Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сөз соңы





Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ. Абай

 

Имандылықты Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың қолдайтыны да көпке үлгi болатын жағдай. Мысалы, ол 1995 жылғы қазан айында «Россия» газетiнiң тiлшiсiне берген сұхбатында:

– Сiз өзiңiздi дiншiл, Құдайға сенетiн адаммын деп айта аласыз ба? – деген тiлшi сауалына Нұрсұлтан Әбiшұлы былай деп жауап бередi: «Маған рухани күш, яғни адамның iшкi жан дүниесiнiң тазалығы және дiни сенiм бiр-бiрiмен тығыз байланысып, қатар жүретiн сияқты көрiнедi де тұрады. Адам әуелi рухани жағынан кемелденуге қадам жасайды да, сонан кейiн Құдайды мойындап, Оған жақындай түседi. Мұсылман дiнi мен христиан дiнi – Қазақстанның рухани дүниесiнiң қос қанаты. Қай дiннiң болса да өмiр сүруге құқығы бар. Ал, адамдарда оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиiстi... Құдайға құлшылық ету жас кезде де, егде тартқанда да жарасады». Бұл өнегелi сөздердiң үлкен мәнi барлығы айтпаса да түсiнiктi.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы да әруақтар туралы толық хабары жоқ адамдарға өтірік, не болмаса аңыз тәрізді көрінуі мүмкін. Ондай адамдар бұрын да болған, қазір де жеткілікті. Олар туралы Шәкәрім былай деп жазады:

«Үйде аман қалған адамдар жаралыс жұмбағын шеше алмағандықтан, әлде қайта сандалып, әрқилы ойлағандарымен, ештеңе түсінбейді. Егер олар өздері идеалист деп жүргендердің жазғандарын оқыса бірдеңені байқап, түсінер еді.

Ондай адамдар дүниеде нағыз шын нәрсе жоқ дейді. Осы бар деп жүргеніміз құр ғана қиял, айнадағы көлеңке, не сағым сияқты нәрсе. Нағыз шыны бұл емес дейді. Дәлелдері: сезімдеріміздің бәрі бізді алдайды. Мәселен көз алыстағыны сағымдатып әлде не қылып көрсетеді. Құлағымыз да бір дауысты әлдененің дауысы сияқтандыра, ойымыз да бір нәрсені шын деп байлап, онысы қата болып шығады. Тіпті бізде дәлін табарлық сезім жоқ. Және ұйқымыз бен ояуымыз бірдей. Ұйқыда түс көргенде әлде нені көреміз. Ояуымыз да сондай. Түстің бекер екенін, ояудағымыздың анық екенін айыратын қаруымыз жоқ. Бір сенген дене сезіміміздің бәрі алдайды. Сондықтан, ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей».

Бұл философиялық ағымның бір тұжырымы. Мұндай тұжырым шынында да таза материалистерге керек. Оларға айтпақ түгілі көрсетіп, қолына ұстатып берсең де сенбей, оны қабылдамау үшін әйтеуір бір себепті табады. Мұндай қылық адамның өзін жоғары қоюынан, өркөкіректігінен шығады. Сенбеушіліктің тағы бір себебі – надандық. Егер адам білмегенін мойындап, білуге ұмтылса, онда ол көптеген жетістіктерге жетер еді ғой.

Міне, білместіктің, одан шығатын надандықтың салдары осындай. Сондықтан біздің де оқушы қауымға айтатынымыз, бұл жазылғандардың барлығы да неше рет тексеріліп, оның рас екені анықталып, дәлелденген деректер. Сенбеген адам болса өзі талпынып бұған көзін жеткізе алады. Бұған қазіргі қоғамның даму барысында мүмкіншіліктер де жеткілікті. Тек қана оған деген таза ниет керек. Ал сенетін болса, онда оның сана-сезімі жаңа деңгейге, ғарыштық деңгейге көтеріледі. Осылай оның өмірі қоюланып, шұрайлана түседі. Тіршілігінің мәні де жаңа бағыт алып өзгереді.

2000 жылдары дін емес – бір Жаратушыны танитын қозғалыстың пайда болатынын, осы қозғлыстың жалынының бүкіл әлемді шарпитынын, адамзатқа 1000 жыл бойы «алтын ғасыр» орнайтынын, жаһандану (глобализация) дәуірінде – бүкіләлемдік бір үкіметтік басқару жүйесі құрылып, ортақ дүниетаным (идеология) пайда болып – адамның, кім де, кімнің болмасын жеке басының ардақталатын, бағаланатын, қасиетін қадірлейтін заман тууы мүмкін екенін: Францияда Сен-Реми қаласында 1503 жылы дүниеге келген Мишель Нострадамус болжап, айтып, жазып кеткен.

Бүгінгі қазақ даласында әруақтарды көре алатын, сан ғасырлық уақытты көктей өтіп, тылсымнан сыр шертіп, аталар үнін жеткізетін, Алланың ақ жолында халықты соңынан ертіп жүрген, «Ата жолы» қозғалысының ұстазы, Жоғары нәзік әлемнен киелі ата-бабалар әруақтары жіберген өкіл «Ақ ұл», – Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаевтытың жетекшілігімен қазіргі таңдағы елімізде бастау алған, халықаралық «Ата жолы» қозғалысының жалыны тек қана Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді шарпи бастады. Жер шарындағы адамзат баласы бірлікке, бір дүниетанымға, бір арнаға құйылып біріге бастады. Бұндай бiрлiктiң мақсаты – әлемдегі бүкіл адамзатты халықаралық «Ата жолы» қозғалысының ықпалы арқылы, киелі ата-баба әруақтардың көмегімен имандылық жолға түсіріп, Құдайға жақындату. Бұл да Құдайдың құдіретімен болып жатқан іс.

 

Құрметті оқырман! Осы кітап туралы пікіріңізді, ұсынысыңызды білдіремін десеңіз, авторлардың тікелей өздерімен мына телефондар арқылы байланыса аласыздар.

 

Әсет Ризаұлы Мұқашбеков:

Ұялы телефоны: 8 701 733 55 71; Үй телефоны: (8 72 771) 35- 9- 94;

Төлжан Дүйсенбекұлы Жақсыбаев; 8 701 326 85 20;

 

 

Пайдаланылған кітаптар:

1. Құран Кәрим, қазақша мағына және түсінігі. Аударған Халифа Алтай.

2. Коранъ. Переводъ съ арабскага языка. Г. С. Саблукова. Третье изданіе.

Казанъ. Центральная Типографія. 1907.

3. Коран. Перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой.

Москва. Рипол классик. – 2005

4. Пайғамбарымыздың бір мың бір хадистері. – Шымкент қаласы – 1992 ж.

5. Бһагавад Гита қаз қалпында. (Ағылшын тілінен аударған Ержан Ілиясұлы).

6. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармалардың екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы, Өлеңдер мен аудармалар. – 2004.

7. Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Иманым». – Алматы: «Арыс» баспасы. – 2000.

8. Джон Хоуг. «Нострадамус. Новые откровения». – Москва: ООО Издательский Дом «КРОН-ПРЕСС». – 1999.

9. Джон Хоуг. «Нострадамус. Полное собрание пророчество». – Москва: Издательство «ФАИР-ПРЕСС». – 2007.

10. Қыдырәлі Тарыбаев. «Өмір баспалдақтары», – Алматы: ТОО «SA Print Seryice» баспаханасы. – 2006.

11. «Батырлар жыры». 1-том. – Алматы: «Жазушы». – 2007.

12. Омраам Микаэль Айванхов «Свет мира». Юбилейное издания 1900 – 2000 год. – Москва: Издательство «Техническая книга». – 2000.

13. Асан Омаров. «Шәкәрімнің өмірбаяны» (Монографиялық зерттеу) – Алматы: ЖШС «Інжу – Маржан» полиграфия фирмасы. – 2008.

14. Ежелгі Қазақстан аңыздары. Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2007.

15. Досым Омаров. «Абайтану» немесе ұлы ойшылдың рухани кемелдену туралы ілімі. – Алматы: «Мектеп». – 2002.

16. Досым Омаров. «Шәкәрім шыңы» Ұлы ойшыл көтерілген рухани деңгей. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір». – 2008

17. Досым Омаров. Шәкәрімнің «Үш анығы» (ұлы ойшылдың «Үш анық шығармасына түсініктемелер) – Алматы: «Атамұра корпорациясы» ЖШС Полиграфкомбинаты. – 2008.

18. «Наука о жизни с позиции Аюрведы». – Москва. – 1998.

19. Рахым Оразалиев, Досым Омаров, Әсет Мұқашбеков. «Жасару құпиясы», – Алматы: «Алейрон». – 2006

20. Әсет Мұқашбеков. «Рух пен тәннің саулығы», – Алматы: «Алейрон». – 2007

21. Әсет, Қамбар Мұқашбектектері. «Жүйке жүйесінің тылсымы» – Алматы: «Алейорон». – 2007

 

Мазмұны

 

Алғы сөз................................................................................................................4

I Бөлім. Ата жолы – Ар жолы............................................................................6

Халықаралық «Ата жолы» қозғалысының ән тұмары.......................................6

Дін дегеніміз не?....................................................................................................9

Дінмұхаммед Қонаев. Әруақты ардақтай білейік, ағайын!...............................11

Айша Бибі анамыздың әруағының Алла алдында тілек тілеуі........................12

Мишель де Нострадамустың болжамдары.........................................................12

«Ата жолы» қозғалысы пендеге не береді?........................................................13

Біздің қазақ баласына жетіспейтін не?...............................................................16

Қайта тірілу мүмкін бе?........................................................................................18

Еркін ойлы адамдардың тағдыры........................................................................19

Қазақ еліндегі әруақтар қозғалысы.....................................................................19

Нострадамус болжамы бойынша Жоғарғы нәзік әлем тарапынан келетін өкілдердің (визионеры) сәйкес белгілері...........................................................22

«Ата жолы» қозғалысының ұстазы, Жоғары нәзік әлемнен киелі ата-бабалар әруақтары жіберген өкіл «Ақ ұл», – Қыдырәлі Момбайұлы Тарыбаевтың – Нострадамус болжамы бойынша сәйкес келетін белгілері...............................23

Суқұйғыш (водолей) дәуірі адамға не береді?...................................................26

Құдайсыз қурай басы да сынбайды.....................................................................27

Заттық әлем мен нәзік әлемнің байланысы – адамдар мен әруақтардың арасындағы байланыс...........................................................................................27

Нәзира Өмірбекқызы Қыдырбаеваның 1000-ға жуық орда ашуы....................28

Аққулар мен сұңқарлар дегеніміз кімдер?..........................................................32

Қасиет қонған Нұржиян Әйтекешованың «аққу» болуы..................................33

Әруақтар не істей алады?......................................................................................36

Ақырзаман қалай болады? Өмір қайтадан пайда бола ма?...............................37

Өмір деген не?.......................................................................................................38

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.............................................................................40

Құдайсыз өркениет дегеніміз не?.........................................................................41

Заттық (материалдық) әлем деген не?.................................................................41

Фәни өмiрге әркiм өзiнiң қалауы бойынша келді..............................................42

Жаратушыны танудың жаңа жолы......................................................................43

Қауіпті жаңашыл елшілер, өкілдер......................................................................44

«Иманым» Шәкәрім (Шаһкарим) Құдайбердіұлының толғауы.......................45

Көрінбейтін әлем дегеніміз не?............................................................................46

Адам көрінбейтін әлемді мойындай ма?.............................................................47

Халық Қаһарманы, ұшқыш – ғарышкер Талғат Мұсабаевтың басынан кешкендері..............................................................................................................48

Нәзік денелер дегеніміз не?..................................................................................50

«Ата жолы – Ар жолы» әнтұмар әнінің дүниеге келуі......................................50

Жан деген не?.........................................................................................................52

Әрбір жан иесі өзі бейімделген ғаламшарда ғана өмір сүреді..........................53

Адам болмысы рухани және материалдық негіздерден құралады...................54

Жанның өзінің тәнін тастап, о дүниеге өтуі.......................................................54

Адамда жан қай жерде орналасқан?...................................................................55

Рух дегеніміз не?...................................................................................................56

Сана адам жанын айқындайтын құрал................................................................57

Әруақтар дегеніміз кімдер?..................................................................................58

Емші – Ержан Құлиевті ата-баба әруақтарының қолдап-қоршауы.................59

Созақтағы тірі әулиенің болжамы.......................................................................59

Емші Ержан..........................................................................................................60

Жаратушының қасиеті туа бітеді.........................................................................61

Ата баба тарихы...................................................................................................62

Сүйікті әжесінен айрылуы..................................................................................63

Әке мен баланың бір аян көруі...........................................................................63

Дуасынан арылуы, көріпкелдік қасиетінің ашылуы........................................64

Арыстанбаб баба түсіне еніп аян беруі.............................................................66

Жеті ғаламаттың есігі. Жұмақ пен тозақты көруі............................................68

Нұһ пайғамбардың аяны.....................................................................................70

Бәңгішілер (наркомандар) мен маскүнемдерді емдеу.....................................70

Имансыз кәпірлердің біреуінің тәубаға келуі...................................................71

Ержанның қалықтап ұшуы...................................................................................71

Әруақтардың арасында жақсылары да, жамандары да бар..............................72

Шәкәрім әруағының ұлы Ахатпен тілдесуі.......................................................73

Әруақтың заттық әлемге келгендегі негізгі мақсаты.........................................74

Әруақтар заттық әлемге қалай әсер етеді?.........................................................75

Киелі Түктібай бабаның қобызын бәйгеге қосуы..............................................75

Өлім дегеніміз не?.................................................................................................76

Клиникалық өлім. Камшат Батталованың о дүниеге барып келуі....................77

Әруақтардың адамзат өміріндегі алатын орны қандай?....................................78

Кәсіпкер Тұрлыхан Нұрдәулетқызы Бөкембаеваға әруақтардың көмегі........79

Дәрігерлер адамның тәнін, әруақтар нәзік денелерін емдейді.......................81

Гүлназ Рахымбайқызы Төреқұлованы әруақтардың қысуы.............................82

Сезімдер................................................................................................................85

Сезімнен де жоғары адамның ақылы тұрады...................................................85

Ақылдан жоғары ес тұрады...............................................................................86

Адамның есінен жоғары оның «мені» тұрады.................................................86

Жаратушы ғаламның iшiнде...............................................................................87

Алла тағала адамның өмiрiн оның жүрегi арқылы басқарады........................88

Шәмшінің арақты қоюы.....................................................................................89

Алла тағаланың тұтас «бiр» болуы..................................................................92

Райымбек батырдың бастауы.............................................................................93

Жаратушы болмысты қалай басқарады?...........................................................93

Арыстанбаб аман ба?..........................................................................................94

Жаратушының көмекшілері заттық әлемді қалай басқарады?......................99

Жын-шайтан деп аталатын төменгі әруақтардан қорықпаңыздар................100

Науалы тұрғыны Нұртаза Абылхан ақсақалдың әңгімелері..........................101

Қилыбас нағашымның сайтандарды сабауы....................................................101

Нұртаза Абылхан ақсақалдың бақсы болып кете жаздауы............................102

Әруақтардың әлемдегі алатын орны қандай?...................................................104

Әруақтардың адамзатқа көмегі..........................................................................105

Аталар батасы арқылы дүниеге келген сәби – Алпамыс................................105

Рухани жетілу дегеніміз не?...............................................................................109

Жан қай уақытта заттық әлемге жіберіледі? Тәнді не үшін қолданады?.....109

Біз Құдайдан үміт күтеміз деген жазуы бар ақшаның құдіреті......................110

Әруақтың қарызымды төлеңдер деп жалбарынуы...........................................111

Біз қарыздарды қалай жасаймыз?......................................................................112

Дүние мүлікті қарызға алу.................................................................................114

Өсімқорлық..........................................................................................................114

Ең қорқынышты нәрсе – белгісіз құбылыс.......................................................115

Ата-баба әруағына құран бағыштау..................................................................116

Ата мен баланың байланысы. Жанның заттық әлемге қайтуы.......................116

Адамның үш болмысы........................................................................................117

Гүлнәрдің қайта гүлдеуі.....................................................................................121

Франкфурт на Майне қаласындағы Түктібай атаның ордасы.......................123

Қарымта қайтару немесе бүкіл әлемдік әділеттік заңы...................................123

І згілік, құмарлық, надандық байлаулары дегеніміз не?..................................125

Біздің денеміз неден құралады?.........................................................................126

Пендеге адам денесі не үшін беріледі?.............................................................127

Тағдыр деген не? Тағдырды қалай өзгертуге болады?....................................128

Төлжан Дүйсенбекұлы Жақсыбаевтың тағдыры және әруақтар....................129

Пәндік әлемде қандай білім аламыз?................................................................133

Фәни әлемде жан иелерінің бірігіп өмір сүруінде не мағына бар?................133

Болмыс дамуы мәңгілік......................................................................................134

Не себептен адамзат қауымы шындықты бірден қабылдай алмайды?..........136

Жартушыны тану.................................................................................................137

Нострадамус туралы бірер сөз...........................................................................139

II бөлім: Тылсым дүниенің кереметі...............................................................141

Әруақты айнадан көру.......................................................................................141

Әруақтың өш алуы..............................................................................................141

Әруақтың тірі адамның денесінен шығуы........................................................143

Кашпировский әруағының Жұматайдың аяғын кесіп алып емдеуі...............144

Әруақтарды көре алатын Аманжол Шәріпқұловтың әңгімелері...................146

Тылсым дүниемен танысуым.............................................................................146

Тылсым дүниемен тілдесуім..............................................................................147

Керуенмен саяхаттап әулиелердің басын аралауым.......................................149

Көзге көрінбейтін көкжал, тәж киген жылан, тайраңдаған тайлақ................152

Басқа ғаламшарларда жан иелері бар ма?.........................................................153

Ұшатын тәлеңкелер. Әсет Мұқашбековтың көріп-естігендері.......................154

Ұшатын тәлеңкенің Саяуыш Қасабаевты бала кезінде қууы.........................154

Ұшатын тәлеңкенің мені бақылауы, болған әсері...........................................155

Жәбірейіл періштені, Мариям ананы көруім....................................................157

Тылсым дүниеден хабар алуым.........................................................................159

III Бөлім. Абайтанушы Досым Омаровтың болмыс сырлары туралы толғаулары...........................................................................................................163

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының, Ресей ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының, Украина аграрлық ғылымдар академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Рақым Алмабекұлы Оразалиевпен сұхпат........................................................164

Шәкәрімнің үш анығы нені білдіреді?..............................................................166

Адам болмысы.....................................................................................................167

Әруақ болмысы....................................................................................................168

Жаратушы барлығын Өзінің рухани нұрымен жаратады................................170

Нәзік денелердің қасиеттері...............................................................................170

Әлемдік тоқ барлық қозғалыстың себебі..........................................................171

Заттың өздігімен қозғалуы үшін үш нәрсе керек.............................................172

Адамның да әрбір жасаушасы (клеткасы) жанды............................................172

Жанның өзінің денесін құрастыруы..................................................................173

Фәни әлемде барлық жан иелері қалай пайда болады?...................................173

Адам өмірінің үш бастауы..................................................................................174

Жан иелерiнің үш топқа бөлінуі........................................................................176

Сөз соңы..............................................................................................................179

Пайдаланылған кітаптар....................................................................................181

 

 

Date: 2015-07-22; view: 758; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию