Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мазмұны





[жасыру]

· 1 Тау шаңғысы туризмі

· 2 Теңіз жағалауындағы курорттар

· 3 Круиз

· 4 Қасиетті діни орындар

· 5 Дереккөздер

Тау шаңғысы туризмі[өңдеу]

Әлемдегі ең ірі тау шаңғысы туризмінің орталығы Альпі болып табылады, жылына бұл аудан 60 млн-нан астам туристерді қабылдайды. Сол себепті альпілік елдерде, әсіресе Швейцария мен Австрияда туристерге қызмет көрсетумен байланысты салалар (шаңғы жолдары мен тауға көтеретін қондырғыларды жабдықтау, аса жайлы қонақүйлер, көлік пен сауда қызметін ұйымдастыру) жоғары дәрежеде дамыған. Әлемнің басқа бөліктерінде де туризмнің бұл түрі дамуда, бірақ бұл жөнінен Альпіге тең келетін аудан жоқ. Біздің елімізде тау шаңғысы туризмін дамытуға қажетті жағдайлар бар, сондықтан Алматы маңындағы Шымбұлақ мекенін халықаралық дәрежедегі туристік орталыққа айналдыру жоспарлануда.[1]

Теңіз жағалауындағы курорттар[өңдеу]

Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы — Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр жәнө Мальта аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың курортты қалалары орналаскан. Сонымен қатар Таиланд пен Мұхит аралдарында, Калифорния мен Флориданың құмды жағалауларында, Бразилия мен Мексиканың теңіз курорттарында демалушылар саны артып келеді. Қазақстандағы бірқатар туристік агенттіктер аталған аудандарда еліміз азаматтарының демалысын ұйымдастыру бағытында жұмыс істеуде.[1]

Круиз[өңдеу]

Қазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) халықаралық туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу, бірнеше елмен танысу мүмкіншілігінің ұштастырылуымен түсіндіріледі. Туризмнің бұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі, Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.

Туристердің көп баратын нысандарының бірі — қалалар. Бұл тұрғыда әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткпптері сақталған Европа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірінен туристер легі ағылады.

Франция, Италия және Испанияның әрқайсысына жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі.[1]

Қасиетті діни орындар[өңдеу]

Халықаралық туризмнің айрықша түріне қасиетті діни орындарға құлшылық ету жатады. Барлық мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине қалаларына қажыға бару қасиетті борыш деп есептеледі. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі сәулет өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, мұсылмандардың қадір тұтатын нысаны ретінде де кеңінен танымал. Ал христиан дінінің қасиетті жәдігерлері Иерусалим қаласында шоғырланған. Халықаралық туризмнің басқа да салыстырмалы түрде аз тараған түрлері жеткілікті.[1]

Дереккөздер[өңдеу]

1. ↑ Мынаған өту: abcde

 

11-тақырып. Халықаралық туризм статистикасы.
Туристік ағындар статистикасы.
Халықаралық туризм статистикасы екі негізгі бөлімнен тұрады:
- туристік ағындар статистикасы;
- туристік шығындар мен кірістер статистикасы.
Бұлардың әрқайсысы үшін ДТҰ негізгі көрсеткіштер тізімін жасады. Туристік ағындардың маңызды көрсеткіштері келулер саны мен сол елде болу ұзақтығы.
Келулер (кетулер) саны деп – белгілі бір мерзім ішінде, әдетте бір күнтізбелік жыл ішінде қандай да бір ел ішінде келіп тіркелген туристер саны түсіндіріледі. Турист жыл ішінде бірненше елді аралай алатындықтан, бір жорық барысында туристердің фактілік саны келулер санынан төмен.
Келулер статистикасы әлемдегі туристік ағындардың сандық көрсеткіштерінен тұрады. 20 ғасырдың 90 жылдарында Халықаралық туристік жорықтар саны 650 млн асты. Басқа жылдардағы маусымдық ауытқуларға қарамастан, туризм дамуында жоғарылаудың тұрақты даму тенденциясы байқалады. 1950-99 жылдардағы туристік келулердің жоғарылауының орташа жыл сайынғы темпі 7 % құрайды.
Келулер туралы статистикалық мәліметтер саяхат мақсаттраына, пайдаланылатын көлік құралдарына байланысты, туристердің шығу тегіне жататын аймақтары мен елдеріне байланысты топтастырылады:
ДТҰ әлемде 6 туристік макроаймақты ерекшелейді:
1) Европалық – Европаның батыс, Солтүстік, оңтүстік, шығыс бөліктері кіреді, ТМД-ның бұрынғы республикалары, Шығыс Жерорта теңіз мемлекеттері (Израиль, Кипр, Турция);
2) Американдық – Солтүстік, оңтүстік, орталық Америка елдері, Кариб бассейні мемлекеттері мен территорияларыс;
3) Азиялық-Тынық мұхиттық- Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Австралия мен Мұхиттық Аралдар;
4) Африкалық- Египет пен Ливиядан басқа Батыс, Оңтүстік-батыс Азия елдері;
5) Оңтүстік Азия – Оңтүстік Азияның барлық елдері;
6) Таяу Шығыс – Батыс және Оңтүстік – Батыс Азия елдері, Египет и Ливия.
Жаппай туристік айырбастардың басталуынан, осы уақытқа дейін туризмнің әлемдік нарығында Европа ерекшеленеді. (1999 жылы 386 млн болған) Бұл аймаққа европалықтарда АҚШ Каналда елдерінің тұрғындары көбіреек саяхаттайды. 2-орында Америка (1999 жылы 127 млн келулер болған). Еворпа мен Американың әсіресе солтүстік бөлігі кілтті туристік аймақтар болып табылады. Оған әлемдік келулердің 4/5 бөлігі кіреді.
Әлем аймақтары бойынша халықаралық туризм қозғалысы соңғы 45 жыл ішінде айырмашылықтары бар. Планетамызда туристік ағындардың 20 есеге жоғарылауына байланысты европа мен Америкада жоғары темппен өсті. (жылына 6,6 және 5,9 процент). Жас туристік аймақтар –Азия-Тынық мұхиттық, Таяу шығыс және Африкалық аймақтар тез қарқынмен дамуда.
Өткен онжылдықтар ішінде біршама қозғалысты болған Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ, онда келулер санының орташа көпжылдық өсу темпі 9 есеге жейін жоғарылады.Шығыс, Оңт-Шығыс Азия, және Мұхиттық аралдар елдеріндегі туристік белсенділіктің қысқаруы әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты болды. 1999 жылы аймақ нытижеге жетті, турстік келулер бойынша жаңа реорд жасады - 94 млн жорық.
Африкалық континент пен Таяу Шығысқа жасалатын саяхаттар тез салыстырмалы түрде жоғарылады. Келулер көрсеткшінің төмендігінен туризмнің әлемдік қозғалысына әлсіз әсер етті.
Халықаралық туризмнің өсу темптерінің біртексіздігі территориялық бөлікте 90 жылдарда 1950-1970 жылдарға қарағанда оның аймақтық құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырды.
XXI ғасырда халықаралық туризмнің территориялық құрылымы дамудың бұрынғы тенденцияларын сақтай отырып өзгере бастады. ДТҰ-ның 2020 жылғы болжамдары бойынша Европа туризм нарығында бірінші орында. (717 келулер болған). Азиялық-Тынық Мұхиттық аймақ 2-орынға шықты (418 млн келу). Америка лидерлер үштігіне кіреді. (284 млн келулер)
Туристік қозғалысты сипаттайтын негізгі көрсеткіш келулер саны болып табылады. Келулер қандай да бір уақыт ішінде жорықтар саны түрінде есепке алынады. Алайда туристік ағындардың абсолютті көрсеткіштері туристік белсенділіктің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Себебі олар халықтың жалпы санына байланысты. Сондықтан туристік айырбастардың интенсивтілігін бағалау үшін келулер саны 100 адамға негізделеді.
ДТҰ мәліметтері бойынша орташа есеппен, 100 адамға 10 жорықтан келеді. Жеке аймақтар мен субаймақтар бойынша орташа әлемдік деңгейден көрсеткіштер ауытқиды. Егер Орталық Африка мен Оңтүстік Азияда 1995 жылы 100 адамға есептегенде 0,5 келулер саны тіркелген. Ал Кариб бассейнінде және Мұхиттық Аралдарда 40-тан жоғары болды.
Ең жоғары туристік белсенділік Европада байқалады. Барлық субаймақтарда Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық және Шығыс Европада келулер саны және шекарадан шығатын жорықтар 100 адамға есептегенде орташа әлемдік деңгейден жоғары. Келулер бойынша Оңтүстік және Батыс Европада 100 адамға есептегенде келулер 60 тан жоғары. Солтүстік және Батыс Европада максимальды көрсеткіш 100 адамға есептегенде 70 келулер болған.
Келулер санымен қатар, туристік ағындар статистикасында тағы бір көрсеткіш қолданылады – сол елде болу ұзақтығы. Ол бір күндік жорықтар үшін сағатпен өлшенеді. Және аралау-болу үшін қону санымен есептеледі.
Қону дегеніміз – бір туристтің елде (белгіленген жерде) өткізген бір тәулігі.
Барлық туристердің бір елде болу ұзақтығы белгілі бір уақытша кезең ішінде, яғни қонулардың жалпы саны, туристік келулер санын анықтауға есептеледі.

1970 - 2001 жылдар кезеңіндегі халықаралық туристік келулер мен кірістер (түсім).
Жыл Келу, млн Өзгеріс, % Түсім, млрд долл. США Өзгеріс, %
1970
1975 166
222 -
34,08 17
40 -
127,4
1980 288 29,45 103 153,93
1985 330 14.,54 116 12,38
1990 457 6,.17 257 20,95
1991 456 -0,.32 260 1,06;
1992 481 5,.51 296 13,75
1993 500 3,.83 324 9,35
1994 550 6,.05 354 9,23
1995 565 2,.73 405 14,44
1996 596 5,.49 435 7,52
1997 610 2,.39 436 0,09
1998 625 2,.37 444 2,01
1999 657 3,2 455 -
2000 698 6,.24 475.,9 -

 

Date: 2015-09-22; view: 514; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию