Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Норвегия. Норвегия – Солтүстік Еуропада, Скандинавия түбегінің солтүстік және батыс бөлігінде





Норвегия – Солтүстік Еуропада, Скандинавия түбегінің солтүстік және батыс бөлігінде, Шпицберген аралдары тобында, Ян-Майен аралында орналасқан мемлекет. Шығысында Швециямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен және Ресеймен шектеседі. Батыс жағалауын Атлант мұхиты, солтүстік жағалауын Баренц теңізі, оңтүстігін Солтүстік теңіз және Скагеррак бұғазы шайып жатыр.

Норвегия аумағының 1/3 бөлігі солтүстік поляр шарында жатыр, жердің басым бөлігін Скандинавия таулары алып жатыр. Елдің оңтүстігінде Телемарк, Ютунхемен және т.б. биік үстірттер (фьордтар), солтүстігінде Финмаркен үстірті орналасқан. Эстердаль, Согне-фьорд, Хардангер-фьорд құнарлы алқаптары бар. Ең басты өзендері: Гломма, Логен және Бегна. Елде көптеген шағын көлдер де баршылық. Солтүстігінде климат субарктикалық, қалған аумағында қоңыржай мұхиттық. Солтүстік Атлант ағысы қыс мезгілінде климатты едәуір жұмсартады. Скандинавия тау бөктерлерінде және теңіз жағалауларында жылына 3000 мм, ал шығыста 600 мм жауын-шашын түседі.

Ел аумағының 1/4 бөлігін ормандар алып жатыр. Қылқан жапырақты қарағай, шырша, оңтүстігіндегі жалпақ ормандарда емен, шамшат, шетен ағаштары өседі.

Норвегияның негізгі туристік-рекреациялық ресурстарына елдің қатаң қорғауына алынатын табиғи аумақтар – Нордмарк пен Фокстумюр қорықтары, Бергельфьель, Нордкап, Йотуихейн ұлттық бақтары, Готикалық және Романдық үлгідегі сәулет құрылыстары, Норвегияның мәдени көрнекті орындары астанасы – Ослода (Кон-Тики Фрам мұражайы, палеонтология, этнография, минералогия, қолөнер бұйымдары, викингтердің кемелері, Мунка мұражайы, Скандинавия тауындағы тау шаңғылы курорттар (Стрюн); өнеркәсіптік туризмнің нысандары (Рерус) және басқалары ерекшеленеді.

Норвегияның туристік-рекреациялық аудандастырылуы бойынша Осло және маңындағы аудандар, Мьеса мен Гудбрансдаль өзендердің аудандары, Берген қаласы мен елдің оңтүстік-батыс жағалауы, Тронхейм мен Норвег теңізінің жағалауы және елдің солтүстік бөлігі.

Осло қаласында Слоттет патша сарайы; Э. Мунк мұражайы; Кон-Тики мұражайы (Туру Хейердалуға тиесілі жеке мұражай); көне норвектік қайық-үй стиліндегі Фрам мұражайы; Фронгер-парк (мүсінші Густав Вигелундтың 150-ге жуық туындысы); Викингтердің кеме мұражайы (біреуіне тіптен 1100 жыл болған); Р. Амундсеннің үй-мұражайы; ауылдық сәулет өнерінің жиынтығы бар халықтық мұражай; Акерсхюс (Скандинавия қамалының алынбас қорғанысы туралы ерекше мұражай).

Ослодан солтүстікке қарай Хольменколленде – Нурмарк демалыс зонасы бар, ол шаңғы спортының дамыған орталығы (әлемдегі көне Хольменколле трамплині, оның ішінде шаңғы мұражайы бар, онда ежелден қазіргі кезге дейінгі шаңғының түрлерін кездестіруге болады).

Норвегияның 200 мыңнан астам көлдерінің ішінде (елдің территориясының 4,7% алып жатыр) ең ірісі Мьеса көлі (369 шаршы шақырым). Керемет жағалаулар мен жағажайлар курортты орталықтар салуға жағдай жасайды, олардың ішінде Лиллехаммер (қысқы олимпиаданың астанасы), Хамар және Иевин бар. Мьеса көліне құятын таулы өзен Логеннің суының жағалауынан Гудбрансдаль туристік зонасы қалыптасқан.

Шетелдік және ішкі туристерді қызықтыратын портты қалалар Буде, Навик, Хаммерфест, Киркенес және осы қалалардың жағалаулары. Ауданның солтүстігінде өнеркәсіп туристік орталығы бар – Рерус қаласы, ол ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларды қорғау тізіміне енгізілген. Рерус қаласының өркендеуі Орталық Норвегияда мыс кенорнының ашылуына септігін тигізді.

Ауданның ірі туристік орталықтары Берген, Ставангер, Урнес қалалары саналады. Бергенде Ханзеатик мұражайы бар, ол Ганзы кезеңіндегі немістің саудагерлерінің тұрмыс-тіршілігіне арналған; Балық аулау мұражайы балық аулау шаруашылығының тарихынан сыр шертеді. Көркем өнер мұражайы (Расмус Мейер мен Стенерсонның қылқалам туындыларының коллекциясы, сонымен бірге Эдвард Мунктің еңбектері көрмеге қойылған). Ауданның ескі бөлігінде Бригген қаласы бар, онда Әулие Марияның (ХІІ ғ.) шіркеуі мен Бергенлос қамалы (1261 ж.) тарихын баяндайды.

Ставангерде ХІІ ғ. соборы орналасқан; қала маңында Фольгефонн мұз айдыны мен Оддаға жақын жердегі Лотефосс сарқырамасы бар. Урнесте Норвегияның территориясында қалған ежелгі 25 шіркеудің бірі – ставкир сақталған. Ставкир – ағаштан салынған шіркеулер, олар Норвегия тарихына еуропалық сәулет өнерін енгізу нәтижесінде пайда болған, ол елге христиан діні енгізгенде де септігін тигізген. 1250 ж. ел аумағында осындай шіркеулердің шамамен 1000 данасы болған.

Тронхейм қаласының орталығында Нидирос шіркеуі (ХІ ғ.) бар. Музыка тарихының мұражайы, қолөнер мұражайы, көркемдік галереясы, фьордтар – ауданның негізгі туристік элементтерінің бірі.

Норвег теңізі жағалауына келетін туристердің басым бөлігі жаз мезгілінде, себебі фьордтар бұл кезеңде мұз астында қалмайды, соны көру мақсатында туристердің мол легі ағылады.

Елдің солтүстік бөлігінің көрікті жері Еуропаның солтүстігіндегі нүктесі – Нордкап мүйісі (Нордкап ұлттық бағы). 5000 шаршы шақырым аумаққа норвегтер ұзына бойы созылатын туристік орталықтар салынған және бір ерекшелік олар жер астына әдейіленіп салынған, себебі табиғи ландшафтарды сақтау мақсатында жасалынған. Жер асты туристік демалыс орындарында кафе, панорамалық зал, клуб, мұражай орналастырылған. Норвегияда круиздік туризм кең дамыған (Норвегияның оңтүстік жағалауы, Телемарк, Батыс мыс пен Лофтен аралдары).

Норвегияға жыл сайын 2,84 млн-дай адам (1998 ж.) туристік мақсатта келеді, бірақ Норвегия туризм саласы енжар түрде дамып отырған елдер қатарында.

Date: 2015-06-07; view: 1761; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию