Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лемдік тоқ барлық қозғалыстың себебі





 

Өмір өзегі болып табылатын әлемдік тоқ барлық қозғалыстың себебі. Адам қалпында болсын, әруақ қалпында болсын рух оны пайдаланып өзінің әрекетін жасайды. Әлемдік тоқ қоюланып перисприт, яғни нәзік болмысты жасайды. Рух тәнде болған кезде нәзік дене (перисприт) рухты денемен байланыстырып, ол дененің ықпалында болады. Ал тәннен шыққан кезде рух әруаққа айналып, нәзік дене (перисприт) еркіндік алады. Бұл тоқтың белгілі бір бөлігі кейбір адамдарда бөлініп шыға алады. Сол тоқтың көмегімен олар әруақтармен байланысып, олардан хабар, не болмаса түрлі заттарға әсер етіп, қозғалта алады. Медиумдар, немесе қазақша «аққулар» деп осындай адамдарды айтамыз. Кейбір адамдарда нәзік дененің (перисприттің) бөлінуі жақсы, кейбірінде нашар болады. Дәнекерлік (медиумдық) қасиеттің күшті, не болмаса әлсіз болуы осыған байланысты. Негізінде дәнекерлік (медиумдық) қасиет әркімде әртүрлі деңгейде болады. Оны түрлі жаттықтыру арқылы көбейтіп, не болмаса азайтуға да болды. Ірі өнер қайраткерлерінде, ақын-жазушылар, ғалымдарда мұндай қасиет жақсы дамыған. Сондықтан олардың нәзік әлемдерден хабар алу мүмкіндіктері зор болады.

Әруақтардың заттық әлемге қалай әсер ететініне көзімізді жеткізе түсу үшін тағы бір мысал келтірейік. Бізге алыстағы бір нәрсеге әсер ету керек болсын делік. Ең әуелі бұл туралы ой пайда болады. Бірақ ой ештеңе жасай алмайды. Ол ойды іске асыру үшін лақтыратын таяқ, снаряд немесе сол сияқты зат керек. Ой таяққа өзі әсер ете алмайды. Рухтан пайда болған ой, периспритпен, яғни нәзік денемен байланысып, денені басқарады. Ой таяққа денесіз әсер ете алмайтыны тәрізді, ой тәнге де нәзік денесіз әсер ете алмайды. Рух нәзік денеге (периспритке) әсер ете алады. Себебі нәзік дененің (перисприттің) қасиеті рух қасиетіне жақын. Нәзік дене (перисприт) бұлшық еттерге әсер етеді, ал бұлшық еттер таяқты алады да лақтырады.

Рух денеден шыққанда әруаққа айналады дедік. Өзінің әрекеті үшін бұл күйінде оған көмекші керек. Әруаққа бұл көмекші – әлемдік тоқ болып табылады. Осылай әлемдік тоқты пайдаланып әруақтар затты жандандырып, өзінің еркіне бағындырады.

 

Date: 2015-07-22; view: 640; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию