Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері





Сәрсенбай Бейсембетұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

Журнал

 

Дене тәрбиесі сабағындағы қауіпсіздік ережесі

 

 

2014-2015 оқу жылы

 

 

Мектеп директоры: Адинов.М

 

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Байедилова.Б

 

Дене тәрбиесі пәнінің

мұғалімдері Е.Макатаев

Е.Қалиев

О.Мұхтарұлы

Д.Қожагелдиев

 

 

« » сынып

 

  №   Оқушының аты-жөні Жеңіл атлетика спорттық ойындар Пән мұғалімінің қолы Гимнастика спорттық ойындар, ұлттық ойындар Пән мұғалімінің қолы Шаңғы дайындығы, спорттық ойындар, ұлттық ойындар Пән мұғалімінің қолы Жеңіл атлетика, спорттық ойындар Пән мұғалімінің қолы  
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 

 

 

1 Жеңіл атлетика, спорттық ойын

2 Гимнастика, спорттық ойын , ұлттық ойын

3 Шаңғы дайындығы, спорттық ойын

4 Жеңіл атлетика, спорттық ойын

 

 

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Жеңіл атлетика сабағында бастыкөңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.

Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:

1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.

2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.

3. Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

4. Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

5. Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.

6. Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.

7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.

8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

9. Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

10.Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.

Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқкиімдер.

Дала жарысы (кросс)

 

Кроспен айналысу төзімділікті қалыптастырады, шыдамдылыққа тәрбиелейді, күнделікті тіршілік үшін, оқу үшін, спорт үшін болашақта әскер қатарында қызмет ету үшін өте маңызды ерік-күшті дамытады.

Әрбір оқушы жүгіру барысында, әсіресе күз бен қыста өзінің жүгіру күйіне назар аударуы қажет. Тіпті салқын тиіп , жеңіл сырқаттанғанның өзі организмнің науқасқа қарсылығын төмендетеді, жағдайдың қиындау себебіне айналады

Дала жарысы дегеніміз – табиғи ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Жүгіргенде мыналар есте болу керек: шөбі жоқ тегіс жерлермен (соқпақтармен, жолдармен) жүгіргенде, өткен сыныптарда айтылғандай тәсілдермен жүгіру қажет. Қатты жерде, мысалы, асфальт жолда жүгірумен көп айналысқанда, сирақ еттерінің ауырғаны білінеді. Қатты жолда жүгіру жалпақ табанды балалар үшін қиын. Сол себепті, жүгірудің көп бөлігін онша қатты емес жерде өткізу керек. Бұлшық еттер мен буындарға артық күш түссе, мұның өзі елеулі ауруға себепші болады. Қашықтықта кездесетін түрлі табиғи кедергілерден өтерде ерекше мұқияттылық қажет. Аяқ жерге сәтсіз тисе, тізе буындарының, тобықтың зақымдануы немесе өзге де жарақаттар алып қалуы мүмкін.

Қалың шөп өскен жермен жүгіргенде, аяқты шұңқырға, тесікке тығып алмас үшін алға мұқият қарау керек. Дененің тұрақты қалпын сақтау үшін аяқты өкшеден басып ұшына қарай аудару қажет. Қалай болғанда да аяқты жерге «тырпылдатып» баспай, жұмсақ басу керек.

Қыратқа, дөңнің баурайына көтерілерде, аяқтың ұшымен жүгіреді, кеудені ілгері еңкейтеді. Қол қозғалысқа белсенді түрде көмек беруі керек, қозғалыс кезінде оны ілгері жоғары ұмсындырады. Тік беткейге жүгіріп шығу қиын, сондықтан да жүрісе ауысып және тік немесе қиғаш жүрген дұрыс. Қыраттан түсерде шапшаңдық жылдам артады, алайда оны азайту қажет, өйткені күшті екпін алғанда, аяқ тепе-теңдікті сақтай алмай, жүгіруші құлауы мүмкін. Кеудені кейін шалқайтқан дұрыс. Тіп-тік қырдан түскен жақсы. Жайпауыт немесе шамалы ғана тіктеу қырдан шапщаңдықты азайтпай-ақ түсуге болады, бірақ адым қысқа болсын. Баурайдағы тегістеу жерден жүгіріп түсуді екпін алу үшін пайдалануға болады. Қыраттан түсерде аяқты өкшемен басу қажет. Биік өскен шөптің бетімен жүгіргенде, аяқты жоғары көтереді, терең емес судан өткенде де осылай, тек адымның арасын шағын етіп жүгіру керек. Тереңдеу сулардан адымдап, жай жүріп өту керек.

 

 








Date: 2015-11-14; view: 649; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.007 sec.) - Пожаловаться на публикацию