Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Германия елдерінің туризмді дамытудағы орны





 

Франция басқа Батыс Еуропа елдері сияқты туризмнің дамыған орталығы болып саналады. Бұл ел Батыс Еуропада орналасқан, солтүстігі мен батысын Атлант мұхиты мен Ла-Манш бұғазы, оңтүстігін Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Ауданы 551 мың шаршы шақырым. Франция қоңыржай ендікте орналасқан және 4 климаттық зонаны қамтитын батысында атланттық, шығысы мен орталығында континентальдық, оңтүстік батысында альпілік, оңтүстігінде жерортатеңіздік климатты бірден бір ел. Франция аумағының 2/3 бөлігін жазық алып жатыр. Негізгі таулы массивтері Альпі, Пириней, Юра, Арденна, Вогез және Орталық Француз массиві. Батыс Еуропа мен Француз Альпісінің ең биік нүктесі – Монблан тауы (4807 м).

Франция климаты негізінен қоңыржай (елдің солтүстік шығысындағы таулы аудандарды қоспағанда) климат. Қаңтардың орташа температурасы +1° пен +8°С аралығында, шілденің орташа температурасы +17° пен +24°С аралығында. Елдің солтүстік-батысына әсер ететін атлантикалық ауа массасы ауаның жоғары ылғалдылығымен, жиі және күшті батыс желдерімен, жауын-шашынның көптігімен сипатталады. Францияның солтүстік-шығысы климаты континентті, ыстық жаз, салқын қыс тән. Оңтүстік теңіз жағалауындағы жазықтар (француз Ривьерасы), Роно өзенінің аңғары, Корсико аралында субтропиктік климат. Мұнда аяздар сирек, күз бен көктемде өткінші жаңбырлар болады, ал жазда жауын-шашын өте сирек, тіпті болмайды да. Францияның табиғи-рекреациялық әлеуетінің негізін мыналар құрайды: Жерорта теңізі, жағалаулық курорттар, Антиб, Канны, Минтона, Ницца, Сен-Тропез; Альпідегі тау-шаңғы курорттары – Альбервиль, Шамони, Гренобль, Валь-Торанс, Тинь; бальнеологиялық курорттар – Энген, Эвлан, Ле-Ман, Лурд, Довиль, Маримас, Понон-Ле-Бен, Экс-ле-Бен, 20-дан астам аймақтық табиғи бақтар және ерекше қорғалатын аумақтар елдің территориясының 35% алып жатыр.

Маңызды мәдени-тарихи нысандарға мыналар жатады. Мәдени-тарихи ескерткіштері – палеолит дәуірінің тұрғын орындары, галло-римдік және романдық архитектура ескерткіштері, Версаль, Фонтебло, Луара қамалы, неоклассицизм туындылары Триумфальды арка, ХХ ғ. архитектуралық құрылысы (Эйфель мұнарасы), Иль-де-Франс готикалық үлгідегі қайта өрлеу дәуірінің архитектуралық туындылары, т.б.

Францияның негізгі туристік-рекреациялық аудандары: ел астанасы Париж және Иль-де-Франс провинциясы, Нормандия, Солтүстік-шығыс Франция, Бретань, Бургундия, Луара өзенінің аңғары, орталық Франция, Роно өзенінің аңғары және Прованс провинциясы, француз Ривьерасы, Корсика аралы, Француз Альпісі, Пиреней (сурет № 3)

Париж – Францияның астанасы. Қала маңымен бірге Үлкен Парижді құрайды. Ірі өнеркәсіп және мәдениет орталығы, Парижде 200-ден астам халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлері орналасқан. Париждің маңызды, ірі мәдени-тарихи орындары: Лувр мұражайы, (Ренуардың, Моне, Дег, Ван Гог туындылары жиынтығы бар), ұлттық мұражай (Матис, Пикассо, Шагал еңбектері бар), қаланың тарихи орталығы – Париж құдай ана шіркеуі орналасқан Чите аралы (Нотр-Дам 1163-1257 жж.), Сакре-Кер Базилика, ХVІІ мүгедектер Шіркеу үйі мен, Марсово алаңы; Пантеон, Сарбонна, Бастилия, Шайо сарайы, Триумфальды арка, Монмартр, Помпиду атындағы ұлттық өнер мен мәдениет орталығы (коммуникациялық құбырлардан жасалған ерекше архитектуралық конструкция); Париждің символы, 300 м-лік – Эйфель мұнарасы. Париждің бақ ансамблі – сан Тюильри, Люксембург бағы ерекше көңіл аударады.

Иль-де-Франс провинциясы Францияның тарихи орталығы, онда ХІV Людовиктің Версаль сарайы. Француз корольдерінің бұрынғы қала сыртындағы резиденциясы болған. Ромбуйе – президенттің жазғы резиденциясы орналасқан кішкене қалашық, Фонтеблода ертедегі француз корольдарының қала сыртындағы резиденциясы орналасқан.

Вильгельмнің Англиядағы жеңісінен бастап, 1944 жылғы одақтастар әскерінің келуімен Нормандия тарихы танымал. Бұл аймақтың мәдени-тарихи мұралары туристерді қызықтыратын басты фактор. Туристерді қызықтыратын аталған «Жүз қоңырау» қаласы – Нормандияның ескі астанасы Руан. Мұнда керамикадан жасалған заттардың мұражайы, Лизье қаласында «Нормандия-Неман» эскадрилиясына арнап орнатылған ескерткіштер бар. Аймақта сонымен қатар курорттық жағажайлардың туристік мүмкіндігі пайдаланылады. Нормандия – жүздеген шақырымдарға созылған және жоғары деңгейлі теңіз курорттары – Трувиль, Кабур, Онфлер қалаларынан тұрады.

Солтүстік-шығыс Франция – Нор, Па-де-Кале, Пикардио, Арденны, Шампань, Лотарингия, Эльзас провинцияларын қамтиды.

 

 

 

Нор, Па-де-Кале провинцияларында туристік индустрия сәулет мұраларын көрсетуге (Шантии сарайы, Бэ-де-Сол) аңшылық пен балық аулауға (Ла-Манш жағалауы) бағытталған. Сонымен қатар туристер Ла-Манш тоннелінен, карнавалдарды (Лильдегі) көре алады.

Шығыс аудандарды (Шампань, Арденны, Лотарингия, Эльзас) шарап, гастрономиялық турлар ұйымдастырылады. (Эльзастың ақ шарабы, шампан, дәстүрлі мерекелерге қатысу)

Бургундия – құнарлы жерлер мен таулы жерлер, жүзім өсіру мен шарап жасау, көрікті ландшафтар мен мәдени-тарихи ескерткіштер өлкесі. Соңғысына Клюни шіркеуі, Сито абаттығы және екінші дүниежүзілік соғыс ескерткіштері жатады. Осы жерде 1940 ж. басқыншыларға қарсы қозғалыс болды. Бон қаласында ерекше шарап мұражайы бар.

Луара өзенінің аңғары. Луара өзенінің Орманнан Анжеге дейінгі орталық ағыны «Франция бағы» деген атпен белгілі. Аймақта 90-нан астам бақтар мен саябақтар бар. Алаңда қолдан жасалған бөгендер, тоғандар, су жүйелері жасалған. Луара өзенінің аңғарындағы мәдени-тарихи ескерткіштер қатарында ортағасырлық және қайта өрлеу кезеңдерінің сарайлары жатады, мысалы, Шамбор (І Францисканың аңшылық сарайы), Амбуаз (Леонардо да Винчи жерленген), Шенонсо, Вилландри, Валений, Блакафор. Туристік ауданның бай мәдениеті туралы ЮНЕСКО ерекше атаған, Шартр мен Буржедегі соборлар және жазушылар Марсель Пруст, Жорж Санд, Алан Фурньенің үйлері маңызды туристік нысандар болып саналады.

Орталық Францияға Пуату, Шаранта, Лемузен, Овернь провинциялары кіреді. Ауданның танымал нысандарына Форд Боярд, Лог-Рошель аквариумы, Овернедегі Вольвик минералды су көздері, гострономиялық тур (Оверннің көгілдір ірімшігі) жатады. Лемузенде өнеркәсіптік туризм дамыған туристер Обюссондағы кілем шығаруды, Лимождағы фарфор шығаруды көре алады. Туристерді Роно өзенінің аңғары және Прованс туристерді Арлдегі, Орандждағы, Авиньондағы ежелгі римдік ескерткіштермен қызықтырады. Оранджда рим амфитеатры бар ол ЮНЕСКО тарапынан қорғауға алынған. Прованс провинциясы – Орандж, Экс-ан-Прованс және теңіз арасындағы үшбұрышта орналасқан Франция аймағы. Бұл аймақ табиғи ландшафттарының әркелкілігімен белгілі (Роно өзенінің атырауы, кіші Альпі тау тізбегі, Люберон төбелері).

Француз Ривьерасы – Жерорта теңізі жағалауынан Италия шекерасына дейінгі аралықты алып жатыр. Француз Ривьерасының Канн курорттық орталығынан Ментон курортына дейінгі 120 шақырымға созылған бөлігі «Көгілдір жағалау» деп аталады. Оның атақты курорттары – Ницца, Монте-Карло, Сен-Тропез, Канн. Аймақтың туристік инфрақұрылымы дамыған автожолдар желісін, автомобиль және теміржолдары, басқа қалалармен, елдермен байланыстыратын Ницца-көгілдір жағалау әуежайы (жылына 7 млн-дай жолаушы қабылдайды), жоғары класты қонақ үйлер желісі (77 төрт жұлдызды отель); 9 конгресс сарайы, 19 шаңғы курорттары, 11 гольф алаңы және т.б. бар.

Көгілдір жағалаудың жаңа бейнесі талассотерапиялық емдеулермен танымал. Көгілдір жағалау өзінің климат жағдайының қолайлығына қарай, ол жерде өтетін маңызды мәдени шараларға байланысты туристерді жыл бойы қызықтырады. Канндағы халықаралық кинофестиваль (мамыр айында) Ниццадағы карнавал, Ментондағы лимон мерекесі де маңызды туристерді қызықтыратын шаралар.

Брестань – Францияның Батысындағы ежелгі провинция. Аңыз бойынша бұл жерде Сен аралында Бретань аңыздарының сиқыршысы Мермен дүниеге келген. Атақты Брюселианд ормандары Кельт аңыздарының атақты кейіпкерлерімен танымал: Артур патша, Вивьиан пері, т.б. Жағалаудағы жұмсақ атлантикалық климат талоссотерапиялық емдеулер үшін қолайлы (теңіз суы мен емдік балшықтар, 11 арнаулы институттар мен теңіздік курорттар негізінде). Бретань жағажайларында атақты курортты қалалалар Сен-Мало мен Динан орналасқан. Ортағасырлық қала Сен-Мало ХІ ғ. аралда, Рона өзенінің сағасыда корсарлардың қорғаныс бекеттері ретінде салынған.

Марсель – Жерорта теңізіндегі ең ірі портты қалалардың бірі, іскерлік туризм орталығы. Сонымен қатар гүл және балық базарларының мейрамханалар мен барлардың көптігі туристерді қызықтырады. Негізгі мәдени-тарихи нысандарына қорғаушы құдайына шіркеу, Сен-Виктор абаттығы, Лоншам сарайы, Мажор шіркеу жатады.

Корсика – Жерорта теңізіндегі француз аралы (әсемдік аралы). Корсика алуан түрлі ерекшелігімен танымал – Агриат көлі маңайындағы адам баспайтын жерлері, Костаньич жаңғақты орманы, әсем Порто шығанағы бар. Барлық жағалауда суға түсуге, су спортымен айналысуға мүмкіндік бар. Жазда порттар катерлер мен яхталарға толы. Мон-Сенто тауының етегіде От-Аскода тау шаңғы курорты салынған. Корсиканың тарихы да қызықты. Ертедегі қалалар мен қорғандар түрлі шапқыншылар туралы естеліктерді сақтаған. Арал Францияның құрамына ХVІІІ ғасырда түбегейлі енді. Бұл жерде Франция императоры Наполеон Бонопарт дүниеге келген.

Француз Альпісі. Қыста француз Альпісі тау шаңғыны ұнатушыларға ұзын трассалар мен түрлі қиындықтардағы маршруттарды ұсынады. Шамони (Монблан етегіндегі көне таушаңғы курорты), Куршевель, Мирибель, Тинь, Вальторанс, Валь Тюренс, Вальд-де-Цзерде таушаңғы орталықтары жоғары деңгейде жасақталған. Француз Альпісінің оңтүстігінде орналасқан Пра-Лу курорты қысы жазы жұмыс жасайды. Пассайлас мұздығында екі ұлттық бақ орналасқан: Ванзаз және Гранд Парадисе.

Пириней. Аймақ бальнеологиялық курорттарымен әйгілі. Атақты теңіз курорттарына Аркашон және Биприц жатады. Соңғысы ХІХ ғ. ортасында император ІІІ Наполеонның әйгілі Евгении Монтихоның арқасында әйгілі болды. 1854 ж ол үшін «Евгения вилласы» тұрғызылды. ХІХ ғ. ортасынан бастап қалыптасқан дәстүр бойынша Биариццеде зиялы қауым өкілдері жиналады. Қалада теңіз мұражайы, кішкене автомобильдер мұражайы, маяктағы көру алаңы бар, оған шығу үшін 248 басқыштар өту керек.

1967 ж. Франция мемлекеті оңтүстік батыстағы Аквитания провинциясында ауылдық мекендерді және туризмді дамыту туралы жоспар қабылдады, оны қаржыландыру жеке сектордың, ал бақылау өкіметтің құзырына берілді. Бұл жоспар бойынша жағалаулық ауданды 16 секторға бөлді, олардың тоғызында туризм инфрақұрылымын дамыту көзделді, қалған 7 секторда ландшафтпен жабайы табиғатты сақтап қалу жоспарланды.

Ауданның шығысы – Лангедок – Руссильон жағалауы 1960 жылдарға дейін туризм мақсатында қолданылмады. 1964 жылғы бағдарламаға сәйкес 5 туристік мекендерді салып оларды автомобиль және жоғары жылдамдықтағы жолдармен байланыстыру жоспарланды.

Францияға келетін туристер көлемін сипаттау оның ХХ ғ. 80-90 жж. өсімін көрсетеді. 1980-2000 жж. аралығында туристер саны екі еседен артық өсті. Францияға келуші туристер Француз Ривьерасында демалуды ұнатады. Одан кейін Париж бен оның маңы, Альпі, Пириней тұр.

Халықаралық туризмнен түсетін табыс 1980-2000 жылдар арасында 8,23 млрд-тан 31,5 млрд. АҚШ долларында өсті. 1990 жылдары ұлттық туристік өнімді сату нарығы Жапония, АҚШ, Германия, Ұлыбританияға келді. Соңғы жылдарды Франция нарығында Еуропалық елдер: Италия, Испания, Скандинавия елдері, Ресейдің рөлі артып келеді. Келетін туристерді тасымалдауда автомобиль көлігі (45,9 %) басым рөл атқарады. Екінші автокөлік (9,14%), келесі теміржол көлігі (4,08%). Қонақүй қоры 611,54 мың немесе 1223,07 мын орын. Олардын толу деңгейі 50,3% Францияда халықаралық туризмді дамыту мәселелерімен туризм бойынша мемлекеттік секретариат айналысады, ол көлік, тұрғын үй құрылыс министрлігінің құрылымдық бөлімі. Мемлекеттік және тәуелсіз туристік ұйымдар арасындағы байланыс «Мезон-де-ля-Франс» ұйымы арқылы жүзеге асады. Оған 850 астам ұйым кіреді. Ұйымның бас офисі Парижде, дүниежүзінің 28 елінде филиалдары бар.

 

Date: 2015-06-07; view: 1840; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию