Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Астана рекорды





Елорда тұрғындары қоршаған ортаны көгалдандыруда, гүлзарға айналдыруда бүкіл қазақстандықтарға үлгі көрсетуде.Жүйелі ұйымдастырылатын экологиялық акция ретіндегі сенбілік, жексенбіліктерге қала әкімшілігі үнемі мұрындық болып отыр. Жалпықалалық бір сенбілікте 6131 тал отырғызылған. Сенбіліктерге орта есеппен 120 мыңға жуық тұрғылықты халық ат салысады. Бір жолы ғана олар 46710 түп көшетті суарып,4914 мың шаршы метр саябақ аумағын қоқыстан тазалады. Мыңдаған метр аула шарбақтары мен жекеменшік үй дуалдарын сырлады.

Астана орналасқан өңірдің климаттық жағдайы,топырағының құрамы жасыл желектің жаппай жайқала көтеріліп, өсіп кетуіне сонша ыңғайлы емес. Сары топырақты, батпақты жерді жаңа технологиялық әдістемелерді пайдалана отырып қайта өңдеуді, үздіксіз сұрыптау мен ұқыпты баптауды қажет ететінін ескерсек, көгалдандыру шарасының астаналықтар үшін сонша оңайға түспейтінін байқау қиын емес.Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов: - Біз Елбасының тапсырмасына орай Астананы гүлзарға айналдыруды оң жолға қойдық.Өткен жылы 20 мың түп ағаш ексек, биыл 40 мың тал- дарақ отырғызылды. Осыдан үш жыл бұрын жаз айларында түрлі 2 миллионнан астам гүл егілсе, биыл 9 миллион гүл егілді,- деді.

Одан әрі:

Егер әр адам өз өмірінде кемі 1-2 немесе 10 түп ағаш ексе, қоршаған орта - табиғатпен бірге екенін сезіне алады.Төңірегінің тазалығын, әсемдігін, жайлылығын жан - жүрегімен ұға алады. Оған өзінің қосқан үлесі барын да біле алады,- деді. 194 сөз

 

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) төңірегінің тазалығы,саябақ аумағы,қоршаған орта

В) экологиялық акция, жаңа технологиялық әдістемелер,қосқан үлесі

С) жаз айлары, климаттық жағдайы,мың түп ағаш

Д) адам өмірі, миллионнан астам гүл,жалпықалалық сенбілік

Е)көгалдандыру шарасы,елорда тұрғындары, сары топырақты

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Ағаш еккен адам... бірге екенін сезіне алады.

А) сенбілікпен

В) ауламен

С) табиғатпен

Д) әкіммен

Е) гүлзарлармен

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Сенбіліктер неге жүйелі ұйымдастырылмады?

В) Елорда әкімінің тапсырмасын кім орындады?

С) Не себепті биыл гүлдер аз егілді?

Д) Көгалдандыру жұмысында қандай қиындықтар туындады?

Е)Ағаш еккен адам нені сезіне алмайды?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Қоршаған ортаны көркейтуде елордалықтар үлгі көрсетті.

В) Саябақ аумағы қоқыстан тазартылмай қалды.

С)Көгалдандыру жұмысы астаналықтар үшін оңай болды.

Д)Өз өмірінде адамдар ағаш екпесе де болады.

Е)Астананың климаттық жағдайы жасыл желек үшін өте ыңғайлы.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Саябақтар аумағын көбейту

В)Астананың ауа- райы

С)Адамдардың табиғатпен сырласуы

Д) Әкімшілік есебі

Е)Астананы көркейту шаралары

 

 

23.Қайтқанда

Үш күндік жолдың бүгінгі, сонғы күніне бала шәкірт барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік, - деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып тұрғызып еді.

Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратыйған, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау бестісін ағызып-ағызып та алады.

Арттағылар - Байтас пен жорға Жұмабай:

- Мына баланың ауылға асығуын-ай!

- Сорлы бала қыстай іш құста болып қалған-ау, - деседі. Бала шәкірт ұзап кеткенде, бұлар да еріксіз желе шоқырақтап, шауып отырып қуып жетеді. Жорға Жұмабайдың тақымында қара шоқпары бар. Байтастың да аяғының басына ілген ұзын қайың сойылы бар-ды. Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп:

- Енді бізден ұзап кетпе! Анау Есембайдың жырасын білесің ғой!.. Ұры жатады... - деді.

- Сені мен бізді манадан көріп отыр. "Қоқырақтап жалғыз шабатын неме екен, түсіріп, атын әпкел өзінің!" - дейді де, сені төбеден бір-ақ нұқып, мына бәйге бестіңді алады да кете барады, - деді Жұмабай да.

- Е, сендер ше? Сендер беріп жібересіңдер ме?

- Ойбай, бізде не қауқар бар? Біз екеу-ақ...

- Олар самсаған сары қол. Бұл Есембайда ұдайы жау жатады. Тек бізді өзіміздің елдің адамы, - деп аман қалдырмаса, жер жаман, - деп Жұмабай шошыта сөйлегісі келеді. (М. Әуезов, 180 сөз).

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) таң атар- атпаста, Тақырбұлақ тұсы,елдің адамы

В) қоныс- құдықтар,бәйге бесті,ағайыны

С) ұзын қайың сойыл, самсаған сары қол,сорлы бала

Д)өзге жүргіншілер,қара шоқпар, бала шәкірт

Е)сені мен бізді,Есенбайдың жырасы,жарау бесті

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

... ұзын қайың сойылы бар-ды.

А)Баланың

В) Байтастың

С) Жұмабайдың

Д) Ұрының

Е) Шәкірттің

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Байтас ауылдан баланы қайда алып қайтты?

В) Олар жолға неге кеш шықты?

С)Кім ұзап кеткенде, олар шауып отырып қуып жетеді?

Д) Есембайдың жырасында ұрылар неге болмайды?

Е)Бәйге бестіні кімге беретін болды?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Ұрылар оларды ұстап алды.

В) Сені мен бізді олар әлі көрген жоқ.

С)Байтас пен Жұмабай баладан озып кетті.

Д)Бала шәкірт ауылына асықты.

Е)Ұрыларға олардың шамасы жетеді.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Бәйге бестінің шабысы

В) Ұрылардың айласы

С) Жолдағы ағайындар

Д) Бейтаныс қоныстар

Е)Алып ұшқан сағыныш сезім

 

24.Ақтанберді жырау

... Жұрт басында есінен танғандай жым-жырт отырып қалды да, іле қызып тұрған қазанға бір кесек май тастап жібергендей, ду етіп, дүрілдесіп, орданың ішін айғай-шу көміп кетті.

- Ой, бәрекелді! Жаса, Ақтанберді!

- Болашақты пайғамбардай болжаған нағыз көріпкел, - деп сізді айтса болады!

- Сол, көксеген арманға жеттік қой, мінеки!

- Қане шуылдамай жыр естиік!

- Жырға кезек беріңдер! – десіп, көпшілік гуілдесіп бара жатыр еді, жырау тыныштыққа шақырғандай, оң қолын сәл жоғары көтерді. Жұрт тына қалған. Ақтанберді салалы келген балуан саусақтарымен қара домбыраны жүр-жүрлетіп алды да, жыр маржанын қайта тізілдіре жөнелді:

Өзенге бие байлатып,

Төскейге орда орнатып,

Төрткілдеп ошақ қаздырып,

Төбел бие сойғызып,

Төменде бидің кеңесін

Біз де бір құрар ма екенбіз!? – дегенде, жұрт шыдай алмай айғайға басып, есік жақта отырған жастардың көбі орындарынан дүр көтеріліп кетті. Көздері ұшқын атып, осы қазір қарсы алдынан жау шықса, таптап кететін түрі бар. Шағалақ, Дәулетбай сияқты естияр адамдар дүрліккен қауымды тәртіпке шақырып, қайта отырғызды.

- Ау, сабыр етсеңдерші, жігіттер-ау! Мыналар өлеңге сусап өлген бе, түге?! Тым құрыса, аяғына дейін тыңдасаңдаршы! – деп, Шағалақ жасы үлкендігін көрсетіп, жастарға ұрсып жүр. (Қ. Жұмаділов, 170 сөз).

1.Мәтінге басты тірек сөздерді табыңыз

А) жасы үлкендігі,нағыз көріпкел,бір кесек май

В) көксеген арман,естияр адамдар,жастардың көбі

С) бидің кеңесі,жұрт,көздері

Д) өлең,гуілдескен көпшілік,жырау

Е)орданың іші,жыр мажаны,дүрліккен қауым

 

2. Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз.

Дүрліккен қауымды... шақырып, қайта отырғызды.

А)жиынға

В) айтысқа

С) тойға

Д) тәртіпке

Е) үйге

 

3.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

А)Жұрт әнді неге тыңдамады?

В) Ақтанберді қолын неге көтермеді?

С)Ән маржанын тізілдіре жөнелген кім?

Д) Жастардың көбі далада өздерін қалай ұстады?

Е)Естияр адамдар жастарды неге шулатты?

 

4.Мәтінге сәйкес нұсқаны анықтаңыз.

А)Адамдар әнді бастап кетті.

В) Жастар ән тыңдауды сағынып қалыпты.

С)Дәулетбай қара домбыраны қағып - қағып жіберді.

Д)Ақтанберді жастарға ұрсып тастады.

Е)Ол қолын көтергенде жұрт шулап кетті.

 

5.Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

А)Әнге сусаған қауым

В) Жауға шабатын жастар

С)Тыңдалмай қалған ән

Д) Естияр адамдар ақылы

Е)Ақындар айтысы

 

Date: 2015-09-18; view: 3234; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию