Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Білім беру бағдарламаларының мақсаттары» бөлімінің SWOT-талдауы 4 page





Есептік кезеңде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша әзірленген жұмыс бағдарламаларының саны 2.5.-кестеде көрсетілген.

Кесте.2009-2014 жылдарда «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша әзірленген білім беру бағдарламаларының (ЖОЖ) сандық көрсеткіштері

Пәндер Оқу жылдары  
  2009-2010 2010-2011 2011-2012 2012-2013 2013-2014 барлығы
  қазақ орыс қазақ орыс қазақ орыс қазақ орыс қазақ орыс қазақ орыс
Жалпы білім беретін         - - - - - -    
Негізгі             - -        
Бейіндеуші - - - - - -            
Элективті - - - -                
Барығы                        

Осылайша, есептік кезеңде кафедралармен мемлекеттік және орыс тілдерінде міндетті компоненттің барлық пәндері бойынша 39 және таңдау компонентінің пәндері бойынша барлығы 27 жұмыс бағдарламалары әзірленген. «Медициналық-профилактикалық іс»мамандығының білім беру бағдарламасының пәндердің оқу-әдістемелік кешенімен 100% қамтамасыз етілген.

Қажет болған жағдайда (ғылым мен практиканың жетістіктерін, мамандарды даярлауға қойылатын жаңа талаптарды, денсаулық сақтау салаларының сұраныстарын ескере отырып) жұмыс бағдарламасына қосымшалар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін.

Жұмыс бағдарламасына негізделе отырып ПОӘК құрамына кіретін басқа құжаттардың барлығы әзірленеді.

Силлабус жыл сайын кафедралардың отырыстарында қайта қаралып бекітіледі.

СӨЖ арналған әдістемелік әзірленімдер 5 жыл мерзімге (ҚР МЖМБС әрекет ететін кезеңінде) әзірленеді.

Пән бойынша білімдерін, іскерліктерін, машықтарын қорытынды бағалау үшін бақылау-өлшеу тәсілдеріне тестер, ситуациялық міндеттер, сараланған сынақтың, емтиханның сұрақтары, практикалық машықтар тізімі кіреді.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау БӨТ кафедраның, «Стоматология» - мамандығы бойынша білім беру бағдарламасыны комитетінің, оқу-әдістемелік кеңестің отырыстарында талқыланады және бекітіледі.

Пән бойынша оқу және әдістемелік құралдар мен жабдықталу картасы кафедралар ОПҚ-мен кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп әзірленеді және типтік оқу бағдарламасына сәйкес негізгі және қосымша әдебиеттер туралы мәліметтерден тұрады.

Білім алушыға материалдарға қолжетімділгі үшін ПОӘК және басқа да әдістемелік құжаттар бойынша ақпараттар электрондық нұсқада университеттің интернет-беттерінде орналастырылады.

ПОӘК сапасына сараптама түрлі деңгейлерде жүргізіледі: кафедра, МББК, ЖОО-ның оқу-әдістемелік орталығы, ішкі аудиттер.

2.2.13. а) алған тиісті студентермен қажетті білім, іскерліктерін, машықтарын және біліктіліктерін оқу процесінде меңгеру ПОӘК біріктірілген кафедраларда әзірленген оқу-әдістемелік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

ПОӘК-мен теориялық және практикалық оқытуды қарастыратын білім алушыларды дарлауда қажетті деңгейді реттеледі.

Пәндердің үлгілік оқу және жұмыс бағдарламаларында оқу процесінде студенттер меңгеруге тиіс білім, іскерлік, машықтар тізімінің көрсетілетін мақсаттар мен міндеттер жазылған, мұның негізінде пәндердің мақмұны анықталады, аудиториялық сабақтардың (дәрістер, практикалық, семинарлық сабақтар), білім алушылардың өздік жұмыстарының тақырыптары әзірленеді, оқытудың әдістері анықталады.

Практиканың жұмыс бағдарламалары, практиканы өту жөніндегі әдістемелік әзірленімдер білім алушыларда ең алдымен кәсіби машықтар мен біліктілікті қалыптастыруды қарастырады.

Дәрістік кешенде білім алушылардың келешекте практикалық мәселелерді шешуде ғылыми негізделген жолдарды қолдану мақсатындаоқытылатын пәндердің негізгі білімдері көрсетіледі.

Практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік әзірленімдер студенттермен пәннің теориялық негіздерімен қоса оқытылатын пәннің нақты тақырыптары бойынша қажетті іскерлікті, машықтарды, біліктілікті меңгеруді қарастырады.

Білім алушылардың оқу процесінде қажетті білімді, іскерлікті, машықтарды, біліктіліктерлі толығымен меңгеру «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ҚР МЖМБС реттелген негізгі біліктіліктерді меңгерген түлекті даярлауды қамтамасыз етеді.

б) ПОӘК-пен ЖОО-ның сәйкес құрылымдық бөлімшелері қатысатын оқу процесін ұйымдастыру, басқару және сүйемелдеу реттеледі: кафедралар, оқу процесін жоспарлау бөлімі, деканаттар, оқу-әдістемелік орталық, компьютерлік тестілеу орталығы, оқу-клиникалық орталық және т.б.

ПОӘК негізделе отыра әр түрлі оқу сабақтарының түрлері, кафедралардың ОПҚ оқу жүктемесі жоспарланды, аудиториялық қорды бөлу, кафедралардың оқу клиникалық базаларын ұйымдастыру, кадрлық құрамды іріктеу, кафедралар мен зертханалардың материалдық-техникалық жабдықталуы, білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттау ұйымдастыру және өткізу, оқу әдебиеттерін сатып алу, сондай-ақ ОПҚ инновациялық білім беру технологияларына оқыту және т.б. жүргізілді.

«АстМУ» АҚ-та студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылаудың дәстүрлі формалары қолданылады: межелік бақылау – коллоквиум, қорытынды бақылау - емтихандар, Сараланған сынақтар. Емтихандар және Сараланған сынақтараралық аттестаттау (сессия) кезеңінде тапсырылады.

Пән бойынша оқу материалын меңгере алмаған (қорытынды бақылауға жіберілмеген, қанағаттанбаған баға алған) студенттер аталған пәнді қайтадан оқуға қалдырылады.

Сәйкес пәнер бойынша сабақтарды қайта оқу ақылы негізде қысқы және жазғы семестрлер кезеңінде жүзеге асырылады және «АстМУ» АҚ-тың «Білім алушыларға сабақтарды қайтадан оқытуды ұйымдастыру және өткізу туралы ереже» АМУ-Е-18 ішкі құжатымен реттеледі.

Курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ өтпелі баллды жинай алмаған білім алушыға өзінің үлгерімінің орташа балын (GPA) көтеру мақсатында «Жазғы семестр туралы ереже» АМУ-Е-36 ішкі құжатына сәйкес жазғы семестрде жеке пәндерді ақылы негізде қайтадан оқып, сол пәндер бойынша қайтадан емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі. Жазғы семестрдің нәтижелерін ескере отырып, оқу жылының нәтижесі бойынша өтпелі баллды жинай алмаған білім алушы курсты қайтадан оқуға қалдырылады және бұрын қабылданған жеке оқу жұмыс жоспарымен оқытылады немесе жаңа жеке оқу жоспарын құрады.

Білім алушы «Аппеляциялық комиссия және аппеляцияны өткізу тәртібі туралы ереже» АМУ-Е-56 ішкі құжатқа сәйкес рұқсат рейтингісінің және/немесе қорытынды бақылау бағасын аппеляцияға бере алады. Осы мақсатта ЖОО біліктілігі аппеляцияға берілетін пәндердің бейініне сәйкес оқытушылар қатарынан аппеляциялық комиссияны құрады. Аппеляциялық комиссия бірыңғай талаптарды сақтану және келесідей аттесттаттау түрлерін өткізгенде даулы мәселелерді шешу мақсатында құрылады:

- аралық аттестаттау (емтихан сессиясы);

- қорытынды аттестаттау (мемлекеттік емтихан, мемлекеттік аттестаттау).

Аралық/қорытынды аттестаттау кезінде аппеляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастыру, қорытынды бақылау нәтижесімен келіспейтін білім алушы емтихан өткенен кейін бір тәулік аралығында Университеттің аппеляциялық комиссиясының төрағасынығ атына пәнді көрсетіп, комиссиялық қарастыруды талап ететін сұрақты жазу арқылы аппеляцияға беруге құқығы бар. Апелляциялық комиссия әр пән бойнша құрастырылады. Офис-тіркеуші бөлім аппеляциялық комиссияны құру туралы өкім негізінде жеке емтихан ведомостын және аппеляция хаттамасын береді. Пәндік аппеляциялық комиссиясының шешімі хаттамамамен рәсімделеді. Аппеляциялық комиссияның шешімі бойынша алынған баға білім алушының жеке емтихан ведомостына жазылынады. Пәндік аппеляциялық комиссиясының хаттамасы деканатта, хаттаманың көшірмесі кафдрада сақталынады, жеке емтихан ведомосты офис-тіркеуші бөлімге тапсырылады. Қорытынды аттестаттау және Қазақстан тарихы мемлекеттік емтиханды тапсыру жағдайында аппеляцияның нәтижелері МЕК немесе МАК/МҚА отырыстарының хаттамаларымен рәсімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттаманың нәтижелері «Баға № хаттамамен ______ беттен ______ бетке қайта қарастырылған «____» сөзбен жазылады және МЕК /МАК/МҚА қатысқан барлық мүшелермен қол қойылады.

в) Жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын, білікті мамандарды даярлау мақсатында соңғы жылдары жоғары кәсіби білім беру жүйесіне біліктілік тәсілін енгізуге байланысты қорытынды біліктілік сынақтар оларға бітірушілерді практикалық даярлауды бақылаудың элементтерін қосуды талап етеді.

ҚР МЖМБС 3.07.440-2003 бойынша оқитын 6 курс бітірушілердің МҚА есептік кезеңде ауызша және жазбаша стандарт талаптарына сәйкес өткізілді: коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, эпидемиология.

ҚР МЖМБС 6.08.021-2009 бойынша даярлықтан өткен медициналық-профилактикалық іс мамандығының бакалаврлары қорытынды аттестаттау ЖОО-ның ОӘК шешіміне сәйкес дәл солай 2 кезеңде өтті: 1-кезең – коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, эпидемиология пәндері бойынша интеграцияланған тестілеу, 2-кезең – практикалық машықтарды объективті құрылымдандырылған клиникалық емтихан (ОҚКЕ) түрінде аттестаттау.

МҚА материалдары (тест сұрақтары, ОҚКЕ тапсырмалары) аталған пәндердің типтік оқу бағдарламалары мен мамандық бойынша жоғары білім берудің жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген бейіндеуші пәндердің жұмыс оқу жоспарларының мазмұныныа сәйкес келеді.

ИГА академиялық күнтізбеде және «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспарында көрсетілген мерзімде өткізілді.

2.2.14. Білім беру бағдарламасы шеңберінде кредиттік технологияны адекватты пайдалану Болон процесінің принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді: академиялық мобильділік, бірлескен қадам жүйесі және студенттің білім алу жолындағы түрлі позициялардың сипаттамасы, өмір бойы білім алу. Өзінің тағайындалуына байланысты кредиттік технология екі негізгі бағытта қолданылады:

а) бір ЖОО-да меңгерілген пәндерді басқа ЖОО-мен қайта тапсыру мүмкіндігі (трансферт функциясы)

б) білім алушының білім алу жолындағы позициясын анықтау үшін бірінші кезекте, оқуды жалғастыру және келесі оқу деңгейіне өту мүмкіндігінің бар болуы (жинақтау функциясы).

Кредиттерді жинау құралы ретінде бұл жүйе келесіні қамтиды:

а) білім беру бағдарламаларының мазмұнын реформалауға ықпалдасу;

б) ұтқырлықты мемлекет ішінде, сондай-ақ халықаралық көлемде жаңғыртуға сілтемелер; в) түрлі деңгейдегі жүйелерді интеграциялау мүмкіндігі, оның ішінде «өмір бойы білім алу» принципін жүзеге асыру мақсатында білім алу тарихы әр түрлі тұлғаларды жоғары білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету;

г) еңбек нарығымен байланыс;

д) айқындық деңгейін және білім беру жүйесін салыстыру сапасын арттыру.

2.2.15. Кредиттер білім алушының оқу жүктемесінің көлемін көрсетеді, ол оқу жоспарында көрсетілген оқу қызметінің барлық түрлерін қамтиды, соның ішінде аудиториядағы жұмыс және өздік жұмыстар, стажировка, практика және т.б.

«Медициналық-профилактикалық іс» ББ бойынша білім алатын студенттер білім алушы мен оқытушының жұмыс жоспарының көлемін өлшеудің унификацияланған бірлігі ретінде кредитті қолдана отырып, оқудың реттілігін өздері таңдайды және өз бетімен жоспарлайды.

ҚР БҒМ кредиттік технологиясы бойынша НД-ға сәйкес бакалавриатта оқитын білім алушының аудиториядағы сабақтарын және өздік жұмыстарын ескере отырып, теориялық оқу бойынша бір қазақстандық кредит көлемі 45 сағаттық жұмысқа тең.

«Медициналық-профилактикалық іс» бб бойынша оқу мерзімінде студент ең азы 160 кредит жинауы керек.

2.2.16. Студенттердің кәсіптік білікті толық меңгеруі үшін гигиеналық пәндер кафедрасында 4 ғылыми зертхана қызмет етеді, олар зертханалық жабдықтармен, құрылғылармен және аппаратурамен жабдықталған. Осы жабдықтарда практикалық машықтарды меңгеру барлық бейіндеуші пәндер бойынша, соның ішінде бес базалық және ББ оқу жоспарының элективті пәндері бойынша жүргізіледі

Түрлі міндеттерді, соның ішінде кәсіптік міндеттерді дұрыс шешу жоғары ғылыми деңгейлі ОДМ қолдану арқылы жүзеге асырылады:

-оқу әдебиетті (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, анықтамалар, сөздіктер және т.б.);

-ақпараттық технологиялар негізінде жасалынған материалдар (электрондық кітаптар, тест тапсырмалары, презентациялар);

-манекен-имитаторлар, робот-имитаторлар, фантомдар, симуляторлар, виртуалдық компьютерлік тренажерлар;

-суреттер, сызбанұсқалар, муляждар, анатомиялық мүшелердің модельдері;

-биологиялық эксперименттік материал (егеуқұйрықтар, бақалар);

-микропрепараттар;

-ситуациялық міндеттер;

-медициналық құжаттар;

-графологиялық құрылымдар;

-кестелер;

-плакаттар;

-оқу, зертханалық, емдеу-диагностикалық аппаратура және инструментарийлер;

-өздік жұмысына тапсырмалар, өз бетінше дайындалу және т.б..

ББ жүзеге асыруға қатысатын «АстМУ» АҚ-тың құрылымдық бөлімшелері материалдық-техникалық жабдықтар (лингафондық кабинеттер, оргтехника, зертханалық аппаратуралар және реактивалар, фантомдар және т.б.) түріндегі барлық қажетті ресурстармен жабдықталған.

2.2.17. Аталған тармақ есептік кезеңде жүзеге асырылмаған қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша мәліметтерді сипаттауды қарастырады.

2.2.18. Есептік кезеңде оқу процесіне білім берудің жаңа технологиялары енгізілді. Бұл үшін «АстМУ» АҚ-тың кафедраларының қызметкерлеріне, соның ішінде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының ОПҚ-ға оқу процесіне оқытудың инновациялық әдістерін (PBL,CBL,TBL) енгізу бойынша оқу семинарлары өткізілді.

Кафедралардың оқытушылары оқытудың инновациялық әдістері бойынша даярлықты «АстМУ» АҚ-та, Астана және Алматы (маусым 2008 ж., 2010 ж., 2011 ж., 2012 ж., 2013 ж.) қалаларындағы республикалық жоғары оқу орындары аралық семинарларда өтті.

Университетте инновациялық әдістермен қатар оқытудың дәсітүрлі модельдері де сақталған: дәрістер, практикалық және семинарлық сабақтар. Дегенмен көп дәрістер дәріскерлермен мультимедиялық презентациялар түрінде өткізіледі, бұл үшін «Дәрісті оқу өнері» тақырыбы ФПК жоспарында қарастырылғаны. Аталған семинарға «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беретін 5 оқытушы қатысқан.

ББ жүзеге асыру үшін оқытуда әдістемелік тәсілдері мәселелері МОӘК, ОӘК және Ғылыми кеңес отырыстарында бірнеше рет талқыланған.

Инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу тәжірибесі ЖОО-ның баспа журналдарында («Астаналық медицина журналы», «Валеология»), сондай-ақ түрлі конференциялар материалдарында, соның ішінде есептік кезеңде «АстМУ» АҚ-та өткізілген «Жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі сапаны басқарудың инновациялық модельдері» I Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (6-7 маусым 2013ж.), сонымен қатар жоғары оқу орны ішіндегі «Заманауи медициналық білім беру саласындағы интеграцияланған процестер» оқу-әдістемелік конференциясының (21 маусым 2013ж.) материалдарында ОПҚ басылымдарында көрсетілген.

2.2.19. «АстМУ» АҚ-та білім беру қызметі саласында жетекші болуға, халықаралық дәрежеде мойындалып, өз беделін жоғары деңгейде ұстап тұруға талпынады. Университеттің менеджмент сапасы саласындағы саясаты оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру сапасымен, сабақтарды сапалы өткізуде ОПҚ-ның біліктілігімен анықталатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасына кепілдік беру арқылы барлық тұтынушылардың талаптарын үздіксіз қанағаттандыруға бағытталған.

ББ сапасын іштен бағалау және сараптама жасау ұсынылатын білім беру қызметінің деңгейі бойынша тұтас түсінік қалыптастыру үшін, олардың сапалық және сандық өзгерістерін, жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау және талдау үшін жағдай жасау мақсатында университетте болатын процестерді мониторингілеу жолымен жүзеге асырылады. Аталған мақсаттар келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

- жетекшілік ететін факультеттің, кафедраның және ОПҚ қызметін бағалау;

- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру және өткізу;

- ішкі аудиттерді өткізу.

ПОӘК, оқу-әдістемелік жұмыстарды дайындау ОПҚ-ның жеке жоспарларына жұмыстың көлемін, пәндер санын, құжаттар түрлерін және орындау мезімдерін көрсету арқылы енгізіледі. Жоспаларды орындау нәтижелері кафедралардың отырыстарында қарастырылады.

ЖОО-да оқу процесін жоспарлау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді, «АстМУ» АҚ Басқармасының 19.06.2012ж. №20 шешімімен бекітілген «Оқу процесін жоспарлау» АМУ-УС-25-12 Университет стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын келесідей қызметтер түрлері кіреді: кафедралардың оқу жүктемесін жоспарлау, штаттық кестені жасау, оқытушылар арасында оқу жүктемесін бөлу, сабақ кестесін құру. Дәрістерді оқу тек профессорларға, доценттерге және аға оқытушыларға беріледі. Оқытушылар мен ассистенттер практикалық және зертханалық сабақтарды жүргізеді.

Оқыту сапасын бақылау үшін және бағалау үшін сабақтарға өзара қатысу, оқытушылардың ашық сабақтары өткізіледі, олардың нәтижелері кафедралардың, МОӘК отырыстарында талқыланады. Сабақтардың және қолданылатын оқу-әдістемелік материалдардың сапасы, СӨЖ тапсырмаларды дер кезінде беру, білім алушылардың үлгерімдерін бақылау мен бағалауды ұйымдастыру кафедралардың, МОӘК отырыстарында талданады.

Ішкі тұтынушылар (білім алушылардың) қанағаттанушылық деңгейін және ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапа дәрежесін анықтау үшін студенттер арасында саулнамалар жүргізіледі. Келесідей сауалнамалар әзірленді: «Студенттің кафедра туралы пікірі», «Түлек сауалнамасы» «Пәндерді оқытудың сапасымен қанағаттану», «Студенттердің практиканы ұйымдастыру мен өткізудің сапасымен қанағаттануы».

ББ сапасын іштен бағалау және сараптама жасау Университетте әзірленген ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 19.06.2012ж. №20 шешімімен бекітілген «Оқу процесін жоспарлау» АМУ-УС-25-12 Университет стандарттарына;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 02.05.2013ж., №16 шешімімен бекітілген «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге қойылатын жалпы талаптар» АМУ-УС-16-13 Университет стандарты;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 12.03.2012 ж., №7 шешімімен бекітілген «Жаңа білім беру технологияларын енгізу» АМУ-УС-14-12 Университет стандарты;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 20.09.2012ж., №27 шешімімен бекітілген «Білім алушылардың ҒЗҚ процестерін басқару» АМУ-УС-15-12 Университет стандарты;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 07.11.2011ж., №30 шешімімен бекітілген «Емтихандарды тест әдісімен ұйымдастыру» АМУ-УС-17-11Университет стандарты;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 25.08.2012ж., №25 шешімімен бекітілген «Кәсіптік бағдар беру жұмысы» АМУ-УС-23-12 Университет стандарты;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 13.11.2012ж., №38 шешімімен бекітілген «Білім алушылардың дамуының мониторингі» АМУ-УС-26-12 Университет стандарты;

- «АстМУ» АҚ-тың Басқармасының 18.05.2012ж. №16 шешімімен бекітілген «Кәсіби практика» АМУ-УС-28-12 Университет стандарты;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 04.09.2013ж., №35 шешімімен бекітілген «Бітірушілер мониторингі» АМУ-УС-33-13 Университет стандарты;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 13.11.2012ж., №38шешімімен бекітілген Білім алушылардың ағымдағы, аралық, қорытынды білімін бақылау туралы ереже АМУ-Е-13-12;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 02.05.2013ж., №16шешімімен бекітілген Білім алушыларды, оқытушылардың және қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы туралы ереже АМУ-Е-02-13;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 12.03.2012ж., №7 шешімімен бекітілген Эдвайзерлер қызметі туралы ереже АМУ-Е-15-12;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 17.09.2013ж., №36 шешімімен бекітілген Элективті пәндер каталогі туралы ереже АМУ-Е-16-13;

- «АстМУ» АҚ-тың Басқармасының 13.11.2012ж. №38 шешімімен бекітілген «АстМУ» АҚ-тың білім алушыларының портфолиосын қалыптастыру туралы ереже АМУ-Е-17-12;

- «АстМУ» АҚ-тың Басқармасының 19.07.12ж., №23 шешімімен бекітілген Білім алушылар үшін сабақтарды қайтадан оқытуды ұйымдастыру туралы ереже АМУ-Е-18-12;

- «АстМУ» АҚ-тың Басқармасының 13.11.12ж., №38 шешімімен бекітілгенБілім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың рейтингілік жүйесі туралы ереже АМУ-Е-31-12;

- АстМУ АҚ Басқармасының 23.07.2013ж., №28 шешімімен бекітілген «Білім алушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру туралы ережесі» АМУ-Е-71-13;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 19.06.2012 ж. №20 шешімімен бекітілген «Жоғары оқу орнына дейінгі даярлау процесін басқару» АМУ-КП-НП-03-12 процесінің картасы;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 19.06.2012 ж. №20 шешімімінен бекітілген «Білім алушыларды іріктеу мен қабылдау процесін басқару» АМУ-ПК-НП-04-12 процесінің картасы;

- «АстМУ» АҚ Басқармасының 19.06.2012 ж. №20 шешімімінен бекітілген «Оқу-әдістемелік процесті басқару» АМУ-ПК-НП-05-12 процесінің картасы;

Date: 2015-11-13; view: 624; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию