Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Гимнастика. Алдыңғы сыныпта үйретілген оқу материалдарын қайталау





Алдыңғы сыныпта үйретілген оқу материалдарын қайталау.

Саптық жаттығулар. «Адым бас!», «Жиі бас!», «Қысқарта бас!», «Бірінші-екіншіге санал!» пәрмендері. Екі қатарға тұру; екі қатардан, екі шеңбер құру. Қиғаштап, қарсы бағытта, «жыланша» жүру.

Спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары кешені. Дене бітімін (мүсінді) қалыптастыруға арналған жаттығулар. Таңертеңгілік гимнастика жаттығулары. Нығыздалған доппен (1 кг) және гантельмен (0,5 кг) орындалатын жаттығулар кешені.

Акробатикалық жаттығулар. Жинақталып отырған қалыптан артқа аунап, екі қолды бастан асыра таяну. Алға аунап, тізерлеп отыру. Артқа аунап жауырынға тұру және тік аяқты бастан асыра төмен түсіру, тізені бүгу және бастапқы қалыпты қабылдау. Тізерлеп таянған қалыптан оң және сол қапталдарға тербеле-аунау.

Тепе-теңдік жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстімен жүріп, допты еденге соғу және қағып алу. Биіктігі 50 см бөрене үстіне қойылған доптардан аттап өту; допты лақтыру және қағып алып қозғалу; биіктігі 25 см құралдардан аттап өтіп, оңға және солға аяқтарды тіркестіре жүру. Бөрене үстінде оңға және солға бұрылу. Бұрын үйретілген жаттығулардан құрылған қарапайым комбинациялар (бөрене үстінде аяқ ұшымен жүру, бұрылулар).

Өрмелеу және кедергіден асып түсу: еңіс орнатылған гимнсатикалық орындықта тізерлеп тұрып және етеппеп жатып өрмелеу. Өрмелеу және асып түсу арқылы 3-4 кедергіден өту. Арқанды аяқпен қайшылай қармап көтерілу. Арқанға асылып тұрып аяқпен қайшылай қармап көтерілу. Арқанға өзіндік тәсілмен өрмелеу (2,5 м).

Асылу және таяну түрлері: гимнастикалық қабырғада; бөренеде; гимнастикалық орындықта.

Би жаттығулары. Қол, аяқ, кеуде және бастың ырғақты қимылдарын музыкамен үйлестіре орындау. Ұлттық және балалар билерінің элементтері.

Гимнастика элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

 

Жеңіл атлетика

Алдыңғы сыныпта үйретілген жаттығуларды қайталау.

Адымның ұзындығы мен жиілігін өзгертіп жүру. Жоғарғы сөре (старт).

Жүгіру. Жүру мен жүгіруді кезектестіру. Тізені биік көтеріп және аяқты артқа лақтырып жүгіру. 30 м, 60 м жүгіру. 1500 м қашықтыққа жүгіру уақыт есептелмейді. Қарама-қарсы эстафеталар.

Секірулер. Секіргішпен бір орында және алға қозғала секіру. Ырғулар. 50 см биіктіктен секіру, жеңіл жерге түсу. Бір орыннан ұзындыққа секіру. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру және тізені бүгіп биікке секіру.

Лақтырулар. Шағын допты нысанаға лақтыру. Шағын допты алысқа лақтыру.

Жүгіру, секіру және лақтырулардан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

 

Спорт ойындарының элементтерінен тұратын қозғалмалы ойындар

Доппен орындалатын жаттығулар. Допты биік лақтырып екі (бір) қолмен қағып алу. Дәл солай, тек қосымша қимылдар орындаған соң. Бір-біріне қарама-қарсы орналасып (арақашықтық 2 м) допты бір-біріне түрлі амалдармен лақтыру: төменнен, бастан асыра, кеудеден. Жүріп және жүгіріп доппен қозғалу. Жұптасып орналасып бір орында және қозғалыста допты бір-біріне аяқпен беру.

Доппен өткізілетін ойындар: «Бер де - қаш», «Түрлі заттарды айнала доппен қозғалу», «Допты колоннада беру», «Допты жетекшіге берме», «Атыспақ».

Дала жарысы. Ойлы-қырлы жерлері аз далада табиғи кедергілерден өтіп жүгіру (1,5-2 шақырым).

Шаңғы

Алдыңғы сыныпта үйретілген оқу материалдарын қайталау.

Бір аяқпен сырғу. Шаңғышының биік және төмен тұру қалпынан еңіске түсу. Сырғи адымдап қозғалу. Шаңғымен 2 шқ қашықтықты жүру.

Шаңғымен өткізілетін ойындар.

Жүзу

Алдыңғы сыныпта үйретілген оқу материалдарын қайталау.

Суда бассейннің жақтауынан ұстап жатып кроль тәсілімен жүзу кезіндегі аяқ қимылдарын орындау. Аяқтың қимылдарымен сырғу. Қолдың қимылдарымен сырғу. Судан сөре (старт). Суға аяқпен секіру. Суға құлау (жақтауда отырып, қол жоғарыда, дене алға еңкейген). Дәл солай, жақтаудан итеріле.

Суда өткізілетін ойындар: «Алға сырғу», «Кім жылдам», «Кім алысқа секіреді», «Каскад», «Доп үшін күрес», «Доппен қуыспақ».

 

3-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері

№ п/п Қорытынды жаттығулар ұлдар қыздар
«5» «4» «3» «5» «4» «3»
1. 3х10 м қайталап жүгіру, с 9,1 9,8 10,4 9,6 10,4 11,0
2. 30 м жүгіру, с 5,7 6,2 7,0 5,8 6,3 7,2
3. 1500 м жүгіру уақыт есептелмейді
4. Екі аяқтап 8 рет секіру, м 12,5 9,0 6,0 12,1 8,8 5,0
5. 6 м қашықтықтан шағын допты нысанаға тигізу (5 рет)            
6. Биік кермеде тартылу (рет) - - -
7. Асылып жатып аласа кермеде тартылу (рет)   -   -   -      
8. Шаңғымен 1000 м жүгіру, мин, с 8,00 8,30 9,00 8,30 9,00 9,30
9. Шаңғымен 2000 м жүгіру уақыт есептелмейді
10. 15 м жүзу уақыт есептелмейді
11. 1,5 шқ жүгіру (қарсыз өңірлерде) уақыт есептелмейді

 

3 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

ұлдар

Сынақ түрлері Дене дайындығының деңгейі
Х төмен орташадан төмен орташа орташадан жоғары жоғары
30 м жүгіру 6,2 7,1 7,0 – 6,7 6,6 – 5,8 5,7 -5,4 5,3
Бір орыннан ұзындыққа секіру       112 -122   123– 145   146 – 157  
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру       149 - 200   201–314     315–366   367,0
3х10 қайталап жүгіру 10,0 11,3 11,2 – 10,8 10,7– 9,6 9,5 – 9,1 9,0
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) 12,8 8,0 9,0 –10,0 11,0-15,0 16,0– 17,0 18,0

 

3 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

қыздар

Сынақ түрлері Дене дайындығының деңгейі
Х төмен орташадан төмен орташа орташадан жоғары жоғары
30 м жүгіру 6,4 7,5 7,4 – 6,8 6,7 – 5,9 5,8 -5,4 5,3
Бір орыннан ұзындыққа секіру       100 -109   110– 130   131 – 141  
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру       124 - 178   179 – 288     289– 343  
3х10 қайталап жүгіру 10,0 11,3 11,2 – 10,8 10,7 – 9,6 9,5 – 9,1 9,0
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) 12,0 7,5 8,0 –9,5 10,0 -14,0 14,5 – 16,0 17,5

 

Сынып

Барлығы – 102 сағат (аптасына 3 сағ.)

Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын

тоқсандарға бөлу

 

Бағдар-лама түрлері   Бағдарлама бөлімдері   Оқу тоқсандары
Σ
Базалық 1. Жеңіл атлетика - -
2. Қозғалмалы ойындар
3. Гимнастика - -
4. Шаңғы* - - -
5. Жүзу** - - -
Базалық компонент бойынша сағаттар саны
Вариативті 1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ )

 

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.

Білім негіздері

Қимыл-қозғалыс тәртібі және оның оқушы денсаулығы мен жұмыс істеу қабілеті үшін маңызы. Шынығу тәртібі.








Date: 2015-11-14; view: 794; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (1.308 sec.) - Пожаловаться на публикацию