Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Арлұқ қағанатынытың тарихы





Этносаяси тарихы: Vғ. Жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар»(болаттар) деп атаған.Олардың мекені:Алтай-Балқаш көлінің шығыс жағалауы.VIIғ.ортасы-бұлақ,шігіл,ташлық тайпалары бірігіп,қарлұқ бірлестігін құрды.Бірлестіктің билеушісі-елтебер.742ж.-қарлұқтар ұйғыр және басмыл тайпаларымен бірігіп Шығыс Түрік қағанатына қарсы күресіп,түріктерді жеңді.Шығыс Түрік қағанатының орнына Ұйғыр қағанаты (744-840ж.) құрылды. VIIIғ. Ортасы (746ж.)-қарлұқтар ұйғырлардың қысымымен Жетісуға көшті. 756ж. қарлұқ қағанаты құрылды.Астаналары-Суяб,Тараз.Территориясы:Жетісу,(Шу мен Талас өзені,Батыс Тянь-Шань,Ферғана,Сырдария маңы).766-775ж.қарлұқтар Қашқарияны жаулады.

Қарлұқ қағанатының билеушісі-жабғу,840ж. бастап қаған.Қарлұқтар 791ж.ұйғырлардан,812 ж.арабтардан жеңіліп,Ұйғыр қағанатының тәуелділігін қайта мойындады.840ж.Ұйғыр қағанаты Енисей қырғыздарының соққысынан құлағаннан кейін Білге құл –Қыдырхан өзін қаған деп жариялап, қарлұқтар бостандығын мәлімдеді. Қарлұқтар жайында араб және парсы деректерінен білеміз. Араб географы Әл- Маруази (XII) қарлұқтардың құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдейді.Сонымен қатар соғды және оғыз тайпаларының бір бөлігі де енген.Қарлұқтар тілі-түрік тілі.Араб геогр. Ибн-Хаукаль (Xғ.) дерегінде көрсеткендей,қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін отыз күн керек.Xғ.Қазақстанның үлкен бөлігі оның территориясын құрады:Жоңғар Алатауы,Сырдарияның орта ағысы,Балқаш Ыстықкөл,Іле,Шу,Исфиджаб,Отырар төңірегі.Қарлұқтардың 25 қаласы мен елді мекендері болған: Тараз,Құлан,Мерке,Атлах,Барысхан,Талғар т.б.IXғ.аяғы-саманилер Исфиджабты басып алып,Таразды қоршады. Белгісіз автор «Худуд әл-аламның» хабарына қарағанда, Суяб сияқты ірі қалалардан 3000 – ға дейін жасақтар құрылатын. Қағанның ордасы Тараздан Қашқарға көшірілді.Тараз халқы ислам дінін қабылдады.Қарлұқтар ақсүйектерінің көпшілігі екінші астана-Баласағұнда тұрды.Саманилерге қарсы күресті Қадырханның балалары:Базар Арслан мен Оғұлшақ жүргізді.Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200ж. билік құрды.

Қағанаттың әлсіреуінің себептері:Ішкі тартыстар;Жайылым жер үшін күрес.940ж.-Қашғардың түрік билеушілері Баласағұнды жаулап алып,Қарлұқ қағанаты өмір сүруін тоқтатты.Шаруашылығы,мәдениеті:Қарлұқтардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды.Көшпелілер маусымдық жайылымның бірінен соң біріне ауысып,ұзақ уақыт көшіп жүрді.Суы мол өзен жағалауларында,шөбі қалың жерлерде қоныстанған.Кейбір топтары қыс Жайық пен Жемнің арасын қыстап,жаз Ертіс жағасын жайлап жүрді. Орта ғасыр авторлары қарлұқтардың жылқы,қой,ешкі,сиыр,өгіз,түйе өсіргендігін айтады.Олардың шаруашылығында қой өсіру аса маңызды рөл атқарды.Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің аса маңызы болды.Жылқы соғысқа,аң аулауға пайдаланылды.Ет пен сүт тамақ болған,ал жүнінен киіз,киім,кілем және басқа бұйымдар жасаған.Қарлұқтардың күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болған.Қарлұқтардың кейбір топтары,әсіресе кедейлері Сырдариядан,Ертістен және басқа өзенднрден балық аулаған.Кедейленген қауым мүшелері отырықшылыққа көшеді.Отырықшылар егін салды,көбінесе тары егетін болды.Қарлұқтарда үй кәсіптері мен қолөнердің ең дамыған түрі-мал өнімдері мен шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу болды.Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім,ыдыс,садақтың қаптамасы,қорамсақ т.б. заттар жасалынды.Қауымның қатардағы мүшелері де өздеріне қажетті заттарды өздері жасады.Қарлұқтардың қоныстарында құмырашылық өндірісі де өркендеді.Бұған қоса олар мекендеген террит. Темір,күміс,алтын,т.б. асыл тастарды өндірді.Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар жасалды.Қолөнердің дамуын археологиялық материалдар көрсетеді.

12. Қимак мемлекеті: этносаяси тарихы және шаруашылығы. Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Қимақтар туралы тарихшы ғалым Б.Көмековтың жазған еңбектері оқырман қауымға белгілі. Бұл оқу құралында оның еңбектері негізінен түркі дәуіріне арқау болып отыр. Қытай тарихнамасының негізін қалаушы Сыма Цянның жазуы бойынша солтүстік Моңғолия жерін мекендеген тайпалардың ішінде қимақтардың құрамына кірген қыпшақ этнонимі болған. Күлтегін ескерткішіндегі «татаба» тайпасы қимақ тайпасы деген пікір орын алып жүр. Қимақтар туралы басты хабарлар 9-11 ғ араб-парсыдеректерінде көп кездеседі. 9 ғасырдың 1 жартысында өмір сүрген араб тарихшысы Абул Валид Мухаммад әл-Азракидің «Меке қаласының жылнамасы» атты еңбегі. Бұл еңбекте Отырардағы қарлұқ жағбуының қимақ еліне қарай қуып жіберілгендігі хабарланған. Бұл хабардан Отырар аймағына арабтардың келе бастағандығы байқалса, екіншіден қимақ елінің 8 ғ өзінде белгілі бола бастағандығын білдіреді. Қимақтар туралы мұндай хабарларда Тамим ибн Бахар, әл-Джахиз, Ибн Хордадбех, Әл-Истахри, Ибн Хаукәл сияқты мұсылман авторлары қалдырған. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Моңғолияны мекендеген, ал VII ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек тайпаларының басшысы "шад татұқ” деп аталған. VIII ғасырдың екінші жартысы – IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сырдария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүстік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударады. 766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: эймур, кимек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы құрылды. Кимек тайпаларының басшысы "байгу” (жабғы) деп аталады. Бұл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған. IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бұл жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сырдария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғар-печенег тайпаларын талқандайды. Печенегтерді бұл жерлерден ығыстырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мемлекет ішінде тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған. Қимақтардың этникалық құрамы туралы алғашқы хабар Гардизидің «Зайн-әл-акбар» атты еңбегінде аңыз түрінде кездеседі.IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың бас кезінде, яғни Кимек қағанатының құрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Хаканнан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің құрамына енген тайпалар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардан кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түріктер билеген. Кимек мемлекетінің қалыптасып өсуіне қарай, олардың тайпаларының құрамы да өзгеріп отырған. Тарихи деректердің көрсетуі бойынша, бұл кезде қағанат құрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Араб-парсы деректері қимақтардың мал өсіруімен айналысатынын көрсетеді. Ибн-әл-Факих қимақтардың денелері ірі, құйрықты қойларды өсіретіндігін хабарлайды. И.Маркварт қимақтардың қысқы жайылымы Орал мен Жем бойы деп айтады. Әл-Жакуптың жазуына қарағанда қимақтар егін шаруашылығының ішінде тары егумен жақсы айналысқан. Сондықтан да олардан осы күнге дейін тары, тарышы деген ұғымдар сақталған. Рубрук қимақ тайпаларының ішімдік жасауда қымыздан басқа да қыс айларында ішетін, оларда күріш, тары, арпа және балдан әртүрлі ішімдіктер дайындалатындықтарын жазған. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Қимақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып, "өзен – адамның тәңірі” деген. Өлгендерді өртеп жіберген. Оларға тас сымбат (мүсін) қойып, оған табыну салты кеңінен тараған. XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азиядан шыққан тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Қимақтардың бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің(12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.

13. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Оғыз мемлекеттік бірлестігі, 9 – 11 ғ-ларда Қазақстан жерінде өмір сүрген. Негізгі аумағы Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төм. бойына дейінгі аралықты қамтыды. Оңт-те Хорезм, Мауераннахр және Хорасанмен шектесті. Бат. Түрік және Түркеш қағандықтары құлағаннан кейінгі тайпалар арасындағы өзара күрес пен Қарлұқ қағандығының құрылуымен байланысты Бат. Жетісу жерін мекендеген оғыз тайпалары 8 ғ-да бұл өңірден көше бастады (қ. Оғыздар). Үлкен Күлтегін жазуында: «Күлтегінді жерлеу салтына қатысқан түрік тайпаларының ішінде Түргеш қағаннан Бақыраш мөрші келді деп жазылса, онымен қатар оғыз білге мөршісінің де келгендігі жазылған.Мұндағы мөршінің немесе шебердің оғыздардан шыққандығына қарағанда оғыз сөзінің тасқа жазылуға дейін-ақ қалыптасып, белгілі бір әулеттің атынан келіп тұрғандықты көрсетеді.» Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі «Дивани луғат ат түрікте» Оңтүстік Шығыс Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстық көлмен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, яғма, жігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі.10 ғ-да О. м-нің астанасы болған Жаңакент қ. Еуропа мен Азияны жалғастыратын маңызды керуен жолы торабына орналасты. Жаңакент арқылы маңызды керуен жолдары қимақтар еліне, Хорезм мен Мауераннахрға өтті. О. м-нің жоғары билеушісі “жабғу” (ябгу) деп аталды. Олардың “күл-еркіндер” деген кеңесшілері болды. Жабғу ресми түрде сайланып қойылғанымен, билік атадан балаға мұраға қалып отырды. Дегенмен, басқарудың әскери-демокр. түрі сақталғандықтан, жабғудың билігі тайпа көсемдері кеңесімен шектелді. Мемлекетте тұрақты алым-салық жүйесі болды. О. м. Еуразияның саяси, әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 ж. Оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға қарсы әскери одақ жасалып, нәтижесінде Хазар қағандығыталқандалды. Хазар қағандығының құлауы О. м-нің саяси қуатының өсуіне себепші болды. 10 ғ-дың аяғында оғыз жабғулары Киев князьдерімен біріге отырып, Еділ бұлғарларын күйрете жеңді. Бірақ 11 ғ-дың басында О. м-нде ішкі саяси-әлеум. қайшылықтар туып, әлсірей бастады. Бұл жағдайды Жент маңына 10 ғ-дың орта кезінде келіп қоныстанған салжұқтар пайдаланды. Салжұқтар Жент қ-н басып алғанымен, ұзақ уақыт ұстап тұра алмай, кетуге мәжбүр болды. Көп ұзамай оғыздар қайта күшейіп, 1041 ж. Хорезмді басып алады.Алайда 2 жылдан кейін оғыз жабғуларының соңғысы Шаһмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтарға қарсы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстар мен қақтығыстар О. м-н іштей әлсіретіп, ол қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бір бөлігі Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауераннахрдағы Қарахан әулетінің және Хорасандағы салжұқ билеушілерінің қол астына көшті.Қалғандары 11 ғ-дың ортасында Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына бірте-бірте сіңісіп кетті. Оғыздар көшпелі мал ш-мен айналысты, Сырдария алқабындағы қалаларда дәнді дақыл егіп, бау-бақша өсірді. Олардың көпшілігі отқа табынушылар болды. Сонымен бірге оғыздар арасында бірте-бірте ислам діні тарай бастады. Сырдария алқабындағы, Арал т., Каспий т-нің солт-ндегі жерлерді мекендеген оғыз тайпалары қазақтардың этн. тарихында елеулі рөл атқарды. Тарихи аңыздарда олар қазақ, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтары аталарының бірі саналады. Шаруашылығы: Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Оғыздардың бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспиймаңындағы далаға көшетін болды. Әл-Бируни оғыздардың қара күзде Хорезм шекараларына таяу көшіп келетінін жазады және олардың енді бір топтарының қимақтар елінде Манқұр көліне таяу жерде151 (Ұлытау баурайы) кәшіп жүретінін айтады. Ибн Фадлан мен Гардизи X ғасырда оғыздар мен қимақтардың жер қайыстырған қалың жылқы өсіргенін жазады. Оғыздардың күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болды. IX ғасырда әл-Йакуби көшпелі түріктер «көбіне жабайы аң-құстың етін жейді» деп жазды. Оғыздарда уй кәсіптері мен қолөнерінің ең дамыған түрі мал өнімдері мен шикізаттарын өндеу және қайта өндеу болды. «Ондағы шеберлер, — деп жазды әл-Идриси оғыздар мен қимақтар туралы, - темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды деп.

14. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы(9-11ғ).. «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады. Қазақстанда ғ Алтай жеріндегі теле тайпаларының батысқа жылжығандығын, олардың ішінде «хэ-си-сик» яғни қыпшақ тайпаларының болғандығын қытай тюркологы Цень-Чжунь-Мянь жазған. Совет тюркологы С.Кляшторный да бұл пікірді қолдайды. Қыпшақтардың алғашқы болған кезін 656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда олар кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіге мәжбүр болады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. Рашид-ад-диннің жазуына қарағанда қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп, Хорезм шаһ мұхаммед – екінші анасы Тұрқан хатун осы ұран тапасынан болған тәрізді. Нувайри мен Ибн-Халдунның жазуына қарағанда 92баулы қыпшақ, жетіру, төртру деп жиынтық атаулармен аталатын ру тайпалар кірген. XI ғасырдың басында Кимек қағанаты тарханнан кейін, кимек, қыпшақ және қуман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді: 1.VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2.VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар; 3.XI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.XI ғ. екінші жартысынан бастап қыпшақтардың этникалық құрамына енген негізгі тайпалар: қимақтар, баяндурлар, баяуттар, қаңлылар, ұран тайпалары. Әбу-л-Ғазиздің хабары бойынша Ыстық көл мен Талас жағалауына қоныстанған қаңлылар да кірген.Рашид-ад-Диннің жазуына қарағанда, қыпшақ қоғамында ұран тайпасының беделі ерекше болған. Оған себеп Хорезм шахы Мұхаммед II шешесі Туркан-Хатун осы ұран тайпасынан болған. Моңғол шапқыншылығының қарсаңында қыпшақтармен Хорезм шахының арасындағы жақсы қатынас болған тәрізді. Қоныстануы. XI ғ. орта кезінде қыпшақтар қазіргі Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, Оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі Оңтүстік Батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанды.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізгінен тұрақты болған, тек Оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезм шахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшактардың қогамдық қурылымы. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі- малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған. Ибн Батутаның (араб тарихишсы) хабарына қарағанда, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хұқтың (төрелік айту) нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептелген. Мәселен: егер біреудің атын ұрласа, атты қайтарумен бірге 9 ат айып беруге тиісті болған.Төменгі топқа малы аз шаруалар жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретіңде пайдаланылды, ешқандай құқы болмаған. Ондайлар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған. Шежіреде қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атаған. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болған. «Ерлерден» хан есебінде жасақтар құрылды. Махмұд Қашғаридің жазуы бойынша малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, көп жағдайда олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен.

15) Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі. Қарахандықтар мем-нің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушы—Сарұқ Боғра хан(Білге Құл Қадыр ханның немересі,915-955жж)Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде,бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды(942 ж) Қарахан мемлекетінің құрылуында және әуелгі тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор роль атқарды. Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашқарға дейінгі территорияда болған саяси оқиғалармен, Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Сатұқ Боғра ханды(915-955) Қарахан әулиетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилерді қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандап, Тараз бен Қашқарды бағындырады. 942 жылы ол Баласағұнда билеушіні құлатып, өзін жоғарғы хан деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялайды. Оның астана қаласы Қашқар болды. Мұса өлген соң жоғарғы хан атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның билеушісі болып есептелінді.999 жылы Қарахан мемлекеті Бұхара қаласын алып, біржолата Мәуереннахрды бағындырды.1089 жылы салжұқ сұлтаны Мәлік хан Батыс хандықтың орталығы Самарқанд алынды, одан соң Бұхара басып алды.1141 жылы Самарқан қаласына жақын жерде Қатуан даласында басып кірген қарақытайлар салжұқтар мен қарахандықтар ойсырата жеңіледі.Бұхара қаласын, Мәуереннахр орта бөлігін толығымен жаулап алады. Қарахан мемлекеті қарақытайларға толық тәуелділікке түсті. XI-XII ғ.ғ –Мәуренахр мен жетісудың қалған бөлігі.Териториясы(XI-XII ғ.ғ) Жетісу, Шығ.Түркістан (Мәуренахр-Қашхар аралығы), Астаналары: Қашғар- Мұса хан билігінің орталығы.Баласағұн-Сүлеймен хан(Мұсаның інісі) орталығы. XI ғ. 30-жылдары мем-кет екіге бөлінді: Шығыс хандық. Териториясы-Жетісу, Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн. Билеушісі-Арсылан хан Сүлеймен. Батыс хандық. Териториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар, кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим Тамғаш Боғра хан.1089 ж-селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті. 1102 Жүсіп Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды. 1128 ж – қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік етті. Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары басталды. XII ғ. 30-жылдары Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады. 1141 ж – Қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгел бағындырды. Мемлекетті шігіл ж\е яғма тайпалары басқарды. Қарахан дәуіріндегі мәдениет Қарахандарда феодалдық қарым-қатынастар дамып,түрік тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу, Оңт.Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің отырықшылық өмірге бейімделіп,қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мем-нің саяси құрлымы өздерінен бұрынғы көне түрік идеялогиясы мен мәдениетіне ұқсамайтын өзгеше сипатта болды. 960 ж қарахан әулеттері ислам дінін мем-тік дін деп дариялады. Осыған байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы келді.Түркі тілінде біраз шығармалар жазылды. Олардың арасында Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік”, Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік”, Ахмед Яссауидің “Диуан-и Хикмет” сияқты еңбектері бар. Қарахан өнері- Қарахан мем-ті кезінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.X-XII ғ.ғ Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз), мавзолей (Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабаша хатун мавзолейі, Жошыхан күмбезі, Сырлытам т.б) көпір салу ісі (Талас өзен бойында) өркендеді.

16.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті 6-12ғ.ғ

Археологиялық зерттеулер қазіргі Қазақстан территориясынан 6-12 ғасырлардағы жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті болғандығын анықтап отыр. Түркілердің жазуы да болған. Бұл жазу ғалымдардың пікірінше, соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазуларының ескерткіштері Моңғолия жерінде табылды. XII ғасырда соғды жазуына негізделіп жасалған түріктердің жаңа жазуында 38 әріп-таңба болған. Көне түріктердің негізгі жазуы руна жазуы деп аталған. Бұл жазу скандинавиялық руна жазуына ұқсас. XVIII ғасырдың басында жазуды алғаш рет Д. Миссершмидт пен Ф. Страленберг атты ғалымдар Енисей аңғарынан тапқан. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш болып саналатын руна жазуы бар құлпытас XIX ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзені маңынан Н. М. Ядринцев тапқан. Құлпытастағы жазуды түркітанушы В. В. Радлов пен дат ғалымы В. Томсон оқыған. Бұл жазу «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады. «Орхон-Енисей тас жазуы». Бұл ескерткіш көне түрік руна жазуымен жазылған. Ескерткіш құлпытастар 689–744 жылдардағы Ұйғыр және Түрік қағанаттарының өмір сүрген кезінде орнатылған. Құлпытастар Білге қаған, оның інісі Күлтегін (732–735), кеңесші Тоныкөктің (716 жылы) құрметіне қойылған. Құлпытаста түрік дәуіріндегі батырлар мен ұлы адамдардың ерлігі, өмірі жайында жазылған. «Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі дәрежеде бетбұрыс кезең болды....Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер иерархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таң қалдырады,» - деп жазады Л.Н. Гумилев «Көне түріктер» атты еңбегінде. Ортағасырлық тарихи әдебиеттің тамаша үлгілері – VIII ғасырда Қазақстандағы руна жазуының ескерткіштері. Олар екі топқа бөлінеді: Жетісулық жазулар тобы, Ферғаналық қыштағы жазулар тобы.

XI-XII ғасырлардан кейін түрік мемлекеттерінде көне түрік руна жазуын ұйғыр жазуы мен араб жазуы ығыстырды. Түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.

Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошақ басы құдайы Ұмай анаға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі. Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық-саяси және мәдени орталықтарының бірі Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай кітапханалардың бірі болды. Арабтар Отырарды кезінде Фараб деп те атаған. Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбент) 8-9 ғасырларда пайда болды. Тараз қаласы 7-ғасырда Ұлы Жібек жолындағы аса ірі мәдени орталықтардың біріне айналды. Византия елшісі Земархтың түріктерге барғаны туралы есебінде Тараз қаласы аталған. Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды. Ол 1629 жылы Сюань-цзянның жылнамасында «ақ өзендегі қала» атымен алғаш рет аталады. Махмұд Қашғари былай дейді: «Сайрам ақ қаланың аты, ол – Испиджаб». Қалалардың қаулап өсуіне байланысты 6-9 ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілері туындады. Бертін келе 10-12 ғасырларда құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазурь бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды. Әсіресе Қарахан әулеті билік етіп тұрған кезде Қазақстан территориясында архитектура, сәулетшілік өнері, қолөнер мейлінше дамыды. Бұған Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (10-ғасыр) және 11-12 ғасырларда салынған Айша-бибі мавзолейлері т.б. дәлел. Бұлар сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып табылады.

17.ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛА МӘДЕНИЕТІ. 9-12Ғ.Ғ Ортағасырлық ескерткіштер Қазақстанда кейінгі 50-60 жылдардың ішінде зерттеле бастады. Бұл археология ғылымы үшін көп уақыт емес. Солай болса да, республиканың оңтүстігінде Исбиджаб, Отырар, Сауран, Сығанақ, Түркістан, Баба-Ата, Тараз (Талас), Мерке, Құлан, Ақтөбе (Баласағұн); оларға қосымша Жетісу өңірінде: Алматы, Талғар, Қойлық ескерткіштері зерттелуде. Оларға қосымша, кейінгі жылдарда Орталық, Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан ортағасырлық тұрақты қоныстар мен қалалар ашылып жатыр. Олардан алуан-алуан деректер табылып, ертедегі орта ғасырда жергілікті тұрғындардың отырықшы мәдениеті зор екенін дәлелдеп, ертедегі отырықшылықтың болғанын көрсетеді.Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. "Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,- Түркістан шекарасындағы Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар".

Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық-саяси және мәдени орталықтарының бірі Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай кітапханалардың бірі болды. Арабтар Отырарды кезінде Фараб деп те атаған. Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбент) 8-9 ғасырларда пайда болды. Тараз қаласы 7-ғасырда Ұлы Жібек жолындағы аса ірі мәдени орталықтардың біріне айналды. Византия елшісі Земархтың түріктерге барғаны туралы есебінде Тараз қаласы аталған. Иерусалимде туған арабтың ұлы географы әл-Мақдиси: Талас (Тараз) үлкен, бекінісі бар қала. Адамдар тығыз орналасқан, бау-бақшаға толы, төрт қақпасы бар және рабадта тұрғындары көп. Медина қақпасының алдында үлкен өзен бар, оның үстінде көпір салынған, тұрғындар өзеннің екі жағына орналасқан. Орталық базарда қалалық басты мешіт салынған. Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды. Ол 1629 жылы Сюань-цзянның жылнамасында «ақ өзендегі қала» атымен алғаш рет аталады. Махмұд Қашғари былай дейді: «Сайрам ақ қаланың аты, ол – Испиджаб». Қалалардың қаулап өсуіне байланысты 6-9 ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілері туындады. Бертін келе 10-12 ғасырларда құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазурь бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды. Әсіресе Қарахан әулеті билік етіп тұрған кезде Қазақстан территориясында архитектура, сәулетшілік өнері, қолөнер мейлінше дамыды. Бұған Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (10-ғасыр) және 11-12 ғасырларда салынған Айша-бибі мавзолейлері т.б. дәлел. Бұлар сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып табылады. ХІ ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы – Тараз және Испиджаб қалаларында болды. Махмұт Қашқари “Сығанақ - оғыздар еліндегі қала” деп, ал Әбілғазының жазбаларында: “Қала қақпалы, қуатты дуалдармен қоршалып, ішінде сауда үйлері, керуен сарайлары және басқа да қоғамдық құрылыстары бар қала үйлері орналсқан. Сығанақ Сырдария өңіріндегі ірі тұрақ еді. Оның тұрғындары Кедейдің елшісі Хасан-Қажыны өлтіріп, моңғолдармен барынша қарсыласты”,-деп жазған. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70 -жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен.Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.

VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент,Сығанақ, Жент, Барлышкент және т.б. қалалар орналасқан. Орталық және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Нұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз қаланың орны табылды. Нұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейлінше ірі қала болған, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен Ұлыбағыр, Торғайдың төменгі сағасында – Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Қазақстан қалаларының сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет ғана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі болған.

Date: 2015-07-27; view: 2527; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию