Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мазмұны. · 6 Дүниежүзілік туризм күні





[жасыру]

· 1 Тарихы

· 2 Ұйым мүшелері

· 3 Құрылымы мен құрамы

· 4 Ынтымақтастары

· 5 Жергілікті жобалары

· 6 Дүниежүзілік туризм күні

· 7 Дереккөздер

Тарихы[өңдеу]

1925 ж. Гаагада Ресми Туристік Ассоциациялардың Халықаралық конгресі ретінде құрылған болатын. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ресми Туристік Ұйымдардың Халықаралық кеңесі деген атауға өзгертіледі (штаб-пәтері - Женева қаласында), оған - 109 ұлттық туристік ұйымдар мен 88 ассоциациялық мүшелер кіреді. 1967 ж. Үкіметаралық ұйымға айналып, ЮНЕСКО, ВОЗ және т.б. көптеген халықаралық деңгейдегі ұйымдармен қызмет істейді. 1969 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ресми Туристік Ұйымдардың Халықаралық кеңесінің туризмдегі ролінің маңыздылығын атап өтеді. 1974 ж. Халықаралық кеңес Дүниежүзілік Туристік Ұйымға өзгертіледі. Ең бірінші Бас Aссамблея 1975 ж. Мадрид қаласында өтеді. Хатшылығы Мадрид қаласында жергілікті Испанияның үкіметінің шақылуымен осы жерде орналасады. 2003 ж. БҰ ДТҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі мәртебесін алады. 2006 ж. Дүниежүзілік Туристік Ұйымының құрамына 150 мемлекет, 7 аумақ және 300-ге жуық жеке сектор, оқу орындары, туристік ассоциациялар және жергілікті туристік әкімшіліктерді көрсететін ассоциация мүшелері кірген. 2011 ж. Дүниежүзілік Туристік Ұйымының құрамына 154 мемлекет кіреді. Бас Ассамблеяның 19-ші сессиясы - Kореяның Кенджу қаласында өткен. 2010 ж. ДТҰ өте маңызды деген жобаны бастайды. Бұл жобаны қарастыру 2010 ж. қазан айында Ұлы Жібек жолын дамытумен байланысты болады. Қабылданған шаралар 2010-2011 жж. аралығында жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жоба маңыздылығы оның тарихының тереңнен бастау алуында болып келеді. Ол көптеген ғасырлар бойы елдер мен континеттерді байланыстырған магистраль болды[2].

Ұйым мүшелері[өңдеу]

2011 ж. қараша айының мәліметтері бойынша ұйымның мүшелеріне 155 мемлекет кіруде.

Құрылымы мен құрамы[өңдеу]

ДТҰ штаб-пәтері, Мадрид, Испания

Рылымы

· Бас Ассамблея;

· Атқарушы кеңес;

· Жергілікті комиссиялар;

· Комитеттер;

· Хатшылығы.

Рамы

· Даму бағытындағы серіктестік;

· Туризмнің дамуындағы сапа;

· Туризмнің тұрақты дамуы;

· Нарықты зерттеу статистикасы;

· Туризмге арналған кадрларды дамыту;

· Коммуникация мен құжаттар;

· Туризм және технология;

· Іскерлік кеңес;

· Жергілікті үкімет.

Ынтымақтастары[өңдеу]

Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм сферасындағы жобаларды қаржыландыру мен оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дамып келе жатқан елдерге туризмді дамыту жайлы тәжірибелерімен ауысып, таныстырады. БҰ ДТҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының бас агенттігі болып табылады. 2002 ж. БҰ ДТҰ мен ЮНКТАД -тың "Тұрақты туризм - кедейшілікпен күресу құралы" аты бағдарламасы қабылданған болатын. Ол бағдарлама екі мәселені шешуге бағытталған болатын - туризмді дамыту мен кедейшілікпен күресу.

БҰ ДТҰ -ның бас жобалары:

· Пәкістандағы туризмді дамытудың бас жоспары (2001);

· Қытайдың ауылды жерлерінде туризмді дамытудың бас жоспары (2000-2002);

· Руанданың ұлттық саябақтарын дамыту (1999);

· Молдавияның туризмді дамыту стратегиясы (1999)[2].

Жергілікті жобалары[өңдеу]

ДТҰ аймақтары

БҰ ДТҰ-ның жергілікті уәкілдіктері жергілікті туристік ұлттық ұйымдардың қызметін дамыту мен қолдау мақсатында тікелей акцияларды жүргізеді. Дүниежүзінің кез-келген аймағы - Африка, Америка аймағы, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағы, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия - осы жергілікті йұымдардың көз алдында, Дүниежүзілік Туристік Ұйымның штаб-пәтері Мадрид қаласында базаға тіркеліп енген болатын. Жергікті уәкілдіктер БҰ ДТҰ-ның қызметін осы жерлерде тікелей жүзеге асырады. Олар әрдайым сан қилы, жердің түкпір-түкпіріне іссапарлар шегеді.

· Олар барлық ердердің туризм индустриясының басшыларымен жайдайларды талқылап және қажетті шешімдерді қабылдау үшін кездеседі.

· Олар туристік ұйымдармен, әкімшіліктермен қажетті байланысты қамтамасыз етіп отырады. Әсіресе, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасымен қажетті қаражатты бөліп отыруын қадағалар отырады.

· Олар БҰ ДТҰ-ның көптеген халықаралық және жергілікті іс-шараларында уәкілдік қызметін атқарып отырады.

· Олар белгілі бір елде қызығушылық тудыратын тақырыпшаға сәйкес семинарлар мен конференциялар өткізеді.

· Олар көптеген елдерде қазіргі таңда актуалды болып келетін тақарыптарға презентациялар өткізеді. Осыған дейін, Таяу Шығыстағы Жаһандандыру мәселесі, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында адам ресурстарын дамыту, Европадағы Евро мен туризм, Америка аймағындағы сапа стандарттары, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында дағдарыстық мәселелерді шешу сияқты және т.б. жағдайларды қарастырды.

· Олар көбінесе президенттік деңгейде туристік өнім туралы мәселелер мен туындаған жағдайларды шешуге көмектеседі. БҰ ДТҰ жылына бір рет өзінің 6 жергілікті комиссияларына конференция өткізіп тұрады.

Дүниежүзілік туризм күні[өңдеу]

1980 ж. бастап, Дүниежүзілік Туристік Ұйым мүшелері жыл сайын 27 қыркүйек күні Дүниежүзілік туризм күнін атап өтеді. Мерекені атап өтуге қатысты іс-шараларға: сан қилы шерулер, концерттер, туристік жәрмеңкелер, семинарлар, мерекелік астар, би кештері және мұражайларға тегін кіру, сонымен қатар, туризмнің маңыздылығын атап көрсететін шараларға халықты тартатын орындарды көрсету кіреді[2].

 

Халықаралық туризм - халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10%-ы тиесілі; туризм күшті дамыған кейбір елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25%-ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан халықаралық туризм 1-орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді.[1]

Date: 2015-09-22; view: 668; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию