Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Дифференциалды психология





Кітаптармен қамтамасыз ету – сәуір 2008 ж.

Автор Название Год изд. Экз
  Нормативные акты. Комментарии.    
       
       
       
       
       
       
  Учебники. Учебные пособия    
Байшукурова А.К. Типовая программа. «Диффер. психология»
Ильин Е.П. Дифференциальная психофизиология мужчин и женщин. Учебное пособие.
Ильин Е.П. Дифференциальная психофизиология мужчин и женщин. Учебное пособие.
Курпатов А.В. Развитие личности. Психология и психотерапия.
Нартова-Бочарев С.К. Дифференциальная психология. Учебное пособие.
Нартова-Бочарев С.К. Дифференциальная психология. Учебное пособие.
       
       
       
       
       
       
       
       
       
  Монографии. Справочные издания. Дополнительная литература.    
       
       
       
       
       
       

Тақырып 1.Дифференциалды психологияның пәні, оның негізгі міндеттері

Дифференциалды психология психологиялық ғылымның негізгі салаларына жатады. Дифференциалды психологияның пәні болып, индивидтер арасында, сонымен қатар топтар арасындағы айрмашылықтар, олардың себептері мен салдарлары табылады. Жеке дара айырмашылықтар деп, психикалық процестердің өту ерекшеліктерін, психикалық күйлердің, эмоционалды процестердің пайда болуы мен динамикасын, сонымен қатар, субъектінің темпераменті, мінезі және қабілеттері сияқты ұғымдарды айтамыз. Жеке дара айырмашылықтар, яғни адам өміріндегі биологиялық және әлеуметтік факторлардың күрделі өзара қатынастары туралы мәселе тек дифференциалды психологияның зерттеу пәні емес, педагогика, медицина, заңтану, т.б. ғылымдардың зерттеу пәні болып табылады. Сондықтан да, психология мамандығын таңдаған студенттер ең алдымен психологиялық концепциялар және эксперименталды зерттеулермен танысуы қажет, ол болашақта студенттерге психологиямен салалас ғылымдарды меңгеруде мәні зор екені анық.Сонымен, жасы, жынысы, дене құрылысы, жүйке жүйесінің қызмет етуі және т.б. параметрлері бойынша бір-бірінен ерекшелінетін адамдармен жұмыс істеуге дайындалатын психолог-студенттер болашақта психологиялық кеңес беруді кәсіби жоғары деңгейде тек психологияның осы саласындағы дәстүрлі және қазіргі кездегі білімдерді меңгеру барысында атқара алады. Дифференциялды психология (қазақшаға аударғанда индивидуалды айырмашылықтар психологиясы) – бұл ғылымдағы жеке индивидті немесе топтағы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Оларды қандай да бірп ерекшеліктеріне байланысты: жасына, жынысына, қандайда бір әлеуметтік ортасына қарай топтастырады. «Дифференциалды психология» терминін 1900 жылы неміс психологы В.Штерн енгізді. Сол кезде оның «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі жарық көріп, Штерн әр елдің ғалымдарына психологияның бұл бөлігін бір атаумен атауды ұсынды. Дифференциалды психологияның зерттеу салалары өз бетінше дамиды және көп жағдайда өзара аз байланысады.Дифференциалды психологияның міндеті адам психикасындағы индививдуалды айырмашылықтардың заңдылықтарының пайда болуын және көрінуін қарастыру, зерттеудің психодиагностикалық теориялық негізін және психокоррекциялық бағдарламаларын өңдеу болып табылады.Бүгінгі күні білімнің бұл аймағы практика сұранымдарына максималды жауап беруде, сондықтан өте тез дамуда.

Дифференциалды психология психологиялық ғылымның басқа бөліктерімен де байланыс түзеді. Оның жалпы психологиядан айырмашылығы жалпы психология психиканың ( жануарлар психикасын қоса) жалпы заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Салыстырмалы психология ( бір кезде бұл термин дифференциалды психологияға синоним ретінде қолданған) қазіргі кезде эволюциялық баспалдақтың әр түрлі деңгейінде тұрған тіршілік иелерінің психикасының ерекшеліктерін зерттейді. Ол көбінесе зоопсихологияның білімдерін қолданады, антропогенез және адам санасының пайда болу мәселерімен айналысады. Жас ерекшелік психологиясы жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейді.Дифференциалды психофизиология адам психикасын жоғары жүйке жүйесі қасиеттерінің шартталуымен байланыстыра қарастырады. Дифференциалды психология өзінің қалыптасуының басынан өз пәнінің ерекшелігімен көңіл аудартты. Штерннің пікірінше, дифференциалды психология психикалық және физикалық феномендерді (құбылыстарды), әрекеттерді және бейімделушіліктерді зерттейді. Яғни, жасырын және объективті бақылауға болмайтындарды ғана емес, сонымен бірге мінез-құлықта және тілекте, бағдарда, басқаша айтқанда жүзеге асатын немесе жүзеге аспайтын қабілеттерде көрінетін құбылыстарды да зерттеуге тырысады. Феномендер дәстүрлі түсінік бойынша – тікелей тәжірибе объектісі, ал іс-әрекет пен бейімділік- жанамалы тәжірибе объектісі.Қазіргі кезеңде дифференциялды психология индивидтік, индивидуалдылықтың пәндік-мазмұнды және рухани-көзқарастық сапасын,өзіндік сана ерекшеліктерін, тұлғалық стиль сипатын, әр түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруын зерттейді.Дифференциалды психология шеңберінде алынған теориялық білімдердің көптеген практикалық міндеттерді (индивидтердің жеке қасиеттерін, қабілеттерін диагонстикалау мен прогноз беру, кәсіби таңдау мен іріктеу, т.б.) шешуде мәні зор болады. Индивидуалды айырмашылық психологиясы немесе дифференциалды психология – бұл психология ғылымының жекелеген индивид немесе адамдар тобын, қандайда бір ортақ белгілермен біріктіріп, ерекшеліктерін зерттейтін бөлігі болып табылады.Мұнда зерттелетін ерекшеліктер диапазоны өте кең, ал олардың құрылымы әр түрлі: индивидуалдылықтың физиологиялық негізі ретінде жоғары жүйке жүйесінің қасиеттерінен бастап, әлеуметтік бағдарлар мен кәсіби қызығушылықтарға дейін қарастырады.Дифференциалды психология дербес ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады, бірақ оған қарасты кейбір ғылыми көзқарастар, мысалы, темперамент, мінез-құлық, этология жайлы ілімдер сонау антикалық заманда пайда болып, көптеген ғасырлар бойында дамып отырды.Индивидуалды айырмашылықтар психологиясының дамуына практикалық сұраныстар стимул болды. Оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психологиялық практикалық тіркемелер, өндірістік, адамаралық өзара қатынасты ұйымдастыру мен реттеу жекелеген адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін есепке алмай, зерттеусіз мүмкін емес. Қазіргі кезде дифференциалды психология психологияның нақты емес шекараланған бөлігі: тікелей психофизиология мен жалпы және әлеуметтік психология, өз кезегінде зерттеудің «эпицентрі» болып табылатын қандай да бір зерттеу әдістерін қолданушы, зерттеу мәселесі және ғылыми дәстүрі бар психиатриямен шектесіп жатыр. Индивидуалды айырмашылықтың конституционалды және физиологиялық негізін, психологиялық тестілеу, тұлға сипаттарын зерттеу, мінез-құлықтың әр түрлі типологиясын, психопатия және тағы басқаларды зерттеу дифференциалды психологияның зерттеу обьектісі болып табылады.Психологияда индивидуалдылықты зеттеу үлкен тарихқа ие. Индивидуалдылықты жүйелі зерттеу қазіргі дифференциалды психологияның өзекті аспектілерінің бірі. Қазіргі ұлы ғалымдардың фундаментальді теориялық зерттеулерінен кейін жүйелі көзқарас индивидуалды психологияның мәселелерін өңдеуде анықтаушы болды. Субъективтілік шындықты ұйымдастырудың иерархиялық концепциясы, жүйелі көзқарас принциптерімен қатар адам индивидуалдығын зерттеудің негізі теориялық және қолданбалы еңбектерде де кездеседі. Қазіргі кезде индивидуалдылық мәселесі В.В.Белоус, А.И.Крупнов, И.В. Равич-Щербо, В.М.Русалов, О.А.Ахвердова, И.В.Боев ғылыми мектептерінде қарқынды дамуда. Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы. Дифференциалды психологияның даму тарихы. Дифференциалды психология термині неміс психолгі енгізді. В. Штерн өзінің жеке тұлға айырмашылықтар 1900 жылы өз еңбегі жарыққа шығарды. Біраз уақытқа дейін /И.Банзен, Е.Моно/ түсінігі бойынша мінезді атауын алды. Тұлға психологиясы /А:Билл, Крепеллин/ арнайы психология /Г.Кеймоно/ ғылыми бағыты алғашқы дамытқан А. Бине, Дл.Кеттел, Ф.Гальтон, В.Ситерн Ресейде А:ФЛазурский. Алғашқы әдістерін жеке, топтық тестер ой қабілеттігі кейіңірек промективті әдіс эмоционалды реакционалды байқайтын. Негізі дара айырмашылықтардың айқын зерттелінген мысалдары ұлы ежелгі философ Платон еңбегінде кездеседі. «Адам табиғатының сипатты қасиеттері индивидтердің арасында тепе-тен пропорциямен улестірлмейді» Бейн де айтқан. «Табиғи талаптары болмаса «Әлемдегі ең жақсы адамы боламын» деп ешкім айталмайды» деп Аристотель тұжырымдады. Баланың даралығына қызығушылық өскен тенденциясы XVII-XVIII ғасырларда байқалады. Руссо, Песталоцци, Гербарт, Фребель XVIII-XIX ғғ. баланың даралығына қызығушылық өскен тенденцияға үлесін қосты. Дифференциалды психологияның пайда болуына әсер еткен астрономияда, Мэскелин, Киннебрук зерттеушілермен болған окиғы 1796 жылда болды. Бессель деген астроном дербес өзгешіліктердің сандық өлшеулері жөнінде алғашқы жариялауды шығарды. «Салыстырмалы талдауға» Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы әсер етті. . «Бейімдеу», «қубылмалылық» және «таңдау» принциптері бұл теорияға жатады. Гальтонның «Туқым қуалаған данышпан» деген еңбегі 1869 шықты. Рұлық тарихи әдісті қолданып, іс-әрекет түрлеріне қабілеттер қалай тегінгенін көрсетуге Фишер тырысқан. Және де ол «Бейімдеу талдауын» жете зерттеген. Индивидуумдардың дара айырмашылықтарын анықтау үшін оларды өлшеу керек - әрбірін жеке-жеке, бір-бірімен салыстыру бойынша және үлкен топтармен. Мұны бастаған Гальтон. Ол «Адамның қабілеттерін өлшеуі» деген жиналықты шығарған . «Дифференциалды психология» терминің еңгізген неміс психологы Штерн. Дифференциалды психологияның бірінші кітабы «Дербес өзгешіліктердің психологиясы » деп аталған. Еркін ассоциацияларға арналған тесттерді шығарған Гальтон. Еркін ассоциацияларға арналған тесттердің техникасын әрі қарай дамытқан Вундт. Гальтонмен«Аутқулардың қалыпты таралуы» және «корреляция проблемасы» .зерттелінді. Ал Карл Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратың жете зерттеді. Өздерінің жұмыстарында эксперименттік психология мен дербес өзгешіліктердің өлшеуінде негізделген психологияны қосқан американлық психологы Джеймс Маккин Кэттел. Ол 1890 жылы «зияткерлік тестер» деген ұғымды еңгізді. Француз психологы Бине зияткерлік дамуының жалпы коэффицентінің шәкілін дамытты (1908 жылы, жас нышаны бойынша. Зияткерлік тесттердің ең атақты модификациясың Америкада зерттеген Кэттел. Зияткерлік коэффиценті жии IQ деп аталады. Зияткерлік пен шыңдығы жасының арақатынасының кәзіргі нұсқасы Термен – Мерилл шәкілі деп аталады. Психологияның бұл аймағы В.Штерннің айтуынша, психикалық функциялар мен құралдардың айырмашылық ғылымы болып саналады. Дифференциалды психологияның пайда болып, ғылымдар жүйесінен орын алуы 1896 жылы А.Бине мен В.Анридің «Индивидуалды психология» атты баяндамасынан кейін кең өріс алды.Жиі жағдайда Ф.Гальтонды дифференциалды психологияның бастаушысы ретінде алады. Бірақ оның нағыз дифференциалды психологияның атауына , қазіргі заманғы ғылымдар қатарынан орын алуына әсер еткен 1900 жылы жарық көрген В.Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» атты еңбегі, уақыт өте келе дифференциалды психологияның ауқымды өңделуіне ықпал етті. Ол өзіне адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін көптеген психологтердың назарын аудартты. Әрине, бұл жерде тек индивидуалдылықты зерттеу ғана қарастырылған жоқ,сонымен қоса, әр алуан психикалық құралдар мен олардың көрініп, айқындалуының индивидуалды формаларында қарастырды. Сондықтан да, әр түрлі популяцияларда салыстырмалы зерттеулер жүргізілді, мұның негізінде жыныстық, жастық т. б. индивидуалдық және әлеуметтік топтардың айырмашылықтары айқындап, олардың арасындағы корреляциялық байланыстар орнатылды.

ХХ ғасырдың 20 жылдары жүйелі жол, ең алдымен Л.фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясының әсерінен, метатеория ретінде ерекшеленді және нақты пәндердің танымының жалпы ғылыми методологиясына айналды. Жүйелі зерттеу жолының принципінің кеңестік психологияда екі басты ғылыми ойлар аймағымен байланысты: философиялық- әлеуметтік және жаратылыс-ғылыми.Адамды жүйелі зерттеу психология ғылымымен шектесіп жатқан жаратылыс тану ғылымдарындағы ғылыми жетістіктермен де тығыз байланысты. Сезім мүшелерінің физиологиясы, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясындағы өңдеулер психологияның объектісі адамның ішкі әлемінің сыртқы орта шындығымен өзара байланысын түсінуге мүмкіндіктер берді.А.П.Нечаев,В.М.Бехтерев,А.Н.Бернштейн;Н.Е.Румянцев,А.Ф.Лазурский, А.А.Токарский, С.С. Корсаков, Н.Н.Ланге еңбектеріде психикалық құбылыстарды бүтіндей етіп қарастыруға тырысып, әртүрлі психикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік құбылыстардың өзара әрекетінің фактілерін анықтады.Психиканың жүйелі табиғатын зерттеуде кеңестік психологияда мәнді қадам жасағандар: Б.Г.Ананьев, В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, Б.М.Теплов және т.б. Мінез-құлық және іс-әрекеттің жүйелі талдауы П.К.Анохин, А.Н.Леонтьев, Н.А.Бернштейннің есімдерімен тығыз байланысты.Қазіргі кезеңде психологиядағы жүйелі жолдың дамуы құрылым, деңгейлерді және олардың толыққанды қызмет жасауын зерттеумен қатар, ең алдыңғы орынға дамуы мен қалыптасуында қояды. Жүйелі зерттеу бойынша генетикалық бағыт доминантты болып отыр. Кілтті сапа ретінде толықтылық, даму кезеңдері мен деңгейлерінің қатынасы, олардың түрлері, критерилері, психикалық дамудағы өзекті және потенциялды өзара қатынастың туындау механизмдері мәселелерін қарастырады. Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты анықтаудағы ғылыми-тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С.Мерлин пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс-әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б. Сонымен, дифференциалды психология психология ғылымының маңызды салаларының бірі. Оның даму тарихы ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басы. Ең алғаш 1900 жылы «Дифференциалды психология» терминін ғылымға енгізген неміс ғалымы В.Штерн .Дифференциалды психология психология ғылымының басқа салаларымен тығыз байланыста. Дифференциалды психология адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтарды зерттейді.Адамдар арасындағы мінез - құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық, нәсілдік, гендерлік айырмашылықтарды,іс-әрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез – құлықтағы акцентуацияның дамуын, дарындылық және данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады. Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.Дифференциалды психология – бұл психология ғылымының үнемі жаңа мәліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі.Сондықтан, психология ғылымының дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді

Б.М.Тепловтің пікірінше, психологияның кез-келген ортақ заңы өзіне жеке тұлғалық және индивидуалдылық факторын біріктіреді,яғни қабілеттер мәселесін дифференциалды аспектіден бөліп қарастыруға болмайды.Э.А.Голубева көрсеткендей, әлемдік ғылымда дифференциалды психология ерекше орын алады. Себебі ол қабілеттер мен дарындылық индивидуалды айырмашылығын зерттейді .Дифференциалды психология аймағында өлшеу құралдары құрылған тестер-өлшеу қорытындысын анализдеу әдісі. Бұл диагностика мәселесіндегі жекелеген аймақтарды ғана шешеді: дағды, нышан, шеберлікті мінез-құлық деңгейінде шешеді, ал оның күрделі салаларын шешуде дифференциалды психофизиология алға шығады. Кеңес Одағында индивидуалды айырмашылықтар лабораториясы 1952 жылы Орталық және педагогикалық психология институтында Б.М.Тепловтың басшылығымен ашылған.Бұл лабораторияның негізгі міндеті- индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды зерттеудің әдіс-тәсілдерін өңдеп, қолдануға жарамды ету және ең негізгісі индивидуалды психологиялық айырмашылығының физиологиялық механизмдерін ашу, зерттеу, ал оның негізін И.П.Павловтың типологиялық концепциясы құрайды.1972 жылдан бастап лабароторияны Небылицин басқарып, математикалық әдістер мен есептеу техникасы дифференциалды психология аймағында кең өріс тапты.1993 жылдан бастап «Дифференциалды психофизиология және психология» лабароториясын Э.А.Голубева өз басшылығына алды.Зерттеудің басты мәселесі қабілеттер мен оның нышандарын анықтау. Ағымды болжам Б.М.Тепловтың болжамы болды. Дифференциация мен индивидуализация мәселесі білім беру жүйесіндегі стратегияны өңдеуде қолданылады. Оның белсенділігі, өзектілігі қоғамдық өзгерістерге, экономиканың қарқынды дамуына байланысты өсе түседі:

 Оқу мен тәрбиеге альтернативті бағыт таңдау мақсатында;

 Арнайыланған мектептердің пайда болып, қоғамда дифференциациялануы үшін.

Әр түрлі инновациялық және авторлық технологиялар, білім беру жүйелері және т.б. себептер әлеуметтік – экономикалық құрылымдардың салдарынан жаңа мағынаға ие болуда.Индивидуалды психологиялық айырмашылықтарды анықтап, зерттеу жұмыстарын жүргізусіз адамдардың іс-әрекет аймағында ешқандай прогреске қол жеткізу мүмкін емес.Дифференциалды айырмашылықтарды зерттеп, оның психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ашу әлемдік ғылым жүйесіне қосқан үлкен үлес болып табылады.








Date: 2015-09-22; view: 1192; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.007 sec.) - Пожаловаться на публикацию