Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Нептун - Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар

КІРІСПЕ

Таңдап алынған тақырыптың өзектілігі:

Бұл тақырыпты алған себебім,бұл тақырып мені өте қызықтырды және де Күн жүйесінің әрбір ғаламшарының өз орны ерекше.Мен Нептунның Жерге деген қандай маңызды рөл атқаратынын,қашан және қалай пайда болғанын,құрылысы қандай екенін,барлық ақпаратты біліп,таныстырғым келді.

 

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Планета туралы мәлімет жинап,ақпарат беріп,белгілі бір тұжырымдама жасап,таныстыру.

Қысқа түрде міндеттердің орындалу әдістері мен жолдары және жұмыстың құрылымы туралы мәлімет:

 

 

Нептун - Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар

Біздің галактика (Құс жолы) 150 млрд.-тан астам жұлдыздар мен 100 млн.-нан астам тұмандықтарды біріктіреді. Оның жасы 15-17 млрд. жылдар шамасында деп есептеледі. Әлемнің шексіз кеңістігінде Құс жолы секілді жұлдыздар тобы толып жатыр.Олар көптеген планеталық жүйелерді құрайды. Галактиканы құрайтын көп жүйелердің бірі – Күн Жүйесі. Бұл жүйе Куннен басқа 9 үлкен планета (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран, Нептун және Плутон), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесінен тұрады.

Бірақ 2006 жылы,26 тамыз күні, Халықаралық астрономия одағы конгрессінің 2,5 мың қатысушысы таң қаларлық шешім қабылдап, Плутонды күн жүйесіне кіретін планеталар тізімінен алып тастады.

Сонымен қазіргі таңда Күн жүйесі 8 планетадан тұрады: жер тобы планеталары деп аталатын 4 ішкі және газды алыптар деп аталатын 4 сыртқы планетадан құралған.

Жер тобына Жер, Меркурий, Венера және Марс кіреді.Олардың барлығы сайып келгенде силикаттар мен металдардан тұрады.

Күн жүйесіндегі планеталар көлемі жағынан жеке топ ішінде де, өзара топтар ішінде өзгешеленеді. Мысалы газды алыптар жер тобына қарағанда едәуір үлкен де, көлемді келеді:Сатурн,Юпитер,Уран,Нептун.

Нептун

Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі,Нептун құдайының үшұшты найзасы.

Нептун Күннен4,5 млрд. кмқашықтықта жатыр, бұл Жерден 30 есе алысдеген мағынаны білдіреді.Оның жарықтануы жер бетінен 900 есе,Юпитерден 30 есе кем.Яғни, Күн сәулесі ғаламшарға 4 сағаттыңішінде жетеді.Күн жүйесіндегі желдердің күштісі Нептунда соғады,оның жылдамдылығы дыбыстың жылдамдығына жетеді.Нептуннің өлшемі Ураннан аз ғана кіші және ол газды алып пленталар ішіндегі ең кішісі болып есептеледі.Диаметрі 49,5 мың км,яғни Жерден 3,88 есе улкен.Салмағы бойынша үшінші ғаламшар.Нептун массасы Жерден 17 есеауыр.Планетаның ауданы Жерден 57 есе улкен.Тығыздығы ρ = 1,76 г/см3. Эксцентриситет е = 0,011.

Нептунның орбитасы кей жерлерінде Плутонның орбитасымен қиылысады.Және де Нептунның орбитасын Галилея құйрықты жұлдызы қиып өтеді.Нептун өз орбитасын 164,79 жыл ішінде айналады.Бұл ғаламшардың ашылған кезінен әлі орбитасын айналып бітпегенін білдіреді.

Ғаламшар өз ось-ін жуықтап алғанда 15,8 сағатта айналып бітеді.Орташа айналым шеңбері 5,4 км/с тең.

 

 

1.2. Нептун планетасының ашылуы және зерттелуі

Нептун астрономиялық Уран орбитасының кестесі арқылы біліне бастады.Бұл кесте 1821 жылы шыққан еді,және сол кестеде Уран ғаламшарының орбитасы суреттелген болатын.1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір Вояджер-2 ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті.

Екі математик: ағылшын ғалымы - Джон Коуч Адамс және француз ғалымы Урбен Леверье Уранның орбисындағы тартылыс күш арқылы Нептунның қайда орнасатынын тапты.Бірақ Леверьенің орбита көрсеткіші Адамстан 11°-қа артық болды.

Леверье неміс ғалымына Иоганн Готтфрид Галлеге өзінің шығарған есептерін тексеріске береді.

Иоганн Галле өзінің оқушысы Генриха Луи д’Арре-мен бірге Нептунның қайда орналасқанын зерттейді.Сосын өздерінің есептерін Жұлдыздар картасымен теңестіреді.Бір планетаның өзінің орнын ауыстырғанын байкайды.Сол кезде бұл жұлдыз емес ,планета екеніне сенім артады.

Леверьенің есептегені дұрыс екенін,3 тун бақылағаннан кейін айтады.

Иоганнда жұлдыздар қарауға мүмкіндік болды,ол Берлин қаласында 1846 жылы 24 Қыркүйекте Нептун планетасын көрді.

Нептун ашылғаннан кейін,Леверьенің тек 1°-қа қателескенін көреді,ал Адамс 12°-қа.

Қазіргі кезде нақты кім ашқаны белгісіз. Есепті дұрыс шығарған Леверье ма?Әлде ғаламшарды бірінші рет көрген Иоганн Галле ме? Бірақ Галле Планетаны Леверье есебі арқылы тапты.

Планетаның атын Иоганн Галле Янус деп қоюға қсыныс жасады.Янус-шығу мен кіру құдайы.Бұл атау көбісіне ұнамады.Бірақ орыс астрономы,Пулковский обсерватория директоры-Василия Яковлевич Струве Нептун деп атауға ұсыныс берді.Нептун-Су құдайы.

Сонымен 1847 жылы Нептун Кун жүйесіне енгізілді.

Джон Коуч Адамс (1819-1892)

Урбен Жан Жозеф Леверье (1811-1877)

Василия Яковлевича Струве (1793-1864)

Иоганн Готтфрид Галле (1812-1910)

Генриха Луи д’Арре (1822-1875)

Планетаның құрылысы

Нептунның ядросы қатты заттан түзілген,ядроның массасы Жердің массасынан үлкенірек болып келеді.Ядро құрамы:Темір(Fe),никель(Ni),силикат-тау қатпарлығы Ядро қысымы 7 миллион атмосфераға тең.(1 физ. атмосфера=760 мм Сынап Тіреуіші).Ядроның температурасы 5500К тең (1К= –272,15С).

Ядродан кейін мантия орналасқан.Ол сұйық түрде бірақ тығыздық өлшемі жоғары болып келтірілген.Мантия метан(CH4),аммияк(NH3) және судан(H2O) түзілген.Оның қысымы 100 астмосфераға тең.Мантия температурасы 2000К-5000К. Мантия массасы Жер массасынан 15 есе көп.

Нептун атмосферасының құрамы алып планеталарға ұқсас екенін өлшеулер көрсетті:17% гелий(He), 82% сутегі(H) және басқа заттар мен метан(CH4) бар.

Нептун атмосфераның жоғары қабаттарының қозғалысы әдеттегіден өзгеше жүреді. Планетаның өз осінен шығысқа қарай айналуына қатысты, атмосфералардың қозғалысы батысқа қарай бағытталған, оның үстіне экватордағы бұлт баяу қозғалады.Нептунның атмосферасы негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.

Нептунның бетінде Күн Жүйесінде тіркелген ең қатты желдер болады, олардың жылдамдығы 2100 км/сағат. 1989 жылы Вояджер-2 ғаламшардың қасынан өтіп бара жатқан кезде Ірі Қара Дақ көреді.. Оның ұзындығы 13000×6600 км.

Нептун бетіндегі бұлттардың температурасы −218 °C (55.1 K)-ге дейін жетеді, бұл Күн Жүйесіндегі ең салқын температура, Күннен алыстығы бұған себеп болады. Нептунның ортасындағы температура 7,000 °C (7,270 K)-ге дейін көтеріледі.

1.4. Нептун планетасының серіктері жане сақиналары




<== предыдущая | следующая ==>
Великдень 12-13 квітня | ТАЙНА ПОБЕЛЕННОЙ ГРОБНИЦЫ





Date: 2015-08-24; view: 1238; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.007 sec.) - Пожаловаться на публикацию