Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Тақырып. Жалпы тіл кемістігі





Жоспар:

1.Жалпы тіл кемістігінің түрлері

2.Балаланың сөйлеу тілін тексеру

3. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға арналған мекемелер жүйесі

Жалпы тіл кемісітігі – есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әр түрлі тіл кемістіктері. Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының Р.Е.Левина бастаған ғылыми қызметкерлер (Н.А.Никашкина, Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.И.Жаренкова және т.б.) 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дыбыстарды бұзып айтуын, фонематикалық есту қабілетінің дамуы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрлысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамыған балалардың барлығына тән кемшілік. Жалпы сөйлеу тілінің дамуы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологияларының түрінде байқалуы мүмкін.

Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптапауы жатады. Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырап мүлдем түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербендету арқылы бет-аузын қисандатып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері ақыл-ойы кем балаларда да болуы мүмкін. Бірақта сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балаларды ақылана қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған (олигофрен) ақыл-ойы кем балалардан оңай ажыратуға болады. Бұл біріншіден, сөйлегенде пайдаланатын сөздік қорына қарағанда енжар сөздік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балалардың олтгофрен балалардан өзгешелігі, ойларын тыңдаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және мінерлі ым пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзбен қарап, оны қалайда түзетуге бар ықыласымен жолын ақылдың дұрыстығына тән қасиет бар. Сонымен сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой-өрісі сөйлеу тілінің дамуы жағынан бір-біріне ұқсамайды. Сөздік қоры шамадан тысч шектелген бұндай балалара заттардың және қимыл іс-әрекеттердің сыртөы түрлеріне немесе олардан шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап өздерінің былдыраған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мысалы: «дөдө» - машина, солай, кетіпті және т.б. Сонымен бірге қимыл-іс әрекеттерді білдіретін сөздерді заттың атымен орын алмастыра беретін жағдайларда байқалады. Мысалы: «адас» - қарындаш, жазу, сурет салу; «тәй» - шай, ішу, тамақ ішу. Н.С. Жукованың ескергенінде, бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып тұлғасыз айтылатын жағдайда, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған балала дав байқалуы мүмкін.

Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейдегі балалар төмендегідей сипатталады:

1) Балалардың белсенді сөздігі зат есмі, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.

2) Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана батағаны байқалады.

3) Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.

4) Сөзді түсінуі жетіледі, белсендә және енжар сөздіктері толығады.

5) Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбысты талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.

Баланың сөйлеу тілін тексеру. Мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу тілінің дамуын текеру кезіңде сөз байланысын дағдыландыруын; енжар және белсенді сөздік қорының көлемін; сөйлеу тіліндегі грамматикалық құрлыстың қалыптасу дәрежесін; сөйлегу дағдылануын; фонетикалық есту және түйсіу қабілетін қарастырады. Тексеруді ойын ойнату барысында жүргізген тиімді. Сөйлеу тілі жүйесінің бір бөлігіндегі ауытқудың қалыптасуын анықтап қана қоймай, осы бұзылудың ерекшелігін дұрыс сөйлеу тілінің жүйесі мен салыстыра отырып талдап шығу қажет. Баланы тексеруді бастардың алдында оның физикалық есту қабілеті мен ой-өрісінің (маманның қорытындысы) жағдайы туралы мәлімет қолда болуы керек, сөйлеу тілінің дамуының бұған дейінгі деректермен танысып шығу қажет (тілі қашан шықты, сөйлемді қашан сөйлей бастады). Ата-анасымен алдын-ала жүргізген әңгімеде логопед: баланың қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқанын, бақшаға баратын, бармайтынын, айналасындағы онымен сөйлесіп жүргендердің сөйлеу тілі дамуының сәттілігін, ата-анасы баланы тәрбиелеумен қалай айналысатынын, баланың сөйлеу тілі барысында оларды мазасыздандырып жүрген күдіктерін (сөзді нашар түсіну, синтаксикалық құрылыс пен грамматикалық тұлғаны қолдануды білмеу, сөйлегенде дыбыстарды қателесу) анықтайды. Бұрын логопедке қаралған, қаралмағанын, егер қаралса логопедияның көмегімен қандай болғанын білу қажет. Баланың сөйлеу тілі туралы логопед бірінші әсерін оның өзімен әңгімелескеннен кейін алады. Әңгімеге қатысты қойылған сұрақтарды баланың жас мөлшеріне және дербес ерекшелігіне қарап іріктеп алады. Қойылған сұрақтар ең алдымен айналасындағы тіршіліктің шындығын бағдарлауға дағдыланғанын білуге бағытталуы тиіс (баланы өзі туралы, оның үйелмелісі туралы, бала-бақша, жолдастары, ойыншықтары туралы). Балаға қойылған сұрақтар тек қана қысқа жауаптар емес, кеңейтіпте берілуін ескертеді. Мысалы: «Атың кім? Әкеңнің аты кім? Жасың қаншада? Қайда тұрасың? Бала-бақшаға қалай барасын? Үйлеріңде қанша адам бар? Анаң мен әкең немен айналасады? Сенің қарындасың, апайың, ағаң, інің қанша? Олардың жастары қаншада? Бүгін ауа райы қндай? Сен бүгін үйде (бақшада)қандай тамақ іштің? Қыста, жазда қандай киім киесің? Қандай оынды кіммен ойнағанды жақсы көресің? Орманда қандай жануарлар жүреді? Қоян түбіті қыста неге түлейді? және т.б». Әңгіменің барысында анықталған тілмен жатық сөйлей ме, жоқ әлде жеке сөздерді бөлшектеп айта ма, бала қалай тез әңгімеге тартылып кісімен еркін сөйлеседі. Грамматикалық тұлғаны қолданудың дұрыстығын, сөздігінің көлемін, дыбыстық айтылу жағдайын айқындау үшін әңгімені соған лайықтап құру керек. Ол үшін балаға таныс тақырыпты таңдау ұсынылады («жабайы жіне үй жануарлары», «киім», «төсек», «киім», «ыдыс»), сонымен, жануарлар бейнеленген суретті қарап отырғанда баланыың енжар және белсенді сөздігін, грамматикалық дағдысын айқындалуға бағытталған сұрақтар қойылады. Мысалы: « Қандай үй жануарларын және жабайы жануарларды білесің, аттарын ата?» Көркейді, тиынды, көжекті көрсетші. Аюдың денесі немен жабылғанын айтшы. Түлкі мен тиын қайда жүреді? Иттің, шошқаның, сиырдың жылқының балаларын не деп атайды? Олар неме таматанады? Олар қалай жіне немен қорғанады? Тұлкі туралы не айтуға болады? Ол қандай?

Лексикалық қорын тексеру кезінде зат есімнің, сын есімнің, етістіктің сандық қорын айқындау ғана емес, сонымен бірге оларды сөйлеу тілінде өз бетінше қолдануын тексеру мағызды.Ол үшін балаға мағынасы бойынша жетпей тұрған сөзді қосып, сөйлемді анықтауды ұсынады. Мысалы: «Түлкінің құйрығы ұзын, ал қоянның .... қысқа».

Баланың сөйлеу тілінің грамматикалық дұрыстығын тексеру кезінде қажетті грамматикалық тұлғаны пайдаланып сурет бойынша, сұрақ бойынша сөйлем құрастыру, көрсетілген сурет бойынша қимыл-іс әрекеттерді бейнелеп жазу, берілген сөзді керекті септікке қалтырып, сөйлемді толықтырып айту сияқты тапсырмалар беріледі. Мысалы: Самғат қайда барады? Самғат кіммен барады? Қайдан келеді? т.б.

Сын есім мен сан есімді зат есіммен байланыстыра алатындығын, зат есіммен байланыстыра алатындығын, зат есімнен тәуелді сын есімді, мағынасы кішірейтіліп-ерекелетіп көрсетілетін зат есімді жасай алатындығы тексеріледі. Балалрмен ойындар өткізуге болады: «керсінше» ойын. Логопед: мен бір сөз айтамын, сен оған керсінше жауап бересің, Мысалы: биік-аласа, жарық-қараңғы т.б. «аз-көп» ойыны. Мысалы: ойыншық- ойыншықтар, бала-балалар, үй-үйлер т.б. Баланы баланы бақылау барысында дыбыстық айтылу жағдайы айқындалады. (Фонетикасын арнайы тәсілмен тексерілгені жөнінде осы оқулықтың «диология» деген тарауында егжей-тегжейлі жазылған).

Баланың фонематикалық есту қабілетін тексеру үшін мынандай тапсырмалар беріледі:

1. дыбыстарды дұрыс айтылған бірнеше буындар па-ба-пa-та-да-де сияқты түрлерін қайталау және жадында сақтау;

2. берілген дыбысы бар сөзді басқа сөздердің ішінен тауып алу;

3. берілген дыбысы бар суретті іріктеп алу;

4. белгілі бір дыбысқа өз бетінше сөйлем ойлап табу.

Байланысты сөзді тексеру үшін қозғалмайтын және қозғалмалы суреттерді пайдаланады. Жеке сурет және сериалды суреттер бойынша әңгіме құрастыру үшін баланың жас мөлшеріне қарай, осы жастағы және одан төменгі жастағы топтардың бағдарламасының талабын, сонымен қатар бөбектің сөйлеу тілі мен психикасының ерекшелігін ескеріп іріктеуді ұсынады. Суретті мұқият қарап шығуға алдын ала уақыт беріледі, оның мазмұны бойынша әңгіме өткізеді, жеке сөздердің мағынасын анықтайды. Одан кейін әңгімеге жоспар жасауды ұсынады, егер бала қиналатын болса (ол тапсырманы түсінбеуі мүмкін), логопед әңгіменің үлгісін береді. Бала оны қайталайды. Содан кейін басқа материалдан соған ұқсас тапсырма беріледі. Байланысты сөзді тексеру үшін «Біз ойнаймыз», «Үй және жабайы жануарлар» деген сияқты, сонымен қатар «мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің мүкістігін түзетуге арналған дидактикалық материал» деген суреттердің ішінен алуды ұсынады:

Баланың сөйлеу тілі құрлысының дұрысын да, дұрыс емесін де сөздік анықтамаға жазып алады.

Жалпы тіл кемістігінің түзету жұмысының басты бағыттары

Сөйлеу тіліні дамуы әр түрлі дәрежедегі балалармен түзету-тәрбие жұмысы сөйлеу тілі жалпы толық дамымаған балалрдың арнайы топтарында жүргізіледі. Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекеменің үлгі ережесіне сәйкес бұл топтардың есебіне алынатындар:

a) сөйлеу тілі дамуының І- деңгейңндегі балаларды үш жасынан бастап үш және төтр жылдық мерзімге оқыту;

b) сөйлеу тілі дамуының ІІ-деңгейңндегі балалардың төрт жасынан батап үш жылдық мерзімге оқыту;

сөйлеу тілі дамуының ІІІ-деңгейіндегі балаларды төрт бес жасынан бастап екі жылдық мерзімге оқытады

Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға арналған мекемелер жүйесі

Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалар арнайы бала бақшаларда және жалпы бала бақшалардағы арнайы топтарда түзетушілік педагогикалық, логопедиялық көмек алады. Бұл бала бақшалардың негізгі міндеттер -

- тілі кемістіктерін түзету;

- жалпы мектепте білім алуға дайындау;

- сөйлеу тілінде ауыр кемістігі бар балаларды арнайы мектепте білім алуға дайындау.

Арнайы топтар сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі бар, сөйлеу тілінін жалпы жетіспеушілігі бар, тұтықпасы бар балалар үшін ашылады. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалар тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны арнайы бағдарламаларда көрсетілген, олардың негізгі тараулары:

- ойын,

- еңбек,

- дене және ән күй тәрбиесі,

- қарапайым математикалық түсініктерді дамыту,

- қоршаған айналамен таңыстыру,

- сүрет салу және құрастыру,

- сөйлеу тілін дамыту.

Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға арналған бала бақшалардын тәжірибесі жүргізілетін әрекеттің жоғары нәтижсін көрсетеді, мысалы, тәрбиеленушілердің 80 пайызы жалпы мектепте білім алуын жалғастырады.

Келесі мекеме ол логопедтік пунктер - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабак жүргезетін білім беру ұйымы. Логопедтік пунктті білім беруді басқару органы ашады. Әрбір логопедтік пункте топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп беріледі. Бұл ұйымның қызметі "Логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережесінде" көрсетілген ( "Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламентгейтін нормативтік құқыктық актілерді бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 ж. 03.09. № 712 бұйрығына 2 қосымшасында).

Сөйлеу тілінде ауытқушылақтар бар тұлғалар үшін денсаулық сақтау жүйесінде, нақты емханаларда логопедтік кабинеттер қызмет етеді. Бұл кабинеттерде логопед жүйелі сабақтар өткізу арқылы тіл кемістіктерін түзету жұмысын атқарады, халыққа кеңес береді және сөйлеу тілінде кемістердің алдын алу шаралары туралы білімді насихаттайды.

Мұғалім – логопед болып дефектологиялық білімі ("логопедия" мамандығы, қайта даярлық курсынан өткен жағдайдағы "олигофренопедагог" пен "сурдопедагог"), "логопедия" мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен "орыс (қазақ) тілі мен әдебиеті мұғалімі", "бастауыш сыныптарының мұғалімі" мамандығы бойынша жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.

Мұғалім-логопед жалпы білім беретін мекемелер мұғалімдері үшін белгіленген тәртіппен тағайындалады және жұмыстан босатылады.

Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақтылы анықтауға, пунктті жинақтауға түзете оқытудың сапасына жауап береді.

Мұғалім-логопедтің жұмысына басшылықты және бақылауды логопедтік пункттің қарамағындағы білім беруді басқару органы, сондай - ақ, логопедтік пункт базасында ашылған мектепке дейінгі ұйымның, мектептін әкімшілігі жүзеге асырады.

Бұл топтағы балалар кейбір ереше жағдайларда емханаларда дәрігерлік көмекті қажет етеді (операция, оңалту мен сауықтыру). Ал негізгі мекеме - ол сөйлеу тілінде ауытқушылақтар бар балаларға арналған мектептер жүйесі.








Date: 2015-09-02; view: 1574; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.008 sec.) - Пожаловаться на публикацию