Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 2: Дара айырмашылықтардың негізгі факторлары





 

1.Психологиялық индивидуалды вариацияның қайнар қөздерін анықтау- дифференциалды психологияның басты мәселесі. Индивидуалды ерекшілік тұқымқуалаушының пен қоршаған ортанынң көп қырлы және күрделі қалыш- қатынасынан туатыны белгілі.Тұқымқуалаушылық биологиялық түрдің(қөрінісі) тұрақтылығын қамтамасыз ертсе, қоршаған орта- оның өзгермелігі мен өмірдің өзгермелі шарттарына биімделу мүмкүндігі болып табылады.

Тарихи тұрғыдан биологиялық немесе қоршаған ортаға қатынасты, мәдени- әлеуметтік детерминацияға байланысты төмендегідей бірнеше теориялар бөлініп шықты:.биогенетикалық теория, әлеуметтік –генетикалық теория, екі факторлық теория

2. Индивид пен жеке тұлға

Индивид- адамның психологиялық сипатын (физикалық) тасымалдаушы (К.А. Абулханова- Славская). Әлеуметтік топтағы нақты субъектіні бөліп қарау мақсатында «Әлеуметтік индивид» терминің қолданады. Индивид жеке тұлға ерекшеліктерінің алға шартын жасағанмен, мәдени- әлеуметтік сапаның себептестігін көрсете алмайды.

Жеке тұлға (А.Н. Леонтьев анықтамасы)- адамның тарихи- мәдени дамуында игерген және белсенділік, субъектілік, қызығушылық және түсінік қасиетіне ие индивидтің жүйелі сапасы.

 

 

Жеке ерекшілік құрылым деңгейі Әр деңгейдің Қасиеті Жүйе құрайтын қасиет
В.Г.Ананьев (1969)
1.Индивид 1. Жынысы, жасы, конституциясы, нейродинамикасы 2. Психофизикалық қасиет (функция, органикалық қасиет) 3. Дарын белгілері, темперамент   Жеке тұлға қасиеттері
2. Субъектің қызметі 1. Когнитивті сипаттамма, комиуникативтілік еңбекке жарамдылық 2. Қабілеттік
3. Жеке тұлға 1. Статус, әлеуметтік орны, құндылық құрымы 2. Мінез- құлық пайда болу себептері 3. Мінез
В.С.Мерлин (1986)
1. Ағза қасиеті 1. Биохимиялық қасиеті 2.Жалпы соматикалық қасиеті   Индивидуалды қасиет стилі
2. Психикалық қасиеті 1. Темперамент 2. Жеке тұлға қасиеттері
3. Әлеуметтік психологиялық қасиет 1. Адамның әлеуметтік топтағы, әлеуметтік ролі 2. Тарихи қоғамдағы әлеуметік ролі
Э.А.Голубева (1989)
  1. Ағза 1. Алғашқы қажеттіліктер 2. Адам мен жан-жануарларға ортақ жүйке-жүйесі қасиеті 3.Адам ғана тән жүйке жүйесі 4. Өмір бойына қалыптасатын уақыт байланыс жүйесі     Эмоционалдық, белсенділік, өзін- өзі реттеу
    2. Жеке тұлға 1. Қабілеттік 2. Темпераметтің жалпылыма қасиеттері 3. Қабілетті дамыту, қалыптастыру 4. Мінез қасиеті

 

3. Дифференциалды психофизиология.

Индивидуалды ерекшілік психологияның негізі (базасы).

Алғаш мінез-құлық пен жүйке жүйесінің қасиеті арасындағы байланысында танымал орыс физиологы И.П.Павлов назар аударды. Ол- өзінің иттерімен жасаған тәжербиесінде жүйке процесінің күш, қозғалыс, тепе-теңдік сияқты қасиеттерін анықтайдды.Осы қасиеттер денені қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуге мүмкіндік береді. Айтылған қасиеттерді жинақтай келе теориялық жүйке жүйесінің 24 типі (мұнда тип мінез-құлықтын жалпы көрінісі сияқты түсіндірме (15). Медицинада бұрынан белгілі төртеу; темперамент типіне сәйкес келеді (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик), бірақ И.П.Павлов жануарланға жасалған тәжірбие заңдылығынан олар адамның мінез-құлқына баса айтқан.

И.П.Павлов бойынша жүйке жүйесінің қасиеті

Жүйке жүйесінің қасиеті
Әлсіздік Күш
Тепе-теңсіздік Тепе-теңдік
Әлсіз тип (меланхолик) Күшті, тепе-теңді тип (холерик) Қозғалыс Инерттік
Күшті, тепе-теңдігі жоғары, қозғалыстағы тип (сангвиник) Күшті, тепе-теңдігі жоғары, инертті тип (флегматик)

 

И.П.Павлов құрған принцип дифференциалды – физиологиялық зерттеулерге әлі күнге дейін негіз болып келеді.

1. Алдымен, типті емес, қасиетті зерттеу керек.

2. Кейбір сәтті құбылыстар сипаттамасын емес, сандық, мөлшерлік анализ жасау керек.

3. Жүйке жүйесінің күнделікті көрінетің қасиетінің сипаттамасына емес лаборотфиялық экспериментке сүйену керек.

4. Ағзаның реакциясын ғана есепке алумыз керек.

5. Индивидуалды ерекшіліктің психофициологиялық сипаттамасыда тек бағалауыштық ұстанымды қолдануға болмайды.

Психология ғылымының жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан адамның индивидуалдық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мәселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пәні болды. ХІХ ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттері ағылшын зерттеушісі Френсис Гальтонның зерттеу обьектісі болды. Ф.Гальтон индивидуалды айырмашылықты зерттеу техникасын ең алдымен статистикалық әдісті енгізді. Гальтонды барлық зерттеулерінде зерттелінушілерінің арасындағы индививдуалды айырмашылық негізгі қызықтырды. Гальтон индивидуалды вариациялар бағынатын заңдылықты математикалық түрде көрсету тәсілін іздестірді. Әдістемелік құрал ретінде статистиканы қолданды. Гальтон индивидтердің әр түрлі қасиеттерінің (физикалық және психикалық) арасында корреляция бар деп есептеп, оларды статистикалық анықтау әдісін, яғни факторлық анализ негізін ұсынды. 1900 жылы В.Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» еңбегінде әр түрлі адамдардағы қабылдау, ойлау, сөйлеудің айырмашылығын қарастырады. Ол қабілеттерді тестілеу әдісін енгізді. Индивидуалдылық мәселесі Ресейде де қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А.Ф.Лазурскийдің зерттеулері индивидуалды айырмашылықтың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпераментті адам индивидуалдығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А.Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі. В.М. Бехтерев және Л.Франкпен қызметтестік әсерінен А.Ф.Лазурский алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы және эксперименталды психология» атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: эндопсихика және экзопсихика. А.Ф.Лазурскийдің пікірінше, темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны классификациялау жүйесі құрылды. Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде В.М.Русаловтың көзқарасынша екі бағыт бар. Біріншісін шартты түрде «мазмұнды-мағыналы» деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың және т.б. индивидуалды вариацияларын, ішкі мазмұнды мағыналылықты немесе адамның индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталады. Екіншісі обьективті тіркелетін индивидуалды мінез-құлықтың барлық психофизиологиялық формасы – биохимиялық, вегетативті және электрофизиологиялықтан бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды.

В.М.Русаловтың айтуынша, психологтерді алдымен интеллект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы индивидуалды айырмашылықтар жайлы жәйттер қызықтырды. Жүйелік анализ принциптеріне негізделе отырып, В.С.Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының келесі деңгейлерін көрсетті:

1)биохимиялық;

2)соматикалық;

3)нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеті);

4)психодинамикалық (темперамент);

5) тұлға қасиеттері;

6)әлеуметтік рөлі.

Субъектілі іс- әрекет тәсілінің негізін салушы, С.Л.Рубинштейннің пікірінше, индивидуалдылық - бұл барлық сыртқы әсерлерді жоятын психикалық қасиеттер жиынтығы. Ішкі шарттар жиынтығы ретінде ол бейімделу қасиеттер жиынтығына төмендегілерді жатқызады:

 жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері;

 тұлға бағдары;

 адам өзіне қоятын түрткілер мен міндеттер жүйесі;

 адам қылығымен шартталған мінез қасиеттері; қабілеттер.

С.Л.Рубинштейн пікірінше, барлық психикалық процестер тұлғада өтеді. Психикалық процестердің индивидуалдылық ретінде тұлғадан тәуелділігі индивидуалды-дифференциялды айырмашылықтардан көрінеді. Адамдардағы индивидуалдылықтың жалпы құрылымына байланысты қабылдау, ес, зейін және тағы басқалардың типтері бойынша ажыратылады.

Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. К. А. Абульканова – Словская нақты субъектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминацияланбайды. Ал тұлға (А.Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес) – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп, оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды – физиологиялық алғы шарттармен бір мәнді анықталып жатпайды. Индивид пен тұлғаның өзара әрекеттесуін жалпы алғанда тарихта әр түрлі шешілген дене мен рухтың мәселесін көрсетеді, мысалы дене – бұл тағдыр деп тұжырымдай келе Фрейд тұлғаның биологиялық іргетасына адам өмірінде шешуші рөлін берді, ал отандық психологияда керісінше бірнеше он жыл бұрын тұлға болып қалыптасуы: кім олай атамады, кім тек индивид болып қала береді деген шарттары кең талқыланды. Бұл қарама – қарсылық даралық айырмашылық психологияның психофизиологиялық жағын жақтаушылар мойындаған идеологиялық мағғна сияқты ғылыми мағнада болмады. Кеңестік психологияда даралықтың құрлымын бөліп көрсететін бірнеше ықпалдар бар. Олардың авторлары Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, және А. Г. Голубева болып табылады. Олардың көзқарастарын бір – бірімен салыстыру талдауын жүргізген М. С. Егорова болды. Индивид пен тұлғаның сипаттамаларын біріктіру үшін В. С. Мерлин интегралды даралық түснігін енгізіп, оның атымен белгілей отырып, ондағы барлық табиғи және әлеуметтік сапаларды тығыз байланыстырды. А. Н. Леонтьевке қарағанда В. С. Мерлин индивидті және жеке тұлғалық қырларды бір – біріне қарсы қоймай, оларды бағындыруға тырысты.Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе. Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүтіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз - өзіне ұқсастыру формасы. Бұл күрделі анықтаманы қабылдауда маңызды болып табылады. ДАдамның ұлпалық құрлымы жаңарып отыратынына қарамастан (ішкі өзгерістер), ал өмір жаңа (тапсырмаларын) міндеттерді қояды (сыртқы өзгерістер), адам өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпайды - бүтіндік шарты бұзылғанда тұлға ішкі қарама – қайшылықты, қақтығысты бастан кешіреді, яғни, өзіндік бұзылуға әкелуі мүмкін. Сонымен, біршама жеңілдетілген түрде индивидуалдылық – бұл индивид, тұлға және олардың арасындағы байланыстар деп айтуға болады. Индивидуалдылықтың бірыңғай емес, әртүрлі сипаттамаларын белгілей отырып, оны үш қабатты «Ғимарат» ретінде елестетуге болады. Дифференциалды психологиядағы обьективті бақылаудың мінез – құлық тапсырмасын дифференциалды психофизиологияға жүктеуі мүмкін.

Date: 2015-09-22; view: 2963; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию