Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СӨЖ тапсырмаларының тақырыптары





Сабақтың тақырыбы СӨЖ тапсырмалары Әдбиеттер   Бақылау формасы Тапсыру мерзімі Мах балл Көлемі мен жұмысты орындау шарты
1. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер Глоссарилер жасау Әдебиеттер арнайы СӨЖ орындау әдістемелік нұсқауында көрсетілген Ауызша сұрау. Қысқаша глоссарий алу. 5 апта Қысқаша конспект 1 бет.
2. Антика мәдениеті Жазбаша жұмыс барысында тақырып бойынша резюме жасау. Әдебиеттер арнайы СӨЖ орындау әдістемелік нұсқауында көрсетілген Реферат 8 апта 2-3 беттік қысқаша мағлұмат дайындап, сұрақтарға жауап беру.
3. Дәстүрлі қазақ мәдениеті Тақырып бойынша маңызды тұстарынан конспекті, эссе жасау Әдебиеттер арнайы СӨЖ орындау әдістемелік нұсқауында көрсетілген Ауызша сұрау. Реферат 13 апта Мәліметтер жинап, талдау жасап, баяндама даярлау.

Қосымша; СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқау.

 

Ескерту. Білімгердің өзіндік жұмысы оқу процесіндегі маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Білімгерге берілген өзіндік жұмысты өз бетінше игеру, бағдарламалық материалдарды талдай алуынан мәдениеттану курсын зерттеу мен білудің маңызы ерекше. Сонымен қатар тақырыпты игеруде білімгердің қысқаша өзіне керекті мағлұматтарды жазып алуы, (мәселен идеология, билік жүйесіне қатысты) үлкен көмек болады. Осындай сарындағы мағлұматтарды қажетті кезде табу үшін оны білімгер арнайы дәптеріне бөлек орын алып жазып жүргені дұрыс.



Білімгер өзіндік жұмысты орындағанда баяндама мен рефераттар даярлау мен жазу да білімді бекітудің маңызды формаларының бірі болып табылады. Бұл жұмыстарды орындауда білімгерлер жаңа, құнды түрлі деректермен жұмыс жасауды және оларды іздеу, табу дағдысына үйретеді. Онымен қоса кітапханада ізденіс жасауға, материалдарды жинақтауға, талдау жасауға, сараптамалауға, қысқа әрі нұсқа түрде өз ойын жеткізе білуге баулйды.

Оқу процесі мен білімгердің өзіндік жұмысын жүргізу барысында сөздікпен жұмыс саясаттың, мәдениеттану ғылымының түрлі терминологиясын анықтап білу мен мәнін түсінуге, емтихан тапсырғанда көмектесуге, коллоквиумдар мен жазбаша жауап беруге ықпал етеді.

Ал практикалық сабақтардағы қолданылатын және білімгерлердің қатысатын мәдени ойын, диспут, пікір талас, талқылау, мәдени сараптама жасау сабақтары мен әдістері білімгерлердің шығармашылық ойлауымен, қоғамдағы түрлі салаларға өз білімін қолдануға, мамандығына қатысты пайдалануына ықпал етеді.

Жоғарыда көрсетілген тақырыптар және оған қосымша берілген СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқау негізгі тақырыптар болып табылады. Алайда білімгерлердің мәдениеттану пәнінен білімін тереңдету мақсатында және жоғары балл иемдену үшін оған қосымша білімгерлерге СӨЖ тақырыптары беріледі. Бұл тақырыптар ішінен үздік білімгерлер немесе СӨЖ бойынша жоғары балл жинағысы келетін білімгерлер арнайы өзі тақырып таңдап немесе оқытушыдан тақырып алып курсты игеру барысында өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі. Егер білімгер төмендегі тақырып ішінен СӨЖ жазса және ол жұмыс құнды деп табылса білімгер жоғары балды иемденеді.

 








Date: 2015-07-27; view: 147; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.005 sec.) - Пожаловаться на публикацию