Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономикалық циклдардың типологиясын көрсетіңіз





Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

экономикалық цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшелінеді. Бірақ олардың барлығы әрқалай аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді:

1.Шың.

2.Құлдырау.

3.Құлдырау немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі.

4.Көтерілу.

 

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

 

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

5. Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

6. Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

7. Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

8. Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады.

 

 

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей: артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды, жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі, бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді, ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен (депрессия) алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де. Тоқырау фазасының сипаттамасы: өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады, жұмыссыздық жоғары деңгейде болады, ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы: дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді, инвестициялар өседі, бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі, жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды, ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы: өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады, жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады, тауарлардың бағасы өседі, қарыз капиталының ұсынысы өседі, несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

 

Date: 2015-10-22; view: 544; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию