Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ндіріс қорларын тиімді пайдалану





Әрбір кәсіпорын өз капиталының тиімді пайдалануына мүдделі. Материалдық игіліктерді өндірумен байланысты кәсіпорын пайдаланатын қандай да болсын капитал өз қозғалысын ақша түрінде бастайды. Өндіріс қорларын оңтайлы пайдалану тиімділігін арттырудың үш басты бағытын бөліп айтуға болады:

1) бірінші бағыт негізгі капиталға қатысты. Ол қорқайырымын мына негізгі шаралардың көмегімен арттыруды (немесе қорсыйымдылығының төмендеуін) көздейді:

- анықталмаған, әрекет етпейтін жабдықтарды жою;

- актив қорлар үлесін көбейту, пассив қорлардың шығыстарын қысқарту;

- жабдықтың жұмыс ауысымы коэффициентін арттыру (тұрып қалуды болдырмау, пайдалануды жақсарту және техниканы жөндеу, 2 және 3 ауысымдағы еңбекті ынталандыру және т.б.);

- ескірген қорларды жаңа жоғары өнімділігі бар техникаға ауыстыру;

- құрылымды жеделдету және жаңа күштіліктерді қолданысқа енгізу.

2) Айналым капиталына қатысты өнімнің материалсыйымдылығын төмендету маңызды болып табылады, яғни материалдық ресурстардың (металл, ағаш, отын, қуат және т.б.) өнім бірлігіне жұмсалуы. Бұл осы ресурстардың үнемделуін көздейді. Әсіресе:

- жаңа үнемдегіш материалдар мен бұйымдардың озық конструкциялары;

- ресурс жинақтағыш технологиялар мен еңбекті тиімді ұйымдастыруды енгізу;

- ресурстардың үнемделуін ынталандыру және өнім сапасын жақсарту.

Үшінші бағыт – капитал айналымының уақытын қысқарту. Осындай қысқарту ресурстардың үнемделуіне ықпал етеді. Айналымды жеделдетудің нақты жолдарын анықтау үшін капиталдың айналым уақытының құрылымын білу қажет (2.10 сурет). Айналмалы капиталдың айналым уақыты ауыспалы айналымның бір айналымына тең. Негізгі капиталдың айналым уақыты авансыланған негізгі капиталдың жылдық амортизациясына тең. Авансыланған бүкіл капиталдың айналым уақыты авансыланған капиталдың жылдық амортизациясы мен айналмалы капиталдың жылдық айналым сомасына қатынасы. Айналым уақыты өндіріс уақыты мен айналыс уақытынан тұрады. Капитал айналымының жылдамдығы өндіріс тиімділігіне ықпал етеді. Көп мөлшерде пайда табу мақсатымен кәсіпкер капитал айналымын тездетуге мүдделі болады.

 

 

    Капитал айналы- мының уақыты өндіріс уақыты   актив     Жұмыс кезеңі барысында еңбек заттары тікелей әсерге ұшырайды және қайта ұйымдастырылады (шикізат пен бөлшектерді өңдеу, конструкцияларды жинақтау және т.б.) Технологиялық үзілістер - адамның тікелей қатысуынсыз іске асырылатын өндірістік процестер уақыты
пассив   Ұйымдастырушылық үзілістер - қайта ауысымдар, демалыс күндері, түскі ас демалыстары, жабдықтарды жөндеу мен басқа да бос тұрып қалулар өндіріс құралдарының өндірістік қорларда болу уақыты – үздіксіз өндіріс үшін өте қажет, бірақ оны дәл ұйымдастырғанда жоққа шығуы мүмкін
  Айна- лым уақыты Сатып алу уақыты - өндіріс құралдарын сатып алуға және жұмыс күшімен қамтамасыз етуге арналған уақыт. Д айын өнімді сатуға арналған уақыт - өнімді қоймаға тапсырған сәттен бастап тауарды сатудан түскен ақша кәсіпорын шотына аударылғанға дейінгі уақыт.

 

2.10 сурет - Капитал айналымының уақыт құрылымы

 

Сызбадандан көрініп тұрғандай (2.10 сурет) қор айналымының уақытын қысқарту жолдары көбімізге таныс: өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру, ресурстарды үнемдеу, жұмыс уақытының жоғалуын болдырмау, ауысым коэффициентін арттыру, шикізатпен жабдықтау қалпын қамтамасыз ету, жабдықтау, жарақтау жүйесін жақсарту және т.б.

 

Date: 2015-10-22; view: 1027; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию