Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Биогенді s-элементтердің жалпы сипаттамасы, s-элементтердің қосылыстары, медицина қолданылуы





S-элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде ІА, ІІА топтардың негізгі топшаларында орналасқан. ІА – топтың негізгі топшасындағы – литий, натрий, калий, рубидий, цезий және франций сілтілік металдар деп аталады, электрондық конфигурациясы – nS1. ІІА топтың негізгі топшасындағы кльций, стронций, барий және радий сілтілік жерметалдар деп аталады, электрондық конфигурациясы – nS2.
ІА – элементтерінің сыртқы электрондық қабатында бір S1-электрон ядромен әлсіз байланысты болатындықтан, оны беріп жіберіп, күшті тотықсыздандырғыщ қасиет көрсетеді: Барлық қосылыстарында иондық байланыс түзеді және тотығу дәрежелері тұрақты +1-ге тең болады. ІІА-элементтерінің сыртқы электрондық қабаттарында жұптасқан екі S-электрон болады (nS2), қоздырғанда бір электрон басқа р-орбитальға ауысып, тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Сілтілік жерметалдар да күшті тотықсыздындырғыштар, бірақ сілтілік еталдарға қарағанда активтіктері төмен, радустары кіші және иондану энергиялары жоғары. Жоғарыдан төмен қарай топ бойынша сілтілік және жер сілтілік металдаожың негіздік, тотықсыздандырғыш қасиеттері артады. Сілтілік және жерсілтілік металдар активті болғандықтан жер қыртысында тек қосылыс түрінде кездеседі.Натрий, калий, магний және кальций хлормен бірге ағзаның электролиттік фонын құрайды;кейбір ферменттердің активаторлары болып табылады; кальций сүйек ұлпасының бейорганикалық заттарының құрамына кіреді, қанның ұю процесіне қатысады, бұлшық еттің жиырылуында маңызды роль атқарады. Медицинада S-элементтер кеңінен қолданылады.

Оттегінің биологиялық ролі. Озон мен оттегін медицинада қолдану, озонның табиғаттағы ролі. Озон мен сутегінің асқын тотығының бактерицидтік әсері.

Табиғатта оттегі негізінен фотосинтез нәтижесінде түзіледі, ол жапырақтарда және теңіз балдырларында жүретін үдеріс.

6СO2 + 6Н2O → С6Н12O6 + 6O2

Осы оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады, одан басқа жер қыртысындағы минералдар түзіледі. Табиғатта оттегінің қатысуымен тоттану, шіру, aшy сияқты бүліну үдерістері де жүріп жатады. Оттегінін, атмосферадағы қоры 1,5•1015 т, оның 1•1010 тоннасы жану үшін жұмсалады. Тыныс алу жеке ағзаның өмірі үшін, ал шіру - эволюция (даму) үшін маңызды үдерістер. Оттек медицинада тыныс алуы нашарлаған, уланғаг адамдарға дем алдыру, жер астында, су астында жұмыс істегенде, өте биікке ұшқанда тыныс алу үшін қолданылады, оттекті әр түрлі ауруларға қарсы емдік мақсатта қолдану. Тыныс алу және қан айналу жүйелері бұзылғанда, түрлі газдармен уланғанда, естен танып қалғанда, өкпеде ісік пайда болған жағдайда және ауыр хирургиялық операциядан кейін қолданылады. Озон қабатының тесілуінен адам баласы ісік ауруына шалдығады екен. Сонымен қатар тері ісігі, көз ауруларын қоздырып, егістік алқаптарына зақым келтіреді. Әлемде индустрия мен түрлі экологиялық зияны бар салалар қарқынды дамыған сайын атмосфераның озон қабатына тиіп жатқан зиянды әсерлер көп. Озон қабаты жұқарып, тіпті, кей жерлерде озон тесіктері пайда болды. Бұл дегеніміз сол тесік пайда болған аймаққа және жердегі тіршілік үшін қауіп төнгендігін білдіреді. Озон қабатының тесілуіне адамдардың ықпалы қатты әсер етеді.сутегінің асқын тотығы жанасқан кезде белсенді оттегі босап шығады,сутегінің асқын тотығының жиналуы нәтижесінде ферменттік антиоксиданттың- каталазаның активтілігі мен концентрациясының төмендеуіне алып келеді. Сутегі асқын тотығы - түссіз мөлдір сұйықтық айқын бактерицидтік және спорацидтік әсері бар

d-элементтерінің медико-биологиялық маңызы. Платина — ақ сұр, қатты металл. Қыздырған кезде оны соғуға, пластина жасауға, созуға болады. Ол өте пластикалық металл. Платина — активсіз, бағалы металл. Ол қыздыру кезінде ауада тотыкпайды, ешбір қышқылда ерімейді. Одан лабораториялык ыдыс, термопара, қышқылға төзімді тигельдер жасайды. Өсімдік, жануар өмірі үшін мыстың маңызы зор.Ол- микроэлемент.Өсімдік организмінде мыс фотосинтезді,тыныс алуды, көмірсу алмасу процестерін жеделдетеді.Топырақта мыс жетіспесе өсімдіктер ауруға ұшырайды.Мыс мал организмінде кейбір ақуыз бен ферменттер құрамына кіріп, бауырға жиналады.Ол жетіспеген жағдайда организм «қаназдық» ауруына шалдығады.Мыс гемоглобин,фосфолипидтер синтезіне қатысады.








Date: 2015-09-22; view: 1958; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию