Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Негізгі капитал, айналым капиталы және оны пайдалану көрсеткіштері





Бастапқыда атап өткендей негізгі капитал (немесе негізгі қорлар) - өндірісте КӨП РЕТ қатысатын еңбек құралдары, олар біртіндеп физикалық және моральды түрде тозады (ескіреді) және бөлшектеп (тозу шамасына қарай) өз құнын өндірілген өнімнің құнына (амортизация) қарай ауыстырады. Осылай, негізгі капиталдың құныдайын өнімнің құнымен біртіндеп өтеледі. Тауар сатылғаннан кейін ол кәсіпкерге ақшалай нысанда амортизациялық аударымдар түрінде бөлшектеліп қайтарылады, олар еңбек құралдарын жөндеуге, жаңартуға және жандандыруға пайдаланылады. Ақшалай нысандағы негізгі қорлар негізгі қаражат деп аталады. Негізгі капиталдың құрылымында актив қорлар (өндіріске ткелей қатысатын – станоктар, машиналар және басқа да жабдықтар) мен пассивқорлар (өндіріс үшін қажетті жағдайлар туғызады - өндірістік ғимараттар, құрылымдар және басқа да объектілер) болады (2.9 сурет).

 

 
 

 


2.9 сурет - Негізгі қорларды актив және пассивке бөлу

 

Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың үш басты көрсеткіштерін бөліп айтуға болады: 1) қорқайтарымы -ол қорлардың өнімділік деңгейін білдіреді және қор құнының бірлігіне келетін өнім құнымен белгіленеді; 2) қорсыйымдылығы – қорқайтарымға керісінше көрсеткіш, ол өнім бірлігін шығаруға арналған негізгі қорлардың шығынын сипаттайды; 3) құрал-жабдық жұмысының ауысымдылық коэффициенті. Ол кәсіпорында орнатылған жабдықтың әр бірлігінің белгілі бір кезең ішінде орташа есеппен тәулігіне қанша ауысым жұмыс істегенін көрсетеді. Мысалы, егер цехтағы 200 станоктың 1-ауысымда 180, 2-ауысымда – 100, ал 3-ауысымда –40 жұмыс істесе, ауысым коэффициенті =1,6 (180+100+40):200), яғни әрбір станок үш ауысымдық тәртіпте, орташа түрде 1,6 ауысым пайдаланылды.

Айналым капиталы (немесе айналым қорлары) - өндірісте БІР РЕТ қатысатын еңбек құралдары. Олар толығымен қолданылады және толығымен, бірден өз құнын өндірілген өнімнің құнына ауыстырады. Осылай, айналу қорларының құндары әрбір айналған сайын дайын өнімнің құнымен өтеледі және толығымен тауарларды табысты сату жағдайында кәсіпкерге ақшалай нысанда қайтып оралады. 2.1-кесте негізгі және айналу қорларының басты салыстырмалы сипаттамаларын көрсетеді.

 

2.1 Кесте - Негізгі және айналым капиталдары арасындағы басты айырмашылықтар

  Негізгі капитал Айналым капиталы
Не жатады Еңбек құралдары (станоктар, машиналар, өндірістік ғимараттар, құрылымдар және т.б.) Еңбек заттары (шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және т.б.)
Өндіріске қалай қатысады Көп рет Бір рет
Қалай шығындалады Біртіндеп тозады Толық тұтынылады
Өндірілген тауарлардың құнына өз құнын қалай аударады Біртіндеп, бөлшектеп, тозу шамасына қарай Бірден және толығымен

 

Өндіріс үдерісіне қызмет көрсететін негізгі және айналу қорларымен қатар айналым қорлары да бар, олар айналым үдерісіне қызмет етеді. Айналым қорлары мен айналу қорлары бірдей айналады (бір айналымды пайдаланады), сондықтан оларды жиі біріктіреді және айналым қаражаттары деп атайды. Өндіріс капиталының жалпы құрылымын мына түрде келтіруге болады (2.2-кесте).

 

Date: 2015-10-22; view: 3355; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию