Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Стандартталған актер (пациент) үшін сценарий тексті және оның ролінің сипаты





Медициналық симуляция мәтіні

Клиникалық жағдай: «Бронхоэктаз ауруының, созылмалы өкпе текті жүрек декомпенсациясының»

 

Жағдай: Сіз – кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 45 жастағы науқас ер адам әкелінді.

Ø Анамнез жинап, науқасқа қарау жүргізіңіз

Ø Тексеру жоспарын анықтаңыз

Ø Лабораторлық – инструментальдық тексеру мәліметтеріне талдау жүргізіңіз

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын және емдеу жоспарын анықтаңыз.

Соңғы нәтиже (outcomes)

  1. Өкпе және жүрек патологиясы бар науқасқа сұрау жүргізу
  2. Бронхоэтаз ауруы және оның асқынуларының клиникалық диагностикасы
  3. Лабораторлық – инструментальдық тексеру мәліметтерін талдау
  4. Бронхоэтаз ауруы және оның асқанулары бар науқасты жүргізу тактикасы

Клиникалық жағдай бойынша

бағалау қағазы (check-list)

«Бронхоэктаз ауруының, созылмалы өкпе текті жүрек декомпенсациясының»

    Қадам критериі   Балл бойынша баға
Дұрыс орындады     Ескертпелер арқылы орындадызамечаниями     Орындамады  
  Шағымын және анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5  
  Физикальдық тексеру жүргізу дұрыстығы - жалпы қарау 1,0 0,5  
  Физикальдық тексеру жүргізу дұрыстығы – тыныс алу жүйесі 1,0 0,5  
  Физикальдық тексеру жүргізу дұрыстығы – ЖТЖ 1,0 0,5  
  Физикальдық тексеру жүргізу дұрыстығы – құрсақ қуысы мүшелерінің пальпациясы 1,0 0,5  
  Физикальдық тексеру жүргізу дұрыстығы – зәр шығару жүйесі 1,0 0,5  
  Болжама диагноз 1,0 0,5  
  Тексеру жоспарын жасау 1,0 0,5  
  Ажырату диагностикасының жоспары 1,0 0,5  
  Жалпы қан анализі, биохимиялық қан анализі, қандағы белок және оның фракциялары анализін талдау 1,0 0,5  
  Қақырық анализін талдау 1,0 0,5  
  Спирография талдау 1,0 0,5  
  ЭКГ талдау 1,0 0,5  
  R гр көрсеткішін талдау 2,0 1,0  
  ЭхоКГ талдау 1,0 0,5  
  Қорытынды диагнозды негіздеу және құрастыру 1,0 0,5  
  Емдеу тактикасын анықтау 1,0 0,5  
  Науқаспен оңтайлы байланыс орнату және қобалжуды басу 2,0 1,0  
  Қорытынды балл      

Максимальды балл – 20

Стандартталған актер (пациент) үшін сценарий тексті және оның ролінің сипаты

Шағымы: аяқтағы ісіктер, аздаған, кезеңді түрде мазалайтын тұтқыр қақырықты жөтел, қақыры мөлшері аз (1 - 2 мл), әсіресе таңертеңгілік мезгілде; аздаған жүктеме кезінде күшейетін ентігу, әлсіздік, шаршағыштық, дене қызуының 37,8оС дейін көтерілуі.

Сұрақ мәні Актер үшін сұрақты тұжырымдау Жауап
Ауру басталуы, симптомдары   Жөтел алғаш қашан пайда болды Ең алғаш 5 жыл бұрын пайда болды
Қай уақыттыа жиі мазалайды – таңертең, кешке немесе күндіз? Күнделікті немесе кезеңді түрде? Күнделікті, негізінде таңертеңгі уақытта
Жөтелді темекі шегумен байланыстырасыз ба? Иә, 20 жылдан бері темекі шегемін
Ең алғаш қашан ауырдыңыз? 5 жылдан бері пневмониямен ауырғаннан кейін өзімді аурумын деп санаймын. Ауру жіті басталды, дене қызуым 39 градусқа дейін көтерілді. Оң кеуде тұсында қатты ауырсыну, аздаған жөтел және ентігу пайда болды. Амбулаторлы емделдім.
  Жөтел қақырықпен ба? Мөлшері қанша? Қақырық түсі, сипаты қандай? Қан қақыру болған жоқ па? Қақырық негізінде таңертеңгі уақытта бөлінеді, кейде көп мөлшерде, сарғыш - жасл түсті. Кейде қақырықта қан аралас болады.
Дене қызуы көтеріле ме, түнгі уақытта тершеңдікі байқайсыз ба? Температурам күнде 38 С дейін көтеріледі, түнде терлеймін.
Аяқтағы ісіну алған қашан пайда болды? Ісіктер бір апта бұрын пайда болды.
Амбулаторлық ем, нәтижесі Осы ауру бойынша бұрын ем қабылдадыңыз ба? Ұзақ уақыт бойы амбулаторлы өздігімнен емделдім, аспирин, парацетамол, қақырық түсіруші препараттар қабылдадым
Қосалқы аурулар Гепатит, туберкулез, немесе қандай да бір басқа аурулармен ауырған жоқсыз ба? Гепатит, туберкулезбен ауырмадым. Салұын тиюден жиі ауырамын. Бала кезімде шешекпен ауырдым
Профессиональдық, әлеуметтік-тұрмыстық факторлар Қандай жағдайда жұмыс жасайсыз және тұрмыс жағдайыңыз? Жедел жәрдемде жүргізуші болып жұмыс атқарамын. Қыста жиі суық тиеді. Жиі түнгі ауысымда жұмыс жасаймын. Жеке үш бөлмелі пәтерде тұрамын, барлық жағдайы бар. Материальдық жағдайым қанағаттанарлық,

 

Анамнезі: 5 жылдан бері ауурумын деп санайды. өз ауруын салқын тиюден кейінгі оңжақты пневмониямен байланыстырады. Ауру жіті дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуімен басталған. Оң кеуде тұсында қатты ауырсыну, аздаған жөтел және ентігу пайда болған. Өз ауруына түнгі ауысымда жұмыс жасауы себепкер болды деп есептейді. Амбулаторлы ұзақ емделген. Ем көмектеспегеннен кейін емханада пневмониямен емделген. Ауру шамамен жылына бір рет қайталайды. Одан кейінгі жылдарда оң жақты пневмония дене қызуының аздап 37,2 - 37,5 градусқа дейін көтерілумен басталған. Әр кезде ауруханада емделген. Соңғы жылдары таңертеңгілік жқтел болады. Соңғы жылдары аздаған физикалық жүктемеден кейін ентігуді сезе бастады (осыған дейін осындай физикалық жүктеме кезінде ентігу байқамаған). Пациенттің өзі жөтел мен ентігуді 20 жыл темекі тартуымен байланыстырады, екі күнде бір пачка шылым шегеді. Бір апта бұрын аяқта ісіктер пайда болған.

Анасында артериялық гипертензия, әкесі асқазан рагінен қайтыс болған, ағасында созылмалы гастрит.

Объективті: жалпыжағдайы ауыр. Температура 37,5о С. Тері жабындысы цианозы, гипергидроз, сөйлеген кезде ентігеді. Тамақтануы төмен. Аяқта айқын ісінулер бар. Пальпация кезінде оң жақта екі жекелеген жақ асты лимфа түйіндері анықталады, сопақша, кіші бұршақ көлеміндей. Жұмсақ-эластикалық консистенциялы, қозғалмалы, ауырсынбайды, бірі бірімен және қоршаған тканьдермен жабыспаған Қол басы шеткі фалангасы кеңейген ("барабан таяқшасысимптомы").

Кеуде клеткасы эмфизематозды. Пальпацида ауырсынбайды, дыбыс дірілі оң жақта әлсіреген. Перкуторлы өкпе дыбысы оң жақ төменгі бөлікте қысқарған. Аускультативті - тыныс әлсіреген, оң жақ төменгі бөлікте ылғалды ірі- және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұнықталған, өкпе артериясында II тон акценті, семсер тәрізді өсінді негізінде систолалық шу, ырғағы дұрыс. АҚҚ - 120/80 мм сын.бағ., пульс – 90 рет мин.

Іші пальпацида ауырсынбайды, бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен, ауырсынбайды.

Бауырдың Курлов бойынша өлшемі 12*11*9 см. Көк бауыр пальпацияланбайды. Бүйректер бимануальды пальпацияланбайды, ауырсынусыз. Ұрғылау симптомы екі жақта теріс.


Лабораторлық – инструментальдық мәліметтер:

 

Жалпы қан анализі Эритроцит - 4,95*1012 /л Hb - 163 г/л Түстік көрсеткіш - 1,0 лейкоцит - 8,9*109 /л Т/я нейтрофил - 6% сегментоядролы - 80% эозинофил - 1% лимфоцит - 15% моноцит ы - 3% ЭТЖ - 34 мм/с Зәр анализі Мөлшері 150,0 мл Түсі сары Мөлдір Менш. салм 1,021 реакция қышқыл белок - 0,033% лейкоцит - 1 - 3 к/а эпителий жалпақ - 1 - 2 к/а кілегій +
Қақырық анализі Мөлшері - 1,0 мл Түсі сұр Сипаты кілегйлі-іріңді Консистенция тұтқыр Лейкоцит - көп мөлшерде Эритроцит - 8 - 10 - 12 к/а Альвеолярлық клетка - 2 - 4 к/а БК қақырық анализі ВК: Кох таяқшасы анықталмады Биохимиялық қан анализі Мочевина – 5,8ммоль/л Креатинин – 0,073ммоль/л Глюкоза – 4,2ммоль/л натрий – 142 ммоль/л АЛТ – 12 МЕ АСТ – 14 МЕ Серомукоид - 0,5 ед С-реактивті белок ++ Фибриноген - 6 г/л Сиал қышқылы- 4,33 ммоль/л
Қанның белок және оның фракциялары анализі: Жалпы белок – 48 г/л • альбумин – 20 г/л • б1–глобулин – 3,5-6,5% • б2–глобулин – 6,9-10,5% • в–глобулин – 7,3-12,5% • г–глобулин – 21%. Қақырықтың бактериологиялық тексеруі: Анықталды - Haemophilus influenzae, Streptococcus pneumoniae және Pseudomonas aeraginosa

 

ЭКГ:

Date: 2015-08-06; view: 706; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию