Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Экономикалық ауытқу және оның құрамы





Экономикалық ауытқуларды реттеу Циклдік ауытқулар себептері әр түрлі көзқарастар мен реттеу проблемаларын туғызады. Тұтастай алғанда реттеудің:неокейнсиандік және неоконсервативтік екі бағыты бар.Неокейнсиандық бағыт - жиынтық сұраныс бағдарлану болып саналады, мақсаты – тұтастай түрде шаруашылық реттеу (макроэкономика), реттеуде басымдықтар – салық – бюджет және несие – ақша саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды ынталандыру. Неоконсерватизмнің белгілері – ұсынысқа бағдарлану, мақсаты – жекелеген фирмалардың қызметі үшін ынта туғызушы (микроэкономика), реттеуде басымдықтар –несие –ақша және салық — бюджет саясаты, мемлекеттің рөлін бағалауды шектеу. Экономикалық конъюнктураны жақсарту кезінде мемлекет, салық – бюджет және несие – ақша саласындағы қайшылықты шараларды, яғни салық ставкасының көтерілуін, мемлекеттік шығындардың қысқаруын, амортизациялық аударымдарды шектеу мен ұстамдылық саясатын жүргізеді.Несие – ақша саясаты несие бойынша пайыздық ставка, банктердің несие ресурстарының және инвестициялардың қысқару элементтеріне ие бол ады.Тұтастай алғанда,циклдік ауытқулар ретке келтіру, мемлекеттік саясат, экон омикалық құлдырау кезіндегі бүкіл шаруашылық процестерінің белсенділігін арттыруға бағытталған қайшы әрекет ету саясаты ретінде көрінеді. Бұны ХХ ғасырдың 80 – ші жылдарының соңындағы КСРО – нің экономикалық дамуынан байқауға болады. Мемлекеттік экономикалық саясат циклдің барысына әсерін тигізеді және оны модификациялайды. Циклдердің тиімді реттегіштерін сәтті қолдану кезінде онша терең ауытқулар болмайды, ұлттық өнім шығындары қысқарады, ал цикл сатыларының (фаза) ауысуы көбірек болжап білетіндей жағдайға айналды.

Экономикалық ауытқулардың себептері: сыртқы және ішкі П.Самуэльсон б/ша циклдер дің экономикалық теориялары экстерналды және интерналды теорияларға жіктеледі. Экстерналдық теория бойынша циклдердің пайда болу себептері – сыртқы факторлардың әсер етуі, оларға соғыстар, төңкерістер, саяси оқиғалар, тұрғындардың миграциясы, ғылыми ашылымдар жатады. Интерналды теория бойынша циклдер ішкі факторлар себебінен пайда болады, яғни өндіріс құрылымындағы пропорцияның бұзылуы, ақша айналымы ауданындағы бұзылымдар, негізгі капиталдың көп жинақталуы.Мемлекеттік антициклдік реттеудің екі тәсілі бар: неокейнстік және неоконсервативтік (монетар истік). Неокейнстік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары болып табылады: жиынтық сұранысты өзгерту, мемлекеттік шығындарды көбейту (қысқарту), салықтық жүйені өзгерту, жалақы деңгейін өзгерту. Неокон сервативтік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары: ақша-несие саясатын өзгерту, ақша массасын өсіру, несие жүйесін өзгерту, пайыздық ставканы өзгерту.

Экономикалық ауытқулардың түрлері. Қысқамерзімдік /Китчин/, ортамерзімдік /Жуглар/, ұзақмерзімдік /Кондратьев/ П.Самуэльсон бойынша цикл дердің экономикалық теориялары экстерналды және интерналды теорияларға жіктеледі. Экстерналдық теория бойынша циклдердің пайда болу себептері – сыртқы факторлардың әсер етуі, оларға соғыстар, төңкерістер, саяси оқиғалар, тұрғындардың миграциясы, ғылыми ашылымдар жатады. Интерналды теория бойынша циклдер ішкі факторлар себебінен пайда болады, яғни өндіріс құрылымындағы пропорцияның бұзылуы, ақша айналымы ауданындағы бұзылымдар, негізгі капиталдың көп жинақ талуы.Мемлекеттік антициклдік реттеудің екі тәсілі бар: неокейнстік және неоконсервативтік (монетар истік). Неокейнстік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары болып табылады: жиынтық сұранысты өзгерту, мемлекеттік шығын дардыкөбейту(қысқарту),салықтық жүйені өзгерту, жалақы деңгейін өзгерту. Неоконсервативтік көзқарас бойынша мемлекеттің әрекет етуші құралдары: ақша-несие саясатын өзгерту, ақша массасын өсіру, несие жүйесін өзгерту, пайыздық ставканы өзгер ту.

Экономикалық ғылым дамуының сипаты және даму кезеңдері. Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонттың, Платонның, Аристотельдің және басқа ежелгі ойшылдардың еңбектерінен табамыз.Ксенофонт (б.э.д. 445-335 жж.) «Экономия» деп аталатын (гректің «ойкос» -шаруашылық және «номос» заң деген сөздерінен шыққан) құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару құралын жасады. Оны «үй салу» яғни, үй шаруашылығын басқару өнері (заңдары) деп те аударуға болады. Ол экономия - бұл оның көмегі арқылы өзінің шаруашылығын байытуға болатын ғылым деп жазды.Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы мен біртұтас мемлекеттік шаруа шылықты жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда болды. «Ойкономия» түсінігі саяси экономияға айналды. «Саяси экономия» түсінігінің өзі алғаш рет француз экономисті Антуан Монкретьеннің (1575-162жж.) «Қоғамдық шаруашылықтың заңдары» («Саяси экономияның трактаты») деп аталатын еңбегінде қолданылған. «Политейя» - грек тілінде «қоғамдық құрылыс» немесе «қоғамдық ұйымдастыру» деген мағынаны білдіреді.Саяси экономия қоғамдық шаруа шылықтың заңдары туралы ғылым болып қалыптасады.Жаңа ғылым атау алып ұзақ уақыт нақты кесілген пәнге ие болмады. Онымен де «таза» экономисттер айналыспады. «Саяси экономия» өзінің пәнін капитализмнің дүниеге келуімен кескіндейді (16ғ. соңы - 17ғ. басы). Буржуазия ең алдымен өндірісте емес байлықтың бейнесі болған алтын операцияларымен және саудамен айналысатын айналым сфера сында әрекет етеді.Сондық тан алғашқы экономикалық ғылым ретінде меркан тилизм пайда болды (итальян тілінде mегсапtе - саудагер). Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм. Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайда лылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруа шылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау. Нео классикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді. Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады. Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Экономикалық жүйелерді жіктеп анықтау /дәстүрлі, әкімшілік-әміршілік, аралас, нарықтық/. Экономикалық жүйе — бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін: елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;меншік құрылымы; ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер; мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:Шаруашылық құрылымы — бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.Әкімшілік (ұйымдық) құрылым — лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әр түрлі сипатқа ие болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Бір елде бірнеше сипатты бір мезгілде қатар орын алуы мүмкін. Бұл жағдай экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі. Осылайша, егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі жүруде деп білеміз. Керісінше, жеке шаруашылықтық сипат алғы кезекке шықса, орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады.Қазіргі заманғы әлем әрқасысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қандай да бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист өзінше түсінетін болғандықтан, олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экономикалық жүйелерді классификациялаудың кейбіреулерін қарастыралық.I. Формациялық көзқарас — Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды.Алғашқы (архаистік) құрылыс — алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген «шығыстық қауым».Экономикалық оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру мен қорғаныстың қажеттігі өз қолына әскери және экономикалық билікті біріктіріп ұстаған деспоттық мемлекеттердің туындауына әкелді, яғни олар жерге меншікті тартып алып, рента, қосымша өнімді және т.б. иемденді. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген халықтарға болғанмен, ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді (XX ғ. басына дейін). Оның ұзақ сүруінің себебі — суармалы жер шаруашылығымен айналысатын қауымның сақталуы.Азиаттық өндіріс әдісінің мәселесі соңғы екі жүз жыл бойы пікірталасты тақырып болып қалуда.Екінші ірі формацияны Маркс екінші реттік, яғни жеке меншікке (құлдық, басыбайлылық, капитализм) негізделген деп атады.Үшіншісі — жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Маркстің пікірі бойынша, коммунизм дәуірі «оңшыл гуманизм» дәуіріне дейін өсуі керек деп тұжырымдайды. Әкімшіл-әміршіл экономика классикалық саяси-экономикалық еңбекқұн теориясына негізделген. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізгі — мемлекет меншігі, себебі бәрі мемлекет қолында. Сол себептен сол кезде қоғам дамуы бюрократия, монополия (бір сатушы) қолында болады. Мемлекеттендіру жоғары қарқынмен жүргізілді.Нарықтық экономика – экономикалық, адамның еркіндігі әркім өзі, жекеменшік қатынастары табысқа, пайдаға ие болу. Бәсекелік орын алды.

Экономикалық категориялар мен заңдар. Экономикалық заң дегеніміз қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланыстары. Олар өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму заңдары. Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының, ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады. Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік.Экономикалық заңдар адамдардын іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы) адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді. Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік, ұзак мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық хал-ахуалдық процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды. Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады. Осыған байланысты сұрақ туады — адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп экономикалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономикалық құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғамсаналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады. Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономиқалық категорияларды зерттейді. Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы, несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б. Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам өмірін талдауда, жүйелік әдіс қолдану керек жағдайда, барлық заңдар маңызды, өзара байланысты болады. Тек бір ғана заңды пайдалануда болған қателікті барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдағы тепе-тендікті жояды. Экономикалық ғылым, жалпы жүйедегі экономикалық заңдарды ерекше және жалпы экономикалық заңдар деп, ірі топта бөледі. Ерекше экономикалық заңдар — бұл шаруашылықтың нақты тарихи формасының даму заңдары. Жалпы экономикалық заңдар — бұл барлық тарихи дәуірле тән заңдар, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады. Экономикалық заңдар өздері, өз алдына әрекет ете алмаған экономикалық прогресс өзімен-өзі, өз алдына жүріп отырмақ Бұл үшін адамдардың, олардың қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеті қажет.

Экономикалық өсу және оның өлшемдері Өздігінен экономикалық өсу қарама-қайшылықтарға толы. Сөйтіп өндірістің және материалды игіліктердің тұтынуының ұлғаюын олардың сапасы мен өмір сүру жағдайының нашарлануының, тазартқыш құрылғыларды үнемдеудің арқасында жүзеге асыруға болады, ал өндірістің уақытша өсуіне ресуртарды жемқорлықты пайдаланудың нәтижесінде жетуге болады. Мұндай өсу не тұрақсыз, не мүлдем мәнсіз болып келеді. Сондықтан экономикалық өсу әлеуметтік тұрақтылық пен оптимизммен үйлескенде мән-мағынаға толы болады. Мұндай өсу бірқатар салмақталған мақсаттарға жетуді көздейді: өмір сүрі ұзақтығын көбейту, ауыруға шалдығу мен жарақаттану, мертігуге ұшырауды төмендету, білім беру менмәдениет деңгейін жоғарлату, қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мен тұтынудың рационалдылығы, әлеуметтік тұрақтылық пен өз келешегіне деген сенімділікті арттыру, кедейшілік пен өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашалықтарды жеңу, максималды жұмысбастылыққа жету, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті жоғарлату, қылиысты төмендету, т.с.с. Экономикалық өсудің жолдары – бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолы. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысты. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастардың кейінгі дамуында болдырмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы боынаша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бқұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады. Экономикалық өсу – уақыттың белгілі бір кезеңіндегі қоғамдық өнімді сандық және сапалық жетілдіру болып табылады /1/. Экономикалық өсу уақыттың әрбір берілген бөлігінде ресурстар шектеулігінің мәселелерін шешуді белгілі бір дәрежеде жеңілдетуді және адам қажеттіліктерінің неғұрлым кең шеңберін қанағатттандыру мүмкіндігін білдіреді.

Экономикалық өсу қарқындары Экономикалық өсу түрлері мен жағдайлары Қазақстанда дәл мұндай көрініс байқалмаса да, көпшілік дағдарыстың салқыны сезілгенін жасырмайды. Қаржыгер Григорий Марченконың пікірінше, бұл дағдарыс өткен жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан экономикасына өзінің әсерін тигізіп келеді.– Әрине, АҚШ пен Ұлыбританиядан басталған әлемдік қаржы дағдарысын жоққа шығару мүмкін емес. Бірақ бұл әсердің салдары әлі сезілмей тұрған шақта шетелдік қаржы институттары Қазақстандағы табысы тұрақты құралдар нарығынан 7 миллиард долларын алып кетті. Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді мүдделері тұрғысынан қарасақ, дағдарыстың биыл емес былтыр басталғаны біз үшін сәтті болды. Сондықтан бізде бір келеңсіз үрдіс екінші үрдістің үстіне келген жоқ. Бұл спекуляциялық қаржы үш айдың ішінде Қазақстаннан кетті. Соның нәтижесінде дағдарыстың бізге әсер ететіндей тетіктері қалмады, – дейді Г.Марченко.
Қазақстанға келген дағдарыстың соншалықты қауіпті емес екенін елімізге келетін тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің айтарлықтай қысқара қоймағанынан да байқауға болады. Отандық қаржы мамандары да әзірге шикізат нарығына қатысты ұзақ мерзімді жоспарларымыздың орындалуын оң бағалап отыр. Ал отандық «KASE» акциялар нарығы, негізінен, соңғы жылдары біздің банктер мен компаниялардың өз акцияларын Лондон биржасына орналастыруы есебінен ғана ақырындап дамып келген. Осы орайда оның соншалықты дамымағанының арқасында бізде Ресей мен ТМД-дағы басқа елдермен салыстырғанда дағдарыстың салқыны онша сезілмеген сыңайлы. Қазақстан экономикасы соңғы жеті жыл бойы біз үйренген қарқынын аздап жоғалтса да, қалыпты өсуін әлі жалғастырып келеді. Дамыған елдерде байқалып отырған рецессия жағдайында біздегі соңғы тоғыз айдың көрсеткіштері жаман емес. Марченконың пайымдауынша, шикізат тауарлары бағасының түсуі де дағдарыс келді деген сөз емес. Алдымен бұл бағаның қаншалықты түсетіні мен төменде қаншалықты ұзақ уақыт болатынын түйсіну керек. Өйткені Қазақстан үкіметі шикізат бағасы қатты түсіп кеткен жағдайда өзімізді асырайтындай қауіпсіздік шарасы ретінде дәл осындай жағдайдың алдын алу үшін осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлттық қор құрған болатын. Шикізат арзандаған жағдайға тап болғанда Ұлттық қордан кері трансферттер басталып, ол қаражат бюджеттегі әлеуметтік бағдарламаларды қамтамасыз етуге жұмсалады. Айтпақшы, әлі аяқталмаған 2008 жылдың орташа көрсеткіштеріне қарасақ, әзірге мұнай бағасы жоғары болып тұр. Соның арқасында қазір мемлекет қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қорымызды ұлғайтуға күш салуда. 2009 жылы не болатынын білмеймін. Егер бірнеше күн, тіпті апталар бойы мұнай бағасы барреліне 70 доллардан төменге түсіп кетсе де, біз үшін қорқынышты ештеме жоқ. Ал егер мұнай бағасы барреліне 30 доллардан төмен көрсеткішке түсіп, сол деңгейде қатарынан екі жыл бойы сақталса, сонда ғана бұл Қазақстан үшін маңызды тақырыпқа айналады. Бірақ мұндай жағдайдың болуы екіталай. Айтпақшы, 1998 жылы біздегі кейбір мамандар мен журналистер мұнай бағасы ешқашан да барреліне 20 доллардан аспайды деген болатын. Қазір олардың қаншалықты қателескенін көзіміз көріп отыр. Біздің адамдар нарықтағы уақытша ауытқуларға жылдам сенеді. Жазда мұнай бағасы 147 долларға жеткенде мүлдем қажетсіз эйфорияға шалдығып, бөркімізді көкке аттық. Содан кейін мұнай 60 долларға түскенде тура жаңағыдай қажетсіз пессимизмге бой алдырдық, – дейді Григорий Марченко.Сондай-ақ дәл қазір Қазақстанда девальвация болатындай ешқандай себеп жоқ көрінеді. Өйткені соңғы 14 ай бойы теңгенің долларға шаққандағы бағамы тұрақты болып келеді. Ал Ұлттық банктің алтын-валюталық қоры осы мерзім ішінде айтарлықтай өскен екен. Осыдан 10 жыл бұрын, 1998 жылы Ресейде дефолт болып, шетелдік инвесторлар қазіргідей дамушы нарықтардан тобыр-тобырымен қаша бастағанда мұнай бағасы барреліне 10 доллар болып тұрды. Елде астық шығымы соңғы 30 жылдың ішіндегі ең төмен көрсеткішті құраған. Бірақ Қазақстанның ішкі жалпы өнімі бар-жоғы 1,7 пайызға ғана қысқарды. 1999 жылы ішкі жалпы өнімнің көрсеткіштері өсіп, 2000-2007 жылдар аралығында аса жоғары қарқынмен көтерілгенін ескерсек, еліміз бұл дағдарыстан да көп шығынсыз құтылады деп үміттенеміз

Экономикалық өсу үлгілері Өндіріс қарқынын өсіруге қол жеткізу үшін экономикалық өсудің әр түрлі үлгілері құрылды. Экономикалық үлгі -. Бұл Басты факторларды есепке алатын және екінші реттіктерден босатылатын оңайтылған теориялық схема
Экономикалық өсудің алғашқы үлгісін 1758 жылы француз ғалымы Ф. Кенэ өзінің «Экономикалық кесте» деген енбегінде көрсетіп берді. Ол экономикалық ілімде алғашқы ретте қоғамдық өнімге заттай және құн формасында баланс жасады. Мұнда ол жай қоғамдық ұдайы өндірістің жиынтық өнімі белгілі құнмен қоғамда қалай бөлінетіндігін көрсетті. Ф. Кенэ қоғамдағы ұдайы өндіріс байланысының түп тұлғасын жасады және ұдайы өндіріс ұғымын алғашқы болып енгізді.
Экономикалық өсудің екінші үлгісін жасап, барынша терең әрі жан-жақты талдаған адам К.Маркс болып табылады. Ол қоғамдық құрылысты екі топқа бөледі: біріншісіне - материалдық игіліктер өндіретін сала (оған жататындар-өнеркәсіп ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласы), екіншісіне-денсаулық сақтау, мәдениет және адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін басқа да маңызды салаларын жатқызады. Сонымен қатар, К Маркс қоғамдық өндірісті екіге бөледі. Бірі өндіріс құрал- жабдықтарын өндіретін сала, екіншісі-тұтынатын тауарлар

Экономикалық теорияның пәні Экономикалық теория – қоғамдық ғылым. Ол, басқа да ғылымдармен қатар, қоғамдағы адамдар арасындағы іс-әрекеттердің өзара байланыстарын және қарым-қатынастарын зерттейді. Сонымен қатар, әлеуметтану және философия пәндерінен айырмашылығы, қоғамды бүтіндей қарастырмайды, тек қана оның экономикалық саласын, яғни шаруашылық байланыстар мен адамдардың экономикалық іс-әрекетін қарастырады. Нақтылай айтсақ, экономикалық теория, экономиканы ұйымдастыру және реттеу, баға белгілеу және ақша табыстары, өндіріс үрдісіндегі өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қарым-қатынастарын реттеу мәселелерін шешумен айналысады. Осы сұрақтардың барлығы, яғни экономикалық мәселелердің басты көрсеткіші болып табылатын - өндіріс шығындарын аз жұмсау арқылы, игіліктердің санын жеткілікті өндіру мәселесінің негізі болып табылады.Адамдардың қажеттілігі қай игіліктерге болсын шексіз, ал осы игіліктерді жасауға қажетті РЕСУРСТАР шектеулі. Осыдан шығатын қорытынды – материалдық игіліктер өндірісіндегі шектеулі ресурстарды тиімді қолдану арқылы адамдардың қажеттілігін толық қанағаттандыруға бағытталған нақты жолын іздестіру болмақ. Бұл экономикалық теория пәнінің негізін құрайды. Экономикалық теорияның негізгі қызметтері Экономикалық теорияның негізгі 4 қызметтерін бөлуге болады (1.3 – сурет). Мұның ішіндегі ең біріншісі – танымдылық қызметі: бұл қоғамдағы экономиканы зерттеу мен мәнісін түсіне білу және алған білімін ТЕОРЕТИКАЛЫҚ түрде, яғни жалпы және жүйелі түрде көрсете білу. Екінші қызметі –әдістемелік. Бұл барлық экономикалық ғылым жүйесіне арналған теориялық және әдістемелік базаларында қызмет істейді.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Экономиканы ғылыми зерттеу әдістері. Экономикалық динамиканы және статиканы зерттеу мен талдаудың екі амалы қалыптасқан: зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізу және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу. Кеше ғана ұдайы өндірістік бағыт экономикалық өсудің марксистік теориясы деп, ал экономикалық өсу бағыты-ұдайы өндірістіктің біршама, буржуазиялық теориясы деп тұжырымдалатын.Зерттеудің осы екі бағыттарының екеуінеде ортақ қасиеттері және олардың айырмашылықтарын сипаттайтын қасиеттері болады. Оларды зерттеуде өндіріс құрал-жабдықтары, жұмыс күші, жұмыс және бос уақыт, жалпы қоғамдык өнім, ұлттық табыс және басқадай ортақ категориялар мен көрсеткіштер қолданылады.Бірақ, бұлардың айырмашылықтары да бар. Біріншіден, ұдайы өндіріс теориясы өндірістің динамикасын оның өсімінің қарқынымен есептеспей зерттейді. Мұндағы басты мәселе — қоғамдық өндірістердің бірінші және екінші бөлімдерінің байланыстарының пропорциялары. Ал осыдан темптер шығарылады. Экономикалық өсу темптері бастапқы деп және пропорцияларды белгілейді деп тұжырымдалады. Осының объективтік негізін қоғамдық қажеттілік құрайды. Сөйтіп, экономикалық өсу теориясында себепті-салдарлы байланыстардың керісінше сипаты болады. Екіншіден, болжамдайтын деңгей үшін ұдайы өндірістік негізі деп динамиканың бір жылдық мерзімі алынады. Міне, осылай бір жылдық циклда жасалған игіліктердің сомасы ретінде жиынтық қоғамдық өнім белгіленеді. Экономикалық өсуді есептеудің негізін "ұзын толқындар" құрайды және ол ұдайы өндірістің бірнеше циклдарынан түрады. Осы мерзімде темптердің жалпы тенденциясының сипаты бұрынғыдай, немесе, одан төмен тұрақтылықта болады. Үшінші айырмашылық — экономикалық өсу жүйесінде бос уақыт өсудің резерві, өсу потенциалының құрамдас бөлігі болып табылады. Бос уақыт — бұл адам капиталы дамуы үшін қажет кеңістік болып табылады. Ұдайы өндірісті талдауда бос уақытты еленбейді, бос уақыт аз болған сайын жұмыскерді қанау дәрежесі жоғары деп есептеледі. Өмір үшін қоғамның дамуына қажет ресурстардың шектелген жағдайында экономикалық өсу процесінде қалыптасатын қатынастар мен заңдылықтарды экономикалық теория зерттейді. Пәннің ерекшелігі зерттеудің методологиясы мен методтарының ерекшелігін тудырады. Методология дегеніміз экономикалық жағдайларды зерттеуде қолданылатын жалпылама әдіс, белгілі философиялық көзқарастар тұрғысынан қарағанда ол субъективтік, диалектикалық-материалистік, эмпирикалық, рационалистік және т.б. бағыттарды қолдануды талап етеді. Бұл методологияадамдардың таптық құрамына қарамастан, экономикалық жүйені тұтас зерттеп, осының негізінде экономикалық өркениеттің объективтік рационалистік заңдар ашып зерттеуді талап етеді. Құрал ретінде математикалық эконометрика, кибернетика пайдаланылады. Зерттеу нәтижесі экономикалық үлгілер, схемалар, графиктер пайда болады. Рационалистік әдіс объективтік шындықты талдаудың тұрақты динамикада жүргізілуін тілейді. Бұған өндіріс, болу, айырбас және тұтынушыдың ішкі байланыстары мен заңдарын зерттеу тәсілі жатады. Рационалистік және аналитикалық әдістердің өзара байланыстары әсіресе ұдайы өндіріс пен экономикалық өсу процестері талдауда толық байқалады. Позитивтік әдіс экономика ғылымының белгілі бір философиясын құруды,экономика туралы білімді тұжырымдауды, фактілеу суреттеп баяндау және жүйеге келтіру негізінде экономикалық ортаның даму заңдары мен категорияларын ашуды, тәжірибе қолдануды, нарықтық байқау-бақылауды талап етеді. Демек, экономикалық ғылымның философиясы бұйрық-әкімшілік, нарық жүйелерінің тепе-теңдігі және эволюциясы туралы ілімді, олардың құрылымы мен инфрақұрылымы туралы ілімді қалыптастырады. Танып білудің нормативтік әдісі адамдардың барынша жоғары үнемділік принциптерге негізделген практикалық әрекеттерін талдауды талап етеді. Бұл әдістің басты принципі шаруашылық іспен шұғылданатын барлық субъектердің пайдасын көздейтін нәтижеге жету болады. Экономикалық өмір нақты жағдайдағы фактілердің жиынтығы болып табылады.

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі. Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететінТарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі екіКейнстік мектеп – шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу концепциясыАл Кейнс және посткейнстік өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына
А.Смит мемлекеттің үш негізгі міндетін атап көрсетеді:
1. Әскери қауіпсіздікті сақтау;
2. Құқықтық қызметтер;
3. Қоғамдық қатынастарды реттеу;
Ал мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді:Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік реттеудіМемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және дамытуғаМемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар: Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм; Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әрЭкономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері: Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі; Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ: Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан; Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібініңӘкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады.Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатынажәне ұлттық экономиканың шеңберіндеАл экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең
Ұлттық қорғаныс; Фундаменталды ғылым; Космостық зерттеулер; Денсаулық сақтау; Қала құрылысы, заводтар салу; Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;
Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану; Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігініңӘлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей: Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту; Бәсекелік ортаны барынша қолдау. Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады: Экономикалық өсім; Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі; Бағаның тұрақтылығы;
Сыртықы экономикалық тепе-теңдік. Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болыпЭкономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің әдістерін келесідей жіктеуге

Эконономикалық теория қызметтері. Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады. Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді. Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады. Экономикалық теория — бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады. Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді

Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

2) экстенсивті өсу- ұлтттық өнімді қосымша өндірістік факторларды тарту есебінен жоғарлату.

Date: 2015-07-22; view: 1647; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию