Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Глоссарий. Атом -оң зарядталған атом ядросынан жэне теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек





Атом -оң зарядталған атом ядросынан жэне теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек.

Молекула — бұл берілген заттың химиялық қасиеттеріне ие болатын ең кішкене бөлшегі.

Химиялық элемент - (ядроның) оң заряды бірдей атомдардың белгілі бір түрі.

Жай заттар -бір элементтің атомдарынан құралғаи заттар.

Салыстырмалы атомдық массасы Аr -табиғи изотоптық құрамы бар элемент атомының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасы.

Салыстырмалы молекулалық массасы Мr - табиғи изотоптық құрамы бар элемент молекуласының орташа массасының 12С көміртегі атомының 1/12 массасына қатынасы.

Моль — бұл 0,012 кг көміртегі 12С изотопында болатын атомдар санына тең құрылымдық бірліктер (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар немесе басқалары) болатын заттың мөлшері.

Молярлық масса - зат массасының зат мөлшеріне қатынасындай шама.

Стехиометриялық коэффициенттер - химиялық реакция теңдеуіндегі заттардың формуласы алдындағы коэффициенттер.

Стехиометрия — әрекеттесуші заттардың арасындағы массалық және көлемдік қатынасын қарастыратын химия бөлімі.

Стехиометриялық шама — реакция теңдеуіне немесе формулаға сәйкес келетін заттардың мөлшері.

Стехиометриялық есептеулер — химиялық формула немесе теңдеу бойынша жүргізілетін есептеулер және заттардың формулалары мен реакция теңдеулерін қорытып шығару.

Химиялық құбылыс - бір заттың құрамы мен қасиетінің өзгеріп басқа затқа айналуын және бұл кезде атом ядросының құрамында өзгеріс болмайтын құбылыс.

Термохимия - әр түрлі процестердің жылу эффектісін зерттейтін химия бөлімі.

Жылу эффектісі - реакция нәтижесінде бөлініп шыққан немесе сіңіріп алынған жылу мөлшері.

Калориметр - химиялық реакцияның жылу эффектісін өлшейтін құрал.

Қосылу реациясы - реакция нәтижесінде екі немесе бірнеше заттардан бір жаңа зат түзілетін химиялық реакциясы.

Айырылу реациясы - реакция нәтижесінде бір заттан бірнеше зат түзілетін химиялық реакциясы.

Орын басу реациясы - жай және күрделі заттардың арасындағы реакция нәтижесінде жай заттың атомы күрделі заттың бір элементінің атомының орнын басатын реакциясы.

Алмасу реакциясы - реакция нәтижесінде екі зат өзінің құрам бөліктерімен екі жаңа зат түзіп алмасатын химиялық реакциясы.

Қайтымсыз реакция – тура және кері бағытта жүретін химиялық реакция.

Қайтымды реакция – тек тура бағытта жүретін химиялық реакция.

Заттар массасының сақталу заңы (М.В.Ломоносов) - химиялық реакцияға қатысатын заттардың массасы реакция нәтижесінде түзілетін заттардың массасына тең болады.

Заттың құрам тұрақтылық заңы (Ж.Пруст) - алыну әдісіне қарамастан кез-келген таза заттың сапалық және сандық құрамы әрқашанда тұрақты болады.

Көлем қатынас заңы (Ж. Л. Гей-Люссак) - бірдей жағдайда (температура мен қысымда) реакцияға қатысатын газдардың көлемдерінің бір-біріне қатынасы жай бүтін сандардың қатынасындай болады.

Авогадро заңы - бірдей жағдайда (температурада және қысымда) әртүрлі газдардың тең көлемдеріндегі молекула сандары бірдей болады.

Газдың молярлық көлемі -қалыпты жағдайда кез-келген газдың 1 молі 22,4 литрге тең көлем алады.Газдың молярлық көлемі зат көлемінің сол заттың шамасына қатынасына тең.

Бірінші газдың екінші газ бойынша тығыздығы -бір газдың белгілі көлемінің массасының басқа газдың сондай көлемінің массасына (сондай жағдайда алынған) қатынасы.

Газдың сутегі бойынша тығыздығы -газ күйіндегі заттың молекулалық массасы оның сутегі бойынша алынған екі еселенген тығыздығына тең.

Бойль-Мариотт заңы - тұрақты температура берілген газдың көлемі оның қысымына кері пропорционал болады: pV=const.

Гей-Люссак заңы -тұрақты қысымда газдың көлемінің өзгеруі температураға тура пропорционал болады: V/Т=const.

Оксидтер -біреуі оттегі болып келетін екі элементтен тұратын заттар.

Негіздік оксидтер - негіздер сәйкес келетін оксидтер.

Қышқылдық оксидтер - қышқылдар сәйкес келетін оксидтер.

Амфотерлі оксидтер - жағдайға байланысты негіздік және қышқылдық қасиет, яғни екі жақты қасиеті бар оксидтер.

Талғаусыз немесе индифферентті оксидтер -не негіздік, не қышқылдық қасиеттерді көрсетпейтін және тұздар түзбейтін оксидтер.

Қышқылдар – бір немесе бірнеше сетегі атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.

Негіздер – металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксид тобынан тұратын күрделі заттар.

Бейтараптану реакциясы - негіздердің қышқылдармен әрекеттесу реакциясы.

Амфотерлі гидроксидтер - диссоциалану кезінде әpi сутегі катионын Н+, әрі гидроксид-ионын ОН түзетін гидроксидтер.

Тұздар – металл атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар

Атом – химиялық элементтің қасиеттерін тасымалдаушы, бөлінбейтін ең кіші бөлшегі.

Атомның электрондық қабаты - ядроны қоршаған барлық электрондардың жиынтығы.

Фотоэлектрлік эффект -түскен жарықтың әсерінен металл беттерінен электрондардың бөлініп шығу құбылысы.

Орбитальдың эффективті ядро заряды - электронға әсер етуші ядро заряды.

Спиндік квант саны электронның өзіндік қозғалыс моментін анықтайды.

Паули принципі - атомда барлық төрт квант сандары мәндері бірдей электрондар бола алмайды.

Коваленттік байланыс -электрондық жұптар арқылы пайда болатын химиялық байланыс.

Полюссіз коваленттік байланыс - ортақ электрондық жұптары арқылы түзілген электрондық бұлт немесе байланыстың электрондық бұлты екі атомның ядросына сай кеңістікте симметрия болып таралады.

Полюсті коваленттік байланыс - байланыстың электрон бұлты электртерістігі көптеу атомға, яғни электрон бұлты салыстырмалы электртерістігі үлкен атомға қарай ығысады.

Байланыс ұзындығы — бұл ядролардың арасындағы ара қашықтығы.

Байланыс энергиясы байланысты үзуге кажет энергияның шамасымен анықталады.

Қанығу - бұл атомның коваленттік байланыстардың шекті санын түзу қабілеті.

 

 

Date: 2015-11-13; view: 2144; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию