Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Орытынды ережелер





Жас экономистер арасындағы «Жас сарапшы – 2014» республикалық конкурс өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Негізгі түсініктер

1.1. «Жас сарапшы» республикалық конкурс (бұдан әрі - Конкурс) – жыл сайынғы іс-шара, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары арасында сарапшылық, ғылыми-зерттеу, аналитикалық іс-әрекетті ынтаналандыру, талантты жастарды анықтау және кәсіби жағынан алға жылжыту, жаһандық үдерістер мен олардың Қазақстанға ықпалының талдауы мен мониторингісін жүргізу арқылы елімізде кәсіби сарапшылық қауымдастықтың қалыптасуына септігін тигізу болып табылады.

1.1 Конкурстың ресми атауы – «Жас экономистер арасындағы «Жас сарапшы - 2014» республикалық конкурсы». Конкурс жылына бір рет өткізіледі.

1.2 Конкурстың құрылтайшысы – «ҚР Президенті «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендианттар қауымдастығы» ҚБ (бұдан әрі – Құрылтайшы).

1.3 Конкурстың ұйымдастырушысы – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Болашақ» қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен.

1.4 Тартылған сарапшылар – тиісті тәжірибесі, ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар сарапшылар санатынан Конкурстың тақырыптық бағыты бойынша мамандар (бұдан әрі – Сарапшылар), соның ішінде «Болашақ» Қауымдастығының мүшелері. Сарапшылар Құрылтайшының келісімі бойынша Ұйымдастырушымен анықталады.

1.5 Конкурстық құжаттар – Конкурс қатысушысымен осы Ережеге сәйкес Ұйымдастырушыға ұсынылатын материалдар.

1.6 Конкурстық комиссия Конкурстың лауреаттары мен жеңімпаздарын талқылау және анықтау мақсатында Құрылтайшы (1 адам), Ұйымдастырушы (5 адам), сондай-ақ Сарапшылар (3 адам) өкілдерінің санатынан қалыптастырылған орган (бұдан әрі – Комиссия). Комиссия мүшелерінің саны өзгертілуі мүмкін, бірақ қосқан кезде тұлғалардың тақ санын құрауы тиіс.

1.7 Конкурс қатысушысы – Ұйымдастырушыға конкурстық құжаттарды ұсынған, Конкурстың I, II кезеңдерінен өткен тұлға.

1.8 Конкурс лауреаты – Конкурстың қатысушысы, Конкурстың III кезеңіне қатысуға жіберілген. Лауреатқа сертификат беріледі.

1.9 Конкурс жеңімпазы – Конкурс қатысушысы, Конкурстың III кезеңінің қорытындысы бойынша 1, 2, 3 жүлделі орынға ие болған. Конкурс жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен сәйкесінше 1, 2, 3 дәрежелі Дипломдар табыс етіледі.

1.10 Конкурс лауреаттары мен жеңімпаздары Комиссия мүшелерінің қарапайым көп дауысымен анықталады.

1.11 Комиссия, отырысқа оның құрамының 2/3 мүшесі қатысып отырса, конкурстық құжаттарды қарастыруға құқылы.

1.12 Құрылтайшы сайты - www.bolashak.kz, ұйымдастырушының сайты – www.economy.kz.

1.13 Эссе – Конкурс қатысушысымен Конкурстың I кезеңінде берілген тақырыптардың біріне қазақ немесе орыс тілінде жазылған ғылыми-зерттеу жұмысы, оны қарастырудың қорытындысы бойынша Ұйымдастырушы қатысушыны Конкурстың II кезеңіне жіберу туралы шешім қабылдайды.

1.14 Эссе үшін тақырыптар:

· Қазақстан 2050 – экономиканың жаңа құрылымы. Жаһандық үндеулер және жаңа перспективалар;

· Қазақстанда еңбек нарығын дамыту проблемалары мен перспективалары;

· Қазақстан Республикасының шекаралас аумақтары – экономикалық өсу нүктелері ретінде;

· Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы;

· Сервистік экономика – перспективалық бағыттары және Қазақстанда қызмет көрсету саласын дамыту үшін негізгі шаралар;

· Әлеуметтік теңсіздік: проблемалары және шешу жолдары;

· Протекционизм және қазіргі әлем экономикасындағы сауда еркіндігі.

 

1.15 Кейс тапсырма – Конкурс қатысушысымен Конкурстың II кезеңінде орындалған берілген тақырыптың есебін шешу бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы, кейс тапсырма шешімін қарастыру қорытындысы бойынша Комиссия қатысушының Конкурстың III кезеңіне жіберілуі туралы шешім қабылдайды.

 

  1. Жалпы тарау

 

2.1 Конкурсқа 29 жасқа дейінгі экономика мамандықтарының 4-ші курс студенттері мен магистранттары қатыса алады.

2.2 Конкурсқа қатысу үшін 1 қосымшаға сәйкес өтініш, оқытуды растайтын жоғары оқу орнынан анықтама, эссе, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесін жіберу керек. Конкурстық өтінішті ресімдеу талаптары мен өтінішті қабылдау тәртібі 2 қосымшада баяндалған.

2.3 Конкурсқа алдыңғы жылдар жеңімпаздарының қатысуына жол берілмейді.

2.4 Сыйлықтар мен сертификаттарды табыс ету ресми марапаттау рәсімінде өткізіледі.

2.5 Конкурс жеңімпаздары бейінді мемлекеттік органдарда, олардың құрылымдық бөлімшелері мен компанияларында, салалық институттарда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

 

  1. Конкурстың кезеңдері

4.1 Ұйымдастырушы және Комиссия өз функцияларына сәйкес іріктеу процесін өткізеді, ол үш кезеңнен тұрады:

I кезең – бастапқы іріктеу қатысушылардың конкурсқа қатысу үшін берілген құжаттары, сондай-ақ ұйымдастырушылар алдын ала хабарлаған тақырыптардың біріне қазақ немесе орыс тілінде эссе негізінде жүргізіледі. Бастапқы іріктеу нәтижелері бойынша іріктеліп алынған 30 үміткердің арасынан тізім дайындалады. Мерзімі: 2014 жылғы 11 – 30 қыркүйек аралығы.

II кезең – ІІ тур қатысушыларының кейс дайындауы. Кезең қорытындысы бойынша комиссиямен ІІІ турдың 10 қатысушысы анықталады. Мерзімі: 2014 жылғы 6 – 13 қазан аралығы.

III кезең – финалистердің конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтуі. Әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурс лауреаттары мен жүлдегерлердің аттары анықталады. Мерзімі: 2014 жылғы 24 қазан. Әңгімелесу және марапаттау рәсімі бір күнде Астана қаласында өтеді.

4.2. Лауреаттың Құрылтайшы және Ұйымдастырушымен белгіленген уақытта Комиссия мүшелерімен әңгімелесуде болмауы (болмаудың себептеріне қарамастан) Лауреатқа жеке әңгімелесуден өтуге құқық бермейді.

4.3. Құрылтайшы және Ұйымдастырушы осы Конкурстың қатысушылары бойынша қабылданған шешімдердің уәжі мен себептері туралы түсініктеме бермеу құқығын өздеріне қалдырады.

 

  1. Конкурс қатысушыларын іріктеу

 

4.1 Эссені бағалау критерийлері:

4.1.1 Жұмыс мазмұнының Конкурстың берілген тақырыбына сәйкес келуі;

4.1.2 Проблеманың мазмұнды, әрі нақты қойылуы;

4.1.3 Тақырыптың өзектілігін негіздеу және зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі;

4.1.4 Мазмұндаудың ғылыми стилі;

4.1.5 Жоба идеясының бірегейлігі;

4.1.6 Тәжірибе жүзінде енгізу перспективтілігі;

4.1.7 Материалды мазмұндаудың қисындылығы және жүйелілігі;

4.1.8 Әлеуметтік маңызы;

4.1.9 Материалдың ресімделуі.

5.2. Кейс тапсырмалар шешімдерін іріктеу критерийлері 3 қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

5.3. Әр критерий бес балдық шәкіл бойынша бағаланады.

5.4. Әр келесі кезеңнің қатысушысын іріктеу жиналған дауыстар саны бойынша жүргізіледі.

 

орытынды ережелер

7.1. Комиссия қарауына келіп түскен ғылыми-зерттеу жұмыстары қайтарылмайды.

7.2. Құрылтайшы Конкурс қатысушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары мен аналитикалық жұмыстарының басып шығару құқығын өзіне қалдырады.

7.3 Құрылтайшы Конкурс жеңімпаздарына өз сұхбаттарын, Конкурс туралы пікірлерін БАҚ-та және өзінің ресми сайтында орналастыру мүмкіндігін береді.

7.3. Осы Ереженің шарттарымен реттелмеген мәселелер қосымша Меморандум, Келісімдер, Шарттармен реттеледі.

 

1 қосымша

Date: 2015-10-19; view: 281; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию