Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Бейэлектролит ерітінділері. Сұйытылған бейэлектролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттері





Рауль заңы Рауль заңдарының салдары.

Қазіргі заманғы электролиттердің физика-химиялық теориясы (Каблуков және кистяковский теориясы)

1890-1891 ж.ж орыс ғалымдары И.Каблуков және В.А.Кистяковсикй, Д.И.Менделеевтің ерітінділердің химиялық теориясына сүйеніп, электролиттердің диссоциациялануының негізгі себебі бұл еріген зат пен еріткіштің арасындағы күрделі физика-химиялық әрекеттесуі деп түсіндірді. Еріген зат пен еріткіштің арасындағы әрекеттесу сольватация, егер еріткіш су болса гидротация, ал салватация нәтижесінде түзілген молекулярлық агрегаттар сольваттар деп аталады. Қазіргі заманғы теория бойынша еріген зат ерітіндіге ауысқан кезде оның молекулалары еріткіштің молекулаларымен әрекеттеседі, химиялық байланыс түзіледі. Иондық және полюсті коваленттік байланысы бар молекулалар оңай диссоциацияланады. Полюстігі аз немесе полюссіз молекулалар аз диссоциацияланады немесе диссоциацияланбайды.

Диссоциациялану дәрежесі. Диссоциациялану константасы. Электролиттердің күшіне байланысты диссоциациялану дәрежесі мәнінің өзгеруі.

Бір түрлі еріткіштерде әр түрлі электролиттер диссоциацияланады, сондықтан диссоциациялану дәредесі қабылданған. Еріген зат молекулаларының қаншасы диссоциацияланғандығын көрсететін шаманы диссоциациялану дәрежесі деп атайды, оны α деп белгілеп, диссоциацияланған молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатынасы арқылы анықтайды. α = Nдис/Nжалпы. Nдис-диссоциацияланған молекулалар саны, Nжалпы-молекулалардың жалпы саны. α – изотондық коэффициентпен байланысты.Әлсіз электролиттің диссоциациясы: АВ↔А+Вˉ тепе теңдік болғанда әсер етуші массалар заңына бағынады, сонда Кд=[A][B]/[AB]. Осы тепе-теңдік константасы диссоциациялану константасы деп аталады. Ол электролиттің иондарға диссоциацияланғыштық қабілетін көрсетеді.

Бейэлектролит ерітінділері. Сұйытылған бейэлектролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттері.

Бейэлектролиттер – ерітінділері электр тогын өткізбейтін, ерігенде иондарға ыдырамайтын полюссіз байланысы бар бейорганикалық және органикалық қосылыстар. Мыс., оттек, азот, қант, эфир, спирт, глицерин, т.б. Ерітінді қасиеті құрамындағы жекеленген бөліктердің қасиетінен өзгеше болады. Ерітіндіні сипаттайтын қасиеттерге: осмостық қысым, қату және қайнау температуралары, бу қысымы, т.б. жатады. Бейэлектролиттердің сұйық ерітінділері мен заттардың газ күйінің арасында ұқсастық барын алғаш рет голланд ғалымы Я. Вант-Гофф байқаған (1887). Ол газ күйге арналған теңдеуін ерітінділер үшін де қолданған. Бейэлектролиттердің қату және қайнау температураларындағы өзгеріс Рауль заңымен сипатталады








Date: 2015-09-22; view: 907; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию