Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







XIII-XVғ. ғ Қазақстанның рухани мәдениеті





Қазақстан аумағындағы орта ғасырдағы ең қуатты мемлекеттер саналған Алтын Орда және Шағатай Ордасының пайда болуы бір жағынан сауда-саттық пен қала мідениетінің өркендеуінеәсер етті. Алтын орда дәуірінде кошпенділер отырықшылық өмір сүріп, егін шаруашылығынын игілігін көрді.Алтын орданың екі арнаға болінгенімен, бір-бірімен өзара үйлесім тапты. Демография жағынан бол мәдинеті Евразияның көшпенділері мен отырықшы халықтары құрады сонын нәтижесінде Сығанақтың, Женттін, Саураннын, Отырардын міденеті қайта қалпына келтіріліп өркендеді. Қалаларда қыш өндірісі, кірпіш күйдіру, мыстау, қолалау,алтындау,зергерлік,әйнек өндіру,сүйек кесу, тас кесу, тоқыма мен кілем тоқу тәрізді кәсіптер дамыды. 15 ғ ортасында сауда саттық қайтадан жолға қойылып, орта Азияда тауар ақша қатынасының айтарлықтай дамығаны байқалады, оған Отырарда, Түркістанда және басқа Қазақстанның қалаларында кейіннен табылған тенгелер дәлел. Орталық Қазақстандағы Жошы хан(14ғ) мазары, Тараздағы Дәуіт-бек (14ғ) мазары, орталық Қазақстандағы Алаша хан мазары(14-15ғ), Түркістандағы Қожа Ахмед Яссауи мазары(14-15ғ), Сығанақтағы Көк Кесене, Отырардағы мешіт ғимараты, монша құрылыстары(14-15ғ) сол кезеңнің ғажайып сәулет ескерткіштері болып табылады. 13-15ғғ рухани өмір қайта жанғырғанымен, моңғол тілі Қазақстанда кең тарала алмады. Мөңке мен Батый хан тұсында бүкіл мемлекеттік және ресми құжаттар түркі тілінде жүргізілді. Алтын орда дәуіріндегі жазба әдебинт қыпшақ, оғыз және қарлұқ тілдерінде жүргізілді. 13-15ғғ. Қыпшақ тілінде діни-дидактикалық сипаттаы бірқатар кітаптар мен сқздіктер шықты. Бұл орайда мына әдебиеттерді ерекше атауға болады: «Кодекс куманикус»,»Оғызнама»,сондай-ақ авторлық туындылар, Яғни Хорезмидің «Мухаббат-намасы»,Кутбтың «мен Шырыны», Сайф сараның «Гүлістан би-түркі», Дүрбектің «Жүсіпп-Зылихасы», Рабгуздің «Киссас уль-ания» және т.б.13-15 ғғ. Жазба әдебиетпен бірге көшпенділердің дәстүрлі жанры-ауыз әдебиеті қатар дамыды. Әсіресе бұл кезенде жыршылық дәстүрге ерекше мән беріліп, Асан қайғы, Қазтуған,Доспанбет және Шалкиіз жыраулардың жырлары ел арасында кеңінен тарады. Мұндай көркемдік дәрежесі жоғары шығармашылық құбылыс Сыпыра жырау мен Кетбұғадан басталады. Халықтың айтуынша, Кетбұғы Шыңғысханға арналған сазында Жсшының өліміне байланысты жоқтау айтқан еді. Тоқтамыс ханның тұстасы болған Сыпыра жырау Алтын Орда беделі үшін белсене күресті. Жыраулардың есімі халықтың ауыз әдебиеті мен бірқата жырлары арқылы қазіргі ұрпаққа жейін жетіп отыр. Ауызша айтылып келген эпостық шығармалардың орны ерекше. Эпостық жырлар (Едіге, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Ер Сайын )Алтын Орданың тарихн, хандардың қызметі мен батырлардың сыртқы жаулардың елді қорғаудың ерліктерін мадақтап, жырға қосты. 14ғ орта кезінде Қазақстан даласында ислам діні кеңінен тарады. Қазақств\анда исламды насихаттау үшін діни суфизм ағымы-яссауи мен накшбанди пайда болды. Қыпшақ тілінде дін уағыздарына байланысты зерттеу трактаттары жазылды. 1430ж Құранға, онвң сүрелеріне түсіндірме берілген «Китаб ад-Дагва» еңбегінде исламның әдет-ғұрыптары, шариаттың мінез-құлық ережелері, діни құқықтары тураы жан-жақы жазылды. Дегенмен көшпелі бұқара халықтың санасында дәстүрлі діни нанымдар сақталып қалды. Қорыта айтқанда, 13-15ғ кезеңі Қазақстан тұрғындары үшін материалдық жағынан да, рухани мәдениеті жағынан да гулдену дәуірі болды. Тұтастай алғанда, бұл кезеңде қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің негізі қаланды.

28.Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістің негізігі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғ. Әуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғыс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді. Енисейден табылған 8ғ. Ерттедегі түрік ескерт-нен В.В Радлов «қазғақым оғлым » (менің асырап алған ұлдарым ) деген тіркесті оқыған. Бұл пікірге Юдин да өз қолдауын білдіреді. Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ- терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ. Қазақ сөзінің пайда болуын САмойлович уақыты жағынан ерте дегенде 11 ғ.-ға жатқызған. Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.Онда қазақ сөзіне еркін, кезбе деген мән беріледі. Қазақ сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылды. Мұсылман деректерінде түрік халықтарында қазаққа айналу –қазақылық институтының кең таралғаны атап өтілген. Ақ орда этникалық құрамы жағынан қазақ халқы болсада оның атауы деректемелерде кейінірек жазылды. Дәлірек айтқанда 15ғ.-ң 2жар-да қазақ халқы құрылған соң , қазақ атауы этникалық маңызға ие болды.Жүздердің пайда болуы туралы аңызлдар мен әдебиеттер өте көп. Ш. Уалиқанов қазақтардың үш жүзге бөлінуі өздері көшіп жүретін жерлерде өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін одақтар құрған. Аласапыран кезбен байланыстырады. Бартольд жүздердің пайда болу себебін қоршаған табиғатқа байланысты көшп мал шар-ғын жүрг жағд-ң айырмашылығында деп біледі. Көпт зерттеушілер қазақ жүзін арабтың джуз –бірнәрсенің басты бөлігі ,тармақ деген сөзбен сәйкестендіреді.

29-30.Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты деректерді талдаңыз.XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер. Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады. Қадырғали Жалаири деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы."Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед 16 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген тарихшы, “Шыңғыснаманың” авторы. Хорезмдегі Шайбани әулетіне қызмет еткен ықпалды отбасынан шыққан. Өзі Елбарыс ханның (1512 – 1525) сарайында, қызмет еткен. Сол кезден-ақ қыпшақ даласында билік еткен Шыңғыс хан ұрпақтарының тарихы туралы көптеген мәліметтерді жинап, аңыз-әңгімелерді көп білетіндігімен танылады. Олардың көпшілігі “Шыңғыснамаға” енген. “ Шығарма шамамен 16 ғ-дың орта кезінде жазылған. Жошы әулеті тарихы баяндалады. Қолжазбаның жалғыз данасы Өзбекстан ҒА-сында сақтаулы. Еңбек жартылай сақталып, Тоқтамыс туралы айтылатын жылдармен тәмамдалған. Шығарманың Қыпшақ даласындағы Жошы әулетінің билік құрған кезеңін баяндайтын тарауы негізінен аңыз, әңгіме тұрғысында сипатталады. Дегенмен, көптеген тарихи мәліметтер нақты деректерге сүйеніп жазылған. Автор географиядан едәуір хабардар болып, өзі Хорезмнен Еділге дейін, одан әрі Каспий бойымен оңт-ке саяхат жасаған. В.В. Бартольд осы қолжазбаны зерттей келіп, оның біржақтылық бағытын атап көрсетеді. Өйткені ол Шайбани әулеті билеушілеріне көбірек тоқталып, олардың басқа әулеттерден артықшылықтарын баса көрсетіп отырады. Соған қарамастан “Шыңғыснама” Оңтүстік және Батыс Қазақстанның 13 – 14 ғ-лардағы тарихы жазылған құнды еңбек.Осман Кухистани (т.-ө.ж.б.) — 15 ғ-дағы көшпелі өзбектердің тарихы жайлы жазылған “Тарих-и Абулхайр-хани” атты еңбектің авторы. Ол Әбілхайыр ханның баласы — Сүйініш ханның, кейін Шайбани әулетінің ұрпағы Әбу әл-Латиф ханның сарайында қызмет етті. 1540 — 51 ж. дүниеге келген аталмыш еңбекте дүниенің жаралуынан бастап, 15 ғ-дың 60-жылдарына дейінгі аралық қамтылған. Шығарманың шағын он тараудан тұратын қорытынды бөлімінде көшпелі өзбектердің Әбілхайыр хан тұсындағы әскери-саяси тарихы баяндалған. Әбілғазы Баһадүр Хан(1603 — 1664) — Хиуа ханы (1645—63), тарихшы-шежіреші. Әбілғазы жазған “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) және “Шежіре-и Түрк” (“Түрік шежіресі”, 1665 ) атты тарихи екі шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. “Шежіре-и түрк” ғыл. ортаға 18 ғасырдың бас кезінде мәлім болды. Бұл шығарма — Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті жайлы құнды деректер келтірілген. Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” — тарихи-деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбектерден шоқтығы биік тұратын шығарма.

31. Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Жалпы, тарихтағы кез келген ауқымды тарихи оқиғаның маңызы қандай болса, сол оқиғаның тарихи алғышарттары да сондай болады. Қазақ хандығының құрылуы қазақ тарихындағы дәл сондай әрі маңызды, әрі алғышарттары тереңнен бастау алатын оқиғалар қатарына жатады. Хандықтың құрылуының қазақ халқы үшін маңызы өте зор. Ұлттық сипаттағы қазақ мемлекетінің тарих төріне шығуымен Дешті Қыпшақ аумағында көптеген өзгерістер болады. Мысалы, қазақ жеріндегі бұрынғы этникалық үдерістердің бәрі бір арнаға тоғысады да, әртүрлі этнотоптардың бәрі ортақ саяси жүйеге біріктіріледі. Олардың этникалық атауы – «қазақ», мемлекеті – «Қазақ хандығы», өмір сүріп жатқан аумағы «Қазақстан» деп аталына бастайды. Тарихшыларымыз Қазақстан тарихындағы XV ғасырдың ортасы мен XVIII ғасырдың 30-жылдарына дейінгі кезеңді «хандық дәуір» немесе «Қазақ хандығы дәуірі» деп атайды. Жалпы алғанда, қазіргі кездегі «қазақ тілі», «Қазақстан Республи­касы», «қазақтар», «Қазақстан» деген терминдердің бәрінің бастауында Қазақ хандығының құрылуы жатыр. Осыдан-ақ Қазақ хандығының құрылуының қазақ тарихындағы маңызын көруге болады.

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері, кем дегенде, қола дәуірінен бері үздіксіз жалғасып келе жатқан саяси, этникалық, мәдени, рухани үдерістердің және мемлекеттілік дамуының заңды қорытындысы болып табылады. Міне, осы аталған тарихи үдерістер Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттарына жатады. Алдымен этникалық үдерістер жайлы айтып өтейін. Этникалық үдеріс дегеніміз – халықтың құралу, қалыптасу үрдісі. Қазақстан жерінде қола дәуірінің соңғы кезеңінен бері көшпелі мал шаруашылығы қалыптасқаны белгілі. Бұл этникалық үдеріс үшін қозғаушы күш болды. Осының нәтижесінде сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік дәуірлерінде этникалық үдерістер дамып, ортақ дін, ортақ тіл, ортақ сана-сезім қалыптаса бастады. Соның бір көрінісіне түрік дәуіріндегі үдерістер жатады. Түрік қағанатының тұсында оның құрамында болған халықтардың бәрі «түріктер» деп аталып кетті. Қазақты құраған тайпалар да жалпылама түрде түріктер деп аталады. Қазір де «түрік тектес», «түркітілдес» деп аталамыз. Түрік тілінің негізгі үш тілдік топтан: оғыз, қарлұқ, қыпшақ тілі топтарынан тұратыны белгілі. Қазақ тілі соның соңғысына кіреді. Өйткені Қазақстан аумағында ХІ ғасырдан бастап қыпшақ тайпаларының саяс­и белсенділігі артады да, саяси құрылымы қалыптасады. Қыпшақ хандығы бұрынғы аумақтағы этникалық үдерістерді одан әрі тереңдетеді. Халықтық үдеріс өз мәресіне біртабан жақындайды. Соның нәтижесінде қазіргі Қазақстан аумағы Дешті Қыпшақ деп аталынып, барлық тайпалары жалпы атаумен «қыпшақтар», мемлекеті «Қыпшақ хандығы» деген атауға ие болады. ХІІІ ғасырдың басындағы моңғол жаулап алушылығы қыпшақтардың саяси құрылымын жойғанымен, этникалық дамуын жоя алмады, тек уақытша тежей алды. Одан кейінгі этносаяси және рухани дамулар барысы моңғол тайпаларын қыпшақтардың арасына сіңістіріп жіберді. Ақырында жау­­лап алғаннан кейін бір ғасырдан астам уақыт өте келе, Дешті Қыпшақта моңғолдардан ешқандай із де қалмайды. Жаңадан қалыптасқан этноқауымдастық «қыпшақтар» немесе «өзбектер» деп атала бастады. Араб деректерінде соңғы атау жиі қолданылады. Алтын Орда оң қанат және сол қанат боп екіге бөлінгенде, «өзбек» атауы оң қанатқа қатысты, ал сол жаққа, яғни Қазақстан жағына қатысты «көшпелі өзбектер» атауы айтылады. Көшпелі өзбектердің өзі маңғыттар, шибандықтар, ордаежендіктер деп үшке бөлінген. Әбілқайыр хандығының ыдырауының бас кезінде одан алдымен маңғыттар бөлініп шығып, Ноғай ордасын құрады. Шибандықтардың өзі екіге бөлінеді. Бірі Иадгар ханды қолдаса, басым бөлігі Әбілқайыр хан жағында болады. Ал ордаежендік тайпалар болса Керей мен Жәнібек хандарды қолдайды. Көшпелі өзбектерден бөлініп шыққан осы топ Қазақ хандығының этникалық негізін қалайды.

Енді саяси алғышарттарға көшелік. Ең алдымен Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің және саяси дамулардың заңды қорытындысы болып саналатындығын жаңа айтып өттік. XV ғасырдың екінші ширегінде Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Әбілқайыр хандығы болғаны белгілі. Әбілқайыр хандығының сол кездегі ішкі-сыртқы саяси жағдайы, әсіресе көршілес Моғолстан, Мәуереннахр мемлекеттерімен, Сібір хандығымен, маңғыттармен жүргізген саяси қарым-қатынастары Қазақ хандығының құрылуына қолайлы саяси алғышарттар туғызған. Сөзіміз дәлелді болуы үшін мынадай жағдайды айтсақ та жетеді деп ойлаймын. Керей мен Жәнібектің Моғолстанға қарай жылжуына көшпелі өзбектер мен моғол билеушілері арасындағы сол тұстағы саяси жағдай тікелей әсер етеді. «Менің жауымның жауы маған жау емес» деген қағидаға сай, Қазақ хандығының негізін салушылар қалыптасқан саяси жағдайды шебер пайдаланып, Моғолстанның батысындағы Жетісу жеріне келеді. Ал не себепті Жетісудың батыс бөлігінде Қазақ хандығының туы желбірегенін біз Моғолстан мен Темір ұрпақтарының мемлекеті арасындағы қарым-қатынастардан көреміз.

Рухани алғышарттар ықпалының бір көрінісіне ислам дінінің сол кезде халықты біріктіруші рөл атқарғаны жатады. Ислам діні өз тотемдері (аң, құсты пір тұту) болған тайпалардың бәріне ортақ рухани кеңістікті, рухани құндылықтарды қалыптастырады. Соның нәтижесінде әртүрлі тайпалардан бір этноқауымдастық пайда болып, ол ұлттық мемлекеттің құрылуына алып келеді.








Date: 2015-07-27; view: 2468; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию