Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Клиникалық жағдайының жауап эталоны





Қадам критериі Жауап эталоны
  Шағымын және анамнез жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? Шағымдары нақтыланды. Анамнез morbi et vitea ретті және жүйелі жүргізілді, барлық нақтылаушы сұрақтар қойылды
  Физикальдық тексеру жүргізу дұрыстығы - жалпы қарау Тыныс жеткіліксіздігі симптомдары дұрыс анықталды: тері жабындысы – цианоз, шеткі лимфа түйіндерінің пальпациясы. Қол басы шеткі фалангасына назар аударды («барабан таяқшасы симптомы»), аяқтағы ісіктер анықталды
  Физикальдық тексеру жүргізу дұрыстығы - тыныс алу жүйесі Пальпация, перкуссия және аускультация дұрыс жүргізілді. Тахипноэ анықталды, перкуссия кезінде өкпе төменгі шегінің төмен түсуі, қорап дыбысы, оң төменгі бөлікте тынықталу, аускультативті тыныс әлсіреуі, оң жақ төменгі бөліктегі ылғалды ірі және орта көпіршікті сырылдарды анықтады.
  Физикальдық тексеру жүргізу дұрыстығы - жүрек тамыр жүйесі Пальпация, аускультация дұрыс жүргізілді. Жүрек тондары тұнықталуы, өкпе артериясы үстіндегі II тон акценті, семсер тәрізді өсінді негізінде систолалық шу анықтады. Пульс анықтап, АҚҚ өлшеді
  Іш пальпациясы. Бауырдың Курлов бойынша перкуторлық шегін анықтау Іштің беткей және терең пальпациясы жүргізілді. Бауыр ұлғаюы анықталды (бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен). Көк бауыр пальпацияланбайды.. Бауырдың Курлов бойынша перкуторлық шегі: 12*11*9 см
  Физикальдық тексеру жүргізу дұрыстығы - зәр шығару жүйесі Бимануальды бүйрек пальпациясы жүргізіліп, «ұрғылау симптомы» анықталды
  Болжама диагноз Аяқтағы ісіктерді, аздаған, кезеңді пайда болатын, таңертеңгілік тұтқыр қақырықты жөтел, ентігу, дене температурыасыны көтерілуін ескере отырып; 5 жылдан бері ауыруы, кезеңді, ауру өршуі пневмония деп есептелді; ұзақ темекі шегу стажы; тахипноэ, тері жабындысының диффузды цианозы, өкпе перкуссиясында қораб дыбысы, оң төменгі бөлікте тынықтылу, аускультативті тыныс әлсіреуі, оң жақ төменгі бөліктегі ылғалды ірі және орта көпіршікті; жүрек аускультациясы кезіндегі өкпе артериясы үстіндегі II тон акценті, семсер тәрізді өсінді негізінде систолалық шу. Болжама диагноз:Бронхоэктаз ауруы. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы, өкпе эмфиземасы. ТАЖ III дәр. Созылмалы өкпе текті жүрек, декомпенсация. ЖШ IIБ.
  Тексеру жоспары ЖЗА, ЖҚА, жалпы қақырық анализі, қақырықтың бактериологиялық тексеру. БҚА: мочевина, креатинин, глюкоза, натрий, АЛТ, АСТ, серомукоид, С-реактивті белок, фибриноген, сиал қышқылы. Спирография, ЭКГ, кеуде қуысы рентгенографиясы, бронхография, фибробронхоскопия, ЭхоКГ
  Ажырату диагностикасы жоспары Тыныс демікпесі, ЖИа кезіндегі созылмалы жүрек шамасыздығы, өкпе туберкулезі, өкпе рагімен ажырату жүргізу
  Жалпы қан анализі, биохимиялық қан анализі, белок және белок фракциялары анализдерін талдау Эритроцитоз, гемоглобин деңгейінің жоғарылауы, нейтрофильді лейкоцитоз т/я жылжумен, ЭТЖ жылдамдауы созылмалы қабыну мен созылмалы гипоксияны көрсетеді. Биохимиялық анализде – серомукоид, фибриноген, С-реактивті белок, сиало қышқылының жоғарылауы қабынуды көрсетеді. Белок және белок фракциялары анализінде - г-глобулиндер деңгейіні жоғарылауымендиспротеинемия
  Қақырық анализін талдау Лейкоциттер мен бактериялар көп мөлшереде анықталуы айқын қабыну процесін көрсетеді
  Спирография талдау Сыртқы тыныс қызметінің рестриктивті-обструктивті тип бойынша бұзылуы.
  ЭКГ талдау Синусты ырғақ ЖСЖ -90 рет мин. Электр осі оңға ығысқан. Оң жүрекше және оң қарынша гипертрофиясы күш түсумен
  Кеуде қуысы рентгенограммасын талдау Өкпе суретінің диффузды өзгеруі, сегменттердегі ілмекті өкпе суреті, осы сегменттердің гиповентиляциясы, көптеген сақина тәрізді көлеңкелер, әсііресе төменгі бөліктерде, ұяшықты өкпе суреті. Рентгенограмма созылмалы бронхит пен бронхоэктаз ауруына тән.  
  ЭхоКГ талдау ЭхоКГ созылмалы өкпе текті жүрекке тән. ОҚ гипертрофиясы және дилятациясы жүрек оң жағының дисфункциясын көрсетеді, өкпелік гипертензия белгілері бар.
  Қорытынды диагнозды негіздеу және құрастыру Болжама диагнозды ескере отырып; сонымен қатар лабораторлық-инструментальдық тексеру: фибробронхоскопия кезінде анықталған бронхоэктазға тән іріңді эндобронхит; бронхографиялық оң жақ төменгі бөлікте анықталған цилиндрлік бронхоэктаздарды ескере отырып өорытынды диагноз: Созылмалы обструктивті өкпе ауруы өршу фазасы. Оң жақ төменгі бөлікті цилиндрлік бронхоэктаздар, ауыр ағымы, өршу фазасы. ТАЖ III дәр. Созылмалы өкпе текті жүрек, декомпенсация. ЖШ IIБ.
  Емдеу тактикасын анықтау Толыққұнды, белокқа бай тағам. Трансназальды катетр арқылы зақмыдалған бронхтарды антиспетик ерітінділермен инсталляция көмегімен лаваж жолымен санациялау (жылы изотониялық натрий хлорид ерітіндісі, фурацилин, йодинол, новокаин, кейін қақырықты жібітетін протеолитикалық ферменттер (химопсин, рибонуклеаза) Бронхоскопия кезінде ан­тибиотиктер енгізу (бронх микрофлорасын ескеріп), муколитикалық препараттар. Бронхоспазм кезінде - бронхолитиктер Постуральды дренаж, кеуде қуысының вибра­циялық массажы Оксигенотерапия Қан қасиетін жақсарту үшін - клексан 0,4 мг т/а 1 рет күніне Ілмекті диуретиктер (фуросемид) спиронолактонмен бірге
  Пациентпен байланысының тиімділігі Тиімді байланыс орнатылған. Пациент сеніміне ие. Барлық сұрақтарға жауап алынды.

 

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Тапсырма қағазы, ерікті (пациент) үшін сценарий, қадамды бағалау критериі

2. Жалпы қан анализі

3. Қақырық анализі

4. Биохимиялық қан анализі

5. Белок және оның фракциялары анализі

6. Кеуде қуысы Р-грамма

7. Спирограмма

8. ЭКГ-грамма

9. ЭхоКГ-грамма

10. Фибробронхоскопия қорытындысы

11. Бронхограмма

12. Тонометр, фонендоскоп

Date: 2015-08-06; view: 644; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию