Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дос табу





Мойыл

Көктем. Қар еріп,ағаштар бүршік жарып,жер бетіне көк шығып,төңірек құлпыра бастаған кез.Жәндіктер мен құрт- құмырысқаға да жан бітіп, олар да өз тіршіліктеріне кіріседі.

Ара ертемен тұрып, ызыңдап, шаршап жүріп, гүл шырынын тереді. Ол жолшыбай жылап отырған мойылды көрді. Аяп кетті.

- Мойыл, күн шығар- шықпас неғып еңіреп отырсың?- деп сұрады.- Кім тиді саған?

- Балалар тиді,- деп, мойыл еңіреп қоя берді.

- Олар саған не істеді? Жұп- жуас, әп- әдемі саған не деп тиіседі?

- -Шешек атып, гүлдеп тұрған бір бұтағымды жаңа ғана сындырып алып кетті.

- Оны не істемек?

- Үйлеріне апарып, бірер күн қызықтап, лақтырып тастайды. Аяқ асты етеді.

- Жылама, мен саған көмектесейін.

- Қайтып көмектесесің, еріккен балаларға қалай тыйым салмақсың?

- Омартамды сенің қасыңа салайын. Аралар сені қорғайды.

- Оларыңның балаларға шамасы келе ме?

- Келмегенде, біз ұйымшылмыз. Бәріміз бас салып, жан- жақтан таласақ, жанын қоярға жер таппас. «Бірлік бар жерде- тірлік» деген.

- Олай болса, тезірек келіп қоныстаныңдар. Таяуда менің жемісім піседі. Ол кезде балалар жапырағымды жұлып, бұтағымды сындырып күн көрсетпейді,- деп мойыл көз жасын сүртіп, еңсесін көтерді.

Ара ызың- ызың етіп, қиырдағы туыстарына ұшып бара жатты.

(171 сөз)

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) еңіреп қоя берді, жемісім піседі,сені қорғайды

В) ұшып бара жатты,қоныстаныңдар,лақтырып тастайды

С) күн көрсетпейді,тиіседі,аяп кетті

Д) бүршік жарады, жасын сүртеді,қызықтайды

Е) гүл шырынын тереді,аяқ асты етеді,еңсесін көтерді

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

... жаңа жерге қоныстанады.

А) балалар

В) мойыл

С) ағаштар

Д) аралар

Е) жемістер

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Ара қыста не тереді?

В) Балалар мойылды қалай қорғады?

С) Бірлігі жарасқан кімдер?

Д) Балалар қандай жеміс терді?

Е) Аралар неге балаларды таламады?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Ара мойылдың бұтағын сындырды.

В) Туыстарын көмекке шақыруға кетті.

С) Балалар мойылға көмектесті.

Д) Мойыл ренжісе де жылаған жоқ.

Е) Аралар балаларға тиіскен жоқ.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А) Бірлесіп көтерген жүк жеңіл (Шынайы көмек, Арашашы ара)

В) Мойылдың жемісі

С) Балардың қамқорлығы

Д) Араның қайғысы

Е) Гүл терген аралар

 

9. Жаңа жыл

Жаңа жыл!Тамаша ғой! Жаңа жыл алдында неше түрлі ойыншықпен безендірілген шыршаның қызыл- жасыл оттары жанады, балаларға сыйлығын алып, Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Жаңа Жылда шырша оттарын жағатын салт көне замандардан қалған. Оның өзі – Англия мен Германияның ескі тұрғындарында туған салт. Сол алыс дәуірде қысқы орманда жасыл шырша маңына жиналып, от тұтатып, ән салып, билеген, көңіл көтерген.

Жаңа Жыл барлық елде бірдей бірінші қаңтарда басталмайды.

Бір кезде ежелгі римдіктерде жылдың алғашқы айы наурыз саналған, себебі сол кезде егіс жұмыстары басталған.Жыл он айдан тұрған, кейін оған екі ай қосқан. Біздің заманымызға дейінгі қырық алтыншы жылы Рим императоры Юлий Цезарь жыл басын бірінші қаңтарға ауыстырған.Оның атымен Юлиан күнтізбесі бүкіл Еуропаға тарады.

Бұрынғы кезде қазақтар кейбір халықтар сияқты, жыл басын наурыз айында, яғни көктемде тойлайтын болған,өйткені жана жыл халықтың шаруа жағдайына қарай белгіленген.

Бірінші Петр бұйрығынан соң 1700 жылы жаңа жыл қаңтардан басталды. Еуропамен жаңа кең қатынас жағдайында жыл басын бұлай өзгерту қолайлы еді.

Жаңа Жылды ысқырған жел мен ұйтқыған боран соғып тұратын қыс айында қарсы алу салты осылай енген. (170 сөз)

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) балаларға сыйлық, Юлиан күнтізбесі, жыл басы

В) ұйтқыған боран,алғашқы айы,безендірілген шырша

С) Рим императоры,кейбір халықтар,ескі тұрғындар

Д) қазақтар,Аяз ата,римдіктер

Е)Бірінші Петр,Ақшақар,балалар

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Қаңтарда... маңында ән салып, билеген.

А) орман

В) шырша

С) егіс

Д) жел

Е) тұрғындар

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Жазда Жаңа жылды қалай қарсы алған?

В) Америкада қандай салт-дәстүр қалыптасқан?

С) Қазақтар неге жыл басын тойламаған?

Д) Кімнің шешімімен жаңа жыл қаңтарда басталды?

Е) Аяз ата мен Ақшақар неліктен сыйлық таратпады?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Жаңа жылда бәйтеректі безендіреді.

В) Барлық елде Жаңа Жыл қаңтарда басталады.

С) Еуропаға Рим императорының күнтізбесі тарады.

Д) Қазақтар Жаңа жылды тойламайды.

Е).Бірінші Петр бұйрық шығарған жоқ.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А) Германияның мерекесі

В) Рим императорының тойы

С) Англия тұрғындарының көлге жиналуы

Д) 1500 жылғы бұйрық

Е) Жылдың басталу салты

 

Дос табу

Адам бала кезден өзіне лайық, өзін түсінетін дос табуға ұмтылады. Кішкентай кезде еске алсаңыз, аулада ойнап жүргенде немесе мектеп қабырғасында жүргенде, міндетті түрде, көп балалардың ішінен тек бір-екеуі ғана сізге өте жақын болады.

Балалық шақ, бозбала-бойжеткен, жігіт шақ, ересек-егде тартқан шақтың бәрінде бір-біріне жалғасқан жолдастардың саны ұзын арқандай созыла береді. Олардың сізге жақын болуына әр түрлі жағдайлар, жеке бастың қасиеті әсер етеді.Қалай болса да, сол қоршаған достар арқылы адамның ой-өрісі дамып, сана-сезімі жетіліп, рухани байлыққа кенеледі.

Дос табу оңай емес, әсіресе мінезі ауыр, салмақты, жуас, момын адамдар үшін өте қиын. Олар суырылып бірден сізге, не іске араласып кете алмай, қорқақтап, кейде көп нәрседен ұтылып қалады.

Достасу үшін де үлкен шыдамдылық керек. Сондықтан сізді сыйласын десеңіз, өзіңіз де үлкен ілтипаттық көрсетіңіз.

Ал досты қалай таңдау керек? Бұл сұраққа бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Әр адам таза, шыншыл, сөзінде тұратын мейірімді дос іздейді. Достық – адам өміріндегі ең асыл қазына, оны бағалай және сақтай білу керек. Достармен ақылдасып атқарылған жұмыс маңызды болады. Достармен өткізген жеңіл де қызықты келеді.

(170 сөз)

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) жеңіл де қызық, мінезі ауыр,ұзын арқандай

В) қоршаған достар, момын адамдар, асыл қазына

С)жолдастардың саны, бала кез, көп балалар

Д) бозбала,үлкен ілтипаттық,бір екеуі

Е) бойжеткен, дос,жолдастар

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Кейбір адамдарға нағыз...табу өте қиын.

А) бойжеткенді

В) дос

С) балаларды

Д) байлықты

Е) мінезді

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Көп нәрседен ұтылып қалатын кімдер?

В) Адам қай кезде дос табуға ұмтылмайды?

С) Жолдастардың саны неге азая береді?

Д) Не себепті адам рухани байлыққа кенелмейді?

Е) Достасу үшін жауыздық керек пе?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Келісіп істеген істің маңызы зор.

В) Егде адамдар дос бола алмайды.

С) Достар адамның дамуына әсер етпейді.

Д) Адам өміріндегі ең асыл қазына- байлық

Е) Әр адам қатыгез дос іздейді.

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А) Жолдастардың саны

В) Бозбала мен бойжеткеннің достығы

С) Шынайы достық

Д) Балалық шақтың әсері

Е) Мінезі ауыр адамдар

 

11. Өмір белестері

Жазушы еңбегі – қиын, жауапты, ең ардақты еңбек. Ғылымда даңғыл жол болмаса, көркем әдебиетте де даңғыл жол жоқ. Мен біраз жасадым, біраз еңбек еттім, қаламым әбден төселгендей болды. Сонда да әрбір жаңа шығарма тұсында бастықпаған тайдай бұлақтай беремін, шарқ ұрып іздене беремін. Ойларымды, жазғанымды сан рет өшіріп, сан електен өткізіп барып, жарамды дегенімді ғана қалдырамын. Сол жарамдымды жазып отырғанда күлемін, қуанамын, қайғырамын, жылаймын.

Жазғаның өзіңе осылай әсер етпесе, басқаға мүлде әсер етпеске керек. Қиналмасаң, қиналып тапқан бір сөзің не бір ойың «Мен бақытты!» дегізбесе, ондай жазушыға жазудың керегі не?

Мен алдыма қарасам, менен де кейін қалғандарды көріп жұбанамын. Оңаша бөлмеде ұзақ уақыт ой тізіп, сарғая отырғанымда жер тәңірісі – бір өзім. Тізгендерім көп талқысына түскенде, мен бір жаңа түскен келін. Егер жазушының басына қарама-қарсы осы екі қасиет орнамаса, жазушы шығарма үстінде өзін халық ойшысы, қоғам қайраткері деп, шығармасы біткен соң, бұлардың тек атқосшысымын деп сезінбесе, ондай жазушыны нағыз жазушы деу қиын. Нағыз жазушы болғанды ғана айтып қоймай, солай деп те айта алады.

Менің жазушылық жолымдағы өмірім, ойым, қысқартып айтқанда, осылай. Шығармаларымнан, күнделік дәптерімнен, мүмкін, бұдан толығырақ көрінер.

(Ғ.Мұстафин) (178 сөз)

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) күнделік дәптер, жазушы еңбегі, жер тәңірісі

В)тізгендерім, жазушылық өмірім,жарамды дегенім

С) даңғыл жол,нағыз жазушы,ардақты еңбек

Д) жаңа шығарма,екі қасиет,жазушылық жол

Е)қоғам қайраткері, кейін қалғандар,халық ойшысы

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Халықтың... шыққанда ғана нағыз жазушы бола алады.

А) ойынан

В) елегінен

С) әсерінен

Д) жолынан

Е) қасиетінен

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Көркем әдебиеттің жолы неге даңғыл?

В) Өзін қай кезде жер тәңірісі санайды?

С) Халықтың көңілінен шықпау үшін не істеу керек?

Д) Жазушы бес қасиетті қайтеді?

Е) Қаламы төселмеген жазушы кім?

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Жазушының еңбегінің оңайлығы

В) Жарамсыз туындылардың жазылуы

С) Көркем әдеби шығарманың тууы.

Д)Қоғам қайраткерінің сарғая отыруы

Е) Жаңа түскен келіннің жұбануы

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А) Дәрігердің еңбек жолы

В) Атқосшының жазбалары

С)Келіннің талқысы

Д) Жер тәңірісінің бақыты

Е) Шығармашылық жемісі

 

12.АБЫЛАЙ ХАН – ХАЛЫҚТЫҢ БАСЫН ҚОСУШЫ ТҰЛҒА

Абылай орыс жазбаларында Сібір сұлтаны деп жазылған. Шын аты - Әбілмансұр. Белгілі мемлекет қайраткері, саясаткер, елші, қазақ жерінің басын біріктіруші ірі тұлға.Қазақ халқының бостандығы үшін күрескен хан. Орта жүздің ханы. Ресейге мәңгі бағыну жөнінде ол 1739 жылы Орынборда ант берген. Абылай – қазақ хандықтарының басын біріктіріп, елдің тұтастығын сақтауға көп күш салған қайраткер.Абылай-жауға қарсы жорықты үнемі өзі бастаған.

Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайы саяси теңдікті ұстай білудің қажет екендігін үнемі алға тартып отырды. Абылай сұлтан Қытай мен Ресейдің көңілін тауып, арадағы тепе-теңдікті сақтай білді.

1739 жылы Ресей мен Қытай билеушілері онымен қарым-қатынас жасауға көшеді. Абылай қытайлармен сауда-саттық жөнінде және басқа да келісімдер жасайды.

Абылай өз өсиетінде Қытаймен жақындаса отырып, Ресеймен де келісу керек екенін айтып кеткен. Абылайдың ел ішіндегі билігі орнықты болды. Ол тек қана Орта жүздің ғана емес, Ұлы жүздің үйсіндеріне де хан болды.

1781 жылы дүниеден өткен. Оның денесі Қожа Ахмет Яссауи мазары жанына жерленген.

Абылайдың қазақ тарихында ерекше тұлға ретінде көрінуі жеке басының қасиеттеріне тікелей байланысты. Ол халықты сыйлап, оның дәстүрлерін құрметтей білді.(170)

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) құрметтей біледі, келісімдер жасайды,басын біріктіреді

В) жерленген, айтып кеткен,күш салған

С) күш салған, тұлға ретінде көрінген, ант берген

Д) билігі орнықты болды, алға тартып отырды,тепе-теңдіктісақтай білді

Е) басын біріктірді, хан болды, халықты сыйлады

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Тарихта басқа елдердің... келісімдер жасаған хан – Абылай.

А) үйсіндерімен

В) біріктірушілерімен

С) сұлтандарымен

Д) билеушілерімен

Е) халықтарымен

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Қазақ жазбаларында Абылай кім деп жазылған?

В) Биліктің қандай болуына көңіл бөліп отырды?

С) Кіші жүзде хан болған кім?

Д) Еуропа билеушілерімен қандай келісімдер жасалды?

Е) Ресейге мәңгі бағынбау туралы ант қай қалада берілді?

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Қазақ халқының бірлігін сақтауға ұмтылды.

В) Қытай мен Ресей келіссөздер жүргізді.

С) Орта жүз бен Ұлы жүздің хандары бірнешеу болды.

Д) Қожа Ахмет Яссауи 1781 жылы дүниеден өтті.

Е) Ел ішінде Ресей патшасының билігі орнықты болды.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А) Ант беру салтанаты

В) Қытайға сапар

С) Тарихи тұлға

Д) Қазқстанның географиялық жағдайы

Е) Ресей және Қытай билеушілері

13.ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ

(1835-1865)

Қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, аудармашы, журналист Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Қостанай маңындағы Құсмұрын бекінісінде өмірге келген. Оның балалық шағы әжесі Айғанымның қонысы Сырымбетте өтеді. Шоқанның әкесі Шыңғыс – аға сұлтан, атасы – Уәлихан, ал арғы атасы Абылай хан еді.42

12 жасында Шоқан Омбы қаласындағы Кадет корпусына оқуға түседі. Бұл жерде Шоқан қай жағынан болсын тез өсіп, 2 жылда өз құрдастарынан озық көрінеді. Шоқанның дүниетанымының қалыптасуына Г. Потанин, ұстазы Н.Ф. Костылецкий, әдебиетші В.Т. Ловодовский айрықша ықпал жасады. Шоқанның алғашқы ғылыми еңбегі – «Тоқтамыстың хандық белгілері» атты мақаласы. Шоқан 14-15 жасқа келгенде-ақ мұғалімдері оның ғалым болатынын айтып жүреді. Кадет корпусын ол 1853 жылы бітірген. Корнет дәрежесіндегі Шоқан Дала өлкесінің генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың адъютанты болып қызметке кіреді. 115

1856-57 жылдары Шоқан Іле қырғыздары мен Ұлы жүз ауылдарына ғылыми-зерттеу және этнографиялық экспедиция жасайды. Жоңғария тарихымен танысады. Осы сапарлар бойынша ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі» кітабын жазады. Шоқан ұлы қырғыз эпосы «Манасты» орыс тіліне аударады.

«Шығыстану аспанында қазақ хандарының тұқымы әрі орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шықты...» (академик Н.И. Веселовский).(176)

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) қырғыз эпосы, мақаласы,ғылыми еңбегі

В) қалыптасуы, қонысы, кітабы

С) балалық шағы,ғылыми еңбегі, аққан жұлдызы

Д) хандардың тұқымы,адъютанты,арғы атасы

Е) Іле қырғыздары,өз құрдастары,генереал- губернаторы

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

... қалыптасуына әсер етті.

А) ғылыми еңбегінің

В) дүниетанымының

С) қазақ хандарының

Д) орыс армиясының

Е) дала өлкесінің

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Орыстың ұлы ғалымы қай жерде туған?

В) Шоқан қазақ эпосын қай тілге аударды?

С) Өзінің саяхатынан кейін қандай еңбектер жазады?

Д) Кадет корпусынан кейін Шоқан неге жұмыс істеген жоқ?

Е) Ол неше жасында Мәскеудегі кадет корпусына оқуға түсті?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Аз ғұмырында артына мол мұра қалдырған.

В) Оған ешкім ықпал жасамаған.

С) Корнет дәрежесін оның досы алған.

Д).Қырғыз эпосы орыс тіліне аударылмаған.

Е) Шоқан әжесінің жанында болмаған.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А) Омбы қаласындағы мектеп

В) Ғылыми зерттеу институты

С) Шоқанның сыныптас достары

Д) Жарқ етіп аққан жұлдыз

Е) Оңтүстікте өмірге келген ғалым

14. Нұрғиса Тілендиев

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халық әртісі, талантты композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары жұртшылық назарынан еш қалыс қалған емес.

Жастайынан домбырада шебер ойнап, көзге түскен шәкірт бала Ахмет Жұбановтың шақыруымен Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің құрамына келеді. Ол 14 жасында – ақ дирижерлік етті. 1943 жылы өз еркімен майданға аттанды. Өнерлі жас домбыра орнына қару ұстап, жеңіс үшін шайқасқандардың сапында Берлинге дейін жорық жолдарынан өтті.Үш рет жараланып,аман- есен еліне оралды.

Н.Тілендиев 1953 жылы кәсіптік білімін жетілдіру үшін, Мәскеудегі П.И.Чайковский атындағы консерваторияның дирижерлық факультетіне оқуға түседі. Маман дирижер көп жылдар бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, одан соң Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінде бас дирижер болды.

Н.Тілендиев 400-ден аса ән, оркестрлік увертюралар мен пьесалар, кантаталар, кинофильмдер мен спектакльдерге музыка, Қ.Қожамияровпен бірігіп, «Алтын таулар» операсын, Л.Степановпен бірге «Достық жолымен» балетін жазды. Еркін төгілген әсем әуен, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен серпінділік – Тілендиев шығармаларына тән қасиет.

Жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болған «Отырар сазы» оркестрінің құрылуы Н.Тілендиев шығармаларымен тікелей байланысты. Композитордың оркестрге арнап жазған күйлері мен поэмалары «Отырар сазының»орындауында сүйсіндіреді.

(170 сөз)

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) халық әртісі, бас дирижер, шығармалары

В) күйлері, кәсіптік білімі,ықыласы

С) поэмалары,операсы,оркестрі

Д) кинофильмдер,халық аспаптар,увертюралар

Е) балеті,театры,дирижерлық факультеті

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Халықтың... бөленіп, қазақ өнерінде өз қотаңбасын қалдырып кетті.

А) құрамына

В) ықыласына

С) әуеніне

Д) біліміне

Е) шақыруына

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А) Н. Тілендиевтің несін жұртшылық назарына ілмейді?

В) Ол достарымен неге опера жазбады?

С) Композитор шығармаларына тән ерекшеліктер қандай?

Д) Н.Тілендиев қандай оркестрде күйші болды?

Е) Консерваторияның вокал факультетінде қашан оқыды?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан жоқ.

В) Н.Тілендиев күйлерін жеке орындаушыларға шығарды.

С) Ешқашан кәсіптік білімін жетілдірген жоқ.

Д).Қазақтың қара домбырасын қастерлеген

Е) Өнер адамдарымен бірлесіп жұмыс істемеген.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А) Қазақ театрлары

В) Опера және балет көрермендері

С) Еңбегін бағалаған ұстаз

Д) А.Жұбановтың оркестрі

Е) Еліне танылған дарын

 

15.Баланы өлімнен құтқарған құс

Көлеңкеде қаннен- қаперсіз ұйықтап жатқан жеті- сегіз жасар балаға қарай айыр тілін сумаңдатып, улы жылан жақындап келеді.Баланың жанында ешкім жоқ.Күтпеген жерден, қайдан шыға келгені белгісіз, бір құс бала мен жыланның арасына түсіп, кес-кестей берді.Жылан да атылуға айналғандай шиыршық атып, айбат шегіп, ысқырып жіберді. Бірақ құс аяғын санап басып, жақындай түсті.Бала жайына қалды.Осы кезде екі түз тағысының адам үшін шайқасы басталып та кетті.Жылан шабуылды үдете түсті.Бірақ құс та тез жалтарып,оның улы тісін бойына дарытатын емес.Міне, жылан тағы да шап берді.Құс құйрығымен жер тіреп,жалтара берді де,жылан басын қайтарып тартып аламын дегенше, өткір тұмсығымен оны төбесінен шоқып-шоқып алды. Жылан жан сауғалап, жиырыла кейін шегінді. Бірақ ашулы құс шаңқылдап, үсті –үстіне шоқи берді, шоқи берді.

Кенет бала оянып кетті. Ол қимылсыз бауыры жалтыраған улы жыланды, оның жанында ауыр дем алып жатқан құсты көріп, таң қалды. Мұның екеуін бірдей кім өлтіріп кеткенін білмей, аңырып, жан-жағына қарады. Жүрегі әлсіз ғана соғып жатқан мына кішкене құстың өзі үшін мерт болғанын бала түсінбеді. (170 сөз)

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) төбесінен шоқыды,жақындап келді,ұйықтап жатты

В) ысқырып жіберді, кейін шегінді, жайына қалды

С) жан-жағына қарады, шап берді,үдете түсті

Д) таң қалды, жалтара берді,басталып кетті

Е)бала ұйықтады, түз тағылары шайқасты, мерт болды

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Қатер... жылан жақындап келеді.

А) ашуланған

В) ысқырған

С) өлтірген

Д) төндірген

Е) тартқан

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Жыланның уын бойына дарытпаған не?

В) Құс жыланның құйрығын қалай басты?

С) Бала құстың ауырып жатқанын түсінді ме?

Д) Бауыры жалтырағын улы жылан қанша уақыт қимылдады?

Е) бала неге ұйықтай алмай жатты?

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Жылан баланы шағып алды.

В) Кішкене болса да үлкен ерлік жасады.

С) Айыр тілін сумаңдатып жылан жүріп келе жатты.

Д).Бала мен жыланның арасын анасы кес-кестей берді.

Е) Бала оянбай, қатты ұйықтай берді.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А) Қырдағы шабуыл

В) Жыланмен ойнаған бала

С) Өмір сыйлаған құс(Арашашы құс)

Д) Құс пен жыланның достығы

Е) Бала арманы

 

 


16. Кактус неге тікенді?

Е рте-ерте ертеде еркелігі елден өткен бір кішкентай қыз өмір сүріпті.Қыстың аязды күндерінің бірінде ол терезеге тұрған қырауды тамашалап отырыпты да:

-Маған әдемі гүл тауып беріңдер,- деп үй- ішіне қиғылық салыпты.

Ата- анасы:

-Қалың қар қақаған аязда қайдағы гүл?- десе, оны құлағына да ілмейді.Үй ішінің мазасын кетіріп,әбігерге салып, айтқанынан қайтпайды.

«Ел құлағы елу» деген емес пе, ақыры сонау алыстағы елдерде жыл бойына өсіп, гүлдейтін өсімдік туралы ата- анасы естіп біледі.Амалы құрыған әке қиырдағы елге сапар шегеді.Әбден шаршап, қыста өсетін гүлді тауып,қуанышпен елге оралады.Қыз ғажап базарлыққа алғашында қатты қуанады.Әйтсе де әдемі гүл оны біраз уақыттан кейін жалықтыра бастайды.Гүлдің жапырақтарын жұлмалап, жұлатын болады.Бір күні айлы түнде кішкене қыздың қорлығына ыза болған гүлдер жиналып, кеңес құрады. «Тентек қыздың қылығына енді шыдай алмаймыз. Сақылдаған сары аязда тауып әкелген әке еңбегін еш етті.Ендігі жерде біздің маңымызға жақындай алмайтын болсын.Жапырағымызды тікенге айналдырып жіберейік»,- деп келіседі.

Ертеңінде қыз баяғы әдетінше гүлдердің жапырағын жұлайын деп ұмтылып, қолын от басқандай кері тартып алады.

Міне, сол күннен бастап кактус тікенді гүлге айналыпты. 171 сөз

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) қыста өсетін гүл,терезеге тұрған қырау,ғажап базарлық

В) қыздың ата- анасы, тікенді жапырақтар,әдемі гүл

С) қыздың қорлығы,қыстың аязды күндері,біраз уақыт

Д) тентек қыз,қақаған аяз,әке еңбегі

Е)кішкентай ерке қыз,қиырдағы елге сапар,тікенді кактус

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

...қылығына шыдай алмай,гүлдер жиналыс ашты.

А) Әкенің

В) Ата- анасының

С) Елдің

Д) Қыздың

Е) Үй- ішінің

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Қыста өсетін гүлді тапқан кім?

В) Қыз гүлдерді қалай күтті?

С) Қактус жазда өсетінін қыз қайдан білді?

Д) Гүлдер қыздың қорлығына неге қуанды?

Е) Қыз әкесінің еңбегін қалай ақтады?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Әкесі қыста өсетін гүлді таба алмады.

В)Гүлдер қызды жазалады.

С) Риза болған гүлдер қызды күтті.

Д)Ата- анасы қыздың өтінішін орындай алмады.

Е) Әкесі гүлді таба алмай елге оралды.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А) Қыстағы қатты аяз

В) Ата- ана өтініші

С)Мейірімсіз қыз

Д) Қыз бен кактустың достығы

Е) Алыстағы елдер

 

 

17. Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді:

-О, барлық жан- жануарларға тіршілік сыйлаған қайырымды күн, мені жануарлардың арасындағы ең сұлуларының бірі деседі жұрт.Солай екенін өзім де сеземін.Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемірек етуге болар еді- ау деп ойлаймын.

-Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың?-деп сұрайды күн күлімсіреп.

-Егер,- дейді жылқы, аяғым ұзын болса мен тіпті алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса,маған ол әсем көрік бітірер еді.Төсім жалпақтау келсе, қазіргіден алымдырақ болар еді.Оның үстіне адамзатты арқалап жүру үшін жотамнан мәңгі алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді...

-Жақсы, қалағаның болсын,- дейді күн жайраңдап, сәл күте тұр.

Күн жерге түйені түсіреді.Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы әрі қорыққанынан,әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді.

-Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ,аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын.Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? -деп сұрайды күн.

-Жоқ -жоқ... - дейді тілі күрмеліп.

-Ендеше жөніңе жүр,- дейді күн жылқыға,- саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға тиіс.

Содан бері жер бетінде түйе де өніп- өсе бастады.Жылқы болса, түйені көрген сайын әлі күнге дейін денесі дір ете түсіп, қалтырай бастайды екен. (200 сөз)

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) Қайырымды күн, арбиған жануар,қалтыраған жылқы

В) әркімнің қасиеті,әсем көрік, дене мүшелері

С) жер бетіндегі түйе,ұзын мойын,алынбайтын ер

Д)жан салмайтын жүйрік,күнге күйген дене,ең сұлуларының бірі

Е)алпамсадай дене,тіршілік сыйлаған күн,қорыққан жылқы

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Сұрықсыз жануарды көргенде жылқы... қалшылдап қоя берді.

А) қуанғаннан

В) қорыққаннан

С) ұғынғаннан

Д) ұялғаннан

Е) еріккеннен

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Жылқы айдан не сұрады?

В) Түйені көргенде жылқы қаншалықты қуанды?

С) Әркім кімнің қасиетін бағалауы керек?

Д) Түйе неге жер бетінде өмір сүрмейді?

Е) Күн жылқының тілегін неге орындамады?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А) Күн жылқыны аспанға шығарды.

В)Жылқы түйені қарсы алды.

С) Түйенің сұлулығына жылқы таң қалды.

Д)Жылқының бойындағы қасиеті өзіне жетеді.

Е) Күн жылқының сөзіне құлақ аспады.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Арық атқа қамшы ауыр.

В) Түйе жантақ жемесе, тілі қышиды.

С)Соңғы түйенің жүгі ауыр.

Д) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Е)Біреудікі біреуге қыздай көрінеді.

 

 

18. Ақ бидай

Ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен.Бірде қуаңшылық болады.Күннің аптабынан, ылғалдың тапшылығынан өсімдік біткен қатты тарығады.Тіршілік үшін жанталасқан басқа өсімдіктер Ақ бидайды қаумалап, алқымға алып, қорлай бастайды.

Тамыры мықтылар Ақ бидай өсіп тұрған жердің ылғалын тартып алады. Ақ бидай жан - жағындағы ағаштарға жағдайын айтып, көмек сұрайды:

-Ағаштар,маған қол ұшын бере көріңдер, мен құрғап қалатын болдым!

Бірақ оның сөзіне құлақ асқан ешкім болмады,қайта оны мазақ етіп,сөзіне күлетін болды.Ақ бидайдың жағдайы күннен- күнге нашарлай береді.

Ақырында ол өлер халге жетеді.Үстінен ұшып жатқан құстарға жалбарынады:

-Құстар,маған көмектесіңдер,мені шөл қысып барады!

Оның өтінішіне, мұң - зарына ешкім құлақ аспайды.Кейбір құстар әлі толысып жетпеген балауыз дәнін шоқып кетеді.Өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, аң аулап жүрген адам тап болады.

Бидай адамға мұңын шағады:

-О, қайырымды адамзат!Маған жәрдемдесе гөр,мен өлетін болдым!

Адам найзасын бұтаға сүйеп, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі.Бидайдың айналасындағы арам шөптің бәрін отап,тып- типыл етеді.Бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзаның ұшымен қопарып тастайды.Ағып жатқан бұлаққа барып, қос уысын толтырып,су алып келеді.

Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға рақаттана қанып,өзін құртқалы анталаған жауынан құтылған соң,бой түзеп,құлпырып өсе береді. (196сөз)

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) жауынан құтылды,қорлай бастады, ешкім құлақ аспады

В) ылғалын тартып алады,су алып келеді,құлпырып өсе береді

С) құстарға жалбарынады,қопарып тастайды, қатты тарығады

Д) мұңын шағады,қуаңшылық болады,шоқып кетеді

Е)суға рақаттана қанады,шөл қысып барады,көмек сұрайды

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Жағдайы нашарлаған... адам көмек көрсетеді.

А) бидайға

В) ағашқа

С) құсқа

Д) бұлаққа

Е) шөпке

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Ағаштар бидайға қандай көмек көрсетті?

В) Құстар Ақ бидайдың мұң -зарын қалай тыңдады?

С) Арам шөптің тамырын адам немен қопарып тастады?

Д) Ақ бидай суға неге қанбады?

Е) Адам неге Ақ бидайға көмек көрсетпеді?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Күннің аптабынан өсімдіктер қаулап өсті.

В) Ақ бидай жан -жағындағы ағаштарға көмектесті.

С) Адам Ақ бидайдың сөзін тыңдамады.

Д)Арам шөптер Ақ бидайға ылғал берді.

Е)Ақ бидай өз жауларынан құтылды.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Құлпырған өсімдіктер

В) Аспанда ұшқан құстар

С) Қатыгез адам

Д) Тіршілік үшін көмек

Е) Мейірімі мол ағаштар

 

19. Ақ бұлттар

Жақында атам екеуіміз саябаққа барып демалдық. Атам газет оқып отырды.Мен көшіп жатқан ақ бұлттарға қарадым.Әне біреуі қоянға өте ұқсайды.Селтиген екі

құлағы, аяқтары да бар. Тек аяқтары қозғалмайды. Иә,иә ақ қоян екен. Артында қоңырқай тартқаны қасқырдан аумайды. Шамасы, ақ қоянды қуып бара жатқан ғой. Қандай зұлым өзі!

Ал мына бір топ бұлттар жайылып жүрген малға ұқсайды.Тіпті атқа мінген кісіге ұқсайтыны да бар.Ол кісі қасқырды байқап қалып,ақ қоянды одан айырып алса жақсы болар еді. Мен көргенімді атама айттым.

–Ата! Мына бұлттар жаумайды.Сонда өздері қайда қөшіп барады?

- Иә, бұл ақ бұлттар жаумайды. Осылай көшіп, бір жерде жауатын қара бұлттарға қосылып, содан соң жерге жауын болып түседі.

–Ал қазір жел жоқ қой. Ақ бұлттар ненің күшімен көшіп барады?

-Жерде жел болмағанмен жоғарыда жел болуы мүмкін. Ақ бұлттарды жел айдап барады. –Ал мына жоғарыда ұшып жүрген қарғалар ақ бұлттарға жете ала ма?

-Жоқ, ақ бұлттар өте жоғарыда, оған ұшқан құстар жете алмайды. Тек үлкен, жоғары ұшатын ұшақтар ғана жете алады.

Осылай мен бұлттар жөнінен атамнан көп түсінік алдым. 171сөз («Балдырған» журналынан)

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) ақ қоян,ұшып жүрген қарғалар,жауатын қара бұлттар

В) қоянды қуған қасқыр,ұшып жүрген қарғалар, атқа мінген кісі

С) жоғары ұшатын ұшақтар,жайылып жүрген мал,ақ бұлттар

Д) селтиген екі құлақ,жоғарыдағы жел,көшіп жатқан ақ бұлттар

Е)саябақтағы демалыс,жел айдаған ақ бұлттар,бұлттар жөніндегі түсінік

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Ақ бұлттар әртүрлі аңдар мен жануарларға....

А) көшеді

В) қуады

С) жетеді

Д) ұқсайды

Е) жаумайды

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Қоян қасқырды неге қуды?

В) Атасы ақ бұлттарды қалай бақылады?

С) Ақ бұлттар туралы түсінік берген кім?

Д) Ақ бұлттар неге бір орнында тұрды?

Е) Қарғалар ақ бұлттарға тез жетті ме?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Атасы мен немересі үйде отырды.

В) Ақ бұлттарға ұшақтар ғана жете алады.

С) Ақ бұлттар ешнәрсеге ұқсамайды.

Д)Атқа мінген кісіге ұқсайтын бұлт жоқ.

Е)Атасы бұлттар туралы айтпады.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Бала қиялы

В)Нөсерлеген жаңбыр

С) Аспандағы ұшақтар

Д) Қасқыр мен қоянның ойыны

Е) Газеттегі жаңалықтар

 

20. Тіршілік нәрі

Адам бүкіл майынан, денедегі белоктарының едәуір бөлігінен айырылса да, қалай дегенмен тірі қалуы мүмкін.Бірақ организмдегі судың қоры үнемі толықтырылып отыруы керек:сусыз бірнеше күн ғана жан сақтауға болады.

Су әр алуан заттарды ерітеді,содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін керек.Су болып тұрғанда организмде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады.Оны дененің әрбір клеткасынан табуға болады.

Өз міндетін атқарғаннан кейін су организмдегі артық, зиянды заттардың бәрін өзімен қоса ала кетеді.Судың дені бүйрек арқылы бөлінеді,адамның демімен су буы түрінде денеден тәулігіне тағы да екі стақан не одан да көп су бөлінеді.Ыстықта су дененің салқындауына көмектеседі.

Судың жетіспеушілігі ғана емес,басы артық болуы да зиянды.Суды көп ішкен зиян.Өйткені дене өзіне қажетті мөлшерде ғана су ұстайды, артығы бөлініп шығарылады.Суды көп ішкенде, тер көп шығады да, кеуіп үлгермей,дене дұрыс салқындамайды.Бұған қоса суды көп ішкенде жүрек пен бүйрекке салмақ түседі.Артық су организмнен ондағы еріген ас тұзын, минерал заттар мен кейбір витаминдерді өзімен ала кетеді.

Ыстықта адам организмдегі судың жетіспеуінен емес, ауыздың құрғауынан шөлдейді.Мұндайда шөл басу үшін ауызды шайып,бірер жұтыммен шектелу керек.

Ішетін судың мөлшерін реттей білу керек. 182 cөз

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) тірі қалуы мүмкін,әрбір клеткасынан табуға болады,мөлшерін реттейді

В) ауыздың құрғауынан шөлдейді, бөлініп шығарылады,сіңіру үшін керек

С) өзімен ала кетеді,бірер жұтыммен шектелу керек,жан сақтауға болады

Д) салқындауына көмектеседі,су бөлінеді,бүйрекке салмақ түседі

Е)артық болуы зиянды,витаминдерді ала кетеді,реакциялар жүреді

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Организмдегі су... жеткілікті түрде қамтамасыз ету керек.

А) клеткасын

В) реакциясын

С) витаминдерін

Д) буын

Е) қорын

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Су неге тағамды сіңірмейді?

В) Су өз міндетін қалай атқарады?

С) Ыстықта су дененің салқындауына неге әсер етпейді?

Д) Артық су организмдегі витаминдерді қалай сақтайды?

Е) Судың жетіспеушілігі мен артық болуы неге пайдалы?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Сусыз ұзақ өмір сүруге болады.

В) Су организмге әсер етпейді.

С) Суды көп ішкенде, аз тер шығады.

Д)Артық су кейбір органдарға салмақ түсіреді

Е)Организмдегі судан химиялық реакциялар болмайды.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Адам клеткаларының өсуі

В)Жүрек пен бүйрек аурулары

С) Судың маңызы

Д) Ыстықта дененің салқындауы

Е) Денедегі белоктардың көбеюі

 

 

21. «Ядролық қарусыз 20 жыл»

Бүгін Жұмыр жер бетінде ядролық қаруды қолдануға үзілді - кесілді қарсы шыққан «Невада Семей» қозғалысының кезекті VII ғылыми конференциясы өз жұмысын бастады. Жиын «Ядролық қарусыз 20жыл» тақырыбымен өтуде.Естеріңде болса, балалар,бұл халықаралық қозғалыс 1989 жылдың 28 ақпанында құрылған. Қозғалыстың басшысы болып арқалы ақын, қоғам қайраткері ОлжасСүлейменов тағайындалған. Қозғалыстың тұңғыш Үндеуінде:- «Бауырлар! 1989 жылдың 12-17 ақпан аралығында Семей өңірінде кезекті ядролық қаруды сынау барысында радиоактивті тозаң аспанға бұлт болып атылды.Сынақ ошағы еліміздің қақ ортасында болғандықтан,Семей облысы тұрғындары ғана емес,бүтін республика болып зардап шегудеміз... Адамның орташа ғұмыры соңғы он жылда төрт жасқа қысқарды. Ауру асқынып,өлім көбейді.Ұрпақ екі есе азайды.Басты себебі - радиация...Біз әлемдегі бейбітшілік үшін күресуге үйренгенбіз.Әркез өз жеріндегі бейбіт өмір үшін де күресуіміз керектігін енді түсіндік. Түсіндік те, «Невада Семей» атты қозғалыс құрдық...»- деп жазылған.

Кеңестік дәуірде Семейдегі атом қаруларын сынайтын полигон барынша құпия ұсталды.Тек көп кейін жаппай қырып- жоятын қарулар жасауды

қысқарту, шектеу, жою бағытындағы мемлекетаралық келіссөздер, қоғамдық қозғалыстар,шерулердің ықпалы жария болуға мәжбүр етті.1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың полигонды жабу туралы Жарлығынан кейін,оның құпиялылығы өз маңызын жойды. 179сөз

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А)қоғамдық қозғалыстар,тұңғыш үндеу,мемлекетаралық келіссөздер

В) радиоактивті тозаң,ядролық қару,бейбіт өмір

С) шерулердің ықпалы,қозғалыстың басшысы,әлемдегі бейбітшілік

Д) оның құпиялылығы,атом қарулары,қырып -жоятын қарулар

Е)ғылыми конференция, сынақ ошағы, полигонды жабу жарлығы

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Сынақ ошағын... үшін күресуіміз керек.

А) ашу

В) қолдау

С) көбейту

Д) жабу

Е) күшейту

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)О.Сүлейменов неге қозғалыс басшысы болмады?

В) Кезекті ядролық қару неліктен 1989 жылы сыналмады?

С) Ненің себебінен адамдардың өмірі қысқарды?

Д) Қозғалыстың ақырғы үндеуінде не туралы айтылған?

Е) Семейдегі сынақтардан басқа жерлер неге зардап шекпейді?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Атом қаруларын сынай беруге болады.

В) Қозғалыс мүшелері ғылыми конференция өткізді.

С) Радиацияның еш зияны жоқ.

Д)Ресей Президенті полигонды жабу туралы жарлық шығарды.

Е)Кеңестік дәуірде Семей полигоны жариялылықпен жұмыс істеді.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Ядролық қарудан бас тарту

В)Сынақ алаңын дамыту

С)О.Сүлейменовтың шығармашылығы

Д) Жаппай қырып- жоятын қару шығару

Е) Ядролық қаруды қолдануды насихаттау

 

Date: 2015-09-18; view: 2576; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.01 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию