Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







оқу бағдарламасы





ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

 

Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған

 

оқу бағдарламасы

 

Астана


ТҮСІНІК ХАТ

 

«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Дене шынықтыру білім беру саласы бойынша дене шынықтыру пәнін оқытудың мақсаты: оқушының дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:

– денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

– дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

– дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

– тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес келіп, «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы», «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру», «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды. Онда Қазақстандағы спорт және дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген. Сонымен қатар, бұл бөлімдерде дене және спорттық дайындықтардың негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.

«Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер беріледі.

Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері ұсынылып отыр. Сонымен қатар, бағдарламада Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы берілген.

Оқу бағдарламасы дене шынықтырудың базалық құрамынан тұратын материалдарды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы жалпы білім беру даярлығының мемлекеттік стандартын айқындайды.

Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.

Бағдарлама оқушылардың дене шынықтыру бойынша дене дайындығы деңгейін анықтауға қоятын талаптармен аяқталады. Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке сүйенеді: «білу/түсіну», «меңгеру», «көрсете білу» және «меңгерген білімі мен біліктілігін күнделікті өмірде және практикалық әрекетте қолдануы тиіс».

Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар бағдарламалық материалды оқушының табысты меңгеруін бағалаудың критерийі болса, екінші жағынан негізгі орта білім беру бағдарламасын аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Осы бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері.Негізгі мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.

Орта білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес, бағдарламада оқушыларды гендерлік қағида (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары) бойынша бөліп оқыту қарастырылған. Оқу процесін ұйымдастыруда аталған жағдайды ескерген дұрыс.

Типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі мынадай:

5 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);

6 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);

7 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);

8 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);

9 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат).

Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады:

 

«Орыс тілі», «Қазақ тілі»: дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын терминдер бойынша сөз қорын толықтыру;

«Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «бірқалыпты және бірқалыпты емес сырғу», «қуат» туралы түсініктерді оқу-жаттығу үдерісінде қолдану;

«Математика (Алгебра, Геометрия)»: биіктік, ұзындық, жылдамдық, арақашықтық және уақытты өлшеу; ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіруді есептеу;

«Биология»: адамның тірек-қимыл аппараты, қанайналым және тыныс алу жүйесі, бұлшықет жұмыстары мен қажудың пайда болуы туралы түсінік;

- жүктеме кезіндегі жүректің қысқару жиілігі туралы;

- шылым шегі мен алкогольдік ішімдіктер ішудің адам ағзасына тигізетін теріс әсері туралы материалдарды қолдану;

«Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыстың пайда болу тарихы;

- қазақтың ұлттық спорт түрлерінің пайда болу тарихы;

«География»: бағыт тұстарын білу, жергілікті жерлердегі түрлі белгілер және карта бойынша бағдар алу біліктілігі;

«Музыка»: дене шынықтыру сабағында музыкалық әуендерді қолдану;

- жаттығуларды спорттық құралдармен және құралдарсыз әуенмен орындау кезінде екпін, әуен және динамиканы кешенді қолдана білу біліктілігі;

«Бейнелеу өнері»,«Сызу»: дене жаттығулар көрсету үшін бейнелі суреттерді қолдану; адам денесін әсемдік тұрғысынан қарастыруды қалыптастыру;

«Технология»: еңбексүйгіштікті және ұзақ мерзім жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу.

 

 

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

 

5-сынып

Барлығы – 102 сағат (аптасына 3 сағ.)

 

Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын

тоқсандарға бөлу

Бағдар-лама түрлері   Бағдарлама бөлімдері   Оқу тоқсандары
Σ
Базалық     1. Жеңіл атлетика - -
2. Спорт ойындары  
3. Гимнастика - - -
4. Шаңғы дайындығы - - -
5. Ұлттық ойындар - -
6. Жүзу - - -
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:
Вариативті   1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты             -        
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны: -
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ)

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.

 

 

БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

Ежелгі Олимпиада ойындары туралы тарихи мәліметтер. Дене тәрбиесі және адамды дене шынықтыру тұрғыдан мақсатты жетілдіру. Жарақаттанудың алдын алу. Денсаулықты нығайту. Денсаулықты нығайтуға бағытталған түзету гимнастикасы. Мектептегі дене шынықтыру сабақтарының гигиеналық маңызы және ұйымдастыру негіздері.

 

Жеңіл атлетика

Жоғары және төмен сөрелер. Үдете жүгіру. 30 м және 60 м жылдам жүгіру. 10-12 мин бір қалыппен жүгіру. 1000 м (қыздар) және 2000 м (ұлдар) қашықтыққа жүгіру, уақыт есептеледі. 7-9 адыммен жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру. 7-9 адымен жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру. Шағын допты 10-15 м қашықтықтан нысанаға лақтыру. Шағын допты алысқа лақтыру. Жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, допты нысанаға лақтырудан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

 

Спорт ойындары

Баскетбол. Ойыншының тұру қалпы. Баскетболшының тұру қалпында аяқты аяққа тіркестіре оң (сол) қапталмен, арқамен және алға қозғалу. Доппен және допсыз орындалатын бұрылулар. Секіріп тоқтау. Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау. Допты бір орында еденнен серпіп тұрып бағыт пен жылдамдықты өзгерте доппен қозғалу. Бір орында тұрып допты лақтыру. Баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар. Қорытындылау ойыны.

Волейбол. Ойыншының тұру қалпы. Адымды тіркестіре, алдымен және арқасымен алға қозғалу. Бір орында тұрып екі қолмен допты жоғарыдан беру. Бір орында тұрып допты төменнен екі қолмен қабылдау. Тордан 3-6 м қашықтыққа орналасып, допты төменнен ойынға қосу. Қорытындылау ойыны.

Футбол. Ойыншының тұру қалпы. Адымды тіркестіре, алға және артқа, оң жақ және сол жақ бүйірмен қозғалу. Бағытты және жылдамдықты өзгертіп жүгіру. Бір орында тұрған және домалап бара жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің орта бөлігімен соғу. Допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату. Тік бағытпен, бағытты және жылдамдықты өзгерте отырып доппен қозғалу. Қақпашының ойыны. Футбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар.

Қол добы (Гандбол). Ойыншының тұру қалпы. Адымды тіркестіре, алға және артқа, оң жақ және сол жақ қапталмен қозғалу. Допты екі қолмен қағып алу. Жүгіріп келе жатып допты беру. Секіріп, допты бір қолмен сермей лақтыру. Допты еденнен екі қолмен кезектестіре серпіп қозғалу. Қақпашының ойыны. Гандбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар.

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Қозғалыс кезінде орындалатын саптық жаттығулар. Жүру түрлері: саптық, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтеріп, жартылай, толық отырып. Ажырау және қосылу арқылы бір колоннадан екі колоннаға сап құру. Қиғаштап, қарама-қарсы бағытпен және жыланша жүру.

Жалпы дамыту жаттығулары. Саппен жүріп келе жатып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Дұрыс мүсінді (дене бітімін) қалыптастыруға, тепе-теңдік пен назар салу сезімін дамытуға ықпал ететін жаттығулар. Спорт құралдарымен және спорт құралдарынсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Түзету гимнастикасының жаттығулар кешені.

Акробатика. Жүрелей отырған қалыптан алға және артқа аунау. Жауырынға тұру. Статикалық элементтерден құрылған жаттығулар («көпір», «шпагат», «қарлығаш»). Акробатикалық элементтерден құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар. Гимнастикалық кедергілерден өту.

Кермеде орындалатын жаттығулар (ұлдар). Асылып тұрып бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріле аударылып түсу – таяну қалпын қабылдау; таяну қалпынан аяқты артқа сермеп, оңға бұрыла секіріп түсу (керме сол жақта). Кермеде тартылу.

Түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Төменгі сырықта орындалатын жаттығулар. Асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріліп аударылып түсу – таяну қалпын қабылдау; таяну қалпынан сол аяқты артқа сермеп, оң аяқпен солға бұрыла секіріп түсу. Төменгі сырықта тартылу.

Арқанға өрмелеу. Үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 2,5-3 м).

Тепе-теңдік жаттығулары. Бөренемен жүру түрлері: аяқтың ұшымен (қол жанында). Тізені биік көтеріп (қол белде), аяқты аяққа тіркестіре қозғалу (қол белде). Аяқты айқастыра тоқтап, бір орында бұрылу. Жылдам жүріп келіп ырғу және жұмсақ төсенішке түсу.

Гимнастикалық кіші аттан таянып секіру. Жүгіріп келіп тізені бүгіп секіру (серіппе мен кіші аттың арақашықтығы 30-35 см; биіктігі қыздар үшін 100 см, ұлдар – 110 см).

Ырғақты гимнастика. Жалпы дамыту жаттығуларын әуенмен орындау (8-10 кешенді жаттығу).

 

Шаңғы дайындығы

Алма-кезек екі адымды жүріс. Бір мезгілді бір адымды жүріс. Дөңге «шырша» тәсілімен көтерілу. Шаңғышының төмен тұру қалпынан еңіске түсу. «Соқа» тәсілімен тежелу. Аяқты көтере адымдап бұрылу. Шаңғымен 2000 м қашықтықты жүріп өту.

Дала жарысы. Қар жоқ аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына жүргізіледі. Жазық далада жүру және жүгіру. Тауға қарай және таудан жүгіріп түсу. 1000 м жүгіру.

 

Ұлттық ойындар

Тарту және итеріп шығару секілді әрекеттерден тұратын жекесайыс түрлері. «Кім жүйрік», «Балапандар», «Қаршығалар мен қарлығаштар».

 

Жүзу

Етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзуді үйренуге арналған арнайы жаттығулар. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі аяқ пен қолдың қимылдарын үйлестіру. Етпеттеп және шалқалап кроль жүзу тәсілімен қысқа қашықтықтарды жүзіп өту. Тұғырдан (түмбеден) және суда орындалатын сөрелер (старт). Суда өткізілетін ойындар және ойын түріндегі жаттығулар.

 

5-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері

№   Қорытынды жаттығулар ұлдар қыздар
«5» «4» «3» «5» «4» «3»
60 м жүгіру (с) 10,0 10,6 11,2 10,4 10,8 11,4
2000 м жүгіру уақыт есептелмейді
Ұзындыққа секіру (см)
Биіктікке секіру, см
Доп лақтыру (150г), м
Биік кермеде тартылу (рет)         -   -   -
Асылып жатып аласа кермеде тартылу (рет)   -   -   -      
Арқанға өрмелеу (м)
Шаңғымен 1 шқ жүгіру, (мин, с)   6,30   7,00   7,40   7,00   7,30   8,10
Шаңғымен 2 шқ жүгіру уақыт есептелмейді
Жүзу (м)
Қарсыз аудандарда 1500м жүгіру ( мин, с)   8,50   9,30   10,00   9,00   9,40   10,30

 

5 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

ұлдар

Сынақ түрлері Дене дайындығының деңгейі
Х тө-мен орта-шадан төмен орташа орташа-дан жоғары жоғары
30 м жүгіру 5,6 6,5 6,4 – 5,9 6,0 – 5,3 5,2 -4,9 4,8
Бір орыннан ұзындыққа секіру       133 -142   143–163   164– 173
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру             260- 312     313–419     420 – 472     473,0
3×10 м қайталап жүгіру 9,3 10,0 9,9 – 9,7 9,6 – 9,0 8,9 – 8,7 8,6
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) 17,6 13,0 14,0–15,0 16,0-20,0 21,0 – 22,0 23,0

 

5 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

қыздар

Сынақ түрлері Дене дайындығының деңгейі
Х төмен орта-шадан төмен орташа орташа-дан жоғары жоға-ры
30 м жүгіру 5,8 6,5 6,4 – 6,2 5,9 – 5,3 5,2 -5,0 4,9
Бір орыннан ұзындыққа секіру   146,0     125 -135   136 – 156   157 – 167  
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру   325,0   212,0   213 - 271   272–386     387 – 440   441,0
3×10 м қайталап жүгіру 9,7 10,6 10,5–10,2 10,1 – 9,3 9,2 – 9,0 8,9
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) 16,0 11,5 12,0 –13,5 14,0 -18,0 18,5 – 20,0 23,5

 

6-сынып

Барлығы - 102 сағат (аптасына 3 сағ.)

 

Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын

тоқсандарға бөлу

Бағдар-лама түрлері   Бағдарлама бөлімдері   Оқу тоқсандары
Σ
Базалық     1. Жеңіл атлетика - -
2. Спорт ойындары -
3. Гимнастика - - -
4. Шаңғы - - -
5. Ұлттық ойындар - -
6. Жүзу - - -
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:
Вариативті   1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты             -        
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны: -
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ):

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.

 

 

БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыс. Өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастырудағы дене жаттығуларының маңызы. Дене шынықтыру сабақтарында жарақаттанудың алдын алу шаралары. Оқушылардың денсаулықтарын нығайту және оларды спорттық үйірмелерге тартудағы жалпы дамыту жаттығуларының маңызы. Түрлі дене жүктемелеріне ағзаның реакциясы.

 

Жеңіл атлетика

30-60 м қашықтыққа жылдам жүгіру. 10-12 мин. орташа қарқынмен жүгіру. 1500 м қашықтыққа жүгіру (уақытқа). Далалық жазықтықта 2000 м қашықтыққа жүгіру (уақыт есептелмейді). Жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру. Жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру. 5-10 м ұзындыққа және биіктікке секіруді толық үйлесіммен орындау, нәтиже есептелінеді. Шағын допты алысқа және нысанаға лақтыру, нәтиже есептелінеді. Секіру, жылдамдыққа жүгіру және допты нысанаға лақтырудан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

 

Спорт ойындары

Баскетбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Бір орында тұрып және қозғалыста допты кеуде тұсында екі қолмен қабылдау; иықтан және бастан асыра беру. Қозғалу бағыты мен жылдамдықты өзгертіп доппен қозғалу. Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру. Баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.

Волейбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Ойыншының тұру қалпы. Бір орында және орын ауыстырған соң допты екі қолмен жоғарыдан көтеру. Бір орында және орын ауыстырудан кейін допты төменнен көтеру. Тордан 3-6 м қашықтыққа орналасып, допты төменнен тік қолмен ойынға қосу. Ойын және ойын тапсырмалары. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.

Футбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Игерілген қозғалу техникаларынан құрылған әдіс-тәсілдер. Допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату. Домалап келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен соғу. 2-3 адымнан жүгіріп келіп серігіне аяқпен доп беру. Серігі берген допты қабылдау және оны тоқтату (ара-қашықтық 5-6 м). Орташа қарқында тік бағытпен және доға бойынша доппен қозғалу. Қақпашының ойыны. Ойын және ойын тапсырмалары. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.

Гандбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Бір орында тұрып және қозғалыста допты қабылдау және беру. Орташа қарқында қозғалып келе жатып, серігіне допты бір қолмен иықтан асыра беру. Допты екі қолмен кезектестіре еденнен серпе отырып қозғалу және тоқтау түрлері. Қақпашының ойыны. Ойын және ойын тапсырмалары. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Сапта жүргенде орындалатын жаттығулар. Жүру түрлері: саптық, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтеріп, жартылай отырып. Жартылай оңға және солға бұрылу. Бір орында тұрып ажырау және қосылу. Қозғалыста келе жатып ажырау және қосылу арқылы екі колоннадан төрт колоннаға сап құру.

Жалпы дамыту жаттығулары. Саппен қозғалып келе жатып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Дұрыс мүсін (дене бітімін) қалыптастыруға, тепе-теңдік пен назар салу сезімін дамытуға ықпал ететін жаттығулар. Спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Түзету гимнастикасының жаттығулар кешені.

Акробатика. Жинақталып отырған қалыптан алға және артқа аунау. Бірізділікпен 2-3 аунап домалау. Жауырынға тұру. Алға ұмтыла аунау. Жүрелей отырған қалыптан артқа аунау. Артқа шалқайып, серігінің көмегімен «көпірге» тұру. Қолдың көмегімен «шпагатқа» отыру. Акробатикалық элементтерден құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.

Аласа кермеде орындалатын жаттығулар (ұлдар). Бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріле аударылып түсіп таяну; таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп 90° бұрылып секіріп түсу. Кермеде тартылу.

Түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Сырықта асылып тұрып шайқала-тербелу, екінші аяқпен итеріле көтеріліп айналу; таянып тұрған қалыптан сол аяқты сермеп, оң аяқпен айналып, қолды артқа жібермей серпіліп секіру.

Арқанға өрмелеу. Арқанға екі және үш тәсілмен өрмелеу (биіктігі 3-4 м).

Тепе-теңдік жатығулары. Бір аяқпен тепе-теңдік ұстау («қарлығаш»). Бөренеде жүру түрлері: аяқтың ұшымен (қол жанында); тізені биік көтеріп (қол белде). Айналулар. Аяқты кезектестіре секіру. Бөрененің үстімен жүгіріп келіп алысқа секіріп түсу.

Таянып секіру. Жүгіріп келіп аяқты бүгіп таянып секіру. Гимнастикалық ағаш аттың үстінен аяқты ашып секіріп өту, серіппе мен ағаш аттың ара-қашықтығы 35-45 см, биіктігі 100 см (қыздар) және 110 см (ұлдар).

Ырғақты гимнастика. Жалпы дамыту жаттығуларын әуенмен орындау (8-10 кешенді жаттығу).

 

Шаңғы

Алма-кезек екі адымды жүріс және бір мезгілді бір адымды жүрісті толық үйлесіммен орындау. «Конький» тәсілімен қозғалу (таяқтың көмегінсіз).

Жылдам екпінде «шырша» тәсілімен дөңге көтерілу. Шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу және «соқа» тәсілімен тежелу. Жазық далада 3000 м қашықтықты шаңғымен жүгіріп өту.

Дала жарысы(қар жоқ аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына жүргізіледі). Жазық далада 1500 м жүгіру. Табиғи кедергілерді айналып өту.

 

Ұлттық ойындар

Төменгі сыныптарда үйретілген ұлттық ойындарды қайталау. «Балапандар», «Қаршығалар мен қарлығаштар», «Тау теке», «Теңге алу» және т.б.

Жүзу

Етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзуді үйретуге арналған арнайы жаттығулар. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын тыныс алумен үйлестіру. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру. Етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі бұрылу тәсілдері. Судан сөре (старт). Тұғырдан (түмбеден) орындалатын сөре (старт). Суда өткізілетін ойын түрлері және ойын түріндегі жаттығулар.

 

6-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері

№   Қорытынды жаттығулар ұлдар қыздар
«5» «4» «3» «5» «4» «3»
1. 60 м жүгіру (с) 9,8 10,4 11,1 10,3 10,6 11,2
2. 1500 м жүгіру (мин, с) 7,30 7,50 8,10 8,00 8, 20 8,40
3. 2000 м жүгіру уақыт есептелмейді
4. Ұзындыққа секіру (см)
5. Биіктікке секіру (см)
6. Доп лақтыру (150г), м
7. Биік кермеде тартылу (рет)         -   -   -
8. Аласа кермеде, жатып тартылу (рет)   -   -   -      
9. Шаңғымен 2 шқ жүгіру (мин, с)   14,00   14,30   15,00   14,30   15,00   15,30
10. Шаңғымен 3 шқ жүгіру   уақыт есептелмейді
11. Жүзу 50 м 1,00 у/е-мейді 25м 1,10 у/е-мейді 25м.
12. Қарсыз аудандарда 1500 м жүгіру, мин, с   8,00   8,30   8,50   8,20   8,50   9,50

6 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

ұлдар

Сынақ түрлері дене дайындығының деңгейі
Х төмен орташа-дан төмен орташа орташа-дан жоғары жоғары
30 м жүгіру 5,3 6,0 5,9 – 5,7 5,6 – 5,0 4,9 -4,7 4,6
Бір орыннан ұзындыққа секіру       144 -155   156 – 178   179– 192  
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру       265- 319   320– 428     429– 482  
3х10 м қайталап жүгіру 9,0 9,9 9,8 – 9,5 9,4 – 8,6 8,5 – 8,2 8,1
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) 20,3 15,0 16,0 –17,0 18,0 -22,0 23,0 – 25,0 26,0

 

6 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі

қыздар

Сынақ түрлері дене дайындығының деңгейі
Х төмен орташа-дан төмен орташа орташа-дан жоғары жоға-ры
30 м жүгіру 5,6 6,3 6,2 – 6,0 5,9 – 5,3 5,2 -5,0 4,9
Бір орыннан ұзындыққа секіру       136 -144   145 – 161   162 – 169  
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру       237– 287   298 – 420     421– 481  
3х10 м қайталап жүгіру 9,6 10,5 10,4-10,1 10,0 – 9,2 9,1 –8,8 8,7
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) 18,0 11,5 12,0 –14,5 15,0 -21,0 21,5 – 24,0 24,5

 

7-сынып

Барлығы - 102 сағат (аптасына 3 сағ.)

 

Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын

тоқсандарға бөлу

Бағдар-лама түрлері   Бағдарлама бөлімдері   Оқу тоқсандары
Σ
Базалық     1. Жеңіл атлетика - -
2. Спорт ойындары  
3. Гимнастика - - -
4. Шаңғы - - -
5. Ұлттық ойындар - -
6. Жүзу - - -
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:
Вариативті 1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты             -        
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны: -
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ):

Ескерту:

* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.

** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.

 

БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ

Қазіргі заманғы Қазақстанда спорт ойындарының даму тарихы. Жаттығуларды орындау кезінде өзін бақылау және өзіндік сақтанудың негізгі әдістері. Тамақтану, оның бойдың өсуі мен дамуындағы маңызы. Шылым шегу мен алкогольдің зияндықтары. Қауіпсіздік ережелері.

Жеңілатлетика

Жүгіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар.

Жүгіру. 30 м және 60 метрге спринтерлік жүгіру. 1000 м (қыздар) және 2000 м (ұлдар) дала жарысы. Орта және алыс қашықтыққа жүгіру кезіндегі бұрылулар. 400 м және 800 м қашықтықты бірқалыпты екпінмен жүгіріп өту. Эстафеталық жүгіру (жүгіру қашықтығын мұғалім немесе оқушы анықтайды).

Секірулер. Секіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіру техникасының дербес үлгісін таңдау. Жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіруді толық үйлесімде орындау. Жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіруді толық үйлесімде орындау.

Лақтырулар. Лақтыру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Бір орыннан шағын допты нысанаға лақтыру. Жүгіріп келіп шағын допты алысқа лақтыруды толық үйлесімде орындау.

Жүгіру, секіру және лақтырулардан құрылған ойындар мен эстафеталар.

Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар.

Сынақ тапсырмалары: 60 м жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, 3×10 м қайталап жүгіру, 1500 м жүгіру.

 

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Қозғалыс кезінде бір колоннадан екі, үш және төрт колоннаға қайта сап құру. Қиғаштап, қарама-қарсы бағытта, жыланша және қарсы кезігетін колоннада қозғалу.

Дұрыс мүсінді (дене бітімін) қалыптастыруға арналған жаттығулар, тыныс алу гимнастикасының жаттығулары, дене салмағын реттеуге және дене дамуының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дене келбетін түзетуге арналған жаттығулар кешені.

Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар.

Акробатика.. Ұлдар: алға ұмтыла аунау; тоқтамай 3-4 мәрте бірге алға-артқа аунау; аяқты жоғары көтеріп, бас және қолға тұру; қолға тұру. Бүйірге аунау. Төменгі сыныптарда үйретілген акробатикалық жаттығулар (жаттығу түрлерін мұғалім немесе оқушы таңдайды).

Қыздар: Бірізді 3-4 мәрте аунау; тепе-теңдік ұстап тұрған қалыптан алға аунап жүрелей отыру; отырған қалыптан артқа сол иық арқылы аунап, жартылай шпагатқа отыру (қол екі қапталда); түргеліп тұрған қалыптан «көпір» жасау, қалпына түсу және қайтадан бастапқы қалыпқа келу; бір бүйірге аунау. Төменгі сыныптарда игерілген хореография және ырғақты гимнастика элементтерінен құрылған комбинация.

Таянып секіру. Таянып секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Кіші ағаш аттан аяқты ашып секіріп өту. Ағаш аттан аяқты бүгіп секіріп өту (ағаш аттың биіктігі қыздар үшін 100-110 см, ұлдар – 110-120 см).

Керме (ұлдар). Кермеде тартылу. Бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріліп аунап түсіп таяну; бір аяқты сырықтан алға және артқа өткізе таяну, секіріп түсу. Таянып тұрған қалыптан аяқты кезегімен сырықтан асыра өткізіп арттан таяну; сол (оң) қолмен айнала бұрылып таяну; аяқты артқа сермей секіріп түсу.

Қос сырық (ұлдар). Ырғи мініп таяну; аяқты ашып отыру; аяқты ішке түсіру және таянып тұрып тербелу; сол жамбасқа отыру; аяқты сырықтан асырып өткізіп оң жамбасқа отыру, секіріп түсу. Таянып тұрып тербелу және аяқты алға, артқа сермеп секіріп түсу түрлері.

Түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Ырғи секіріп жоғарғы сырықта асылу; тербелу; аяқты бүгіп төменгі сырықтан асыра өткізіп арқамен жату; шеңбермен айнала солға бұрылып (сол қол бойымен) таяну; шеңбермен айнала оңға бұрылып (оң қол бойымен) таяну; аяқты артқа сермеп оңға бұрыла, сол қапталмен секіріп түсу.

Бөрене. Тепе-теңдік жаттығулары. Қолмен бөренеге таянып тұрып, бір аяқты сермей өткізіп бөренеге отыру; бұрылу және аяқты сермей өткізіп бір жамбасқа отыру – қол екі қапталда; қолмен арттан таянып, аяқты алға сермей жүрелей отыру; бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп аяққа тұру; қол жоғары; бір орында және алға қозғалып мәнерлеп секіру; мәнерлеп жүру және жүгіру түрлері; 180° бұрылулар; шалқая итеріліп секіріп түсу.

Арқанға өрмелеу. Төменгі сыныптарда үйретілген тәсілмен арқанға өрмелеу (ұлдар 4 м, қыздар – 3 м).

Сынақ тапсырмалары: кермеде тартылу; арқада жатып денені көтеру, қол желкеде; бірізділікпен домалап аунау; еденде таянып жатып қолды бүгіп-жазу.

 

Шаңғы

Шаңғы жүрістерінің техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Бір мезгілді екі адымды жүріс. Бір мезгілді бір адымды жүрісті екі мезгілді алма-кезек жүріспен кезектестіре қозғалу. Шаңғымен таянып және сермей бұрылу. Шаңғымен аттап өту және асып түсу арқылы табиғи кедергілерден өту. Шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу. Соқаша тежелу. Конький тәсілімен жүру. 3 шқ қашықтықты өту (уақыт есептелмейді).

Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар.

Сынақ тапсырмалары: шаңғымен 2 шқ қашықтықты өту.

 

Дала жарысы

Денелік және техникалық дайындықтың арнайы жаттығулары. Кедергілерден секіріп өту, ырғулар, белгіленген нүктеге секіріп шығуды және түсуді дәлдікпен орындау; жүгіріп, адымдап өрге көтерілу және түсу; ойлы-қырлы жерлерде жүрумен жүгіруді кезектестіру; 2 шқ қашықтыққа жүгіру.

Сынақ тапсырмалары: ойлы-қырлы жерлерде 2 шқ қашықтыққа жүгіру.

 

Спорт ойындары

Футбол. Футбол ойынының техникалық тәсілдерін нығайту мен бекітуге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.

Допты бір орында тұрып беру (тік бағытта, көлденеңінен, қиғаштап, төмен және жоғары). Ұшып келе жатқан допты тоқтату. Допты қарсыластан тартып алу (соғып жіберу және табанмен допқа жанасу арқылы). Допты бұрыштан және қапталдан ойынға қосқан соң шабуыл мен қорғаныста іске асырылатын тактикалық әрекеттер. Қорғанысты ұйымдастыру және қарсылас қарымта шабуыл ұйымдастырған кездегі техникалық-тактикалық әрекеттер. Ойынның тактикалық комбинацияларын шыңдау. Футбол және мини-футбол ойындары.

Волейбол. Волейбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.

Допты төменнен және жоғарыдан тігінен ойынға қосуды тордан асырып орындау. Орын ауыстырған соң допты аймақтан аймаққа (зонадан зонаға) беру. Шабуыл соққысы. Тосқауыл қою. Тактикалық әрекеттер (қорғаныстағы ойыншылардың ойынға қосылған допты қабылдау және оны келесі ойыншыға беру кезіндегі әрекеттері). Артқы шептегі ойыншының қорғаныста шабуылшыны сақтандыру кезіндегі ойыны. Волейбол оқу ойыны.

Баскетбол. Баскетбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.

Секіріп допты бір және екі қолмен себетке лақтыру. Техникалық-тактикалық әрекеттер (дербес және командалық): қорғаушының дербес қорғану әрекеттерін орындау кезіндегі қозғалу түрлері; допты жұлып алу және соғып жіберу. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыны қадағалау кезіндегі қорғану әрекеттері; допты қақшып кету; қалқаншадан серпілген доп үшін күрес. Шабуыл кезіндегі өзара әрекет (ұшқыр шабуыл); допты төреші ойынға қосқанда және команда ойыншысы немесе қарсылас беткі сызықтан ойынға қосқан кездегі өзара әрекеттер. Баскетбол оқу ойыны.

Гандбол. Гандбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.

Допты бір және екі қолмен алысқа әрі дәл беру. Допты бір орыннан және қозғалыста сермеп немесе сермеусіз лақтыру. Техникалық-тактикалық әрекеттер: алаңда қозғалу әрекеттерін доппен қозғалу, беру және лақтырумен үйлестіре орындау; допты соғып жіберу, лақтыруға тосқауыл қою. Гандбол оқу ойыны.

Қазақтың ұлттық ойындары

Ұлттық-мәдени бағыттағы ойындар мен жаттығулар. Ұлттық спорт түрлерінің элементтері (ойын және жаттығу түрлерін мұғалім анықтайды).

Жүзу

Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын құрғақта жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Кроль тәсілімен жүзуді толық үйлесімде орындау. Жылдам жүзіп келіп бұрылу. Шалқалап кроль тәсілімен жүзуді еркін демалып, толық үйлесімде орындау.

Төменгі сыныптарда үйретілген тәсілдердің бірімен 50 м қашықтықты жүзіп өту.

 

7-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері








Date: 2015-11-14; view: 1952; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.195 sec.) - Пожаловаться на публикацию