Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Антеклиза, синеклиза





Көне платформалар өздерінің қазіргі таңдағы көрініс беру ерекшеліктеріне қарай қалқандарға және тақталарға жіктеледі. Тақталар, өз кезегінде, антеклизалар мен синеклизаларға жіктеледі. Антеклизалар - (гректің «анти» – «қарсы», «клино» – «көмпейтемін» деген сөздерінен) көне платформа тақтасының мейілінше, ірі бөлігі. Антеклизаның кристалдық іргетасы бетін көмкеріп жататын шөгінді тыс негізінен саязсулы теңіздерде немесе континент жағдайында қалыптасқан шөгінділерден құралады. Антеклизалардың кристалдық іргетасы алуан түрлі терең жарылымдармен тілгіленген түрде болады, осы жарылымдар арқылы оқшауланған бөліктердің сол жарылым бойымен тік бағытта (жоғары қарай) қозғалу дәрежесі әртүрлі болғандықтан аталған іргетас беті кедірлі-бұдырлы сипатты иелене отырып, әртүрлі көмпимелер мен күмбездер (поднятия и своды) жиынтығын құрайды. Синеклизалар – аздап сопақшаланған немесе теңөлшемді (дөңгелек) пішінмен сипатталатын, көлденеңі жүздеген км -мен өлшенетін теріс мағыналы (түсіңкі) платформалық құрылым. Бұлар көне платформаның нақтылы аймағының жаймен ғана төмен қарай ойысуы нәтижесінде қалыптасады.

Архей AR кезеңі: жоғары(Лопийлік ) және төменгі (Саамдық) болып бөлінеді. Картада белгілену түсі қызғылт.

 

Авлокоген (грек. Авлок– жосылма; жырынды:генезис-жаралу тегі)-платформа іргетастарын тікелей тіліп өтетін терең жарықтармен шектелген мейлінше ұзын да енсіз қозғалмалы ойыстар. Оның ұзындығы жүздеген км-мен өлшенуі мүмкін, ені ондаған км-ден аспайды.

Ажыраулар - жарық қапталдары бір-біріне қарама-қарсы бағытта жылжи түсуі салдарынан сол жарықтың кеңейе түсуімен сипатталатын жыртылу пішіні.

 

Аллохтон - нақтылы күштер əсерінен өзінің алғашқы түзілу аймағынан көлбеу беткей бойымен жазық бағытта жылжып кеткен тау жыныстарының кешені. Аллохтондар тектоникалық бүркемелер деп аталатын құрылымдардың басты бөлігі болып есептеледі, олардың жазық бағытта жылжу амплитудасы ондаған, тіпті, жүздеген км-ге жетуі мүмкін.

Антеклиза /грек. Анти-қарсы, епклино-көмпейтемін/ - мейлінше ірі /аудан60-100 мың км-ден астам/ платформалық көмпиме құрылым. Көмпиме қанаттарының құлау бұрышы бірнеше градустан аспайды.

Антиклин /грек. Клино-еңкейтемін/ - шөгінді, эффузивті немесе өзгерген жыныстар бірлестігіне тəн қат-қабаттардың жатыс пішіні. Жымдасқан қабаттар жиынтығының бірлесе иілуі нəтижесінде антиклинальды иілімдер дөңес пішіндер түзеді. Иілімнің, өзегін, яғни оның ішкі өңірін құрайтын

қабаттар сыртқы өңірдегі, яки иілім қанаттарындағы жыныстардан көнелеу болуы шарт. Нақтылы иілімнің иілу нүктесі иілім құлпы деп аталады, ал осы иілім жүйесінің құлыптары орналасқан нүктелерді жазық бағытта ойша қосқан жағдайда пайда болатын шартты сызық иілім айдары деген атауға ие.

 

Антиклинорий /грек. Орос-тау/- геосинклинальдар жүйесінің əртүрлі иілімдер бірлестігін қалыптастыра отырып көтерілуі нəтижесінде түзілетін, құрылысы өте күрделі, ауқымы біршама ірі/жүздеген км-ге сағаланады/, жалпы пішіні антиклинальды болып келетін құрылым атауы.

 

Аспалы беткей- желегі мен табаны бір-біріне шамамен параллель орналасқан жалпақ геологиялық денелердің(тақташалардың, линзалардың, желілердің, сығылмалардың т.с.с) төменгі жазықтығы.

 

Аспалы қанаты- жыртылып–ажырау құрылымдары элементтерінің бірі; жазық бағытқа көлбеу қиғашталған жыртылу жігінің үстіңгі өңірінде орналасқан тау жыныстарының жиынтығы.

 

 

Date: 2015-09-05; view: 1092; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию