Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ККККККККККККККККККапитал айналымы мен ауыспалы айналысы





Капитал ісінен алынатын салық корпорацияның бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады.

Капиталдың техникалық және экономикалық ескіруі. Амортизация. Амортизация (латын. amortisatio — өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл — жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. тозымпұл аударымының сомасы тозымпұл нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Тозымпұл бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі. Тозымпұл термині басқа мағыналарда да қолданылады: жеке адамның немесе ұйымның дүркіндік жарналар төлеу немесе міндеттемелерді сатып алу жолымен борышты бірте-бірте өтеуі; борышқорлық міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы, т. б. себепті оны жарамсыз деп тану; машиналарда, құрылғыларда - машиналардың конструкцияларындағы арнаулы қондырғылардың (тербелістерді өшіргіштердің), оларды салмақтан қорғайтын құрылғылардың көмегімен соққының, серпудің күшін жұмсарту, бәсендету.

Кәсіпкерлік сектор дегеніміз - елдің ішінде тіркелген барлық фирмалардың жиынтығы. Оның эконмикалық белсенділігі өндіріс факторларына сұраныс тудырғанда, игіліктерді ұсыну және инвестициялауға байланысты.

Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары.. Кәсіпкерлік дегеніміз- меншіктік және қарызға алынған қаржылар есебінен тауар өндіру және қызметтер көрсету үшін, осылардың негізінде пайда табу барысында шаруашылық ұйым құру. Кәсіпкерлікпен айналысатын адамды кәсіпкер деп атайды. Ол тиімді тәсілдерді амл ретінде таңдап ұйымдастырады, жаңалыққа жаны жақын, тәуекелшіл, іскер адам. Кәсіпкер үшін ең негізгісі- пайда табу. Кәсіпкердің пайдасы мен меншік иесі кірісі арасындағы айырмашылықтарды білуіміз қажет.Меншік иесінің табысының түрлері:А) дивиденд;ә) депозидтік процент;б) рента.Меншік иесінің белгілі бір білімі болмайды, бірақ ол өзінің қолындағысын жалға беру арқылы пайда табады. Ал, кәсіпкер үшін басты ақша емес, оның білімі, тапқырлығы болып табылады. Кәсіпкер тәуекелшілікке салынып, өзінің білімі арқасында өнім өндіріп пайда табатын адам. Сондықтан да кәсіпкер- нарықтың белсенді агенті, ал меншік иесі нарықтың пассивті агенті.Ұйымдасуына қарай кәсіпкерлік 3-ке бөлінеді:А) жеке-дара;ә) аралас;б) мемлекеттік.Меншік түрінің көптүрлілігі нарық экономикасын ұйымдастырудың шарты. Ол кәсіпкерлік формасының көптүрлілігін көрсетеді.Қазіргі кезде экономика капиталға деген жеке меншіктікті көрсетпейді, ол ұйымдық формасына көп көңіл бөледі. Сондықтан біз кәсіпкерліктің 2 формасын қарастырамыз:А) ұйымды-құқықтық;ә) ұйымды-экономикалық.Ұйымды-құқықтық формасына бастапқы кезде заңды түрде ұйымдасқан кәсіпкерлік қызмет жатады. Оның келесідей формалары бар:Жеке фирма;Серіктестік: толық, аралас, жауапкершілігі шектелген;Мемлекеттік кәсіпорындар;акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі).Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам.Серіктестік- жеке адам мен заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша бірге жауап береді.Акционерлік қоғам- бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам.Кооператив- бұл қоғам қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау.Мемлекеттік кәсіпорындар-бұл заңды, экономикалық дербестігі жоқ кәсіпорындар. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымды-экономикалық формасы дегеніміз- ұйымдасқан түрде қызмет жүргізу барысында кәсіпкерлердің арасындағы келісімдік кәсіпорындар. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:Картель- бұл баға жөнінде нарықта өнімді өткізу жөнінде бір саладағы кәсіпкерлер арасындағы келісім.Синдикат- бір саланың кәсіпкерлері арасында бәсекені жою мақсатында біріктіріп өнімдерін өткізу ұйымы.Концорциум- ірі қаржы операцияларын біріктіріп жүргізу мақсатында ұйымдастырылған кәсіпкерлер ұйымы.Концерн- көпсалалы акционерлік қоғам.

Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры – бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі-айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді. Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінде. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі – ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз етуКәсіпорын қорлары дегеніміз - кәсіпорынның материалдық игіліктерді өндірумен байланысты пайдаланатын барлық материалдық заттар мен ақша қаражаттарының жиынтығы. Кәсіпорын қорлары 2-ге бөлінеді: негізгі және айнымалы. Негізгі қорлар дегеніміз- кәсіпорынның өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қолданылатын өндіріс құралдары. Олар өздерінің құнын өндірілген өнімге тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп өткізіп отырады. Айнымалы қорлар-бұл өндіру кезінде толығымен тұтынылатын, өзінің құнын дацын өнімге бірден өткізетін еңбек заттары. Қорлардың ауыспалы айналымы дегеніміз- қорлардың біртіндеп 3 функционалды формасының 1-1-імен алмасуын қамтитын үздіксіз қозғалысын айтамыз. Ауыспалы айналым кезінде қорлар 3 сатыны қамтиды, яғни 1 формадан 2-ші формаға ауысуын көрсетеді.1 саты, қорлардың өндірістік формадан тауарлы формаға ауысуы.2 саты, тауар қорларының ақша қорларына ауысуы.3 саты, қорлардың ақшалай формадан өндірістік формаға ауысуы.

Ағазақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.

Қажеттілік: мәні, түрлері Қоғам алдындағы негізгі экономикалық мәселелер 2 экономикалық аксиома арқылы көрсетіледі: 1 Адам қажеттілігі шексіз және толығымен қанағаттандыру мүмкін емес; 2 Қажеттікті қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті ресурстар шектеулі және сирек кздеседі.Осыған байланысты жаңа экономикалық түсініктер пайда болады:Қажеттілік – бұл жеке адам мен қоғамның дамуына қажетті заттарға деген мұқтаждығы. Оның 2 түрі болады: жеке және өндірістік. Жеке қажеттіліктің өзі 3-ке бөлінеді:Материалдықрухани немесе мәдениәлеуметтік

Қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті заттарды игілік деп атайды. Оның өзі шектелген және шектелмеген болып бөлінеді.Шектелген игіліктер экономикалық игіліктерді көрсетеді. Сондықтанда оларды өндіру үшін факторлар қажет. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін қажетті факторларды ресурс деп атаймыз.

Қазақстан Республикасының салық және фискалды саясаты. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент. Салық жүйесі дегеніміз - мемлекеттегі алынатын салықтар, түсімдер, баж салықтары және т.б. төлемдер, оларды құрау формалары мен әдістерінің жиынтығы. Салық жүйесі белгілі бір заң актілері арқылы жұмыс істейді. Ол заңдарда салықты алу және құраудың нақты әдістері, яғни салық элементтері анықталады. Салық элементтеріне жататындар: салық субъектісі немесе салық төлеуші; салық алу объектісі; салықты алу көздері; салық ставкалары. Салық дегеніміз - мемлекеттік бюджетке адамдардың, кәсіпорындардың және мекемелердің міндетті түрде аударатын төлемі. Салық салудың нормасы - салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар: а) қатаң ставкалар- салық алынатын объектінің дифференциалдық деңгейіне, оның құнына байланыссыз бірдей көлемде салынатын ставка; ә) пропорциялы ставкалар – бұл табыстың көлеміне байланыссыз салық төлеудің бірыңғай проценті тағайындалған ставка; б) прогрессивті ставкалар- табыстың өсуімен көбейетін салық ставкасы; в) регрессивті ставкалар- табыстың өсуіне қарай салықтың орташа ставкасының төмендеуі.

Қазіргі кезде салықтардың маңызды ролі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Олар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші ролі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.

Қазіргі цикл туралы ілім Самуэльсон мен Хикстің іскерлік циклі ілімімен байланысты. Онда экономикалық цикл ұлттық кіріс пен тұтыну және капитал жинағының өзара әсері ретінде қарастырылады. Бұл байланыс тұрақты және мультипликатор мен акселератормен сипатталады. Мультипликатор капитал салымы өсімінен ұлттық кірістің қаншаға өсетіндігін өлшейді. Акселератор салым өсімінің ұлттық кіріс өсіміне тәуелділігін өлшейтін көрсеткіш.Цикл ЖҰӨ өсімінің қарқыны, сауда көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі сияқты экономикалық белсенділіктің әртүрлі көрсеткіштерінің тербелісінің жиынтығы.Экономикалық жүйе төрт фазадан тұратын циклда дамиды: жандану, өрлеу, жоғарғы шек, құлдырау. Құлдырау фазасында запастар жойылады, өндірістік инвестиция азаяды, еңбекке сұраныс кемиді, товар бағасының өсу қарқыны азаяды, пайда күрт кеми бастайды, несиге сұраныс азаяды, проценттік ставка төмендейді. Құлдыраудың максималды нүктесі рецессия мен депрессия.Өрлеу құлдыраудың айнадағы бейнесі сияқты, барлығы кері бағытта жүреді.Жоғарғы шекті нүкте іскерлік белсенділіктің шыңы, экономика максималды мүмкіндіктері шегінде қызмет етеді, инвестициялық және тұтынушылар шығындары өте жоғары, товарларға сұраныс та баға да өседіП.Самуэльсон бойынша циклдердің экон омикалық теориялары экстерналды және интерналды теорияларға жіктеледі. Экстерналдық теория бойынша циклдердің пайда болу себептері – сыртқы факторлардың әсер етуі, оларға соғыстар, төңкерістер, саяси оқиғалар, тұрғындардың миграциясы, ғылыми ашылымдар жатады. Интерналды теория бойынша циклдер ішкі факторлар себебінен пайда болады, яғни өндіріс құрылымындағы пропорцияның бұзылуы, ақша айналымы ауданындағы бұзылымдар, негізгі капиталдың көп жинақталуы.Мемлекеттік антициклдік реттеудің екі тәсілі бар: неокейнстік және неоконсервативтік (моне таристік). Неокейнстік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары болып табылады: жиынтық сұранысты өзгерту, мемлекеттік шығын дарды көбейту (қысқарту), салықтық жүйені өзгерту, жалақы деңгейін өзгерту. Неоко нсервативтік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары: ақша-несие саясатын өзгерту, ақша массасын өсіру, несие жүйесін өзгерту, пайыздық ставканы өзгерту.

Қоғамдық өндіріс құрылымы: материалдық және материалдық емес өндіріс.. Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның негізгі мәселесін құрайды. Қоғамдық өндіріс- адамзат баласының тіршілігінің негізін құрайтын материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестерін қамтиды. Қоғамдық өндірістің құрылымын 2-ге бөледі:Материалдық өндіріс материалдық игіліктерді өндіретін салалар (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы);материалдық қызмет көрсету салалары (көлік, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау, жөндеу)Материалдық емес өндіріс материалдық емес игіліктер өндіру(мәдени және ағарту салалары, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым);2.2.материалдық емес қызмет көрсету салалары (кеңестер беру, өнер). Материалдық өндіріс дегеніміз- материалдықигіліктерді өндіру саласы мен материалдық қызмет көрсету кәсіпорындары ның жиынтығы. Материалдық емес өндіріс дегеніміз - өндірістен тыс игіліктер өндіретін және материалдық емес рухани қызметтер көрсететін салалар мен кәсіпорындардың жиынтығы. Өндіріс дегеніміз- адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.. Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі- өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:а) субьективті,жеке факторлар немесе жұмыс күші; б) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек дегеніміз- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі. Жұмыс күші дегеніміз- адамның еңбек ету қабілеттілігі. Ал, заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен құралдарынан бастаймыз. Еңбек заттары дегеніміз- өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар: а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т.б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал. Еңбек құралдары дегеніміз- адамның өзі мен еңбек құралдары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы. Ол бірнеше түрге бөлінеді:а) аспаптар, машиналар, механизмдер; б) қаптау және таралық материалдар;в) өндірістік объектілер(өндірістік үйлер, ғимараттар, жолдар);г) жер;д)электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар. Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы. Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді.

Қоғамдық шаруашылық формалары. Қоғамдық шаруашылықтың 2 формасы бар: Натуралды шаруашылық- бұл адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдасатын шаруашылық. Бұл жүйе келесідей қасиеттерге ие: а) тұйық шаруашылық; ә) тікелей шаруашылық нысандары; б) әмбебап еңбек.Натуралды шаруашылыққа тән сипаттар: А) ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесәнің тұйықтығы; ә) Ерекшеленген түрлерге бөлуді жоққа шығаратын әмбебап қол еңбегі; б) өндіріс пен тұтыну арасындағы тура экономикалық байланыстар.Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасу кезеңінде туып, құл иеленуші мемлекеттерде үстемдік етті және феодалдық қоғамның басты қасиеттерінің бірін құрады.. Тауарлы шаруашылық- бұл пайдалы өнімдер рынокта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру-экономикалық қатынастар жүйесі. Мұндай жүйе оның ерекшеліктерін сипаттайтын белгілерге ие болады:А) ашық шаруашылық; ә) еңбекті бөлу; б)жанама шаруашылық байланыстар. Тауарлы өндірістің пайда блуының негізгі 3 шарты бар:А) қоғамдық еңбек бөлінісі: ә) тауар өндірушілердің жеке меншігінің пайда болуы;б) артық өнімнің пайда болуы. Тауар өндірісінің 2 түрі бар: А) жай тауар өндірісі; ә) капиталистік тауар өндірісі.

ҚР-ғы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, мәселелері.. Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет иелігіне алу, жекешелендіру процестерімен байланысты. Мемлекет иелігінен алу- мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шарралар жиынтығы. Жекешелендіру- мемлекет қарамағындағы кәсіпорындарды жеке меншік компанияларға айналдыру.Жекешелендіру формалары:А) мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жалға беру;ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу;б) мемлекеттік меншік объетілерін концессияға беру;в) мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру;г) еңбек ұжымының мүшелеріне сату;д) адамдарға аукциондық және конкурстық әдіс арқылы сату.Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесін 4 кезеңге бөліп қарауға болады: І-ші кезең 1991-1992 жылдар арлығын қамтиды. Бұл кезеңде мемлекеттік орталықтандырылған –жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымды реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік меншігіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату.ІІ-ші кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Жекешелендірудің 2-ші кезеңінің негізгі мақсаты- мемлекеттің республика халқына ұлттық мүлікті өндіріс объетілері мен басқа да мемлекетке тиесілі материалдық және материалдық емс активтерді өтеусіз және өтеуімн өткізіп беру жолымен қайтаруды процесіндегі меншік құқықтарының дербестенуі негізінде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуге қажетті жағдай жасау болып табылады.ІІІ-ші кезеңі 1996-1998 аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы 246 Қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылады.3-ші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекшелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып табылады.ІҮ-шікезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы 683 қаулысымен бекітілген “1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты- жекелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру, есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаранттық негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету.

ҚР-да экономикалық өсудің жағдайлары мен факторлары Экономикалық өсу дегеніміз - белгілі бір мерзімде елдегі шығарылатын тауарлар мен қызметтер көлемінің өзгеруі. Ол мемлекеттік саясаттың әлеуметті-экономиклық мақсаттарының бірі. Оны процентпен немесе салыстырмалы көлемде былтырғы жылмен салыстыру арқылы анықтауға болады.Экономикалық өсуге келесідей фокторлар әсерін тигізеді:а) ғылыми-техникалық прогресс; ә) демографиялық өзгерулер; б) табиғи ресурстар көлемі; в) әлеуметтік факторлар.Экономикалық өсу- экономиканың дамуын көрсетеді. Бұл кезде ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсуі қалыптасады.Экономикалық өсу параметрлері, оның динамикасы экономиканы мемлекеттік реттеуде, ұлттық шаруашылық дамуын мінездеу үшін қолданылады. Экономикалық өсу, оның шаруашылық потенциалына ғана емес, сонымен қатар сыртқыэкономикалық және сыртқы саяси факторларға да байланысты.Экономикалық өсудің 2 типі бар:

ММММММММММММММакроэкономика – ұлттық экономиканың негізі Макроэкономика дегеніміз - ұлттық өндіріс көлеміндегі күрделі мәселелерді зерттейтін экономиканың күрделі бөлімі. Макроэкономика баға мен жалпы жұмыссыздықтың деңгейін, жалпы тұтыну мен инвестицияларды, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын және ұлттық экономика жағдайының өзгеру заңдылықтарын қарастырады.

Макроэкономика ілімі ХХ ғасырдың 30-шы жылдары өз алдына экономика ілімінен бөлініп шықты. Бұл бөлімнің Дж. Мейнард Кейнс қалады. Ол 1936 жылы “Жұмысқа тарту, процент және ақшаның жалпы теориясы” деген еңбегін жазады. Өз еңбегінде ол тұтыну мен өндіріс көлемі, инвестицияның өсуі мен кемуі арасындағы байланысты, мемлекеттің экономикаға араласуын қарастырады. Кейнс мектебінің экономистері ақша-несие саясатын қолдану арқылы ақша ұсынысына бақылау жүргізуге болатынын дәлелдеді.Макроэкономикалық көзқарас бойынша ұлттық шаруашылық 4 экономикалық субьектіні қарастырады: 1) үй шаруашылығы секторы;2) кәсіпкерлік сектор;3) мемлекеттік сектор;4) шекарадан тыс шетелдік сектор.

Макроэкономикалық деңгейде экономикалық өсу динамикасының көрсеткіштері болып саналады:

мемлекет белгілеген механизм бойынша халықтың табысын индексациялау; жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік қорғау;

Мемлекеттік бюджет пен салық скавкаларының арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі “Лаффердің қисық сызығы” деп аталады. Болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін арттырады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана тиімді болады.

Мемлекеттік сектор дегеніміз - барлық мемлекеттік институттар мен бөлімшелердің жиынтығы. Оның экономикалық белсенділігі сатып алу, салық салу және ақшаны ұсынудан көрінеді.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні мен мақсаттары.1. Адамның экономикалық іс-әрекеті өз өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін материалдық база құруға мақсатталған. Адамдар экономикалық қызмет кезінде өзара тығыз байланыста болғандықтан, олардың өмір сүру жағдайы 1-1-іне әсерін тигізеді. Сондықтанда әрбір адамның өмір сүруіне ыңғайлы жағдай жасау талап етіледі. Осы көрсетілген қызмет әлеуметтік саясат болып табылады. Әлеуметтік саясат дегеніміз - жеке индивидтердің өмір сүруі үшін ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етуде мемлекеттің жүргізетін іс-әрекеті.Әлеуметтік саясаттың 2 жақты рөлі бар: 1-ден, ол экономикалық өсуге байланысты құрылған ұлттық байлық азаматтар үшін ыңғайлы әлеуметтік жағдайларды құрудағы экономикалық қызметтердің басты мақсаты;2-ден, әлеуметтік саясат - экономикалық өсу факторы.

Мемлекеттің экономикалық қызметтері І.Мемлекеттің экономикалық қызметі Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;2) монополиялық қызмеггі шектеу және бәсекелестікті қорғау; 3)табыстар мен байлықты қайта бөлу;4) экономиками тұрақтандыру;5) ресурстарды қайта болу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы" категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалык өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.

Менешік құқықтарының айрықшалануы-бұл меншіктің объектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау. Меншік субъектісінің 3 негізгі құқықтары бар:А) иелік ету ә) пайдалану; б) билік ету Меншік теориясы. Экономикалық меншіктің көптүрлі формалары. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:.1 Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару 3Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.6. Табысты бөлу әдістері. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша): 1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады. Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды.

Меншік объектілері мен субъектілері. Жалпы меншіктің субъектері бір-бірімен иемденушілер болып қатынасқа түседі. Бұл жағдайда жеке иемденудің негізгі формасы бөлуге көшеді. Бірақ осы процеске меншіктің формасы өзгешелік енгізеді. Егер бұл жеке меншік болса, онда айналым арқылы иемделініп қойған қосымша өнім бөлініске түседі. Бөлудің өлшемінің қызметін капитал атқарады: субъектінің жалп табыстағы үлесі, оның индивидуалдық капиталының салымының мөлшері мен белгіленеді.Қоғамдық меншіктің субъектерінің осы меншікке құқықтары тең болады. Осы жағдай табысты бөлу принціпін белгілейді. Бұнда бөлудің өлщемі қызметін еңбек атқарады. Бөлудің мына принципі жүзеге асырылады: еңбек адамдар өмірінің негізі, сондықтан бөлу еңбекке сәйкес жүргізілу керек. Бұнда айналым арқылы жүзеге асырылатын иемдену, иемденудің екінші дәрежелі, туынды формасы болып табылады.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

меншікке және одан түскен табысқа иелік ету.

Монополистік, жетілмеген бәсеке Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.

Нақты ЖҰӨ. ЖҰӨ-ді 3 әдіс бойынша есептеуге болады:а) ұлттық экономиканың барлық саласындағы қосымша құн бойынша;ә) шығындар бойынша;б) табыстар бойынша.в) Жиынтық ішкі өнім- бұл белгілі бір елдің ішіндегі өндірістік қызмет нәтижелері немесе ұлттық ерекшеліктеріне байланыссызбелгілі мемлекет территориясында қалыптасқан кәсіпорындарда өндірілген өнімдер мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны. Оны есептеу кезінде трансферттік төлемдер мен өндірістік емес мәмілелер кірмейді. ЖІӨ = ЖҰӨ - трансферттік төлемдер.г) Таза ұлттық өнім дегеніміз- жеке тұтыну заттары мен өндірісті ұлғайтуға қажет өндіріс құрал-жабдықтары немесе ағымдағы жылы жұмсалған еңбек нәтижесі.ТҰӨ= ЖҰӨ- амортизациялық аударымдар.д) Ұлттық табыс дегеніміз- 1 жылда өндірілген өнімдердің нарықтық құндарының жиынтығы.ҰТ= ТҰӨ - жанама салықтар.

НННННННННННННННННарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсныс, баға, бәсеке Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады:1-ден, нарық- сұраныс пен ұсыныс қатынастары немесе сатушы мен сатып алушылардың өзара қатынастары;2-ден, нарық- бұл тауарлар айырбасы қатынастарының жиынтығы, тауар өндірісі мен айналым заңы бойынша ұйымдастырылған айырбас;3-ден, нарық- тауар мен ақша айналымы қатынастарының жиынтығы;4-ден, нарық-өнімді өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын елдер арасындағы және елдің ішіндегі айырбас сферасы.Осы аталған рыноктың механизмдерінің негізгісі болып сұраныс, ұсыныс және баға табылады.Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.Сұраныс заңы:А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып табылады.Сұраныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруі нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының санындағы өзгерістер. Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып табылады, ал сұраныстың өзгерун қамтамасыз ететін бағалық емес факторлар болып табылады.Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді. Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:а) баға;ә) бағалық емес фактрлар.Басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда, тауардың бағасының өзгеруі сұраныс деңгейін өзгертеді және ұсыныс қисығын өз бойында жылжытады. Егер де баға өсетін болса, онда ұсыныс деңгейі де өседі, керісінше баға төмендейтін болса, онда ұсыныс деңгейіде төмендейді.Баға тұрақты болған уақыттағы басқа факторлардың өзгеруі ұсынысты өзгертеді және қисықты бір жерден екінші жерге көшіредіНарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.Нарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бәсеке.Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:а) жетілген бәсеке ә) жетілмеген бәсеке.Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды.

Нарық экономикасы кезінде әлеуметтік саясатты жүргізу табысты құру және халықты жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау механизмдері арқылы жасалады.

Нарыққа өту кезінде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік кепілдіктер маңызды орын алады. Ондай кепілдіктерге жататындар:

Нарықты экономиканың ауытқымалы дамуы Нарық экономикасы дегеніміз- сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен реттелетін, тауарлар мен қызметтер айырбасының баламасымен, шаруашылық есепке, кәсіпкерлік қызметке негізделген экономика.Нарық экономикасының артықшылықтары:ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі; 2) өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді; 3) тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрект ету бостандығын қамтамасыз етеді; 4) ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары, әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі.Нарық экономикасының кемшіліктері:1) табыс алуға кепілдік бермейді;2) толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;3) қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталандырады;5) ұжымдық пайдаланатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.Нарықтық экономикадағы табыстар. Табыстарды бөлудегі теңсіздік (Лоренц қисығы, Джини коэффициенті).Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады.Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады.

Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері мен эволюциясы. Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар: өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі. Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес. Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Негізгі және айнымалы капитал Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді.Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады. Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Айналым қорлары мен айнымалы қорлар әрбір айналым сайын жаңарып отырады. Олардың арасындағы тығыз байланыс бар – айнымалы қорлар өндіру процесі кезінде айналым қорларына (дайын өнімге, одан кейін ақшалай қаражаттарға) айналады, және керісінше, өнімдерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар айнымалы қорлардың элементтеріне – шикізатқа, отынға және т.с.с. айналады. Осыған орай айнымалы қорлар мен айналым қорларына салынған ақшалай қаражаттар айнымалы құралдарға бірігеді.Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді. Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады. Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттілік, материалдық игіліктер және қызметтер, экономикалық ресурстар Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.

Негізгі және айнымалы факторларды қолданудыжоғарлату;

Несие және оның қызметтері Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.Несиеніңэкономикадағы орыны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:қайта бөлу;айналыс шығындарын үнемдеу;айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;капиталдың шоғырлануын жеделдету;ғылыми-техникалық прогресті жеделдету.Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Oл нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражатгардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланадыАл, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстагы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметтің іске асу үдерісінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несйелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенін, бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына жене телем айналымына да ықпал етеді.

Номиналды ЖҰӨ;

ӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨӨндіріс және ұдайы өндіріс Өндіріс – қоғам мүшелерінің пайдалы өнім жасау қызметі және соның ілеспе нәтижесі ретінде табиғи ресурстарды түрлендіруі. Өндіріс қоғамда толып жатқан элементтер мен факторларды (ресурстарды) қамтитын белгілі бір өндіргіш күштердің жұмыс істеуін көздейді. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында дәстүрлі түрде жұмыс күші (өзіндік немесе адам факторы) және өндіріс құрал-жабдығы (заттық немесе материалдық фактор) өндірістің басты факторлары болды.

өндіріс нәтижесі(өнім)

өндіріс тиімділігін оның ең жақсы ұйымы есебінен жоғарлату.

Өндіріс факторлары және факторлық табыстар Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі. Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар. Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет. Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірісті

Date: 2015-07-22; view: 1091; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию