Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адасқандарды теріске шығарып, олардаң сақтандыру тыйым салынған ғайбатқа жатпайды





 

Исламды іштей қорғау өте маңызды, әрі бұл Ислам ілімін қателесіп немесе саналы түрде бұрмалайтын кісінің арынан да маңыздырақ! Имам әш-Шәфи’и былай деген: «Ғалымдар тыйым салынған ғайбаттың түрінен рұқсат етілген ғайбатты бөліп шығарған, тіпті олардың ішінде міндетті болып табылатындары да бар. Бұған шариғат мәселесінде қателескен кісінің қателігін түсіндіру жатады, себебі жеке тұлғаның қол сұғылмаушылық құқынан гөрі, діннің қол сұғылмаушылық құқығы маңыздырақ!» Қараңыз: “әл-Умм” 7/90.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: «Хасан әл-Бәсри және басқа да имамдар айтқанындай, егер адам күнәні ашық әрі айқын жасайтын болса, оның бидғаты мен бұзықтығын әшкерелеп, ол туралы хабарлау ғайбатқа жатпайды. Мұндай адам мұсылмандардың жазалауына лайықты, әрі адамдар одан сақтанып, аулақ болу үшін, оған ең кем дегенде сөгіс білдірілуі керек. Егер ол адамға тиесілі азғындығы күнәлары немесе бидғаттары айыпталмаса және атап айтылмаса, адамдар оған алданып, осыда оған еріп кетуі мүмкін». Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 15/268.

 

Бидғатқа шақыратын және бидғатқа шақырмайтын бидғатшының арасындағы айырмашылық туралы

 

Кез келген бидғат адасушылық екеніне қарамастан, олар күнәсінің дәрежесі бойынша әртүрлі болатыны жайлы жоғарыда айтылып кеткен болатын. Имам әш-Шәтыби былай дейтін: «Бидғаттар сөгіс білдірілуі және тыйым салынғандығы тұрғысынан тең емес екені анық болды, әрі олардың ішінде сөгіс білдірілетіндері де бар, тыйым салынғандары да бар. Дегенмен, қалай болғанда да, олар бәрі-бір адасушылық деп аталады». Қараңыз: “әл-И’тисам” 1/362.

Өз бидғатында күпірлік шегіне жеткендердің бидғаты құлшылық амалдарында бидғат істеушілердің, мысалы, бір мәжілісте бір дауыспен Аллаһты зікір ететіндердің, рағайып намазын оқитындардың бидғатындай емес екеніне күмән жоқ.

Бірақ мұсылмандардың ішінде бидғатшылардың айырмашылығын ескермей, барлығын бір қатарға қоятындар бар. Мәселен, олардың ойынша Аллаһты зікір еткенде саусақпен емес, тәспімен санайтын адам мен өз бидғатында қайтыс болған ұстаздарынан дұға тілейтін сопы бірдей. Бұл өрескел қателік. Сәләфтар мен имамдар бидғатқа шақыратын адам мен қарапайым бидғат істеушінің арасын жиі бөліп қарайтын. Әбу Дәуд былай деген: “Имам Ахмадтан: «Қадариден хадис жазып алуға болады ма?», – деп сұраған кезде, ол: «Егер ол өз бидғатына шақырмайтын болса ғана», - деп жауап берген”. Қараңыз: “Суалат Әби Дәуд” 198.

Дәуд ибн әл-Хусайн туралы имам Ибн Хиббан: «Ол хауариждердің көзқарастарын ұстанған, бірақ ол жеткізген барлық хадистерді қабылдамай қалдырған адам – қателеседі, себебі ол өз мазһабына шақырушылардан емес еді», - деген. Қараңыз: “әс-Сиқат” 6/284.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деп айтқан: «Бидғатқа шақырушы адамның (соттағы) куәлігі қабылданбайды, оған ұйып намаз оқылмайды, одан білім алынбайды, оған (қамқорлығыңдағы әйел кісілер) күйеуге берілмейді деген кейбір сәләфтардың сөздері ақиқат. Олар өз істерін тоқтатпайынша, бұл олар үшін жаза болып табылады. Сол себепті сәләфтар бидғатқа шақырушы мен бидғатқа шақырмайтын адамның арасында айырмашылық жасаған, өйткені (өз көзқарастарын) жасырушы кісіден айырықша, (бидғатқа) шақырушы өз күнәларын ашық жария етті, әрі сол үшін жазаға лайықты болды». Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 28/205.

Шейх Раби’ әл-Мәдхали былай деп айтқан: «Әлдебіреуді бидғатшыларға телу сәләфтар мен имамдар үшін бірдей болмаған. Керісінше, олар бидғатқа шақыратын бидғатшы мен бидғатқа шақырмайтын бидғатшының арасында айырмашылық жасаған. Олар бидғатқа шақырушыдан сақтандырып, онымен бірге отыруға және одан білім алуға тыйым салған. Бұдан қалса, егер ондай кісі өз қасарушылығын одан әрі жалғастырып, бидғатқа шақыруын тоқтатпаса, оны өлім жазасына кесуге шешім қабылдаған, өйткені ондай адам олар үшін сонысымен Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы соғысатын жол бойындағы қарақшылардан да жаман болған. Ал енді бидғатқа шақырмайтын кісіге келер болсақ, егер ол шыншыл, әрі сенімге лайықтылардың қатарынан болса, олар белгілі бір білім жоғалып кете ме деп қауіптенгендіктен және шариғатты сақтап қалу үшін, ондай кісіден білім (хадистер) алған». Қараңыз: “әл-Мәжму’ әл-уәдых” 53.

Дегенмен, бидғаты оны Исламнан шығарып жібермейтіндей болған кісінің артынан намаз оқуға болатынын ескерте кеткен жөн, себебі кез келген мұсылманның артынан ұйып оқылған намаз дұрыс болып есептеледі, тіпті ол ең пасық күнәһар болса да. Имам Ибн Хазм былай деген: «Біз Мухтарға, ‘Убайдуллаһ ибн Зайд пен Хажжажға ұйып намаз оқудан бас тартқан бірде-бір сахабаны білмейміз. Және осы үшеуі пасықтардың ішіндегі ең нашар пасықтар екеніне қарамастан, сахабалар олардың артынан ұйып намаз оқитын болған!» Қараңыз: “әл-Мухаллә” 4/214.

Хасан әл-Бәсриден бидғатшыға ұйып намаз оқу туралы сұраған кезде, ол: “Ұйып оқи бер, ал оның бидғаты өзіне қалады”, - деп жауап берген. Әл-Бухари 1/238.

 

Бидғат істеген әрбір адам бидғатшы бола бермейтіні туралы

Осыдан алдынғы «Бидғатты жақтаушылардың Исламдағы үкімі туралы», сондай-ақ «Діни бидғаттың қауіптілігі және оған қатаң тыйым салынғандығы туралы» тарауларынан Ислам дінінде бидғат пен бидғатшының жағдайы қаншалықты қауіпті екенін және бұл күпірлік пен көпқұдайшылықтан кейінгі ең үлкен күнә екені айқын болады. Сол себепті бидғатта айыптау (табди’) Исламда ешқандай да жеңілтек іс бола алматынын ұғынып алу қажет! Сүннет имамы – Ахмад ибн Хәнбал: «Адамдарды Сүннеттен шығару – салмақты іс!», - деген. Әл-Халләл “әс-Сунна” 2/373.

Егер кісі өз негізінде әһлю-Сунна мен сәләфиядан болса, бірақ қателессе немесе тіпті бидғат жасап қойса да, ол бірден бидғатшы бола қалмайды. Сондықтан шейх әл-Әлбани жиі-жиі: «Бидғат істеген әрбір адам бидғатшы бола бермейді!», – деп айтатын. Тыңдаңыз: “әл-Бид’а уәл-мубтади’ун”.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия қателері кешірілетін кісілерді атап өтіп, былай деді: “Қатесі кешірілетіндердің қатарына дінге жаңалық енгізіп, бірақ сол бидғаты арқылы Исламның бірлігін бұзбай, әрі сол бидғатын достықтың немесе қастықтың негізі етіп алмаған кісілер жатады. Мұндай қателеліктер әдейі істелмеген қателіктердің қатарына жатады, ал Пәк Аллаһ Тағала мүміндердің ондай қателіктерін кешіреді. Мұндай қателіктерді Кітап пен Сүннетте бекітілген нәрсеге қайшы келетін өзіндік ижтиһад негізінде қалыптасқан көзқарастары болған осы үмметтің сәләфтары мен жетекшілерінің көпшілігі істейтін еді, оларға қарама-қайшы болғандар - өздерімен келісетіндермен достасып, өздеріне қайшы келетіндермен қастасып, әрі осылайша мұсылмандардың бірлігін бұзатындар”. Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтауа” 3/349.

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия сондай-ақ былай деген: “Сәләфтар мен кейінгі ұрпақтардан болған көптеген мужтәһидтер бидғатқа жататын сөздер айтқан, не істер істеген. Олардың өйтулерінің себебі: әлсіз хадистерді сенімді хадис деп есептегендіктен; немесе аяттың (шынайы) мағынасына сай тәпсірлемегендіктен; немесе өзі пайымдаған қате пікіріне байланысты оларға Құран мен Сүннеттің мәтіні жетпегендіктен. Әрі егер кісі Раббысынан өз мүмкіндігінше қорықса, ол Аллаһ Тағала олар туралы: «Раббымыз, егер ұмытсақ, не жаңылсақ бізді жазалай көрме!», - деп айтқан кісілердің қатарына жатады. Ал хадисте: «(Аллаһ): «Мен мұны істеп қойдым!», - деп жауап», - берді деп айтылады”. Қараңыз: “Мә’ариж әл-усул” 43.

Ал егер бидғаттың кейбір түрлерінен тіпті сәләфтардың ішіндегі ғалымдардың өздері де қорғалмаған болса, онда өзгелер туралы не айтуға болады?!

Имам әз-Зәһаби былай деп айтқан: “Егер қандай да бір имам жеке бір мәселелерде дербес шешім шығарып, кешірілетін қателікпен қателескен әрбір жағдайда біз оған қарсы бас көтеріп, оны бидғатшы деп айыптап, онымен қарым-қатынасты үзетін болғанымызда, онда бұдан Ибн Нәср да, Ибн Мәндах та, олардан үлкендері де құтылмас еді!” Қараңыз: “Сияр а’ләм ән-нубала” 14/39.

Шейх Муқбил ибн Хади былай деп айтқан: «Егер Суннетті жақтаушы қате жіберсе, оған көзді жұмып қарау қажет. Ал оның ақиқатқа оралуына келер болсақ, бұл адамгершіліктен!» Қараңыз: “Қам’ әл-му’анид” 475.

Шейх Раби’ әл-Мәдхали былай деген: «Егер араларыңдағы біреу Сүннет жалауын көтеріп жүрушілерден болып, біз оны қатесі үшін құлататын болсақ, онда бұл хауариждердің мазһабы болады!» Тыңдаңыз: «Жәласа мә’а фәдыләту-ш-шейх Раби’», «В».

Сонымен қатар, бидғатта айыптаумен қарапайым мұсылмандар емес, бидғат, оның түрлері мен оның шарттары туралы білетін осы үмметтің ғалымдары айналысуы керек екенін де білу керек. Өйткені ғалым емес біреу білімсіздігімен өзге біреуді өз негізінде бидғат та болып табылмайтын, немесе бидғат болса да, бірақ оны істеген адам ақтауға лайық болатын, т.с.с. нәрсе үшін бидғатта айыптауы мүмкін. Сол себепті шейх Ахмад ән-Нәжми былай деген: «Белгілі бір кісіні ғалымдар бидғатта айыптағаннан кейін ғана оны бидғатпен сипаттауға және бидғатшыға бойкот жасауға болады. Әрі сендер, әй, жас білімгерлер, кез келген адамды бидғатқа айыптауға асықпаңдар, тіпті ол шынымен бидғат істейтін болса да! Алдымен ғалымдарға көрсетіңдер, әрі олар сендерді құптасын, онсыз еш нәрсе істемеңдер!» Қараңыз: “Фәтауа әл-жәлия” № 93.

 

Date: 2015-07-22; view: 369; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию