Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Дәріс №3. Арнайы білім берудің оқыту процесі





Жоспары:

1. Оқыту процесі туралы түсінік.

2. тАрнайы оқыту процесінің ерекшіліктері

3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау

4. Түсініктер: оқыту, білім беру, оқу, дидактика, таным.

1.Оқыту процесі туралы түсінік

Арнайы білім беру және оқыту теориясы арнайы педагогиканың жеке бөлігі болып табылады. Арнайы білім берудің дидактикасы -мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мен оқыту, оның заңдылықтары, принциптері, әдістері мен оқу процесін ұйымдастыру формаларын зерттеумен айналысады. Арнайы педагогиканың дидактикасы, оқыту теориясы ретінде оқытудың динамикасын көрсете, барлық өзгерістерін ашып, білім берудің мазмұның қамтиды.

Дидактика нысаны – тұлғаның білім алуда, жаң-жакты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс әрекеттер жүйесі. Ал дидактика пәні оқыту мен оқу процестерін зерттейді. Сонымен бірге, дидактика оқыту процесінің түсінігі мен мәні, оқыту принциптері, арнайы мектептегі білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формалары, оқушылар білімін тексеру және бағалау мәселелерін қамтиды.

Оқыту процесінде арнайы мектеп оқушылары арнайы білім беру мазмұның меңгереді. Түзетушілік жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушы бойында еңбекке баулу, ең бастысы қоғамдық өндіріске қатысуға мүмкіндік беретін икеммен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады, қоғамға бейімделуге жағдайлар қамтамасыз етіледі.

2. Арнайы оқыту процесінің ерекшіліктері

Дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесі көптеген ғалымдар зерттеген (А.Г. Басова, Т.А. Власова, В.В. Воронкова, А.П. Гозова, И.С. Грошенков, А.И. Дьячков, И.Г. Еременко, А.П. Ермаков, С.А. Зыков, Т.С. Зыкова, В.Г. Петрова, Т.В. Розанова, И.М. Соловьев, Ж.И. Шиф и др.).

Қазіргі арнайы педагогика оқытуды адамның танымдык іс-әрекетінің түрі ретінде сипаттайды. Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық - тарихи тәжірбиесімен танысады, зерттейді, қоршаған әлем құбылыстарымен танысады. Оқу іс-әрекетіне байланысты оның бойында білік пен дағдылар қалыптасады. Оның миі шындықтың зерттейтін обьектілерін бейнелейді. Сондықтан оқыту процесі оқушының қоршаған әлемді тану процесі болып табылады. Бірақ адам қоршаған әлемді «іс-әрекеттің басқа түрлерінде да, мысалы, еңбек, ойын, көркем бейнелеу, ән-күй - эстетикалық, тағыда басқа іс-әрекет арқылы таниды.

3. Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау

Білімді меңгеру дегеніміз - оқушылардың білімді қабылдай ғана қоймай, оны түсініп, бекітіп, тәжірибеде пайдаланатын деңгейге жеткізген таным әрекетінің нәтижесі.

Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау мемлекеттік маңызы бар және білім беру органдары мен мектеп әкімшілігінің мұғалім жұмысын бақылауының құралы болып табылады. Оқытудың барлық кезеңдерінде бақылау жұмыстары, байқау, оқушылар жұмысын талдау, бақылаудың басқа да формалары тексеру мақсатында пайдаланылады.

Білімді тексерудің білім берушілік мәні мұғалім үшін де, оқушы үшін де оқушының қандай білім мен білікті менгергенінің белгілі болуында. Білімді бағалау сол білімнің игерілуі сапасын анықтайды.

Тексеру мен бағалау оқушылар бойында оқудың орынды себептерін туғызады, қызығуын, білімге құштарын және бейімдігін, оқу жұмысындағы ұжымдық пен достық сезімдерін тәрбиелейді. Оқушылар жолдастары жақсы, өте жақсы баға алғанда қуанады, үлгірмеушілерге көмектесуге тырысады. Мұғалім білімді тексергенде баға сынып ұжымында қандай әсер қалдырғанын, оқушылар жолдастарының табысы мен сәтсіздігіне қалай қарайтынын үздіксіз бақылап отыруы қажет.

Арнайы мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау таным процестерін дамытады, түзету-дамыту амал-тәсілдерімен таныстырады.

Оқу материалын оқушылардың игеруін тексерудің түрлі тәсілдері мен формалары танымдық құштарлықты дамытуға көмектеседі, оқу материалын сапалы игеруге жетелейді. Оқушылар мұғалімге қалай жауап беру, тапсырманы қалай дұрыс орындауға ойланады, сол арқылы сөйлеу тілін, ойлауын дамытады.

Оқыту процесінде білімді тексерудің мәні мұғалімнің бұл жұмыс формасын ұйымдастыруына қойылатын талаптарды анықтайды.

1. Мұғалім оқу материалын игерілуінің сапасын тексеріп, оқушылардың білім деңгейін бағалайды. Бұл жұмыс арнайы білім беру бағдарламаларында бекітілген талаптарға сәйкес жүреді.

2. Білімді тексеру мен бағалау жүйелі және үздік:сіз болуы керек. Кейбір пәндерден оқушының білімін бағалау оның өмірінің бір көрінісі ғана болып қалмағаны жөн. Оқушы кез - келген сабақта жауап беруге дайын болуы керек. Бұл оқушының танымдық іс - әрекетінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

3. Білімді тексеру мен бағалау оқушылардың таным процестерін дамытуға, оқудың қиындықтарын жеңе білуге байланысты мінез-құлық пен еріктік сапаларын тәрбиелейді.

Арнайы білім беру мазмұны

Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойлады:

- оқытудың түзету-дамыту бағыты;

- оқытудың нәтижелігі, яғни мазмұны білім жүйесі қалыптастыруы тиіс,оқытудың қол жетерлігі,

- оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктерін ескеру;

- оқытудың ғылымилығы;

- оқу материалының білім беретің оқу бағдарламаларында шоғырланып орналасуы;

- білім мазмұны өмір, тәжірибемен тығыз байланыста болуы,

- оқытудың тиімділігін арттыру үшін пәнаралық байланысты қамтамасыз ету;

- білім беру оқу бағдарламаларын қазіргі талаптарға сәйкес әзірлеу, көптүрлі нұсқаларың ұсыну ( мысалы: зиятында ауытқушылықтары бар балалар үшін шамалы ауытқуы бар балаларға бөлек, жеңіл ауытқуы бар балаларға бөлек).

-








Date: 2015-09-02; view: 784; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.012 sec.) - Пожаловаться на публикацию