырылады. Екі мұражайға – Саскачеванның табиғат байлығына арналған табиғи тарих және Патшаның атты коллекция мұражайына баруға болады.

Альберта – ірі мұнай өндіруші өлке (Калгари Канаданың мұнай астанасы) және керемет ландшафт аймағы. Батыстағы қатал жартасты таулары және шығыстағы кең көгалды аймақтар кеңістігі туризм үшін керемет жағдай. Альберт провинциясының астанасы – Эдмонтон қаласы, Солтүстік Америка континентінің ең ірі сауда орталығы ретінде танымал, сондықтан барлық ″туристік өмір″ 800 дүкен мен керемет аттракциондардың саябағы бар Вест-Эдмонтон-Мэл ауданының айналасында.

Калгариде әйгілі Родео (шілде), қару-жарағы бар Гленбоу мұражайы Көркем галереясымен, Олимпияда саябағы, ескі үймен қамтамасыз етілген Херитидж-саябағы үшін баруға, сонымен қоса Хайуанаттар әлемін (Канададағы ең ірісі) және қала символы – Калгари-Тауэр мұнарасын қарауға болады. Портаж-ла-Прери тарихи үнді ауылы мен ескі форттағы Канаданы игеру мұражайымен қызықты. Қаланың айналасында көптеген қысқы курорттар шоғырланған.

Канада Кордильері жабайы табиғаттың нағыз қазынасы: Фрейзер өзенінің шатқалдары, Йеллоухед асуы, Канаданың жартасты тауының биік нүктесі – Робсон тауы (3954 м), атақты Колумбиялық мұзды далалығы – туризм мен белсенді демалыс үшін керемет. Бірақ Альберттің нағыз көрікті орны – оның ұлттық қорықтары. Джаспер (жартасты таулардағы ең үлкен қорық, аумағы 10,8 мың шаршы шақырым), Банф (Канаданың бірінші қорығы), Вуд-Баффало және Уотертон-Лейкс, сонымен бірге жартасты таудың табиғатына бай аудандары – Вистлер, Медсин (Джаспер қорығындағы ең үлкен көл, жылына бір рет толығымен кебеді), Мейлин көлдері, Атабаска сарқырамасы (Джасперден 32 шақырым оңтүстігінде), Колумбия мұздығы (ауданы 325 мың шаршы шақырым), Джонстон құздығы, Лоуэр сарқырамасы мен Аппер-Фоллз, Луиза көлі, Виктория тауы және көптеген курортты орындары бар. Альберт провинциясында динозаврлар қалдықтарының ең көп шоғырлануы табылды, ал осы жердегі өзендерде балық аулау елдегі ең керемет болып саналады.

Британдық Колумбия елдің ең батысында орналасқан таулы провинция. Бұл теңіз ландшафттарының, тау, көл, өзен, жасыл тал ормандары, жүзімді және жеміс-жидек бақтары керемет табиғат пен тілектес адамдар аумағы.

Ванкувер – Канаданың ең әдемі қалаларының бірі, тұрғындары жөнінен үшінші және Солтүстік Америкадағы порт мағынасы бойынша екінші орында. Ванкувердің орталық бөлігіекі айбынды қарбаластардың табандарында орналасқан – биіктігі 1300 м. Маунт Сеймур және Холлиберн және жағалаулары керемет Ағылшаын бухталары бар. Ванкувердің көптеген өзендері арқылы 20 көпір өтеді, ал үшеуі ашылмалы көпір – Бюрард-Бридж, Кемби-Бридж, Грэнвилд-Бридж – қала орталығын Ванкувердің басқа аудандарымен қосады және қызықты туристік нысан болып табылады.

Туристерді Стэнли саябағы (400 га самырсын орманы) және қаланың ескі кварталы – Гэстаун, Канадағы ең ірі китай кварталы, Елизавета патшайымының ботаникалық саябағы және университеттік ботаникалық бақ, Ван Дусен бағы, Марин-Драйвтегі Нитоб жапондық бағы, Крист-Черт шіркеуі (собор) (Ванкувердегі ең ескі шіркеу), Форд театры, «Коммодор» ойын-сауық кешені, өнер мұражайы, планетарийі бар Ванкувер мұражайы, «Омнимакс» кинотеатры бар ғылым үйі, Антропологиялық мұражай, ғасырлық мұражай мен теңіз мұражайы әйгілі. Стэнли-саябағының 3 жағажайы, Китсилано, Жерико, Рек-Бич жағажайлары өзінің салқын суына қарамастан, мыңдаған демалушыларды баурайды.

Ванкувер қою ормандармен және биік таулармен қоршаулы, сондықтан ең танымал туристік маршруттар қаланың керемет аймақтарымен өтеді. Тау шаңғы Вистлер станция, Ставамус-Чиф алып жартасы бар Скуомиш, Шэннон-Фоллз сарқырамасы, мұхит жағалауындағы Нанаймо қалашығы, Шарлотта патшайымының архипелагы, сонымен қатар қала маңайындағы әдемі орындарды байланыстыратын ескі теміржол көңіл аударарлық.

Провинция астанасы Викториядныңклассикалық автокөліктер мен Форт-Родд тарихи саябағына, Британдық Колумбия мұражайы, Батчарт-Гарденс демалу саябағы, балауызды мүсіндер мұражайы, Теңіз мұражайы, ең үлкен қалалық саябақ – Бикон-Хилл-Саябақ, Парламент және Эмелии Кардың Көркемөнер галереясына міндетті түрде барыңдар. Тандерберд-Саябағында культ заттарын және жергілікті үндістердің үй заттарын көруге болады. Ал қалғанында, бұл кәдімгі викториандық ғасырдағы ағылшын қаласы.

Викториядан еш қиындықсыз белгілі қорықтарға жетуге болады: Пасифик-Рим, Йохо (ЮНЕСКО қорғауында), Кутней, сонымен қатар мұхитты және өзендік типтегі (барлығы 25 бағыт) керемет маршрут бойынша ыңғайлы теплоходта саяхаттауға болады.

Юкон аңызды «алтынды қызба» ғасырының басындағы аудан. Өркениет қолы жетпеген Юконның жабайы жерлері Британ Колумбиясынан солтүстігінде Канаданың Солтүстік-Батыс және Аляска арасындағы ауданы 500 мың шаршы шақырым аумаққа созылады. Юкон шекарасының көп бөлігін Кордильерлер, ал солтүстікте Арктика жағалауында тундра жатыр. Уайтхорс Юкон астанасы, әкімшілік және туристік орталық. Жыл сайын ақпан айында «өндірушілер кездесулері» болып тұрады. Осы кезде өзен бойымен «Клондайк» ескі дөңгелекті пароходпен серуендеп, бұрынғы Юкондағы «алтын қызба» кезеңін елестетуге болады. Уайтхорста Макбрайд мұражайына, Майлз құзырына барып келуге және Юкон өзенінде балық аулауға болады.

Date: 2015-06-07; view: 1337; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию