Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бидғат кішкентайдан басталып, кейін үлкен және қасіретке ұшырататынға айналады





 

‘Амр ибн Сәлама былай деп баяндайды: “Біз үнемі таң намазына дейін ‘Абдуллаһ ибн Мәс’удпен бірге мешітке бару үшін оны күтіп, есігінің алдында отыратынбыз. Бір күні бізге Әбу Муса әл-Әш‘ари келді де: “Әбу ‘Абдур-Рахман шықты ма?”, – деп сұрады. Біз: “Жоқ”, – дедік. Сонда ол бізбен бірге отырып, Ибн Мәс’уд шыққанға дейін күтті. Ол шыққан кезде, біз барлығымыз оған жақындадық. Әбу Муса (оған): «Уа, Әбу ‘Абдур-Рахман, расында, мен жаңа ғана мешітте өзіме ұнамайтын бір нәрсе көрдім, бірақ, дегенмен, Аллаһқа мадақ, мен жақсылықтан басқа еш нәрсе көрген жоқпын», - деді. Ибн Мәс’уд: «Ол не?», – деп сұрады. Әбу Муса: “Егер тездетсеңіз, оны өзіңіз-ақ көріп үлгересіз. Мен ол жақта намазды күтіп отырып, шағын шеңберлер құрған адамдарды көрдім. Олар қолдарына майда тастар ұстап алған және әрбір шеңбердің ортасындағы бір адам: «Жүз рет «Аллаһу әкбар» деп айтыңдар!» – дейді, ал қалғандары сол сөзді жүз рет қайталап отырды. Әлгі кісі: «Жүз рет «лә иләһә иллә-Ллаһ» деп айтыңдар», – дейді, ал қалғандары сол сөзді жүз рет қайталайды. Тағы әлгі кісі: «Жүз рет «субхана-Ллаһ» деп айтыңдар», – дейді, ал қалғандары сол сөзді жүз рет қайталайды”, - деді. Ибн Мәс’уд: «Сонда сен оларға сөгіс айтпадың ба?!», – деп сұрады. Ол: «Мен оларға еш нәрсе айтқан жоқпын, өйткені осы турасында алдымен сіздің ойыңызды білейін деп едім», – деп жауап қатты. Ибн Мәс’уд былай деді: «Сен неге оларға жаман амалдарын санауды бұйырып, олардың ізгі істерінің ешқайсысы жоғалматытына кепілдік бермедің?!»”

Содан соң біз онымен бірге мешітке қарай бет алдық. Ибн Мәс’уд әлгіндей шеңберлердің біріне жақындап тоқтады да, сол жерде отырғандардан: «Не істеп отырсыңдар өздерің?!», – деп сұрады. Олар: “Уа, Әбу ‘Абдур-Рахман, біз осы майда тастар арқылы қанша рет «Аллаһу әкбар», «Лә иләһә иллә-Ллаһ», «Субханаллаһ», «Әлхамдулилләһ» деп айтқанымызды санаймыз, - деді. Сонда Ибн Мәс’уд былай деді: «Өз күнәларыңды санағандарың дұрыс болар еді, ал мен сендердің ізгі істеріңнің ешқайсысы жоғалып кетпейтініне кепілдік беремін. Әй, Мұхаммедтің үмметі, қасірет болсын сендерге! Сахабалар араларыңда жүрсе де, оның (Пайғамбардың) киімі әлі тозып, ал ыдыстары сынып үлгірмесе де, сендер опат болуға нендей асығудасыңдар?! Жаным қолында болған Аллаһпен ант етемін, сендер не Мұхаммедтің дінінен гөрі жақсырақ дін әкелдіңдер, не адасушылыққа қарай жол аштыңдар!» Әлгі кісілер: «Уа, Әбу ‘Абдур-Рахман, Аллаһпен ант етеміз, біз жақсылықтан басқа еш нәрсе қаламадық қой!», – деп еді, Ибн Мәс’уд: «Қаншама адам жақсылық қалап, бірақ оған жете алмайды! Шын мәнінде, Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге былай дейтін: « Менің үмметімнен бір адамдар пайда болады. Олар Құран оқиды, бірақ Құран олардың жұтқыншақтарынан әрі өтпейді! » Аллаһпен ант етейін, білмеймін, бірақ сендердің көбің сондайлардан шығарсыңдар!», – деді де, олардан әрі кетіп қалды”.

Кейін ‘Амр ибн Сәлама былай деп сөзін жалғастырды: Олардың көбісін Нәхрауан шайқасында бізге қарсы хауариждер жағында соғысқанын көрдік ”. Әд-Дәрими 1/68, әт-Тәбарани 8628. Сенімділігін хафиз әл-Хайсами, шейх Ахмад Шәкир мен шейх әл-Әлбани растады. Қараңыз: “әс-Силсила әс-сахиха” № 2005.

Мына аса пайдалы, ғибрат боларлық оқиғаға назар аударыңыздар! Әлгі адамдар майда тастар арқылы Аллаһты топ болып зікір етуден басталған кішкентай ғана бидғаттан Исламдағы ең жаман секталардың бірі болған хауариждердің қатарынан бір-ақ шыққанына қараңыздаршы! Имам әл-Бәрбахари: «Амалдардағы кіші бидғаттардан сақтаныңдар, өйткені, расында, кіші бидғат үлкейгенше ұлғайып-өседі! Бұл үмметке енгізілген әрбір бидғат өзінің алғашында кішкентай және ақиқатқа ұқсас еді, әрі осы бидғатқа кірген адам алданды да, кейін одан шыға алмай қалды. Сөйтіп, бұл бидғат үлкен болып, адамдар ұстанатын дінге айналды», - деп, ақиқатты айтқан. Қараңыз: “Шарх әс-Сунна” 61.

 

Исламның бидғатшыларға қатысты ұстанымы

 

Date: 2015-07-22; view: 299; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию