Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Патент 1 айдан кем емес мерзімге және 12 айдан артық емес мерзімге беріледі





  1. Жергілікті бюджеттің мәні, кірістері мен шығыстары.

2. Банк активтерінің жіктелуі.

3. ҚР бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың және басқадай міндетті төлемдердің рөлі.

 

1 Жергілікті бюджеттер (облыстык, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттері бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуте және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған қаржылық ресурстар болып табылады.

Жергілікті бюджеттер түсімдеріне:

· салықтық түсімдер;

· салықтық емес түсімдер;

· төлемдер мен алымдар;

· басқа да түсімдер құрайды.

 

Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеттің шығыстары сияқты неғізінен мына бағыттар бойынша жүзе асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және қүрылыс; көлік және байланыс: экономикалық қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетін трансферттер, жергілікті атқарушы орғандардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және кұрылыс қызметі, экономикалык қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асыру көзделінбейді.

2. Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

1. касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;

2. берілген несиелер;

3. бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;

4. банктің ғимараты мен жабдықтары.

Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. жоғары өтімді активтер;

2. өтімді активтер;

3. ұзақ мерзімді өтімді активтер.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру” туралы ережесіне сәйкес, ҚР қаржылық қадағалау агенттігіне банктер ай сайын айлық баланспен бірге активтер мен шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларға қарсы провизиялар құру туралы мәліметтер береді.

Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады. Аталған ережеге сәйкес, активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді. Жіктелінген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады. Жіктелінген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күмәнді) және үмітсіз болып бөлінеді.

Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады.

 

3. Мемлекеттің орталыктандырылған ақшалай каражаттарының қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардын екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті жэне олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған қаржылық ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, карыздарды өтеу болып табылады.

Бюджеттің кірістері салықтык, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферт түсімдері болып табылады. Нысаналы трансферттерді коспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, колданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықгық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

Салықтық түсімдер - Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер. Салықтық түсім-дер мемлекеттік бюджетте басым болады: олар кірістердің барлық түсімдерінің 68%-ын қүрайды.

Салықтьіқ емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байланыстырылған гранттар, сондай-ақ трансферттерден баска, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.

Салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери –қорғаныс, т.б шараларды іске асыруын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқ.ылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.

 

Date: 2015-08-24; view: 676; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию